ログイン

офтальмология2
76問 • 1年前
  • ユーザ名非公開
  • 通報

    問題一覧

  • 1

    Төменде аталған қандай зерттеу әдісі көздің сындыру орталары мөлдір болмағанда, тор қабықтың жарақаттан болған ажырауын ЕҢ нақты анықтайды?

    ультрадыбыс әдісімен

  • 2

    Қасаң қабықтың тесілуі төменде аталған қандай асқынуға әкелеуі ЕҢ ықтимал? * *

    эндофтальмит

  • 3

    Жаңа туған баланы дәрігер қарағанда, қарашықтың тұсы ақ екенін көрді. Патология көз алмасының қандай құрылымында болуы ЕҢ ықтимал?

    бұршақта

  • 4

    Катарактада ота алдында жасалған электрофизиологиялық зерттеу әдісінің ЕҢ маңыздылығы неде?

    катарактаны экстракциялаудан кейінгі жағдайын болжау

  • 5

    Ісінген катарактада ЕҢ жиі болатын асқыну қандай?

    факоморфиялық глаукома

  • 6

    Бұршақты алып тастағаннан кейін көздің қандай қызметі жоғалуы ЕҢ ықтимал?

    аккомодация

  • 7

    111 *!Катарактаны емдеуде қандай консервативті емдеу бағыты ЕҢ маңызды? *

    зат алмасуды жақсарту

  • 8

    Афакияда көздің сындыру күші қалай өзгеруі ЕҢ ықтимал?

    азаяды

  • 9

    #113 *!Интраокулярлы линзаны имплантациялаумен катарактаның экстракциясында көздің сындыру күші қалай өзгеруі ЕҢ ықтимал? * *

    өзгермейді

  • 10

    Иридоденез түсінігіне ЕҢ сәйкес келетін анықтама қандай?

    нұрлы қабықтың дірілдеуі

  • 11

    Факоденез түсінігіне ЕҢ сәйкес келетін анықтама қандай?

    бұршақтың дірілдеуі

  • 12

    Бұршақ алдыңғы камераға шыққында ЕҢ жиі болатын асқыну? *

    факотопиялық глаукома

  • 13

    Офтальмолог дәрігер қабылдауына 45 жастағы әйел адам оң жақ көздің ауыру сезіміне шағымданып келген. Дәрігер науқас әйелді көзішілік қысымды жанаспалы әдіспен зерттеуге жіберді. Жергілікті анестезияны қамтамасыз етуде қандай дәрілік препаратты тамызу ЕҢ мақсатқа лайық?

    алкаин

  • 14

    Төменде аталғандардан көздің өтпелі жарақаты диагнозына ЕҢ сәйкес келетін белгі қандай? *

    көздің ішінде бөгде заттың болуы

  • 15

    Әйел адам, 32 жаста, бітеу жарақаттан соң оң көзде жартылай птоз пайда болды. Қандай бұлшықет зақымдануы ЕҢ ықтимал?

    жоғарғы қабақты көтеруші

  • 16

    Комберг-Балтин протезін қолдану ЕҢ мақсатқа сай жағдай қандай?

    бөгде дененің көз қабықтарына салыстырмалы орналасуын анықтау

  • 17

    Комберг-Балтин протезін қолдануға көрсеткіштер

    бөгде дененің рентгенорналасуын анықтау үшін

  • 18

    Төменде аталғандардан, көзішілік мыс бөгде денеде ЕҢ болуы мүмкін асқыну қандай?

    халькоз

  • 19

    Төменде аталғандардан, көзішілік темір бөгде денеде ЕҢ болуы мүмкін асқыну қандай?

    сидероз

  • 20

    Ер адам 40 жаста, метал фрезамен жұмыс жасау кезінде көзіне жарақат алған. Көз алмасы жарақатын анықтауда, төменде аталғандардан, ЕҢ көрсетілген зерттеу әдісі қандай

    рентгенография

  • 21

    125 *!Төменде аталғандардан, алдыңғы камера бұршындағы өзгерістерді ЕҢ нақты анықтайтын зерттеу әдісі қандай?

    гониоскопия

  • 22

    Төменде аталғандардан, біріншілік глаукомада соқырлықтың дамуына алып келетін ЕҢ ықтимал себеп

    көру нервінің семуі

  • 23

    Теріскеннің рецидивінде қандай клиникалық анализді тапсырған ЕҢ көрсетімді?

    қан мен зәрдегі қант мөлшері

  • 24

    Ер адам 45 жаста, жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің 5ай бұрын пайда болғанына шағымданды. Бір айдың ішінде түзілімнің өскенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінің шетінен 3 мм. аймақта көлемі 4мм. ауырмайтын түзілім анықталды, оның үстіндегі тері қозғалмалы, өзгермеген. Түзілімнің үстіндегі конъюнктива айқын қызарған. Көздің басқа бөліктері өзгермеген. VOD=1,0; VOS=1,0. Қандай емдеу тактикасы ЕҢ дұрыс ?

    хирургиялық ем

  • 25

    28 жастағы бойжеткен қабақтарының үнемі қызаруына, қышуына, ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Қарап тексергенде, қабақтардың қырлары қалыңдаған, қызарған. Кірпіктердің түптері үлкейген, цилиндрлік муфталар байқалады. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу жүргізген ЕҢ дұрыс?

    эпиляцияланған кірпіктердің микроскопиясы

  • 26

    19 жастағы жасөспірімде салқындап ауырғаннан кейін, сол көзінің жоғарғы қабағы ісінген, қызарған, ауырады және көзден іріңді бөлініс ағады. Тексергенде, сол көздің жоғарғы қабағының сыртқы бөлігінде қимылы шектелмеген ауыратын түзілім байқалады. Жоғары қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, борпылдақ, жоғарғы қабақты айналдырып қарағанда кірпіктердің түбінде сарғыш түсті көлемі 2х2мм түзілім анықталды. Қандай базисті терапия жүргізген ЕҢ дұрыс?

    антибиотиктер

  • 27

    Әйел 59 жаста, көзінің жиі қызаруына, дискомфортқа, қышуына, ашуына, қабақтың астында бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Биомикроскопияда конъюнктивалық қапшықта жіп тәріздес қоймалжың бөлініс анықталды. Конъюнктивалық қуысқа 1% флюоресцеин ерітіндісін тамызғанда, қасаң қабықтың эпителийінде нүктелі боялған аймақтар байқалады. Ширмер тесті 10мм. Қандай дәрі тамызған ЕҢ дұрыс?

    любриканттар

  • 28

    Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына және бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтарының жабысып қалуына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған, екі жақтан басталған. Объективті: көздері ашық, кірпіктердің түбінде кепкен қабыршақтар, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтардың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс. Патогенетикалық бағытталған ем жүргізу үшін қандай зерттеу ЕҢ дұрыс?

    бактериологиялық

  • 29

    12 жастағы бала салқындап ауырғаннан кейін, сол көзінің жоғарғы қабағы айқын қызарған және ісінген, ауырады, көзден іріңді бөлініс ағады. Сол көздің жоғарғы қабағының сыртқы бұрышында қозғалмалы тығыздану пальпацияланады. Жоғарғы қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, борпылдақ. Жоғарғы қабақты айналдырып қарағанда, кірпіктік қырының шетінде көлемі 2х2мм сары түстес түзілім көрінеді. Емдеу үшін қандай дәрі қолданған ЕҢ дұрыс

    0,3% Тобрекс ерітіндісі

  • 30

    Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтары ашылмай қалуына шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған, екі жақтан басталған. Объективті: көздері ашық, кірпіктерде кепкен қабыршақтар байқалады, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс ағады. Патогенетикалық бағытталған ем жүргізу үшін қандай дәрі берген ЕҢ дұрыс?

    антибиотиктер

  • 31

    Ер адам 45 жаста, жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің 5ай бұрын пайда болғанына шағымданады. Бір айдың ішінде түзілімнің өскенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінің шетінен 3 мм. аймақта көлемі 4мм. ауырмайтын түзілім анықталды, оның үстіндегі тері қозғалмалы, өзгермеген. Түзілімнің үсітіндегі конъюнктива айқын қызарған. Көздің басқа бөліктері өзгермеген. VOD=1,0; VOS=1,0. Түзілімді ота жасап алып тастағаннан кейін қандай зерттеу жүргізу ЕҢ дұрыс

    патогистологиялық

  • 32

    Ер адам 25 жаста, қызаруына, екі көзінің ашуына және бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтарының жабысып қалуына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған, оны жалпы салқындаумен байланыстырады. Объективті: көздері ашық, кірпіктердің түбінде кепкен қабыршақтар, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтардың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс. Қабақтардың конъюнктивасы мен күмбездердін нақты қарау үшін қандай зерттеу жүргізу ЕҢ дұрыс?

    биомикроскопия

  • 33

    Әйел 37 жаста, офтальмологқа сол көзінің нашар көретініне шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, көруі 10 күннің ішінде жәйлап төмендеген. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 1,0, ОS꞊ 0,05 түзетілмейді. Сол көз тыныш, алдыңғы бөлік өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде макулярлы аймақта сұр түсті, шекаралары анық емес, шыны тәрізді денеге проминенцияланатын ошақ анықталды. Ошақтың маңында майда қанқұйылулар бар. Сол көздің хориоретиниті деп диагноз қойылды. Қандай ем қолданған ЕҢ мақсатқа сәйкес?

    қабынуға қарсы

  • 34

    Ер адам 26 жаста, офтальмологқа оң көзінің ауыруына, тітіркенуіне, қызаруына, көруінің төмендеуіне шағымданды. Ауырғанына бір апта болған. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊ 0,1, көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, эндотелийде преципитаттар, қарашық тар, басқа өзгерістер жоқ. Сол көз сау. Қандай емді бірінші кезекте қолданған ЕҢ мақсатқа сәйкес?

    мидриатиктер

  • 35

    Әйел 39 жаста, офтальмологқа оң көзінің көру жітілігінің төмендеуіне шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол үй жануарларын ұстайды. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊ 0,2 түзетілмейді, ОS꞊ 1,0. Оң көз тыныш, алдыңғы бөлік өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде парамакулярлы аймақта қабыну ошағы анықталды. Айналасындағы тор қабық ісінген, шыны тәрізді денеге проминенцияланады. Қандай емді бірінші кезекте тағайындаған ЕҢ мақсатқа сәйкес?

    антибактериалды

  • 36

    Әйел 45 жаста, офтальмологқа сол көзінің қызаруына, тітіркенуіне және көруінің төмендегенінен шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол жақында іріңді отитпен ауырған. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊1,0, ОS꞊ 0,3 түзетілмейді. Көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, эндотелийде бірен-саран преципитаттар, қарашық тар. Сол көздің иридоциклиті деген диагноз қойылып, тобрамицин және дексаметозон дәрілері тағайындалды. Дәрілерді қандай тәсілмен берген ЕҢ мақсатқа сай? *

    парабульбарлы инъекции

  • 37

    Ер адам 28 жаста, офтальмологқа бірнеше күн бойы оң көзінің қызаруына және ауыруына шағымданды. Бехтерев ауруына байланысты есепте тұрады. Негізгі ауруының қайталағанын байқаған. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,8, ОS꞊ 1,0, көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, қарашық тар, 5сағ. тұсында артқы синехия. Емді қандай маманмен бірге жүргізген ЕҢ дұрыс?

    ревматолог

  • 38

    Бала 11 жаста, Стилл ауруымен есепте тұрады. Бірнше күн бұрын негізі ауруы өршіп, оң көзі қызарған. Офтальмологқа келген. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,7, ОS꞊ 1,0,оң көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, эндотелийде преципиттар, артқы синехия, терең бөліктер өзгеріссіз. Емді қандай маманмен бірге жүргізген ЕҢ дұрыс? *

    ревматолог

  • 39

    Ер адам 32 жаста, офтальмологқа сол көзінің көруінің нашарларуына шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол үйінде мысық асырайды. Тексергенде: көру жітілігі оң көз 1,0, сол көз 0,3, көз тыныш, алдыңғы бөлік өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінен парамакулярлы аймақта көлемі дискінің 1 диаметр өлшеміндей қабыну ошағы анықталды. Шыны тәрізді денеге проминенцияланады. Қандай ем тағайындаған ЕҢ мақсатқа сәйкес?

    антибактериалды

  • 40

    Жасөспірім 17 жаста, Бехчет ауруымен есепте тұрады. Негізгі ауруы өршіп, оң көзі ауырған. Жарты жыл бұрын сол көзі ауырған. Оң көзінің қызаруына, тітіркенуіне, ауыруына және көруінің төмендеуіне шағымданды. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,1, ОS꞊ 0,5. Көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, эндотелийде преципитаттар, алдыңғы камераның сұйықтығы лайланған, артқы синехиялар. Әйел көз бөлімшесіне жатқызылды, ем тағайындалды. Емді қандай маманмен бірге жүргізген ЕҢ мақсатқа сәйкес?

    уролог

  • 41

    Әйел 56 жаста, офтальмологта 5 жылдан бері екі көзінен глаукома диагнозымен есепте тұрады. Гипотензивті тамшылар алады. Алынған емге қарамастан, оң көзінің көзішілік қысымы көтеріңкі. Қандай ем ЕҢ мақсатқа сәйкес қажет? *

    хирургиялық

  • 42

    Ер адам 48 жаста, офтальмологқа оқтын-оқтын сол көзінде ауыру сезімінің болуына шағымданып келді. Қарағанда: екі көзінің де көру жітілігі 1,0, шеткі көруі қалыпты, көздің алдыңғы бөлігі өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде көру нерві дискінің экскавациясы 0,5. Көзішілік қысым Маклаков әдісімен ОД -27 мм.сын.бағ. ОS -20мм.с.б. Глаукома диагнозы қойылған. Қандай ем ЕҢ мақсатқа лайық? *

    дәрі-дәрмекпен

  • 43

    Әйел 55 жаста, офтальмологта екі көзінен глаукома, бастапқы кезеңі диагнозымен есепте тұрады. Қарағанда: көру жітілігі ОU꞊ 0,8, көру кеңістігі қалыпты, алдыңғы бөлігі өзгермеген, гониоскопияда алдыңғы камера бұрышы ашық, көз түбінде көру нервінің экскавациясы 0,3-0,4. Көзішілік қысым 26-27 мм.сын.бағ. Пациентке қандай дәрі тағайындау ЕҢ мақсатқа сай? *

    β-блокатор

  • 44

    Ер адам 58 жаста, офтальмологта 6 жылдан бері жабық бұрышыт глаукома диагнозымен есепте тұрады. Бірнеше гипотензивті дәрілерді жергілікті тамшы түрінде қабылдағаны белгілі болды. Осыған қарамастан, оң көзінің көзішілік қысымы 32 мм.сын.бағ. Қандай ем жүргізген ЕҢ мақсатқа сәйкес?

    хирургиялық

  • 45

    Әйел 48 жаста, профилактикалық қарау кезінде сол көзінің көзішілік кысымы жоғары екені анықталған. Зерттеу нәтижесінде диагноз қойылды: Біріншілік ашық бұрышты глаукома, бастапқы кезеңі, көзішілік қысым орташа көтерілген. Қандай емнен бастау ЕҢ мақсатқа сәйкес?

    дәрі-дәрмекпен мидритик

  • 46

    Ер адам 56 жаста, офтальмологқа көз алдында шыбын-шіркейлердің көрінуіне және оқтын-оқтын оң көзінің ауыру сезіміне шағымданып келген. Қарағанда: көру жітілігі ОД꞊ 0,7, ОS ꞊0,9. Оң көзінің көру кеңістігі жоғарғы-ішкі квадрантында15˚ тарылған, сол көз қалыпты жағдайда. Алдыңғы бөлігі және сындыру орталары қалыпты жағдайда. Көз түбінде ОД экскавация 0,5-0,6. Көзішілік қысым ОД -35 мм.сын.бағ., ОS -19 мм.сын.бағ. Қандай дәрілерді тағайындау ЕҢ мақсатқа лайық?

    пилокарпин

  • 47

    Әйел 51 жаста, пофилактикалық қарау кезінде оң көзінің көзішілік қысымының көтеріңкі екені анықталған. Зерттеулер толық жүргізіліп, диагноз қойылды: біріншілік ашық бұрышты глаукома, өршіген кезеңі, көзішілік қысым орташа көтерілген. Қандай ем тағайындау ЕҢ мақсатқа лайық?

    дәрі-дәрмектермен ​

  • 48

    Ер адам 58 жаста, терапевтте гипертониялық ауру диагнозымен есепте тұрады. Профилактикалық қарау нәтижесінде сол көзінде көзішілік қысым жоғары екендігі анықталды. Зерттеулер толық жүргізіліп, біріншілік ашық бұрышты глаукома диагнозы қойылды. Жергілікті гипотензивті терапия тағайындалды: тамшы арутимол күніне 2 рет. Кейінгі бақылау кезінде көзішілік қысым тұрақталмады және 28 мм.сын.бағ. көтерілген. Кейінгі ЕҢ ықтимал жүргізу тактикасы қандай?

    емге простагландин Тафлотан қосу

  • 49

    Көздің химиялық күйігінде жедел көмек көрсету үшін, төменде аталған қандай әдісті қолдану ЕҢ дұрыс?

    көзді узақ уақыт сумен жуу

  • 50

    Жасөсіріпім 20жаста, көзінен жас ағуына, оң көзінің түйіліп ауыруына шағымданып келді. Анамнезінен белгілі болғандай, кеше бақшада жұмыс жасау кезінде ағаштың бұтағымен көзін зақымдап алған. Қарағанда: көру жітілігі ОД = 0,4 түзетілмейді, ОS=1,0. Объективті: ОД айқын қасаң қабықтық синдром, перикорнеальді инъекция, жанынан жарық түсіргенде қасаң қабықтың ортасы опалесценцияланады, оптикалық аймағы жылтырлығын жойған. Алдыңғы камераның тереңдігі орташа, біркелкі. Дәрігер конъюнктива қуысына 0,1% флюоресцеин ерітіндісін тамызды. Қасаң қабықта көлемі 2,0х1,5мм аймақ жасыл түске боялды. Төменде аталған қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал?

    қасаң қабықтың эрозиясы

  • 51

    Металл дәнекерлеуші 33 жаста, сол көзінен 6 ай бұрын өндірістік жарақат алған. Соңғы кездері жарақат алған көзінің нұрлы қабығының түсі сұр түстен қоңыр түске өзгергенін байқаған, көруі төмендеген. Жарақат алған кезде МСБ қаралған, ол жерде дәрігер альбуцид тамызып үйіне жіберген. Қосымша зерттеулер жүргізілмеген. Қандай зерттеу жүргізу керек еді және ол орындалмады?

    рентген

  • 52

    Науқаста оң көзі склерасынын тесіп өткен жарақатын алған. Біріншілік хирургиялық өңдеуден кейін бір ай өткен соң көру төмендеген. Объективті: ОД=0,2 түзетілмейді, КІҚ=18 мм сын бағ. Көз тыныш, сипағанда ауырмайды, қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера тереңдігі орташа, нұрлы қабық өзгермеген, қарашық домалақ пішінді, рефлекс сары-жасыл түсті. Қандай тәсіл бұршақты зерттеуде ЕҢ ықтимал?

    биомикроскопия

  • 53

    Симпатикалық офтальмияны алдын алу үшін, төменде аталған қандай емдеу әдісі ЕҢ мақсатқа сай?

    дезинтоксикациялық терапия

  • 54

    49 жастағы слесардің көзінде металдық бөгде дене бары және гемофтальм анықталған, көзді тесіп өткен жарақат. Төменде аталған қандай зерттеу әдісі ары қарай хирургуялық ем жүргізуге ЕҢ толық ақпарат береді? *

    рентгенлокализация

  • 55

    Ер адам 45 жаста, жарықтан қорқуға, блефароспазм және сол көзінде бөгде заттың болуына шағымданады. Бұл белгілер көзіне ағаш бұтағымен жарақат алған соң пайда болған. Жедел жәрдем бригадасы , шұғыл хирургия бөліміне қасаң қабықтың өтпелі жарақаты диагнозымен жеткізген. Төменде аталған қандай белгі хирургиялық өңдеуді қажет етпейтінін ЕҢ объективті анықтайды?

    жараның көлемі 1,5 мм, шеттері жақсы адаптацияланған

  • 56

    Жасөспірім 16 жаста, көзінен жарақат алған (кастетпен ұрған). Объективті: қабағы кесілген, маңдай аймағында жыртылған жарақаттар. Офтальмологиялық аурухана жағдайында, төменде аталған қандай емдеу әдісі ЕҢ бірінше кезекте қолданылады?

    біріншілік хирургиялық өңдеу

  • 57

    Көздің өтпелі жарақатының салыстырмалы белгілері болғанда, төменде аталған қандай зерттеу әдісін жүргізу ЕҢ қажет?

    қаңқасыз рентгенография

  • 58

    Комберг-Балтин протезін төменде аталған қандай мақсатта ЕҢ нақты қолданады? *

  • 59

    Әйел 23 жаста жарақаттан кейінгі баяу ағымды увеит, жарақат алғаннан кейін 1 жылдан соң электрофизиологиялық зерттеу жүргізгенде, екінші сау көзінде симпатизация белгілері болды. Симпатикалық офтальмияны алдын алу үшін, төменде аталған қандай емдеу әдісі ЕҢ мақсатқа сай?

    жарақат алған көзді энуклеация жасау

  • 60

    Әйел 46 жаста, көзішілік қысым жоғары және жетілген катаракта бар. Бұршақтың ісінуі бар –жоқтығын анықтау үшін қандай зерттеу тәсіл ЕҢ қажет? *

    ультрадыбысты А скан

  • 61

    Қандай зерттеу әдісі бұршақтың шыны тәрізді денеге дислокациясын ЕҢ нақты анықтайды? *

    ультрадыбысты В скан

  • 62

    Бұршақтың алдыңғы камераға дислокациясын ЕҢ нақты анықтауға болатын зерттеу әдісі кандай? *

    биомикроскопия

  • 63

    Ер адам 52 жаста, көзінде жетілген катаракта анықталды. Бұршақтың жағдайын анықтау үшін ЕҢ көп ақпарат беретін зерттеу әдісі қандай?

    биомикроскопия

  • 64

    Бұршақты алып тастау тәсілдерінен ЕҢ заманауи әдіс?

    ИОЛ қондырумен факоэмульсификациясы

  • 65

    Ер адам 47 жаста, бастапқы сатыдағы катаракта анықталды. Бұршақтың бұлыңғырлануын тежеу үшін ЕҢ мақсатқа сай шара қандай?

    зат алмасуды жақсартатын заттар тағайындау

  • 66

    Жастың ұлғаюына байланысты катарактаның қандай сатысында консервативті ем тағайындалуы ЕҢ ықтимал?

    бастапқы

  • 67

    Ер адам 45 жаста, катарактаны факоэмульсификациялаумен ИОЛ имплантация жасаған соң 2 айдан кейін, ота жасалған көзінің көруі төмендеген. Объективті: қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте, сұйықтық мөлдір, ИОЛ дұрыс орналасқан, артқы капсула бұлыңғыр, тереңде орналасқан бөлімдері көрінбейді. Төменде аталған диагноздың ЕҢ дұрысы?

    екіншілік катаракта

  • 68

    Ер адам 50 жаста, катарактаны факоэмульсификациялаумен ИОЛ имплантация жасалған. 4 айдан кейін ота жасалған көзінің көруі төмендеген. Объективті: қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте, сұйықтық мөлдір, ИОЛ дұрыс. орнасқан, артқы капсула бұлыңғыр, тереңдегі бөлімдері көрінбейді. Екіншілік катаракта диагнозы қойылған. Төменде аталған емдеу әдістерінен ЕҢ мақсатқа сай?

    артқы қапсуланың лазердисцизиясы

  • 69

    Ер адам 55 жаста, жетілген катарактамен иридофакоденез анықталған. Катарактаны экстракциялау тәсілінің қандай түрі ЕҢ көрсетімді?

    интракапсулярлы

  • 70

    Әйел адам 67 жаста, сол көзінің ауыруына, лоқсу және құсуына шағымданды. Көзі күйзелістен кейін ауыра бастаған. Объективті: КІҚ ОД –19мм.с.б. OS-47мм.с.б. Сол көз – көз алмасының айқын іркіліс инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера саяз, қарашық кеңейген 5 мм, пішіні өзгерген овальді, көз түбінен рефлекс көмескі-қызғылт түсте, көру нерві дискі туманда көрінеді. Қандай дәріні қолдану жедел көмек көрсетуде ЕҢ тиімді?

    Пилокарпин 1% көзге тамызу

  • 71

    Әйел адам 50 жаста, сол көзінің көруінің кейінгі үш жыл ішінде біртіндеп, ауырусыз төмендеуіне шағымданып келген. Қарау кезінде көру жітілігі OS-0,1 түзетілмейді. Объективті: OS-нурлы қабық стромасында субатрофия; көз түбінде экскавацияның көру нервіне қатынасы Э/Д OS-0,8-0,9; Сол көзінің көру жітілігі жоғарғы-ішкі квадрантында перифериялық шекарасы фиксация нүктесінен 15 градус. Көз ішілік қысым Маклаков әдісімен OS-25 мм.с.б. Қандай зерттеу тәсілі глаукоманың түрін анықтауда ЕҢ мақсатқа сай?

    гониоскопия

  • 72

    Әйел адам 50 жаста, сол көзінің және басының сол жақ бөлімі ауыратынына шағымданады. Көз алды қарауытады, кемпірқосақ тәрізді шеңберлер көрінеді, лоқсу және құсу мазалайды. Ауыру эпигастралді аймаққа беріледі. Аталғандардан ЕҢ болуы ықтимал алды-ала диагноз қандай?

    глаукоманың жедел ұстамасы

  • 73

    Дәрігер-офтальмологқа 58 жастағы ер адам, екі көзінің де көзалдының таңертең қараутуына шағыммен келді. Алдын-ала диагноз қоюда, қандай диагностикалау әдісі ЕҢ көп ақпарат береді?

    тонометрия

  • 74

    Ер адам 68 жаста, көрудің екі көзде біртіндеп төмендеуіне, әсіресе сол көзде төмендеуіне шағыммен келді. Объективті: Vis OD= 0,9; КІҚ=19 мм.с.б. Vis OS=0,02 түзетілмейді; КІҚ=18 мм. С.б. OU: қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте. Нұрлы қабықтың түсі өзгермеген. Қарашықты кеңейткен соң бұршақ диффузды бұлыңғыр, көз түбі көрінбейді. Жоспарланған отаның функциональді болжауын бағалауы ЕҢ ықтимал, зерттеу әдісі қандай?

    электрофизиологиялық

  • 75

    Әйел адам 59 жаста, оң көзінде ауыру сезімі, қызару және көруі төмендеуіне шағыммен офтальмологқа келді. Қарағанда: ОД аралас инъекция, қасаң қабықтың артқы бетінде преципитаттар, қарашық тар, артқы шеткейлік синехия, нұрлы қабық бомбажы. Көру жітілігі ОД=0,5 түзетілмейді. КІҚ ОД=35 мм.с.б.; OS= 21 мм.с.б. Көру кеңістігі OU өзгермеген. Қандай емдеу тактикасы ЕҢ мақсатқа лайық?

    Атропина 1% және Дексаметазона 0,1% тамшыларын тағайындау

  • 76

    Ер адам 65 жаста, екі көздің көруі біртіндеп, сол көзде көбірек төмендеуіне шағымданып келді. Объективті: Vis OD= 0,9; КІҚ=19 мм.с.б. Vis OS=0,09 к/б; КІҚ=18 мм с.б. OU: қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте. Нұрлы қабықтың түсі өзгермеген. Қарашықты кеңейткен соң бұршақ орталық және төменгі бөлігі бұлыңғыр, көз түбі перифериядан рефлексі жақсы көрінеді. Көз түбі көрінген жері патологиясыз. Пациентке қандай ота ұсынған ЕҢ мақсатқа лайық?

    катарактаның факоэмульсификациясын

  • нефрология

    нефрология

    ユーザ名非公開 · 11問 · 1年前

    нефрология

    нефрология

    11問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    эндокринология

    эндокринология

    ユーザ名非公開 · 100問 · 1年前

    эндокринология

    эндокринология

    100問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    эндо 2

    эндо 2

    ユーザ名非公開 · 100問 · 1年前

    эндо 2

    эндо 2

    100問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    Эндрю 3

    Эндрю 3

    ユーザ名非公開 · 30問 · 1年前

    Эндрю 3

    Эндрю 3

    30問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    внутка

    внутка

    ユーザ名非公開 · 21問 · 1年前

    внутка

    внутка

    21問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    кардио препараты

    кардио препараты

    ユーザ名非公開 · 26問 · 1年前

    кардио препараты

    кардио препараты

    26問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    гастро

    гастро

    ユーザ名非公開 · 43問 · 1年前

    гастро

    гастро

    43問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    гематология

    гематология

    ユーザ名非公開 · 27問 · 1年前

    гематология

    гематология

    27問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    офтальмология

    офтальмология

    ユーザ名非公開 · 100問 · 1年前

    офтальмология

    офтальмология

    100問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    ЛОР

    ЛОР

    ユーザ名非公開 · 100問 · 1年前

    ЛОР

    ЛОР

    100問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    ЛОР

    ЛОР

    ユーザ名非公開 · 75問 · 1年前

    ЛОР

    ЛОР

    75問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    УРОЛОГИЯ

    УРОЛОГИЯ

    ユーザ名非公開 · 100問 · 1年前

    УРОЛОГИЯ

    УРОЛОГИЯ

    100問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    УРОЛОГИЯ

    УРОЛОГИЯ

    ユーザ名非公開 · 80問 · 1年前

    УРОЛОГИЯ

    УРОЛОГИЯ

    80問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    травма

    травма

    ユーザ名非公開 · 100問 · 1年前

    травма

    травма

    100問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    травма

    травма

    ユーザ名非公開 · 80問 · 1年前

    травма

    травма

    80問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    неотложка 1

    неотложка 1

    ユーザ名非公開 · 100問 · 1年前

    неотложка 1

    неотложка 1

    100問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    неотложка2

    неотложка2

    ユーザ名非公開 · 99問 · 1年前

    неотложка2

    неотложка2

    99問 • 1年前
    ユーザ名非公開

    АГ

    АГ

    ユーザ名非公開 · 100問 · 9ヶ月前

    АГ

    АГ

    100問 • 9ヶ月前
    ユーザ名非公開

    АГ 2

    АГ 2

    ユーザ名非公開 · 63問 · 9ヶ月前

    АГ 2

    АГ 2

    63問 • 9ヶ月前