問題一覧
1
Нәресте туылғаннан кейін анасының ішінде қанша уақыт жатады:
2 сағат ішінде
2
БДСҰ көшу барысында тірі туылу критерийінде перинатальды өлім көрсеткіші жоғарлады. Азайту мақсатында қандай іс шаралар жүргізу қажет?
Перинатальды өлім себебіне анализ жүргізу
3
Плацентаны қолмен бөлу және плацентаны шығару операциясы басталуы керек
плацентаның бөліну және қан кету белгілері болмаған кезде
4
Босануды таза жамбаспен келген кезде Цовьянов әдісін қай кезден қолданады
ұрық туылғанда кіндік сақинасына дейін
5
Туылғаннан кейін нәрестенің салмағын және бойын өлшеу қашан жүргізіледі:
2 ші сағат соңында
6
Босанудың екінші кезеңі жалғасуда:
жатыр мойнының толық ашылуынан ұрықтың туылуына дейін
7
Босанудан кейінгі кезең қанша күнге созылады?
42 күн
8
Босану жолы ұғымы қамтиды:
сүйек жамбас, жатыр, қынап, жамбас түбі бұлшықеттері
9
Маңдаймен келу болғандағы тактика:
кесар тілігі
10
Миома мөлшерінің тез ұлғаюы:
түйіннің қатерлі дегенерациясының салдары болуы мүмкін
11
Перзентхана (бөлімше) қызметінің негізгі сапалық көрсеткіштері төмендегілердің барлығы болып табылады, біреуінен басқасы:
Жаңа туылған нәрестелердің аурушаңдығы
12
Босанудың ІІ кезеңінің аяқталуының клиникалық белгілері;
Ұрықтың туылуы
13
Акушер-гинекологка 1 апта бұрын қызамықтың ауыр формасымен ауырып инфекционды ауруханадан шыққан жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі 9-10 апталық. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз?
жүктілікті үзу
14
Жатырдан тыс жүктіліктің кең тараған түрлеріне жатады:
түтіктік жүктілік
15
Жатыр мойнының «жетілу» дәрежесін балдық бағалау келесі белгілерді барлығы біреуінен басқасы:
«Қарашық» симптомы
16
Алғаш босанушылардағы жатыр мойнының ашылу кезеіңнің ұзақтығы:
10 - 12 с
17
Түтіктік жүктілік:
түтіктің дамуындағы ауытқуларға байланысты пайда болуы мүмкін
18
Гонорея диагнозын қоюға болады
Гонококктар анықталған жағдайларда
19
24 жастағы қайта жүкті болушы жүктіліктің 10-11аптасында әйелдер консультациясында есепке тұрды. Анамнезінен: 1 жүктілігі мерзімінде босану ерекшеліксіз, соматикалық анамнезі ерекшеліксіз. Жүктілік қалыпты өтсе бұл жағдайда әйелдер кеңесіне келу жиілігі қалай болу керек?
Жүктілік кезінде 7-8 рет
20
Кесар тілігі операцияға көрсеткіш болып табылмайды.
ұрықтың жамбаспен келуі
21
Күшенудің толғақтан айырмашылығы.
құрсақ бұлшық еттерінің, диафрагманың, жамбас түбінің қосылатын жиырылулары
22
Жыныстық дамудың кідірісі - бұл төмендегілердің болмауы:
14 жаста екіншілік жыныстық белгілердің, 16 жаста – еттеккірдің
23
Морисо-Левре-Ле Шапель әдісі қашан қолданылады
ұрық басының туылуы қиындағанда
24
Миома мөлшерінің тез ұлғаюы:
түйіннің қатерлі дегенерациясының салдары болуы мүмкін
25
20 жастағы науқас В әйелдер кенесіндегі дәрігерге біріншілік бедеулік, сирек етекірге шағымданып келді. Объективті: тамақтанудың жоғарлауы, ИМТ-32, ішінде және санында терінің созылуы. Жоғарғы ерінде, сүт безі ұшының маңында, іштің ортанғы сызыңы бойында түктену бар. Вагинальды зерттеу: жатыр өлшемдері қалыпты аналық без екі жақтанда үлкейген тығыз консистенциялы, қозғалмалы. Болжамды диагноз:
Штейна Левенталды синдром
26
Босанудың бірінші кезеңі фазалары:
латентті, активті
27
Босанудан кейінгі кезеңде қабыну процесінің ең жиі кездесетін формасы:
Эндометрит
28
Жатыр мойнының толық ашылуы болып есептеледі:
10-12 см
29
Әйелдер консультациясына диспансерлік есепте тұратын науқас жүктіліктің 16-17 аптсында келді. Пациентте кезеңді 140/90 мм с.б дейін артериялық қан қысымы көтеріледі. Ең мүмкін болатын диагноз?
созылмалы гипертензия
30
Вульвит дегеніміз не?
сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
31
Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу неге негізделген:
бала жолдасын белсенді жатырға қарсы қысым жасап, кіндік баудан тарту арқылы шығару
32
Күні асқан ұрықтың белгілері:
кір жуғыш аяқтары мен қолдар
33
Қағанақ суымен эмболиясының дамуына ықпал ететін факторларға жатпайды:
жатыр мойны дистоциясы
34
Дені сау нәресте туылғанда, істеу керек:
құрғатып, анасына беру, жабу
35
Плацентаны төмен орналасуындағы көп мөлшерде қан кетуде кесар тілігі операциясы жүргізіледі:
жүктіліктің барлық апталарында
36
Плацентаның бөліну белгілері болса, плацентаны шығару әдістеріне қолдануға болады.
Абуладзе және Креде-Лазаревич
37
Акушерлік –гинекологиялық қызметтің негізгі міндеті:
ана өлімі мен ауруын азайту
38
35 жасар әйел, үш баланың анасы, мүлдем жүкті болғысы келмейді. Қандай контрацепция әдісі көрсетілген:
хирургиялық стерилизация
39
Босануды аяқпен келген кезде Цовьянов әдісін қай кезден қолданады
ұрықтың кіндік сақинасына дейін туылғанда
40
Келесі симптомдар: аменорея, гирсутизм, бедеулік, семіздік және екі жақты аналық бездердің үлкеюіне – тән болады:
Штейн-Левенталь снидромына
41
Жүкті əйел 32 жаста, босану үйіне мерзімі жеткен жүктілікпен жəне толғағы басталуымен түскен. Төртінші босану, алғашқы үш жүктілікктен мерзімі жеткен тірі балалар туылған. Үшінші босануы туудан кейінгі кезеңде қан кетумен асқынған, плацентаның тығыз жабысуы əсерінен нəресте жолдасын қол көмегімен бөліп алған. Түскеннен соң 4 сағаттан соң босанған, салмағы 3200, бойы 52 см қыз бала туылған. Босанудың белсенді үшінші кезеңі 3 минуттан соң плацента ажыраған, нəресте жолдасы шыққан, бүтін. Қабығының бəрі бар, жатыры жақсы жиырылады, тығыз. Қан жоғалту 250 мл. 10 минуттан соң жыныс жолынан тағыда ұйындылар мен 150 мл қан шыққан. Жатыры босаңсыған. Қан кету жалғасуда. Қандай əрекет жасалады:
қуық катетеризациясы, жатырға сыртынан массаж жасау. Босану жолдарын айнаның көмегімен қарау. Утеротоникалық терапия
42
Гормоналды деңгейде овуляцияға дейінгі өзгерістер деңгейінің жоғарылауымен сипатталады:
ФСГ және ЛГ
43
27жастағы əйел жыныс ағзалары аймағындағы қышуға жəне ашуға, иісті бөлінулерге шағымданады.Айнада: жатыр мойны жəне қынап сілемейі гиперемиялы, бөлінділер сары түсті,көпіршікті, сасық иісті.Қынаптық тексеруде жатыры мен қосалқылары қалыпты.Қынаптың тазалық дəрежесіне жасалған жағындыда 3 дəрежеде.Сіздің болжам диагнозыңыз:
трихомониаз
44
Жатыр миомасының консервативті терапиясы
норстероидты препараттармен жүргізілуі мүмкін
45
Күні асқан нәрестенің классикалық синдромына жатпайды
тері асты клетчаткасының ісінуі
46
Қағанақ суымен эмболиясы кезіндегі шұғыл шаралар кешеніне кірмейді
массивті антибактериялық терапия
47
Жүктілер гипертензиясындағы құрысуға қарсы терапияны таңдау әдісі:
магнезиялық терапия
48
Күні асқан жүктілікке тән емес:
іш шеңберінің азаюы
49
Жамбас бұлшықеттерінің ішкі қабаты түзіледі?
M.Levator Ani
50
Алғаш босанушы А., 24 жаста перзентханаға келіп түсті. Түскен кезде жағдайы қанағаттанарлық. Тамыр соғуы ретті, 86 рет/мин. АҚҚ 115/60 мм с. б. Жамбас өлшемдері қалыпты. Босанды тірі ұл жынысты нәрестемен, салмағы 3950 грамм. Нәресте туғаннан кейін қан кету басталды. Бұлшық етке 1 мл окситоцин енгізілді. III кезең асқынусыз өтті. Бала жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Қан кету тоқтамайды, қан ұйып қалды. Аралығы бүтін. Айнамен қарау кезінде оң жақтан жатыр мойнының жыртылуы анықталды, қынаптың күмбезінің оң жағына дейін жетеді. Акушерлік тактика және неге?
жатыр қуысын саусақпен тексеру және жатыр жыртылуын жоққа шығарғаннан кейін, жатыр мойнын тігу
51
Әйелдер консультациясына алғаш жүкті болушы, жүктіліктің 35-36 аптасында ұрық қозғалысының төмендеуіне шағымданып келді. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты 136 рет минутына. Бұл жағдайда қай тәсіл көп ақпарат береді:
КТГ–ұрық биофизикалық профилі
52
Босану ағымындағы графикалық көрінісі:
Партограмма
53
Әйелдердегі гонорея ағымының ерекшелігі болып табылады:
жатыр қосалқыларының екі жақты зақымдануы
54
Әйелдер консультациясына 28 жастағы жүкті әйел белі мен іштің төменгі бөлігінің ауырсынуға шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде 1 босану, 3 аборт. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойны қысқарған, жатыр мойны өзегі 1 к/саусақ өткізеді. Жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан аздаған кілегейлі бөліністер. УДЗ жасалынды: жатыр мойны ұзындығы -2,5 см ішкі ернеу 0,5 см дейін кеңейген. Әйелдер консультациясы дәрігерінің әрекеті?
жүкті әйелге истморафия немесе акушерлік пессарий ұсыну
55
Жүктілер гипертензиясына жатады:
Артериалды қан қысымның 140\90ммс.б.б. жоғарылауы
56
Ұрықтың көлденең орналасуында позиция орналасуына қарай анықталады:
басы
57
Науқас 30 жаста ішінің төменгі жағының тартып ауыруына шағымданады,ауырсыну етеккір келер алдында жəне етеккір уақытында күшейе түседі.7 ж бері жүкті бола алмаған: өзін 4 жылдан бері ауру санайды.Анамнезінде 5-6 апталық жүктілік мерзімінде өздігінен түсік болған.Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнында эрозия жоқ, жатыры дұрыс орналасқан, қозғалысы шектелген, көлемі қалыпы ауырмайды, жатырдың оң жағында жəне артында өлшемі 7,5|7,5см ісік тəрізді түзіліс пальпацияланады, аз қозғалады.Жатырдың артқы бүйір беткейімен жабысқан,сол жақ қосалқылары үлкеймеген, жыныс жолдарынан шырышты бөлінділер бөлінеді.Сіздің болжам диагнозыңыз жəне жасайтын əрекетіңіз:
оң жақ аналық безінің эндометриоидты кистасы, хирургиялық емдеу
58
Босанудың басталуы қарастырылуы керек?
жатыр мойнының құрылымдық өзгерістеріне әкелетін жүйелі жиырылулардың басталуы
59
Етеккіріалды синдромның әдеттегі клиникалық формасына жатпайды:
аллергиялық
60
Физиологиялық ағымды босанудың бірінші кезеңіңде қынап арқылы зерттеу жиілігі:
Әрбір 4 сағат сайын
61
Орташа жастағы әйелде циклдің ортасында ішқуысына қан кету себебін көрсетіңіз?
аналық без апоплексиясы
62
23 жасар жүкті әйел, дәрігерге дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауына, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі пайда болып, шап аймағына және іштің төменгі бөлігіне берілуіне шағымданып келді. АҚҚ 110/65 мм с б.б., тамыр соғуы 90 рет минутына. Қағу симптомы оң жақтан «+». Жалпы қан талдауында: аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Жалпы зәр талдауында – протеинурия. Диагнозыңыз:
гестационды пиелонефрит
63
Леопольд-Левицкий бірінші тәсілімен анықтайды:
жатыр түбінің биіктігі
64
Ауыр артериалды гипертензияға тән:
диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес
65
Ретсіз толғақтың ретті толғақтан айырмашылығы:
жатыр мойны ашылуына алып келмейді
66
Босанудан кейінгі серозды маститтің клиникалық көрінісі:
Сүт безі терісінде участкіде қалыңдау, зақымдану аймағындағы сүт безіндегі ауырсыну, температура 38-39°С
67
Плацентаның тығыз бекітілуі (Placenta Adhaerens) деп аталады:
эндометрияның базальды қабатына хорион бүршіктерінің өсуі
68
Жатыр мойны жүктілігі
жатыр мойны каналының сыртқы осінің орналасуына байланысты диагноз қоюға болады
69
Туылып жатқан субмукозды жатыр миомасының емдеу тактикасы:
субмукозды түйіндіні бұрау, жатыр қуысын және цервикалды өзекті бөлек қыру
70
18 жасар науқас ҚҚ көтеріліп, жүрек қағып, төс маңайындаға ауыру сезім, яақ-қолы салқындап, жансыздану, өлімнен қорқыныш пайда болу шағымдармен келді. Осы симптомдар етеккіралды синдромының қай формасына тән:
кризді
71
Күні асқан жүктілікпен госпитализациялауға көрсеткіш?
41апта +0 күн
72
Жамбаспен келуде кесар тілігі операциясына көрсеткіш болып табылмайды:
ұрық салмағы 3200,0
73
Преэклампсияның негізгі клиникалық көрінісі:
Артериалды гипертензия + протеинурия
74
Әйел төмен дозалы КОК қабылдайды. Консультацияда 2 таблетка қабылдауды ұмытқан. Сіздің кеңесіңіз?
2 таблетканы бірден қабылдау, қалғанын әдеттегі уақытта қабылдау
75
Босанудан кейінгі ерте кезеңнің алғашқы сағатында жатыр тонусы қанша рет бағаланады:
15 минут сайын
76
Жүктіліктің 8-9 аптасында әйелде күніне тамақтан кейін 2-3рет болатын жүрек айну мен құсу анықталды. Жалпы жағдайы, дене температурасы, диурез қалыпты. Сіздің әрекетіңіз?
госпитализация қажет емес, дұрыс тамақтану сұрағын шешуде кеңес беру
77
Жүктілік 32-33 аптасы. УДЗ мәліметтері – плацентаның толық емес орналасуы. Жыныс жолдарынан аздаған жұғынды бөліністерге шағымданады. Әйелдер консультациясының тактикасы:
жүкті әйелдің жағдайын бақылау үшін акушерлік стационарға жедел госпитализациялау
78
Преэклампсияда ерте босандыруға көрсеткіш болып табылады:
Преэклампсия ауыр дәрежесі
79
Плацентаның тығыз бекуі мен ене өсуінің дифференциалды диагностикасы:
Плацентаның қолмен бөлінуі опреациясы кезінде орындалады
80
Перинаталдық кезең жалғасуда:
жүктіліктің 28 аптасынан бастап туғаннан кейінгі 7 күнге дейін қоса алғанда
81
Физиологиялық босанғанан кейін босанушы әйел босану бөлімінде қанша уақыт бақыланады?
2 сағат
82
35 жасты науқас «жедел көмек» бригадасымен емханаға жеткізілді. Шағымдары: жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділер, жалпы әлсіздік. Соңғы жыл бойы етеккірі көп мөлшерде және ұзақ болып жүр. Осы қан кету күткен етеккірінің 1-ші күннен басталып 14 күн бойы келіп жатыр. Қынаптық зерттеу: жатыр мойын формасы цилиндрлік, сыртқы өзек жабық. Жатыр денесі 8-9 апталық жүктілікке сай, қозғалмалы, ауру сезімсіз, беткейі тегіс. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең. Сіздің диагнозыңыз:
жатыр миомасы
83
Жатыр миомасында қандай негізгі етеккір бұзылысы байқалады?
гиперполименорея
84
Сүт бездерінің секреторлық қызметі реттеледі
пролактин
85
Босану процесі кезінде ұрықтың жүрек соғысын тыңдау жиілігі:
Әрбір 30 минут сайын
86
Босанудың басталуының белгісі:
тұрақты жиырылулардың пайда болуы
87
Мерзімінен кеш туылуда жоғары жиілікпен сипатталмайды
жылдам босану
88
Әйелдер консультациясына кезекті қабылдауға жүктіліктің 37 аптасында әйел келді. Тексеруде АҚҚ екі рет 30 мин интарвалмен өлшегенде 160/110 мм с.б дейін көтерілді. Протеинурия 0,3 г/л. Әйелдер консультация дәрігерінің әрекеті?
магнезиальды терапия бастау, жедел жәрдем бригадасын шақыру, босану үйіне госпитализациялау
89
Бартолинит дегеніміз не?
қынап кіреберісіндегі үлкен бездердің қабынуы
90
Медициналық көмек көрсететін 2 деңгейлі перзентханаға жатқызу үшін көрсеткіштер:
мерзімінен бұрын босану жүктіліктің 32 аптасынан жоғары
91
Босанғаннан кейінгі кезең жүргізудің негізгі принциптері:
босанған әйелдің жағдайын бақылау, қуығын босату, жатыр массажы, бөліністерді бақылау
92
Қағанақ суымен эмболиясы әдетте болады
жедел босану
93
35 жастан асқан әйелдерде жатыр мойны полипін емдеу:
жатыр мойны мен денесін диагностикалық қырумен полипті алу
94
39 жастағы әйел эндометриінің қырындысын гистологиялық зерттеу нәтижесі – эндометридің безді гиперплазиясы. Емдеуді таңдаңыз:
гормоналды емдеу
95
Бірінші және көп жүкті әйелдер сәйкесінше ұрықтың қозғалысын сезіне бастайды.
2O және 18 аптамен
96
Мерзімінде босану -бұл босану мерзімі?
38-40апта
97
Қағанақ суымен эмболиясындағы өлімнің негізгі себебі болып табылады
ауыр анафилактикалық шок
98
ІІІ кезеңді активті жүргізу барысында окцитоцинді қанша дозада енгізіледі?
10 ӘБ бір ретті бұлшықетке
99
Көбінесе акушерлік тәжірибеде қолданылады
жатырдың төменгі сегментіндегі кесар тілігі
100
Ұрықтың жамбаспен келуінде босандыру әдісі неге байланысты:
ұрық салмағына