問題一覧
1
тұлға дамуының негізгі қозғаушы күші
қарама-қайшылық
2
оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтау, оқыту процесіне түзету енгізу, әрі қарай оқытуды жоспарлау, үлгермеушілікті жоюға бағытталған ұсыныстар
оқытудағы диагностика
3
адамгершілік және діни тыйымдар жүйесі (егер бұзылған жағдайда, ырым бойынша, жоғарғы табиғи күштермен жазаланады) – деп аталады
табулар
4
оқыту пәнінің мазмұнын ашатын, тақырыптардың кезектестігін, оларды игеруге бөлінген уақыттарды және оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын құжат
оқыту бағдарламасы
5
педагогикалық процестегі қалыптасқан жағдайды анықтайтын эксперимент түрі
айқындаушы эксперимент
6
қабылдау, пайымдау, қорыту, бекіту, практикада қолдану
білімді игеру процесінің кезеңдері
7
сананы қалыптастыру әдісі
үлгі-өнеге
8
нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады
іргелі зерттеулер
9
оқыту процесінің нәтижелілігін дидактикалық процесті оқыту жағдайымен бірлікте анықтау
диагностика
10
сауал-сұрақ әдісі
анкета жүргізу
11
мектептің жылдық жоспарын бекітеді, мектеп жұмысының қорытындысын шығарады
педагогикалық кеңес
12
ауызша, көрнекілік және практикалық әдістері қандай белгіге байланысты жіктелген
ынтымақтастық формасы
13
ғылым ретінде педагогиканың негізін қалаған
Я.А.Коменский
14
білім беру мазмұны қандай құжаттармен айқындалады
оқыту жоспары, оқыту бағдарламасы, оқулықтар
15
мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сәйкес тәрбиеленушінің әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу әдісі
жаттығу
16
бағалау – бұл
тексеру процесі
17
жазалау – ол
ынталандыру әдісі
18
ғылыми фактілерді, түсініктерді, заңдарды, заңдылықтарды түсінуі, есте сақтауы және қайтадан айту
білім
19
тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртүрлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, көзқарастар қалыптастыру
әңгіме-кеңес
20
білімнің есте жақсы сақталуын, олардың оқушы санасының бір бөлігі, жүріс-тұрысының негізі болуын талап ететін принцип
беріктік
21
оқыту процесінің методологиялық негіздері
таным теориясы
22
арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленушілердің мақсатты өзара қимылдары
педагогикалық процесс
23
қандай оқыту принципі сезім органдарын оқыту материалдарын қабылдауға және өңдеуге мақсатты қатыстыруды талап етеді
көрнекілік
24
ұжымдық творчестволық істер әдістемесінің авторы
И.П.Иванов
25
игерілген білімдерді практикада қолдана білу амалын игеру -
іскерлік
26
сабақта оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру формалары
дербес, топтық және фронтальді
27
қандай қасиеттер ата-анадан балаға туғаннан беріледі
қабілеттер дамуының негізі – нышандар
28
оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалау және көтермелеу – бұл
мадақтау
29
оқытудың қандай принципі оқушылардың даму ерекшеліктерін, оқу мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді
шамаға лайықтық
30
адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиелері
тәрбие бағыттары
31
тәрбиелік іс-әрекеттің тиімділігі анықталады
оқушылардың тәрбиелік деңгейімен
32
«Ұлы дидактика» еңбегінің авторы
Я.А.Коменский
33
еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі
адам
34
өмір сүру және іс-әрекет барысында тұлғаның биологиялық және рухани өсуі
қалыптасу
35
мұғалімдерді жұмысқа алу, оларды жұмыстан босату
мектеп директоры
36
педагогика ғылымында тәрбиенің әртүрлі анықтамаларының болуы
тәрбиенің көп аспектілігінен туындайды
37
дидактика категориясы
оқыту процесі
38
тәрбие мақсаты – бұл
тәрбиенің не нәрсеге ұмтылатыны
39
тәрбие мақсатын қоюға ықпал ететін негізгі факторлары
қоғам қажеттіліктері
40
бағдарламалап оқыту мақсаты
оқыту процесін басқаруды жетілдіру
41
Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық мазмұндау, ізденіс түрлері, зерттеушілік әдістер деп жіктеудің негізгі белгісі
дидактикалық міндет
42
педагогикалық процестің заңдылықтары
педагогикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективті байланыстар
43
үй тапсырмасының қажеттілігі себебі
игерілген білімді, іскерлікті, дағдыларды сабақта толық бекіту мүмкін еместігі
44
сабақ түрін анықтаудың кең тараған жолы
дидактикалық мақсатына байланысты
45
сабақ беру басымды рөл атқаратын дидактикалық жүйе
дәстүрлі дидактикалық концепция
46
іс-әрекеттің бір түрін күшейтуге, ал енді бір түрін тежеуге арналған тәрбие әдісі
талап қою
47
Дальтон-план
оқытуды ұйымдастырудың жекеленген формасы
48
мемлекеттің белгілі бір жалпы принциптер негізінде құрылған, бір-бірімен байланысты оқыту-тәрбие мекемелерінің жиынығы
білім беру жүйесі
49
педагогикалық процестің тұтастығы
педагогикалық процестің функцияларының бірлікте іске асырылуы
50
оқытудың әдіснамалық негіз
ғылыми тану теориясы
51
жасөспірімнің дене, ішінара психикалық жедел дамуы
акселерация
52
педагогикалық процестін тұтастығы
барлық процестердің тәрбиенің жалпы мақсатына бағынуы
53
тұлға – бұл
оның әлеуметтік мәнін көрсететін қасиеттер жиынтығы
54
оқу материалын ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы игертуге бағытталған оқытудың диалогтік әдісі
әнгіме-кеңес
55
тәрбие процесінің қозғаушы күші
тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары
56
бұл атадан балаға берілетін тұрақты сапалар мен ерекшеліктер
тұқымқуалаушылық
57
бақылау формалары
жеке, топтық және фронтальды
58
ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам идеалы – бұл
дүниетаным компоненттері
59
тәрбиенің жалпы мақсаты
жан-жақты, гармониялы дамыған тұлғаны қалыптастыру
60
тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор
мемлекет идеологиясы, саясаты
61
аралас сабақта
бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі
62
педагогика ғылымының зерттеу объектісі:
қоршаған педагогикалық шындық
63
«Ана мектебі» идеясын ұсынған және жасаған
Я.А. Каменский
64
игерілген білімдер негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті орындауға дайындығы
іскерлік
65
авторитарлы, демократиялы, либералды және еркін тәрбие
қарым-қатынас стильдері бойынша жіктеу
66
адамгершілік тәрбиесі – бұл
адамгешілік қасиеттер, адамгершілік мінез сипаттары, жұріс-тұрыс дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру процесі
67
зерттелетін құбылыстар арасындағы сандақ тәуелділіктерді анықтау, эксперимент және сауал сұрақ барысында алынған нәтижелерді өңдеу үшін қолданылатын әдіс
статистикалық әдіс
68
ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің төрт түрін бөліп көрсеткен ғалым
И.Ф.Харламов
69
оқыту әдісі дидактикада қандай сұраққа жауап береді
қалай оқыту
70
білім беру міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері
оқыту әдісі
71
педагогикалық процестің жүйе құраушы компоненті – бұл
мақсат
72
оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдісі
танымдық ойындар
73
мектеп әкімшілігінің басқару объектісі
педагогикалық процесс
74
нақты тәрбие процесін ұйымдастыру нұсқасы
тәрбие формасы
75
психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын педагогика саласы
олигофренопедагогика
76
зерттелетін объект туралы нақты деректер алу үшін қолданылатын педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдау
бақылау әдісі
77
сынып жетекшісінің негізгі қызметі
оқыту процесін бақылау
78
тестінің мықтылығы тәуелді
тапсырмалар санынан
79
параллелді ықпал ету принципінің мәні
тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ұжым мүшелері, белсенділері арқылы ықпал етуі
80
проблемалық оқыту мәні
оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыру
81
мәні проблеманы ашық түрде бірлесе талқылау болатын, сенімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие әдісі
пікір-талас
82
нәтижесінде білім, іскерлік, дағды, іс-әрекет және жүріс-тұрыс (мінез-құлық) тәжірибесі, тұлға қасиеттері қалыптасатын педагог пен оқушылар-дың белсенді, мақсатты бағытталған өзара қимылдау процесі
оқыту
83
белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне, санасына, мінез-құлқына ықпал ету амалдары
тәрбие әдісі
84
педагогикалық процестің компоненттері
мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, форма, нәтиже
85
мектептегі басқару жүйесінің деңгейлері
мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары, мұғалімдер, оқушылар
86
біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші –
қарама-қайшылықтар
87
түсіндіру бұл -
теориялық мәнін ашу, фактілерді, құбылыстарды бірізді, дәлелді баяндау
88
сабақтың негізгі белгілері
оқушылардың тұрақты құрамы, бір пәнге арналуы, арнайы кесте бойынша жүруі
89
тұлғаның санасын қалыптастыру әдісіне жатпайды
педагогикалық талап қою
90
оқушылардың шығармаларын, творчестволық, практикалық жұмыстарын және т.б. зерттеушінің талдауы
іс-әрекет өнімдерін зерттеу
91
Педагогикалық процесс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы енгізген ғалым
П.Ф.Каптерев
92
баланың денсаулығын шыңдау және оның денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету мақсатымен жүретін тәрбие
дене тәрбиесі
93
оқыту процесі барысында оқушылар игеретін ғылыми білімдер, практикалық іскерліктер мен дағдылар, іс-әрекет және ойлау әдістері жүйесі
білім беру мазмұны
94
оқыту процесінің қозғаушы күштері
оқу тапсырмалары мен оқушылардың білім деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар
95
А.С.Макаренко бойынша ұжым дамуының кезеңдері
3
96
мұғалімнің проблеманы қоюы және өзінің оны шешудің жолдарын көрсетуі
проблемалық мазмұндау
97
қандай оқыту принципі оқыту мазмұны оқушыларды ғылымның даму деңгейіне сәйкес объективті ғылыми фактілер, теориялар және заңдармен таныстыруды талап етеді
ғылымилық
98
дидактика категориясы
білім беру мазмұны
99
тұлғаның «қалыптасу сәті» (педагогикалық жағдай)
педагогикалық процестің элементарлық бөлігі
100
оқыту пәндерінің тізімін, сағат санын көрсетіп оқу жылдарына бөлетін, аптасына әрбір пәнге тиісті сағат санын анықтайтын құжат – ол
оқыту жоспары