ログイン

акушерство и гинекологии 100

акушерство и гинекологии 100
100問 • 1年前
  • Dildora Erjanova
  • 通報

    問題一覧

  • 1

    Біріншілік медико-санитарлық көмек деңгейінде жүктіліктің 37 аптасында плацентаның жатуы бар жүкті әйелде жыныс жолдарынан 250,0 мөлшерінде қанды бөлінділер кетті. Ең ықтимал жүргізу тактикасы қандай?

    Госпитализациялау

  • 2

    ҚР ДСМ №156 бұйрығына сәйкес ауыр преэклампсиямен ауыратын жүкті әйелдерді басқарудыңең ықтимал тактикасы қандай?

    3-деңгейлі перзентханада емдеу

  • 3

    Қайта босанушы әйел, босанудың 2-ші кезеңі. 2 сағат бойы кіші жамбас қуысы жазықтықтары бойымен ұрық басының жылжуы жоқ, ұрықтың жүрек соғысы ырғақты, 1 минутта 140 рет, толғағы1 минут сайын 60 секундтан, жақсы күште. Қынаптық тексеру, жатыр қуысының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, басы кіші жамбас қуысы кіреберісінде, сагитальді жік алдыңғы жаққа шатқа қарай ауытқыған.Босануды басқарудың ең ықтимал тактикасы қандай?

    Кесар тілігі

  • 4

    Қайта босанушы әйел, босанудың 2-ші кезеңі. 2 сағат бойы кіші жамбас жазықтықтары бойымен ұрық басының жылжуы жоқ, ұрықтың жүрек соғысы ырғақты, 1 минутта 140 рет, толғағы1 минут сайын 60 секундтан, жақсы күште. Қынаптық тексеру, жатыр қуысының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, басы кіші жамбас қуысы кіреберіс інде, сагитальді жік артқа жаққа сегізкөзге қарай ауытқыған.Босануды басқарудың ең ықтимал тактикасы қандай?

    Күту тактикасы

  • 5

    Босанушы әйелде босанудың екінші кезеңінде ұрықтың жүрек соғысы минутына 180-190 ретке дейін, ол толғақтан кейінде тұрақталмады. Толғағы 2 минут сайын 50-55 секундтан. Ұрықтың басы жамбас түбінде. Қандай тактика ең ықтимал?

    Ұрықтың ваккум – экстракция

  • 6

    Босанудың бірінші кезеңінде босанатын әйелде жыныс жолдарынан аз мөлшерде қан кету анықталды. Қынаптық тексеруде жатыр мойнының жиегі бойында планцентаның кедір-бұдырлы аймағы анықталды.Ең ықтимал диагноз қандай?

    Плацентаның толық емес жатуы

  • 7

    19 жастағы пациент ашушаңдыққа, есте сақтаудың нашарлауына, ұйқының бұзылуына, бас ауруына шағымданады. Бұл симптомдар сессия кезінде және келесі етеккір келуге бірнеше күн қалғанда пайда болған және етеккірі келгеннен кейін жоғалып кеткен. Бұл жағдай ең ықтимал қандай синдромға тән?

    Етеккіралды

  • 8

    55 жастағы науқас 2 жылдан бері мазалайтын ашушаңдыққа, ұйқысының бұзылуына, мазасыздыққа, бас ауруына шағымданады. Терапевт пен невропатологтың тағайындаған емі нәтиже бермеді. Науқаста ең ықтимал қандай синдром болуы мүмкін?

    Климактериялық

  • 9

    Балалар гинекологиясы бөлімшесіне 13 жасар қыз бала соңғы 6 айда 28 күн сайын қайталанатын іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, етеккірдің болмауы шағымдарымен түсті. Сыртқы жыныс мүшелерін, клиторды, үлкен және кіші жыныс еріндерін қарау кезінде дұрыс дамыған, қынап кіреберісінде саңылаусыз цианотикалық түсті эластикалық тіндердің домбығуы және керілуі байқалады, пальпацияда ішіндегісі сұйық. Ең ықтимал дәрігердің тактикасы қандай?

    Қыздық пердені тілу

  • 10

    36 жастағы науқас екі жақты аднексэктомиядан кейін күніне 10-15 ретке дейін «ыстық құйылуларға», тершеңдікке шағымданады. Дене бітімі объективті нормостеникалық, сүт бездері дамыған, сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінде патологиялық белгілер жоқ. ФСГ және ЛГ деңгейі 3 есе артқан. Ең ықтимал синдром қандай?

    Посткастрациялық

  • 11

    25 жастағы әйел ауру сезіміне және ісінуіне шағымданып келді. Сүт бездері, бет пен аяқтың ісінуі, терлеу келесі етеккірден кейін аяқталады. Гинекологиялық тексеру – патология табылмады. Бұл предменструальдық синдромның қандай формасы болуы мүмкін?

    Ісіну

  • 12

    Туа біткен адреногенитальды синдромның ең ықтимал патогенезі?

    21-гидроксилазаның туа біткен тапшылығы

  • 13

    Постнатальды және постпубертальды адреногенитальды синдромның ең ықтимал патогенезі қандай?

    Бүйрек үсті безі қыртысының гиперплазиясы

  • 14

    35 жастағы науқас емханаға іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке және аралыққа таралатын ауру сезіміне шағымданып келді. Менструация кезінде ауырсыну күшейеді. Вагинальды жатырдың артқы жағында екі жағынан тығыз эластикалық консистенциялы d = 3 см түзіліс бар, жатырға жабысқан, оның қозғалғыштығын шектейді. Жатыр пальпациялағанда ауырады. Алдын ала диагноз?

    Аналық бездердің эндометриозы

  • 15

    Түтіктік аборт түріндегі түтіктік жүктіліктің үзілуіжиі қай мерзімде кездеседі?

    5-6 апта

  • 16

    29 жастағыәйел 3 аптаға етеккірі кешіккеннен кейін іштіңтөменгібөлігіндегі ауру сезімінеаурусезімінежәне жыныс жолдарынан қанкетугешағымданыптүсті.АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 90 рет/мин. Айнамен қарап тексергенде жатыр мойнының цианозы,қанды бөліністер анықталды. PV: жатыры сәл айған,жылжымалы, оң жақта қосалқылар аймағында ауырсынулы, қамыр консистенциялытүзіліс анықталады. Артқы сағасы тегістелген, ауырсынады. Ең ықтимал диагноз?

    Жатырдан тыс жүктілік

  • 17

    Ювенильдік кезеңдегі аномальды жатырдан қан кетудің ең көп тараған себебі қандай?

    Ановуляторлы дисфункция

  • 18

    Екі фазалы етеккір циклі кезінде овуляция кезінде цервикальды каналда қандай өзгерістер болады?

    Цервикальды шырыштың жиналуы

  • 19

    Патронаж - медицина қызметкерлерінің үйде профилактикалық және ақпараттық іс-шаралар жүргізуі (жаңа туған нәрестеге патронаж, жүкті әйелге, босанған әйелге патронаж), жүктілік мерзімінде жүкті әйелге екі босанғанға дейінгі келуден тұрады?

    Жүктіліктің 12 аптасы мен 32 аптасына дейін

  • 20

    Босанғаннан кейін босанған әйел жыныс жолдарынан қан кете бастады, қан жоғалту тез 200 мл-ге жетті және жалғасуда. Жатыр тығыз. Тексеру кезінде плацента бүтін. Ең алдымен дәрігерге қандай манипуляция жасау керек?

    Зәрді катетермен шығару

  • 21

    Геморрагиялық шок кезіндегі систолалық қан қысымының қай деңгейі ең ықтимал критикалық болып есептеледі?

    60 мм.сын.бағ

  • 22

    Жүкті әйел, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну және жыныс жолдарынан аз мөлшердегі қанды бөлінділерге шағымданып келді. Жатыр қозбаған, ұрықтың жағдайы бойлық, басы кіші жамбас кіреберісінің үстінде орналасқан. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 136 соққы, айқын, ырғақты. Айнамен қараған кезде-50,0 мл көлемінде жатыр мойны каналынан қан кету бар. Ультрадыбыстық зерттеу бойынша-плацентаның шеті ішкі ернеуді аздап жауып тұр. Ең ықтимал диагноз?

    Плацентаның жатуы

  • 23

    Жүкті әйел жүктіліктің 38-39 аптасында жедел жәрдем бригадасымен бас ауруы, эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі, жатырдың қатты кернелуі шағымдарымен ауруханаға жеткізілді. Пульс минутына 89 соққы, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ., беті,іші,аяқтары ісінген.Жатырдың мөлшері жүктіліктің толық мерзіміне сәйкес келеді, қатты кернелген,ұрықтың жүрек соғысы әлсіз, минутына 120 соққыға дейін. Ең ықтимал диагноз қандай?

    Жүктілітің 38-39 аптасы. Преэклампсия. Плацентаның бөлінуі. Геморрагиялық шок. Ұрықтың дистресі

  • 24

    Қайта жүкті әйел,25 жаста, жүктілік мерзімі 25-26 апта, перзентханаға бір сағат бұрын пайда болған жынысжолдарынан аз мөлшердегі қанды бөлінділерге шағымданып түсті.Анамнезінен:бір босану және екі медициналық түсік. Жатыры қозбаған, жатырдың мөлшері жүктіліктің көрсетілген мерзіміне сәйкес келеді.Ұрық жамбаспен жатыр, ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, минутына 140 соққыға дейін. Жыныс жолдарынан аздап қан кетулер байқалды.Ультрадыбыстық зерттеу кезінде-плацента жатыр мойнының ішкі ернеуін толық жауып тұр. Ең ықтимал жүктілікті жүргізу тактикасы қандай?

    Сақтаушы терапия

  • 25

    Қайта жүкті әйел,25 жаста, жүктілік мерзімі 25-26 апта, перзентханаға бір сағат бұрын пайда болған жынысжолдарынан аз мөлшердегі қанды бөлінділерге шағымданып түсті.Анамнезінен:бір босану және екі медициналық түсік. Жатыры қозбаған, жатырдың мөлшері жүктіліктің көрсетілген мерзіміне сәйкес келеді.Ұрық жамбаспен жатыр, ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, минутына 140 соққыға дейін. Жыныс жолдарынан аздап қан кетулер байқалды.Ультрадыбыстық зерттеу кезінде-плацента жатыр мойнының ішкі ернеуін толық жауып тұр. Ең ықтимал диагноз?

    Жүктіліктің 25-26 аптасы.Бала жолдасының толық жатуы. Жүктіліктің 37 аптасына дейінгі жалған толғақтар

  • 26

    Қайта жүкті әйел,25 жаста, жүктілік мерзімі 25-26 апта, перзентханаға бір сағат бұрын пайда болған жынысжолдарынан аз мөлшердегі қанды бөлінділерге шағымданып түсті.Анамнезінен:бір босану және екі медициналық түсік. Жатыры қозбаған, жатырдың мөлшері жүктіліктің көрсетілген мерзіміне сәйкес келеді.Ұрық жамбаспен жатыр, ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, минутына 140 соққыға дейін. Жыныс жолдарынан аздап қан кетулер байқалды.Ультрадыбыстық зерттеу кезінде-плацента жатыр мойнының ішкі ернеуін толық жауып тұр. Ең ықтимал тактикақандай?

    Бақылау

  • 27

    .26 жастағы алғаш жүкті әйел, жүктіліктің 23 аптасы, қағанақ қабының мерзімінен бұрын жарылуы болды, қағанақ суы ашық түсті, мөлдір.Осы кезеңде қандай тактика тиімді?

    Босануды қоздыру

  • 28

    Жүктіліктің 32 аптасында 25 жастағы босанушы әйел тұрақты босану басталғаннан 6 сағат өткен соң 2-ші деңгейдегі перзентханаға түсті. Толғақтары тұрақты 10 минут аралықта 2-3 рет 50 секунтдтан.Жатыр мойнының ашылуы – 8 см, қағанақ қабы бүтін, кіші жамбастың кіреберісінде - басымен жатыр.Осы кезеңде қандай тактика тиімді?

    Ұрық туылғанға дейін антибиотикалық терапия

  • 29

    Жүктіліктің 30 аптасы, ашық түсті қағанақ суы кетті. Босану әрекеті жоқ. Жүкті әйелдің дене температурасы 36,6°с.Ұрықтың жүрек соғысы айқын, минутына 140 соққыға дейін ырғақты.Ең тиімді тактика қандай?

    34 аптаға дейін күту тактикасы

  • 30

    Мерзімінен бұрын босану - жүктіліктің қай мерзіміне сәйкес келетін босану уақыты,ең ықтимал нұсқа?

    Жүктілік мерзімі 22-ден 36 апта + 6 күнге дейінгі аралық

  • 31

    Мерзімінен бұрын босану кезінде жүктіліктің 34 аптасына дейін ұрықтың респираторлы-дистресс синдромын алдын-алу жүргізіледі. Бұл жағдайда глюкокортикостероидтарды тағайындау схемасы қандай,ең ықтимал нұсқа?

    Бұлшықет ішіне дексаметазонның 4 дозасы, 6 мг 12 сағат сайын

  • 32

    Қынаптық зерттеу барысында:жатыр мойнының ашылуы толық,қағанақ қабы бүтін.Басы барлық сегізкөз ойысын және симфизді алып жатыр, шонданай сүйегінің бұдыры мен құйымшақтың ұшы пальпацияланады. Сагитальды жік оң жақ өлшемде, кіші еңбегі сол жақта, алға қарай орналасқан. Ең ықтимал ұрықтың басы қайда орналасқан?

    Кіші жамбас қуысының тар бөлігінде

  • 33

    Қынаптық зерттеу барысында: жатыр мойнының ашылуы толық,қағанақ қабы жоқ.Басы барлық сегізкөз ойысын және симфизді алып жатыр, құйымшақтың ұшы пальпацияланады. Сагитальды жік тік өлшемде, кіші еңбегі алға қарай орналасқан. Ең ықтимал ұрықтың басы қайда орналасқан?

    Кіші жамбас шығаберіс жазықтығында

  • 34

    Қынаптық зерттеу барысында:жатыр мойнының ашылуы толық,қағанақ қабы жоқ. Басы құйымшақ ойысы толық бос, симфиз пальпацияланады. Сагитальды жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбегі сол жақта, алға қарай орналасқан. Ең ықтимал ұрықтың басы қайда орналасқан?

    Басы кіші жамбас кіреберісіне қондырылған

  • 35

    Қынаптық зерттеу барысында:жатыр мойнының ашылуы толық,қағанақ қабы жоқ. Басы сегізкөзойысының 2/3 бөлігін, симфиздің 1/2 бөлігін алып тұр шонданай бұдыры мен құйымшақ ұшы пальпацияланады. Сагитальды жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбегі сол жақта,алға қарай орналасқан. Ең ықтимал ұрықтың басы қайда орналасқан?

    Кіші жамбас қуысының кең бөлігінде

  • 36

    23 жастағы алғаш жүкті әйел ауруханаға жедел жәрдем көмегімен келіп түсті: жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың I кезеңі. Пельвиометрия кезінде: distantia spinarum –25 см, distantia cristarum -29см, distantia trochanterica - 33 см, conjugate externa - 20 см. Соловьевтің индексі-15 см тең.Шынайы конъюгатаның диаметрі нешеге тең болуы мүмкін?

    11 см

  • 37

    Төменде келтірілгендердің қайсысы жамбастың өткізуші осі түсініктемесіне ең ықтимал тән?

    Классикалық жамбас жазықтықтарының барлық түзу өлшемдерінің ортасын байланыстыратын сызық

  • 38

    26 жастағы босанушы әйел, мерзіміне жеткен жүктілікпен. Босанудың 1 кезеңінде 12 сағат, толғақтары күшену сипатта. 5 ХБ окситоцинмен 20 тамшы минутына жылдамдықпен босану индукциясы жүргізілуде. Кардиотокографияда: базальды ритм 80 соққы минутына 30 минут бойы, кеш децелерациялар. Қынаптық зерттеу: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, басы кіші жамбас кіреберісіне түскен, оң жақ қиғаш өлшемдегі жебе тәрізді тігіс, кіші еңбегі сол жақта алдынан.Бұл кезеңде қандай әрекет ең тиімді?

    Окситоцин инфузиясын тоқтату

  • 39

    26 жастағы босанушы әйел, босанудың I кезеңінде. Партограммада " 10 минут ішіндегі толғақтар саны " бағанында 5 ұяшық тұтас бояумен таңбаланған.Бұл нені білдіруі мүмкін,ең ықтимал нұсқа?

    Жақсы күшті 5 толғақ

  • 40

    26 жастағы жүкті әйел, босанудың I кезеңінде.Партограммада "10 минут ішіндегі толғақтар саны" бағанында 4 ұяшық қиғаш штрихпен боялған.Бұл нені білдіруі мүмкін?

    4 толғақ орташа күшті

  • 41

    26 жастағы босанушы әйел, босанудың I кезеңінде. Физиологиялық босану кезінде қан қысымы мен босанушы әйелдің пульсі партограммада қанша уақыттан сайын белгіленеді?

    4 сағат

  • 42

    Алғаш босануы 21 жаста , ретті толғақ басталғаннан 9 сағат өткен соң келіп түсті. Акушерлік статусы : жатыр толық жүктілікке сәйкес ұлғайған,ұрық қабы бүтін,басы кіші жамбас бөлігіне түскен. Толғақтары 2-3 минут сайын 40 секундтан, орташа күшті. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 118 соққы, айқын, ырғақты. PV: жатыр мойны ашылған, ашылуы 6 см. Мүмкін болатын диагноз қандай?

    Босанудың I кезеңі, белсенді кезең

  • 43

    Алғаш босанушы 21 жаста , ретті толғақ басталғаннан 9 сағат өткен соң келіп түсті. Акушерлік статусы : жатыр толық жүктілікке сәйкес ұлғайған,ұрық қабы бүтін,басы кіші жамбас бөлігіне түскен. Толғақтары 2-3 минут сайын 40 секундтан, орташа күшті. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 120 соққы, айқын, ырғақты. PV: жатыр мойны ашылған, ашылуы 2 см. Мүмкін болатын диагноз қандай?

    Босанудың I кезеңі,жасырын кезең

  • 44

    Ауруханаға ретті толғақпен қайта босанушы әйел келіп түсті. Босану-1, мед. аборт-1. ОЖ-100 см, ВДМ-42 см. Жорданио формуласы бойынша ұрықтың болжамды массасы қандай?

    4200 г

  • 45

    Жатыр мойнының қынаптық тексеруіне сүйене отырып,жатыр мойнының "жетілуінің" ең ықтимал дәрежесі қандай: жатыр мойны жамбастың өткізуші осінде орналасқан, 1 см-ге дейін қысқарған, жұмсақ, жатыр мойны каналы 2 көлденең саусақты өткізеді,ішкі ернеуге дейін өтеді, өтпелі валик анықталады?

    Жетілу барысында

  • 46

    Жатыр мойнының қынаптық тексеруіне сүйене отырып,жатыр мойнының "жетілуінің" ең ықтимал дәрежесі қандай: жатыр мойны жамбастың өткізуші осінде орналасқан, 1 см-ге дейін қысқарған, жұмсақ, жатыр мойны каналы 2 көлденең саусақты өткізеді,ішкі ернеуге еркін өтеді?

    Толық жетілген

  • 47

    Жатыр мойнының қынаптық тексеруіне сүйене отырып,жатыр мойнының "жетілуінің" Бишоп шкаласы бойынша қанша баллға сәйкес екенін анықтаңыз: жатыр мойны жамбастың өткізуші осінде орналасқан, 1 см-ге дейін қысқарған, жұмсақ, жатыр мойны каналы 2 көлденең саусақты өткізеді,ішкі ернеуге еркін өтеді?

    7-9 балл

  • 48

    Жүкті әйелдің қабылдау кезінде аяқтарында, бетінде, іштің алдыңғы қабырғасында ісіну байқалады, қан қысымы 190/100 мм.сын.бағ. кенеттен бас ауруы пайда болды, көру қабілетін жоғалтты. Жатырдың қозғыштығы төмен. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы осы жағдайда емдеудің ең тиімді препараты болып табылады?

    Магний сульфат

  • 49

    Жеңіл дәрежелі преэклампсиямен жүкті әйел жанұялық-дәрігерлік амбулаторияға іштің өткір ауырсынуына шағымданып жүгінді.Пульс минутына 120 соққы. АҚ 100/60 мм сын.бағ.Жатыр қозған,босаңсымайды,жатырдың алдыңғы қабырғасында пальпация кезінде ауырсынатын ісіну анықталды.Қынаптан көп емес қанды бөлінділер көрінді.Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Ең ықтимал диагноз?

    Плацентаның бөлінуі

  • 50

    Алғашқы жүктілік, 17 жаста, ауруханаға үйде болған эклампсия ұстамасынан кейін жеткізілді. Жүктілік 36 апта, жағдайы ауыр,санасы тежелген. Анасарка. АҚ 160/100 мм сын.бағ. Бишоп шкаласы бойынша жатыр мойны жетілуі -6 балл. Жүкті әйелді басқарудың ең тиімді тактикасын анықтаңыз?

    Кешенді ем аясында 6-12 сағат ішінде босандыру

  • 51

    28 жастағы жүкті әйелде толық мерзімді жүктілік, аяқтарында, бетінде, іштің алдыңғы қабырғасында ісіну байқалады, қан қысымы 190/100 мм сын. бағ. Босанудың I кезеңінде кенеттен бас ауруы, бетіндегі кішкентай құрысулар,көру қабілетінің бұзылуы пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы бұзылмаған,осы кезеңдегі ең тиімді тактика қандай?

    Жағдайды тұрақтандыру

  • 52

    26 жастағы жүкті әйел, 34 аптадағы жүктілік кезінде үйде бірнеше рет эклампсия ұстамасы байқалған. Жедел жәрдем көлігімен перзентханаға жеткізілді. Жедел жәрдем фельдшері магнезияның жүктеме дозасын енгізді. Түскен кезде:санасы тежелген, АД – 180/110 және 170/100 мм сын.бағ. Сульфат магнезиясының ең тиімді болатын қосымша дозасы қандай?

    20гр құрғақ зат немесе 80 мл 25% MgSO4

  • 53

    26 жастағы жүкті әйел, 34 аптадағы жүктілік кезінде үйде бірнеше рет эклампсия ұстамасын байқаған. Жедел жәрдем көлігімен перзентханаға жеткізілді. Түскен кезде: сана тежелген, АД – 180/110 және 170/100 мм сын.бағ. Магнезия терапиясын жүргізу үшін ең тиімді бастапқы доза қандай?

    5 грамм құрғақ зат немесе 20 мл 25% MgSO4

  • 54

    Жүктілер патологиясы бөлімшесінен босану бөліміне 33 жастағы қайта босанушы әйел мына диагнозбен ауыстырылды: Жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың I кезеңі. Жеңіл дәрежелі преэклампсия.Ауыстыру кезінде АҚҚ 140/95 мм сын.бағ.зәрдегі ақуыз 1,32 г/л, аяқтың пастозы бар. Жатыр мойнының ашылуы 3 см. Төменде берілгендердің қайсысы ең ықтимал босанушы әйелге жасалатын бірінші әрекет болып табылады?

    Амниотомия

  • 55

    Жүкті әйелді қабылдау кезінде аяқтарында, бетінде, іштің алдыңғы қабырғасында ісіну байқалды, қан қысымы 190/100 мм рт. ст. кенеттен бас ауруы пайда болды, көру қабілетін жоғалтты. Жатыр қозғыштығы төмен. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы осы жағдайда емдеудің ең тиімді препараты болып табылады?

    Магния сульфат

  • 56

    Босанған әйел 28 жаста, мерзіміне жеткен жүктілік және жеңіл преэклампсиясы бар, босану әрекеті басталған кезде іштің қатты ауыруы пайда болды. Пульс минутына 120 соққы. АҚ 100/60 мм сын.бағ. жатыр кернеулі, толғақ аралығында босаңсымайды. Қынаптан аз мөлшерде қанды бөлінділер байқалды. Ұрықтың жүрек соғысы бәсеңдеген. Ең ықтимал алдын-ала диагнозқандай?

    Мерзімінен бұрын бала жолдасының бөлінуі

  • 57

    Жеңіл дәрежелі преэклампсия диагнозымен жүкті әйел босанудың басталуымен қатар іштің өткір ауыруы пайда болды. Пульс минутына 120 соққы. АҚ 100/60 мм сын.бағ. жатыр кернеулі, толғақтар арасында босаңсымайды.Қынаптан көп емес қанды бөлінділер пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы бәсеңдеген. Ең ықтимал диагноз қандай?

    Бала жолдасының бөлінуі

  • 58

    20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 35 апта, 2-ші деңгейдегі перзентханаға келіп түсті. Шағымдары – бас ауру. Объективті: жалпыланған ісіну, пальпация кезіндегі бауырдың ауырсынуы. Қан қысымы 160/110 мм. сын.бағ., зәрдегі ақуыз мөлшері 1.0 г/л. Қандай әрекеттер ең тиімді?

    Магнезиальды терапияны бастау, жағдайы тұрақтанғаннан кейін ауыр преэклампсияны ескере отырып, 3 деңгейдегі перзентханаға ауыстыру

  • 59

    28 жастағы жүкті әйел, мерзіміне жеткен жүктілік, аяқтарында, бетінде, іштің алдыңғы қабырғасында ісіну байқалады, қан қысымы 190/100 мм сын. бағ. Босанудың I кезеңінде кенеттен бас ауруы, бетіндегі кішкентай құрысулар, көру қабілетінің бұзылуы пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы бұзылмаған.Қандай алдын-ала диагноз қою ықтимал?

    Эклампсия

  • 60

    Преэклампсия диагнозы қойылған әйелдерге жүктіліктің қандай мерзіміне дейін ұрықтың респираторлы –дистресс синдромының профилактикасы жүргізіледі?

    34 апта+6 күн

  • 61

    Эклампсия ұстамасынан босану туралы мәселені қанша сағаттан кейін шешу қажет?

    6-12 сағаттан кейін

  • 62

    Туберкулез кезінде жүктілікті үзудің ең ықтимал көрсеткіші мыналар болып табылады?

    Фиброзды-кавернозды туберкулез

  • 63

    Жүкті әйелдерде гепаторенальды синдроммен В вирустық гепатитінің ең тиімді тактикасы?

    Симптоматикалық ем

  • 64

    Қалыпты жамбас өлшемімен қайта босанушы, жүктілік мерзімі 39 апта, толғақ әр 1-2 минут 50-55 секундтан, қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны толық ашылған,кіші жамбасқа кіреберіс жазықтығында сол жақ қиғаш өлшеміндегі жебе тәрізді тігіс, кішкентай еңбегі - алдыға бағытталған.Ұрықтың орналасуы мен позициясы қандай сипаттамаға ие?

    Шүйдемен жатуы, 2 позиция, алдынғы түрі

  • 65

    Жүкті әйелдің қанындағы альфафетопротеин деңгейінің жоғарылауы қай кезде болады?

    Ұрықтың жүйке түтігінің даму ақауы

  • 66

    Жаңа туған нәресте мен медицина қызметкерлерінің жұқтыру қаупін барынша азайту мақсатында АИТВ-инфекциясымен жүкті әйелді босандырудың неғұрлым дәлелденген әдісі қандай?

    Персоналға арналған арнайы киімді пайдалана отырып кесар тілігімен кіндікті тез кесу

  • 67

    Жүктіліктің 28 аптасы. Жиі зәр шығару,дене температурасының 38 С дейін жоғарылауы туралы шағымдары бар. Анамнезінде -созылмалы пиелонефрит. Объективті -терісі қалыпты түсті. Көруі айқын, бас ауруы жоқ. Төменгі аяқтарда ісіну жоқ. Ұрғылау симптомы екі жағынан да оң. Жалпы зәр анализінде:р=1019, лейкоциттер – өте көп, ақуыз теріс, эпителий 5-6. Ең ықтимал диагноз қандай?

    Жүктіліктің 28 аптасы. Созылмалы пиелонефрит, өршу сатысы

  • 68

    Жүктіліктің қай кезеңінде қан айналымы жеткіліксіздігі жиі кездеседі,ең ықтимал нұсқа?

    24–32 апта

  • 69

    Семіздікпен ауыратын жүкті әйелдерде жүктіліктің қай мерзімінде глюкоза-толерантты тест жүргізіледі?

    24-28 апта

  • 70

    1 және 2 жоспарлы госпитализация кезіндегі қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерді аурухананың қай бөліміне жатқызу ең тиімді?

    Эндокринологиялық стационарға

  • 71

    ДДҰ жүкті әйелдердегі анемияның ауырлық дәрежесінің жіктелуі бойынша орташа дәрежелі анемияда қандағы гемоглобин деңгейі сәйкес келеді,ең ықтимал нұсқа?

    70-99 г/л

  • 72

    Қай триместрде жүкті әйелдерде бактериурияға скрининг жүргізген дұрыс?

    1 триместрде

  • 73

    Иммундық тромбоцитопения кезінде сүйек кемігінің пунктатында не анықталады?

    Мегакариоциттердің көбеюі

  • 74

    Жүктіліктің 20-21 аптасы бар науқаста Вергоф ауруы бар (идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура). Қанды зерттеу кезінде тромбоциттер саны 42х109/л екендігі анықталды. Ең ықтимал тактика?

    Глюкокортикостероидтарды қолдану

  • 75

    Орташа ауырлықтағы диффузды және түйінді уытты зобы бар жүкті әйелдерді басқарудағы дәрігердің ең ықтимал тактикасы?

    Жүктіліктің асқынуы кезінде ауруханаға жатқызу

  • 76

    Қандай тұжырым босанғаннан кейінгі жаппай қан кету мөлшеріне сәйкес келмейді?

    Қынаптан босану кезінде 500 мл қан жоғалту

  • 77

    Босанғаннан кейінгі кезең, 3-ші күн. Босанған әйел сүттің аз бөлінуіне, сүт бездеріндің кернеулігіне, сүтті сауып үлгермейтініне шағымданып жатыр. Осы жағдайда лактогенездің қай кезеңі екенін көрсетіңіз?

    Сүт секрециясының мол бөліну кезеңі

  • 78

    Лактогенез процесін бұзатын ятрогенді факторға мыналар жатады,ең ықтимал нұсқа?

    Лактогенезді тежейтін препараттарды негізсіз қолдану

  • 79

    Босанғаннан кейінгі кезеңнің жиі кездесетін асқынуы?

    Лактостаз

  • 80

    Физиологиялық қан жоғалтуға ең ықтимал тән?

    Дене салмағының 0,5%

  • 81

    Шок индексінің ең ықтимал қалыпты шамасы?

    0,5

  • 82

    Босанғаннан кейінгі қан кету кезінде ағзаның өмірлік маңызды функцияларының жай-күйін бағалау және бақылау қандай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі?

    Артериялық қысым, пульс, температура, тыныс алу жиілігі

  • 83

    Апгар шкаласы бойынша 4-5 баллмен туылған нәрестеде тұрақсыз терморегуляция байқалады, өмірдің бірінші сағатында екі рет тырысулық синдром, тері түсінің мәрмәрлануы, жүйке-рефлекторлық қозғыштықтың тежелу синдромы байқалды.Бұл жағдай қандай симптомдық кешенге сәйкес келеді?

    Орта дәрежелі асфиксия

  • 84

    Босанғаннан кейінгі 3-ші күні 32 жастағы босанған әйел іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға, қалтырауға, бас ауруына, дене температурасының 39°C-қа дейін көтерілуіне шағымданады. Босану кезінде плацентаның бөліктерінің қалып қалуы нәтижесінде, қолмен бөлу және шығару жүргізілген. Анамнезде: бір босану және 2 медициналық түсік, созылмалы пиелонефрит. Сүт бездері-орташа ісінген, қатайған. Ең ықтимал диагноз?

    Эндометрит

  • 85

    Осы клиникалық көрініс босанғаннан кейінгі кезеңнің қай күніне сәйкес келеді: жатыр түбінің деңгейі кіндіктен 4 саусаққа төмен, жыныс жолдарынан қанды-сукровикалық лохиялар бөлінуде?

    Босанғаннан кейінгі кезеңнің 4-ші күніне

  • 86

    Келесі клиникалық көріністер бойынша босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің патологиясын анықтаңыз: жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, қан қысымы 100/70ммсынбағ, пульс минутына 98 соққы, терісі қалыпты түсті, жыныс жолдарынан орташа қан кету 300 мл-ге жетті және жалғасуда. Тексеру кезінде босану жолдарында жарақаттар жоқ, плацента бүтін, қабықтары түгел. Жатырдың сыртқы массажы кезінде жатыр тонусы қалпына келеді және біраз уақыттан кейін қайта босаңсыйды. Ең ықтимал диагноз қандай?

    Жатырдың гипотониясы, қан кету

  • 87

    Босанғаннан кейінгі 4 күн , босану кезінде жыныс еріндері жарақаттанған, сыртқы жыныс еріндері аймағында, аралықта ауырсыну, ашу сезімі пайда болды. Тексеру кезінде гиперемия,тіндердің ісінуі,жараның бетінде іріңді бөлінулер анықталды. Жара кішкене қанайды.Ең ықтимал диагноз қандай?

    Босанғаннан кейінгі жара

  • 88

    Жедел кесар тілігінен кейін 2 күн өткен соң босанған әйел іш аймағындағы ауырсынуға, жүрек айну, құсу, газ бен нәжістің шықпауына шағымданады. Терісі сұр түсті бозғылт, бет әлпеті шаршаңқы,қайғырып тұрған сияқты, ерні мен тілі құрғақ. Дене температурасы 38,5 °c, пульс 120 соққы 1 мин. пальпация кезінде асқазан ісінген, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің кернеуі бар. Ішек перистальтикасы күрт әлсіреген. Лейкоциттердің деңгейі - 17,5мың, СОЭ-40мм сағ. Ең ықтимал диагноз қандай?

    Перитонит

  • 89

    Босанғаннан кейінгі кезең 4-ші күн. 3 күннің соңында дене температурасы 37,3°C-қа дейін көтерілді, жалпы әлсіздік, бас ауруы аралық пен қынап аймағында ашу сезіміпайда болды. Жатыркіндіктен 3 көлденең саусаққатөмен, тығыз, ауырмайды. Аралықтағы жара бетіндегі тігістер іріңді жабындымен жабылған, қоршаған тіндер гиперемияланған, ісінген, пальпация кезінде ауырады. Ең ықтимал диагноз қандай?

    Босанғаннан кейінгі жара

  • 90

    Босанғаннан кейінгі кезең 4-ші күн. 3 күннің соңында дене температурасы 37,3°C-қа дейін көтерілді, жалпы әлсіздік, бас ауруы аралық пен қынап аймағында ашу сезіміпайда болды. Жатыркіндіктен 3 көлденең саусаққатөмен, тығыз, ауырмайды. Аралықтағы жара бетіндегі тігістер іріңді жабындымен жабылған, қоршаған тіндер гиперемияланған, ісінген, пальпация кезінде ауырады. Ең ықтимал тактика қандай?

    Тігістерді шешу, жараны кесу, антибактериялды терапия

  • 91

    Босанушы әйел М., 23 жаста. Жамбас өлшемдері: distantia spinarum 23 см, distantia cristarum 26 см, distantia trochanterica 28 см, conjugata externa 17,5 см. Жамбас өлшемін бағалаңыз,ең ықтимал нұсқа?

    2 дәрежелі тарылған жамбас

  • 92

    Бала туылғаннан кейін терморегуляцияның бейімделуіне,ана сүтімен емізуді ерте бастауға,анасымен психоэмоционалды байланыс орнатуға жағдай жасалу керек. Жоғарыда аталғандарды қай әдіс түрі қамтамасыз ете алады?

    Ананың кеудесіне жатқызу«тері теріге»

  • 93

    Босанушы әйел тірі, жетілмеген қыз бала босанды. Төменде аталғандардың қайсысы ең ықтимал жетілмегендіктің белгілерін көрсетеді?

    Арқасындағы, иық пен кеудедегі лануго

  • 94

    Босанғаннан кейінгі кезеңнің 8-ші күнінде босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауру анықталған. Сазонов-Бартельс классификациясы бойынша босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық инфекцияның таралуының екінші кезеңіне не жатады,ең ықтимал нұсқа?

    Пельвиоперитонит

  • 95

    Босанған әйелде ретті толғақ басталды, толғақтары 3 минут сайын 40 секундтан болып жатыр, жатыр мойнының ашылуы 6 см,қағанақ қабы бүтін, басы көрінеді, ұрық кіші жамбасқа түскен.Босану кезінде жатыр мойнының ашылуының ең ықтимал орташа жылдамдығы см/сағ?

    1,0см/сағ

  • 96

    Дене салмағы 60 кг болатын босанушы әйелде босанудың 3-ші кезеңі басталды. Босанудағы қан жоғалту әйелдің дене салмағына қатысты пайызбен анықтаған кездеқай көрсеткіш физиологиялық болып табылады?

    0,5

  • 97

    Босанушы әйелде ретті толғақ басталды, партограмма толтыру басталды. Орташа толғақтар партограммда ең ықтимал калай таңбаланады?

    Қиғаш штрихтар

  • 98

    Босанушы әйел, ірі салмақтағы бала туылды, қан жоғалту 600 мл құрады. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан жоғалтудың ең ықтимал көлемі қай көрсеткіштен асқанда патологиялық болып саналады?

    500мл

  • 99

    Толғағы 2 минут сайын 60 секундтан болып жатыр, жүктілік мерзіміне жеткен. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, нәресте басы кіші жамбас кіреберісінде үлкен сегментпен орналасқан.Ең ықтимал диагноз қандай?

    Босанудың екінші кезеңі

  • 100

    Алғашбосанушы әйел, босанудың бірінші кезеңінің ұзақтығы 8 сағат болды, толғағы 6 минут сайын 25 секундтан болып жатыр, жатыр мойнының ашылуы 2 см,қағанақ қабы бүтін, нәресте басымен орналасқан, кіші жамбас қуысына түскен.Босанудың ең ықтимал қарқыны қандай?

    Жеткіліксіз

  • Бх эндокрин

    Бх эндокрин

    Dildora Erjanova · 50問 · 3年前

    Бх эндокрин

    Бх эндокрин

    50問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    ПАТАН СЕССИЯ

    ПАТАН СЕССИЯ

    Dildora Erjanova · 179問 · 3年前

    ПАТАН СЕССИЯ

    ПАТАН СЕССИЯ

    179問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    Физио тыныс алу

    Физио тыныс алу

    Dildora Erjanova · 27問 · 4年前

    Физио тыныс алу

    Физио тыныс алу

    27問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Бх ас қорыту

    Бх ас қорыту

    Dildora Erjanova · 61問 · 3年前

    Бх ас қорыту

    Бх ас қорыту

    61問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    микро сессия пдф файл 150- 240

    микро сессия пдф файл 150- 240

    Dildora Erjanova · 90問 · 4年前

    микро сессия пдф файл 150- 240

    микро сессия пдф файл 150- 240

    90問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    ПАТАН СЕССИЯ

    ПАТАН СЕССИЯ

    Dildora Erjanova · 30問 · 3年前

    ПАТАН СЕССИЯ

    ПАТАН СЕССИЯ

    30問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    АНАТОМИЯ СЕССИЯ НЕРВ #1

    АНАТОМИЯ СЕССИЯ НЕРВ #1

    Dildora Erjanova · 31問 · 4年前

    АНАТОМИЯ СЕССИЯ НЕРВ #1

    АНАТОМИЯ СЕССИЯ НЕРВ #1

    31問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Гистология НС

    Гистология НС

    Dildora Erjanova · 62問 · 4年前

    Гистология НС

    Гистология НС

    62問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    иммунология сессия пфд файл 1-60

    иммунология сессия пфд файл 1-60

    Dildora Erjanova · 58問 · 4年前

    иммунология сессия пфд файл 1-60

    иммунология сессия пфд файл 1-60

    58問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Бх Қан түзу

    Бх Қан түзу

    Dildora Erjanova · 59問 · 3年前

    Бх Қан түзу

    Бх Қан түзу

    59問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    Анат ДС СЕССИЯ

    Анат ДС СЕССИЯ

    Dildora Erjanova · 54問 · 4年前

    Анат ДС СЕССИЯ

    Анат ДС СЕССИЯ

    54問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Физио Нерв Рк 100%

    Физио Нерв Рк 100%

    Dildora Erjanova · 61問 · 4年前

    Физио Нерв Рк 100%

    Физио Нерв Рк 100%

    61問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Бх ас қорыту

    Бх ас қорыту

    Dildora Erjanova · 61問 · 3年前

    Бх ас қорыту

    Бх ас қорыту

    61問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    Философия

    Философия

    Dildora Erjanova · 50問 · 3年前

    Философия

    Философия

    50問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    Гисто Қан түзу

    Гисто Қан түзу

    Dildora Erjanova · 96問 · 3年前

    Гисто Қан түзу

    Гисто Қан түзу

    96問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    СЕССИЯ ГИСТО Зәр 1

    СЕССИЯ ГИСТО Зәр 1

    Dildora Erjanova · 47問 · 4年前

    СЕССИЯ ГИСТО Зәр 1

    СЕССИЯ ГИСТО Зәр 1

    47問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Бх ас қорыту

    Бх ас қорыту

    Dildora Erjanova · 61問 · 3年前

    Бх ас қорыту

    Бх ас қорыту

    61問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    Гисто

    Гисто

    Dildora Erjanova · 59問 · 3年前

    Гисто

    Гисто

    59問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    Анат Зәр шығару

    Анат Зәр шығару

    Dildora Erjanova · 68問 · 4年前

    Анат Зәр шығару

    Анат Зәр шығару

    68問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Философия 75-150

    Философия 75-150

    Dildora Erjanova · 71問 · 3年前

    Философия 75-150

    Философия 75-150

    71問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    Гистология НС

    Гистология НС

    Dildora Erjanova · 62問 · 4年前

    Гистология НС

    Гистология НС

    62問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    АНАТОМИЯ КАРДИО СЕССИЯ1

    АНАТОМИЯ КАРДИО СЕССИЯ1

    Dildora Erjanova · 85問 · 4年前

    АНАТОМИЯ КАРДИО СЕССИЯ1

    АНАТОМИЯ КАРДИО СЕССИЯ1

    85問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    СЕССИЯ АНАЛЫҚ ГИСТО

    СЕССИЯ АНАЛЫҚ ГИСТО

    Dildora Erjanova · 43問 · 4年前

    СЕССИЯ АНАЛЫҚ ГИСТО

    СЕССИЯ АНАЛЫҚ ГИСТО

    43問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Зар Биохимия

    Зар Биохимия

    Dildora Erjanova · 46問 · 4年前

    Зар Биохимия

    Зар Биохимия

    46問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    микро пдф файл 50-100

    микро пдф файл 50-100

    Dildora Erjanova · 98問 · 4年前

    микро пдф файл 50-100

    микро пдф файл 50-100

    98問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Философия

    Философия

    Dildora Erjanova · 75問 · 3年前

    Философия

    Философия

    75問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    Анат ас қорыту

    Анат ас қорыту

    Dildora Erjanova · 58問 · 3年前

    Анат ас қорыту

    Анат ас қорыту

    58問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    Гисто Зәр шығару

    Гисто Зәр шығару

    Dildora Erjanova · 42問 · 4年前

    Гисто Зәр шығару

    Гисто Зәр шығару

    42問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Бх зәр шығару

    Бх зәр шығару

    Dildora Erjanova · 50問 · 4年前

    Бх зәр шығару

    Бх зәр шығару

    50問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Гисто Зәр шығару

    Гисто Зәр шығару

    Dildora Erjanova · 59問 · 4年前

    Гисто Зәр шығару

    Гисто Зәр шығару

    59問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Зар Биохимия

    Зар Биохимия

    Dildora Erjanova · 46問 · 4年前

    Зар Биохимия

    Зар Биохимия

    46問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    АНАТОМИЯ СЕССИЯ НЕРВ #1

    АНАТОМИЯ СЕССИЯ НЕРВ #1

    Dildora Erjanova · 31問 · 4年前

    АНАТОМИЯ СЕССИЯ НЕРВ #1

    АНАТОМИЯ СЕССИЯ НЕРВ #1

    31問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Гисто Зәр шығару

    Гисто Зәр шығару

    Dildora Erjanova · 59問 · 4年前

    Гисто Зәр шығару

    Гисто Зәр шығару

    59問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Микро Сессия

    Микро Сессия

    Dildora Erjanova · 50問 · 4年前

    Микро Сессия

    Микро Сессия

    50問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Гисто Қан түзу

    Гисто Қан түзу

    Dildora Erjanova · 96問 · 3年前

    Гисто Қан түзу

    Гисто Қан түзу

    96問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    BH

    BH

    Dildora Erjanova · 37問 · 4年前

    BH

    BH

    37問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    СЕССИЯ АТАЛЫҚ ГИСТО

    СЕССИЯ АТАЛЫҚ ГИСТО

    Dildora Erjanova · 45問 · 4年前

    СЕССИЯ АТАЛЫҚ ГИСТО

    СЕССИЯ АТАЛЫҚ ГИСТО

    45問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Физио Нерв Рк 100%

    Физио Нерв Рк 100%

    Dildora Erjanova · 61問 · 4年前

    Физио Нерв Рк 100%

    Физио Нерв Рк 100%

    61問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    БХ КАРДИО СЕССИЯ

    БХ КАРДИО СЕССИЯ

    Dildora Erjanova · 67問 · 4年前

    БХ КАРДИО СЕССИЯ

    БХ КАРДИО СЕССИЯ

    67問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    Бх ас қорыту

    Бх ас қорыту

    Dildora Erjanova · 61問 · 3年前

    Бх ас қорыту

    Бх ас қорыту

    61問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    ПАТАН СЕССИЯ

    ПАТАН СЕССИЯ

    Dildora Erjanova · 60問 · 3年前

    ПАТАН СЕССИЯ

    ПАТАН СЕССИЯ

    60問 • 3年前
    Dildora Erjanova

    СЕССИЯ АНАТ ЗӘР

    СЕССИЯ АНАТ ЗӘР

    Dildora Erjanova · 50問 · 4年前

    СЕССИЯ АНАТ ЗӘР

    СЕССИЯ АНАТ ЗӘР

    50問 • 4年前
    Dildora Erjanova

    детский басы

    детский басы

    Dildora Erjanova · 52問 · 2年前

    детский басы

    детский басы

    52問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    Дет басы 1-100

    Дет басы 1-100

    Dildora Erjanova · 26問 · 2年前

    Дет басы 1-100

    Дет басы 1-100

    26問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    90-180

    90-180

    Dildora Erjanova · 6問 · 2年前

    90-180

    90-180

    6問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    Патан МВС

    Патан МВС

    Dildora Erjanova · 38問 · 2年前

    Патан МВС

    Патан МВС

    38問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    Патан ЭКС

    Патан ЭКС

    Dildora Erjanova · 50問 · 2年前

    Патан ЭКС

    Патан ЭКС

    50問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    Патфиз ЭКС

    Патфиз ЭКС

    Dildora Erjanova · 50問 · 2年前

    Патфиз ЭКС

    Патфиз ЭКС

    50問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    Пропед ОДС

    Пропед ОДС

    Dildora Erjanova · 60問 · 2年前

    Пропед ОДС

    Пропед ОДС

    60問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    травма 2

    травма 2

    Dildora Erjanova · 45問 · 2年前

    травма 2

    травма 2

    45問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    травма 2

    травма 2

    Dildora Erjanova · 16問 · 2年前

    травма 2

    травма 2

    16問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    Урог

    Урог

    Dildora Erjanova · 100問 · 2年前

    Урог

    Урог

    100問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    Хирка 257-321

    Хирка 257-321

    Dildora Erjanova · 64問 · 2年前

    Хирка 257-321

    Хирка 257-321

    64問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    ВД4

    ВД4

    Dildora Erjanova · 26問 · 2年前

    ВД4

    ВД4

    26問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    дет пропед 124 новый

    дет пропед 124 новый

    Dildora Erjanova · 100問 · 2年前

    дет пропед 124 новый

    дет пропед 124 новый

    100問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    офтал

    офтал

    Dildora Erjanova · 50問 · 2年前

    офтал

    офтал

    50問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    офтал

    офтал

    Dildora Erjanova · 48問 · 2年前

    офтал

    офтал

    48問 • 2年前
    Dildora Erjanova

    Внутренний болезни 100

    Внутренний болезни 100

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    Внутренний болезни 100

    Внутренний болезни 100

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    Внутренний болезни 200

    Внутренний болезни 200

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    Внутренний болезни 200

    Внутренний болезни 200

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    ВПХ 100

    ВПХ 100

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    ВПХ 100

    ВПХ 100

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    ВПХ 200

    ВПХ 200

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    ВПХ 200

    ВПХ 200

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    ВПХ 300

    ВПХ 300

    Dildora Erjanova · 84問 · 1年前

    ВПХ 300

    ВПХ 300

    84問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    Внутренний болезни 200-276

    Внутренний болезни 200-276

    Dildora Erjanova · 76問 · 1年前

    Внутренний болезни 200-276

    Внутренний болезни 200-276

    76問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    Детский хирургия 100

    Детский хирургия 100

    Dildora Erjanova · 70問 · 1年前

    Детский хирургия 100

    Детский хирургия 100

    70問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    детский хирка

    детский хирка

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    детский хирка

    детский хирка

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    детский хирка

    детский хирка

    Dildora Erjanova · 54問 · 1年前

    детский хирка

    детский хирка

    54問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    акушерство и гинекологии 200

    акушерство и гинекологии 200

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    акушерство и гинекологии 200

    акушерство и гинекологии 200

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    акушерство и гинекологии 300

    акушерство и гинекологии 300

    Dildora Erjanova · 90問 · 1年前

    акушерство и гинекологии 300

    акушерство и гинекологии 300

    90問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    Неврология

    Неврология

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    Неврология

    Неврология

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    Псих Рк 1

    Псих Рк 1

    Dildora Erjanova · 99問 · 1年前

    Псих Рк 1

    Псих Рк 1

    99問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    Псих Рк 1

    Псих Рк 1

    Dildora Erjanova · 99問 · 1年前

    Псих Рк 1

    Псих Рк 1

    99問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    Псих рк1 новый

    Псих рк1 новый

    Dildora Erjanova · 14問 · 1年前

    Псих рк1 новый

    Псих рк1 новый

    14問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    псих рк1 новый

    псих рк1 новый

    Dildora Erjanova · 22問 · 1年前

    псих рк1 новый

    псих рк1 новый

    22問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    псих рк2

    псих рк2

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    псих рк2

    псих рк2

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    детский болезни 1-100

    детский болезни 1-100

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    детский болезни 1-100

    детский болезни 1-100

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    детский 1-90

    детский 1-90

    Dildora Erjanova · 91問 · 1年前

    детский 1-90

    детский 1-90

    91問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    АИг 91-180

    АИг 91-180

    Dildora Erjanova · 90問 · 1年前

    АИг 91-180

    АИг 91-180

    90問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    Неврология

    Неврология

    Dildora Erjanova · 100問 · 1年前

    Неврология

    Неврология

    100問 • 1年前
    Dildora Erjanova

    Псих Рк 1

    Псих Рк 1

    Dildora Erjanova · 99問 · 4ヶ月前

    Псих Рк 1

    Псих Рк 1

    99問 • 4ヶ月前