ログイン

аиг

аиг
100問 • 1年前
  • БИБА
  • 通報

    問題一覧

  • 1

    26 жастағы әйелде, медициналық түсіктен 5 күн өткен соң, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, қалтырау, дене температурасының 38 °С дейін жоғарылауы байқалды. Тексеру кезінде: іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауырады. Ішперденің тітіркену белгілері жоқ. Қынаптық зерттеуде: жатыр жүктіліктің 6-7 аптасына дейін үлкейген, ауырсынумен, консистенциясы жұмсақ. Жатырдың қосалқылары анықталмайды. Қанды, жағымсыз иісті бөліністер бар. Диагноз қою үшін осы зерттеу әдістерінің қайсысы тиімді?

    Кіші жамбас ағзаларының УДЗ

  • 2

    52 жастағы әйел отбасылық амбулаторияның дәрігеріне жыныс жолдарынан қатты қан кету, жалпы әлсіздік туралы шағымдармен жүгінді. Соңғы жылдары көп мөлшердегі, ұзақ мерзімдегі етеккір кезеңдері болғанын атап өтеді. PV-жатыр мойны цилиндр тәрізді, аңқасы (зев) жабық. Жатыр жүктіліктің 14-15 аптасына дейін үлкейген, қозғалмалы, ауыртпалықсыз, томпайып тұр. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең. Клиникалық хаттамасына сәйкес қандай емдеу әдісіықтимал?

    оперативті ем

  • 3

    45 жастағы әйел жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданады. Соңғы жылдары көп мөлшердегі, ұзақ мерзімдегі етеккір кезеңдері болғанын атап өтті. Анамнезінде "аномалды жатырдан қан кету "диагнозына қатысты жатыр қуысын диагностикалық қыру жүргізілген. Гистологиялық зерттеудің қорытындысы эндометридің гиперплазиясы: Сәйкес кандай ем жүргізілуі ықтимал?

    "Мирена" гормоналды спиралын енгізу

  • 4

    36 жастағы әйел, ауруханадан тыс медикаментозды түсіктен 5 күн өткен соң, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, қалтырау, дене температурасының 38 °С дейін жоғарылауы байқалды. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, төменгі бөлігі ауырады.Ішастардың тітіркену белгілері жоқ. Қынаптық зерттеуде: жатыр жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, ауырсынумен, жұмсақ консистенциялы. Жатырдың қосалқылары анықталмайды. Қанды, жағымсыз иісті бөліністер бар. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

    Кіші жамбас азаларынын УДЗ

  • 5

    28 жастағы әйел жалпы әлсіздікке, тершеңдікке, кейде температураның 37,2 - 37,5°С-қа дейін көтерілуіне шағымдана отырып, іштің төменгі бөлігіндегі кезеңді ауырсынуды атап өтеді. Туберкулезді сальпингит диагнозы қойылды. Гистеросальпингографияда кандай рентгенологиялық көрініс болуы мүмкін?

    тутіктер өтімсіз," тәспі" тарізді

  • 6

    Наукас н., 35 жаста, стационарға жыныс жолдары арқылы жатырдан көп мөлшерде қан кету, әлсіздік, бас айналу шағымдарымен түсті. Анамнезде: соңғы 3 жыл бойы етеккір кешігу 2-3 айға дейін созылып, кейін 2-3 апта бойы көп мөлшерде қан кетуге айналады, 5 рет стационарлық емделуде болған. Қан кетуді тоқтату мақсатында 3 рет жатырдың қуысын қыру жүргізілген. Гистологиялық қорытынды: эндометрияның безді-кистозды гиперплазиясы. Соңғы қыру 5 ай бұрын болған. АҚ=110 мм.рт.ст., пульс 82 рет мин. Айдамен қарағанда: жатыр мойны таза. РѴ: жатыр мойны пішіні цилиндр тәрізді, сыртқы ернеу жабық. Жатыр орналасуы, көлемі және консистенциясы қалыпты. Қосалқылар анықталмайды, бөлінді қанды, көп мөлшерде. Ең ықтимал диагноз қандай?

    репродуктивті жастағы аномальды жатырдан кан кету

  • 7

    28 жастағы әйел контрацепция әдісін таңдау жөнінде келген. Босанғаннан кейін 6 ай өткен, етеккір жоқ, емізеді. Екі жыл бұрын ауырсыну синдромы және көлемі 6 см эндометриома бойынша эндохирургиялық араласу болған. Бұл пациент үшін контрацепция әдісінің ЕҢ қолайлысы қандай?

    таза прогестинді контрацептивтер

  • 8

    22 жастағы әйел, әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне, іштің төменгі жағындағы ауыру сезіміне, жатырдан іріңді-қанды бөліністерге шағымданды. Кан анализінде: лейкоцитоз, лейкоциттік формуланың солға жылжуы, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы. Вагинальды тексеру кезінде: жатырдың денесі сәл үлкейген, ауырсынады, қозғалмалы. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең. Осы клиникалық жағдайда қанның биохимиялық анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

    с-реактивті белоктын жогарылауы

  • 9

    25 жастағы науқас, іштің төменгі жағында физикалық жүктемеден кейін кенеттен пайда болған қатты ауырсынуға шағымданып гинекологиялық стационарға түсті. Жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы байқалады. Қынаптық зерттеуде: жатыр тығыз, ауырсынбайды, қалыпты өлшемде. Қосалқылар сол жағында анықталмайды, жатырдың оң жағында дөңгелек пішінді, иілімді консистенцияның түзіліс, жылжымалы, көлемі 7см х 8см х 6 см, пальпация кезінде күрт ауырады. Пульс 120 рет минутына. Анализде лейкоциттер 12,3. Кандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    он аналык бездін кистасынын бұралуы

  • 10

    Науқас А., 24 жаста, 2 аптаға етеккір кешіккен кейін іштің төменгі жағының ауырсынуына және жыныс жолдарынан канды бөліністерге шағымданып түсті. Ақ 100/60 мм рт ст, пульс 90 рет/мин. Айнамен қарағанда: жатыр мойны шырыштрының цианозы, қара түсті қанды бөлініс. РѴ: жатыр сәл үлкейген, қозғалмалы, жатыр қосалқылардың оң жағында ауру сезімді, қамыр консистенциялы түзіліс анықталады. Артқы күмбез тегіс, ауырсынумен. Ең ықтимал диагноз қандай?

    жатырдан тыс жуктілік

  • 11

    27 жастағы әйелде ауруханадан тыс медикаментозды түсіктен 2 күн өткен соң, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, қалтырау, дене температурасының 38 °С-қа дейін жоғарылауы байқалды. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, төменгі бөлігі ауырады. Ішастардың тітіркену белгілері жоқ. Қынаптық зерттеуде: жатыр жүктіліктің 5-6 аптасына дейін ұлғайған, ауырсынумен, жұмсақ консистенциялы. Жатырдың қосалқылары анықталмайды. Қанды, жағымсыз иісті бөліністер анықталады. Қандай қосымша аспаптық зерттеу мақсатқа сай?

    Курсак куысы агзаларынын УД3-і

  • 12

    Перзентханаға жүктілігі 36 апта, босану әрекеті жоқ, 2 сағат бұрын қағанақ суы кеткен алғаш босанушы келіп түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты, минутына 136 соққы. Аз мөлшерде ашық түсті қағанақ суы кетіп жатыр, иіссіз. Қандай дәрігерлік тактика ЕҢ тиімді?

    24 сагат арлыгында бакылау ары карай индукцилаумен

  • 13

    Әйелдер кеңес орны қабылдауында жүктілігі 30 апта жүкті әйелде АҚҚ 160/110 мм.с.б.б. көтерілді. Бас ауруына, диурездің азаюына шағымданады. Аталғандардың қайсысы АҚҚ көтерілуінің ЕҢ ықтимал себебі болып табылады?

    Преэклампсия

  • 14

    Жүкті әйелде жүктілігінің 37 аптасында: АҚҚ 140/90 мм с.б.б., жалпы зәр анализінде белок 0,35 г/тәу анықталды. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    Преэклампсиянын женіл дережесі

  • 15

    Жүкті әйел, жүктіліг 8-9 апта, күніне 22 рет құсуы, салмақ жоғалтуы, гипотония, тахикардия минутына 110 соққы, диурездің төмендеуі, қалдық азот пен креатининнің жоғарылауы, зәрде ацетонның болуы (4+) байқалады. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    Жуктілік кусуы ауыр дарежесі

  • 16

    34 жастағы әйелде іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кету шағымдары бар. Анамнезінде: 2 ай бұрын соңғы етеккір, жүктілік тесті тесті оң. Вагинальды зерттеу кезінде: жатыр мойны қысқарған, цервикальді каналдан 2 см өтеді, жатыр жүктіліктің 7 аптасына дейін ұлғайған. Қосалқылар анықталмайды, қою қанды бөліністер. Ультрасонография: жатыр қуысының төменгі үштен бірінде сылынған ұрық жұмыртқасы, эмбрионның жүрек соғысы жоқ. Бұл клиникалық жағдай қандай патологияға НЕҒҰРЛЫМ тән?

    журістегі тусік (аборт в ходу)

  • 17

    28 жастағы әйел анамнезінде жатыр қосалқыларының жиі қабынуы және 3 жыл ішінде бедеулік бар. Гинекологиялық тексеру кезінде жүктіліктің болмауына байланысты мыналар анықталды: қынап босанбаған әйел қынабына сәйкес келеді. Жатыр мойны конус тәрізді. Жатыр ұлғаймаған, қозғалмалы, ауырсынусыз. Сол жақта пальпация кезінде сезімтал қосалқылар пальпацияланады, он жақта-өлшемі 7,0x6,0 см,дөңгелек пішінді, тығыз консистенциялы, ауыратын, аз қозғалысты түзіліс анықталды. Артқы күмбез ауырсынумен. Дәрігердің диагнозы қандай болуы мүмкін?

    Тубоовариалдык тузіліс

  • 18

    Жүкті әйел 20 жаста, жүктілігінің 35 аптасында 1 Деңгейдегі перзентханаға түсті. Шағымдары жоқ. Қарап тексергенде: жалпыланған ісіну, бауырды пальпациялағанда ауырсыну. Артериалды қысым 140/110 мм.с.б.б.. Зәрдегі белок 1,0 г/л. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    Жуктілігі 35 апта. Ауыр дарежелі преэклампсия

  • 19

    Жүкті әйел 20 жаста, жүктілігі 35 апта кезінде 2 деңгейдегі перзентханаға түсті. Шағымдары жоқ. Қарап тексергенде: жайылған ісіктер, бауырды пальпациялағанда ауырсынады. Артериалды қысым 140/110 мм.с.б.б.. Зәрдегі белок 1.0 г/л. Қандай дәрігерлік тактика ЕҢ тиімді?

    Магнезиалды терапияны бастау, жадайы турактанганнан кейін 3 денгейдегі перзентханага ауыстыру

  • 20

    29 жастағы әйелде физикалық жүктемеден кейін тік ішекке берілетін іштің төменгі бөлігіндегі өткір ауырсыну туралы шағымдар бар. Тері жамылғысы бозарған, қан қысымы 90/60 мм.сын.бағ, тамыр соғуы 110 соққы мин. Анамнезінде: диспансерлік есепте "аналық без кистасы"диагнозымен тұрады. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының сыртқы аңқасы жабық, жатыр қалыпты мөлшерде, тығыз, жатырдың оң жағында 5,0х6,0 см, эластикалык консистенциялы ауырсынумен түзіліс бар, сол жағында өзгерістер жоқ. Артқы күмбез ілінеді, ауырады. Бұл клиникалық жағдай қандай патология үшін НЕҒҰРЛЫМ тән?

    аналык без кистасынын жыртылуы

  • 21

    34 жастағы әйелде келесі симптомдық кешен анықталды: етеккір циклінің 15-ші күнінде тік ішекке берілетін іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсыну, ішкі қан кету белгілері. Гинекологиялық анамнез өзгеріссіз. Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ. Қандай патологиялық жағдаймен дифференциалды диагностика жүргізу керек?

    жатырдан тыс жуктілік

  • 22

    32 жастағы әйел бүкіл іштің ауырсынуына шағымданып, көп салалы клиникалық аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізілді. жеткізілді. Анамнезден: менструацияның 5 аптаға кешіктірілуі, жүктілік сынағы оң, жыныстық өмір контрацепциясыз тұрақты, созылмалы аднексит, 2 жасанды түсік, 20 жаста аппендэктомия. Бұл клиникалық жағдай кандай патологияға НЕҒҰРЛЫМ тән?

    жатырдан тыс жуктілік

  • 23

    25 жастағы әйелде менструальдық циклдің 14-ші күні коитустан кейін тік ішекке берілетін іштің төменгі бөлігінде өткір ауырсыну пайда болды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт, пульс 100 рет минутына, қан қысымы 90/60 мм.сын.бағ. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр қалыпты мөлшерде, ауырсынусыз, оң жақ қосалқылар аймағында ауырсыну, артқы күмбез тегістелген, ауырады. Диагноз қойылды: аналық без апоплексиясы, геморрагиялық түрі Қандай көлемі хирургиялық емдеудің ЕҢ ықтимал?

    лапароскопия, аналык безді тігу

  • 24

    35 жастағы әйел жыныс жолдарынан қанды бөліністердің пайда болуына шағымданады. Соңғы жылдары көп мөлшерде, ұзақ уақытты етеккір кезеңдерін атап өтеді. Вагинальды: жатыр мойны цилиндр тәрізді, аңқа жабық. Жатыр жүктіліктің 8-9 аптасына дейін үлкейген, қозғалмалы, ауырсынусыз, тегіс. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең. Алғашқы тексеру кезінде кандай диагностикалық әдіс НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?

    Жуктілік сынаты

  • 25

    Жүкті әйелде жүктіліктің 8-9 апта кезінде күніне 3-5 рет көбіне тамақтан кейін жүрек айну және құсу байқалады. Жалпы жағдайы, дене қызуы және диурезі қалыпты. Қандай дәрігерлік тактика ЕҢ тиімді?

    Емдеуге жаткызуды кажет етпейді, тамактануды реттеу, дене салмагын бакылау, себебі жуктілік кусуы женіл дарежеде

  • 26

    Қайта жүкті 26 жаста, жедел көмекпен алып келді. Нәресте қозғалысын 30 минут бойы сезбейді. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ 90/60 мм. с.б.б., жатыры қозған, нәресте мүшелері анықталмайды, нәрестенің жүрек соғуы естілмейді, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділер, босану әрекеті жоқ. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    Плацентанын толык мерзімінен бұрын ажырауы

  • 27

    Жүкті әйел К. Жүктілігі 7-8 апта кезінде тәулігіне 20-25 рет құсуына шағымданады. Әйелдің жалпы жағдайы ауыр. Дене салмағының түсуі 10 кг жетті. Жүкті әйел ішкен тамағында, суында құсып тастайды. Тері жабындылары мен шырыштары құрғақ, Дене қызуы 37,3°С. Пульсі-120 соққы/мин, АҚҚ 80/50мм.с.б.б.. Зәрде ацетон (3 плюс), белок- 0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок-54 г/л, билирубин- 60 мкмоль/л. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    Жуктілігі 7-8 апта. Жуктілер кусуынын ауыр дарежесі.

  • 28

    Жатырдан тыс жүктілікке күдікті 33 жастағы әйелде анамнезінде созылмалы аднекситтің бар екендіндігі, соңғы асқынуы 3 ай бұрын болғаны анықталды. Науқаста жатырдан тыс жүктіліктің ең ықтимал локализациясы қандай?

    жатыр тутігі

  • 29

    33 жастағы әйел іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға, жыныс жолдарынан аздаған қан кетуге шағымданды. Анамнезден: 2 ай бұрын соңғы етеккір, жүктілік сынағы оң. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының сыртқы аңқасы жабық, жатыр жүктіліктің 6 аптасына дейін ұлғайған, тонус жоғарылаған, жатырдың қосалқылары анықталмайды. Ультрасонографияда: анэмбриония. Кандай тактика әдісі тиімді?

    медикаментозды тусік

  • 30

    33 жастағы әйел іштің төменгі бөлігіндегі сыздаған ауырсынуға, жыныс жолдарынан аздаған қан кетуге шағымданды. Анамнезден: 2 ай бұрын соңғы етеккір, жүктілік сынағы оң. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының сыртқы аңқасы жабық, жатыр гипертонуста, жатыр жүктіліктің 8 аптасына дейін улкейген, жатырдың қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең. Бұл клиникалық жағдай қандай патология үшін тән?

    кауіпті тусік

  • 31

    Жүкті әйел 23 жаста, жүктілігі 18 апта кезінде әлсіздікке, шөлдеуге, тәулігіне 5-6 литр су ішсе де шөлі қанбайтынына, тойымсыздыққа, тері қышуына, көп зәр шығаруына шағымданып патология бөліміне тусті. 1-жүктілігі 27-28 аптада өлі тууымен аяқталды. Осы жүктілігі екінші. Жатыры ұлғайған, 18 апталық жүктілікке сай. Қандағы қант-10,2 ммоль/л, зарде 5,0 ммоль/л. Қандай диагноз ЕҢ ыктимал?

    Кант диабеті

  • 32

    30 жастағы әйел бір апта ішінде іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, соңғы 3 күнде дене температурасының 39-ға дейін көтерілуі, жүрек айну, құсуға шағымданды. Анамнезден: жатыр қуысында ЖІС-қа 10 жыл болған, алынбаған. Объективті: терінің бозаруы, іштің төменгі бөлігіндегі ішастардың тітіркенуінің оң белгілері. Вагинальды зерттеу кезінде: жатыр мойнының сыртқы аңқасы жабық, ЖІС жіптері, жатыр және қосалқылар іштің алдыңғы қабырғасының өткір ауруы мен кернеуіне байланысты анықталмайды. Бұл клиникалық жағдай қандай патология үшін тән?

    пельвиоперитонит

  • 33

    33 жастағы әйел іштің төменгі бөлігіндегі өткір ауырсыну, әлсіздік, жүрек айнуға шағымданады. Анамнезден: етеккір циклінің 14-ші күні ауырып қалған, жүктілік сынағы теріс. Объективті: қан қысымы 80/55 мм.сын.бағ, пульсі 1 минут ішінде 100 соққы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Алдын ала Диагноз: аналық без апоплексиясы. Емдеудің ең ықтимал әдісі қандай?

    хирургиялык

  • 34

    Қайта босанушы 35 жаста, жүктілік мерзімі 38 апта. Эндокринолог кеңесінен кейін инсулин дозасын тәулігіне 6 ед-ге дейін азайту шешілді. Аталғандардың қайсысы жүктіліктің осы мерзімінде инсулинге деген қажеттіліктің төмендеуінің ЕҢ ықтимал себебі болып табылады?

    Нарестенін,ұйқы безінін, жасушалык аппаратынын бета белсенділігімен

  • 35

    30 жастағы әйел іштің төмен бөлігіндегі ауыру сезімі шағымымен стационарға түсті. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Пульс 100 рет минутына, Дене температурасы 37,8С. Қынаптық тексеруде: жатыр ұлғаймаған, тығыз, қозғалмалы, пальпацияда ауырсынусыз. Оң жақ қосалқылар аумағында ауырсыну, сол жақ қосалқылар-ерекшеліксіз. Артқы күмбез бос, бөлінділер- шырышты. Берілген клиника қандай патологияға ең тән?

    косалкылардын, кабынуы

  • 36

    20 жастағы әйел іштің төменгі бөлігінің ұстама тәрізді ауыру сезіміне, әсіресе оң жақтық, жүрек айну, құсу шағымдарымен көп профильді аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Температура 36,8С, пульс- 90 соққы мин. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ мәліметтері: оң жақ жатыр қосалқылары аумағында 5х6х5см өлшемде түзіліс. Берілген клиника қандай патологияға ең тән?

    аналык без кистасы аякшасынын бұралуы

  • 37

    Жүкті әйел, жүктілігі 37 апта кезінде әйелдер кеңес орнына кезекті қаралуға келді. Қарау кезінде артериялық қысымның 15 минут аралықпен 160/110 мм рт.ст. дейін екі рет жоғарылауы байқалады. Протеинурия 0,3 г/л. Қандай дәрігерлік тактика ЕҢ тиімді?

    Магнезиялык терапияны бастаныз, жедел жердем бригадасын шакырыныз, ауруханаға жатқызу

  • 38

    Жүкті әйел К. Жүктілігі 7-8 апта кезінде тәулігіне 20-25 рет құсатынына шағымданады. Әйелдің жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалтуы 10 кг жетті. Жүкті әйел ішкен суында, тамағында құсып тастайды. Тері жабындылары және шырыштары құрғақ. Дене қызуы 37,3°С. Пульсі-120 соққы/мин, АҚҚ 80/50мм. с.б.б.. Зәрде ацетон (4 плюс), белок- 0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок-54 г/л, билирубин- 60 мкмоль/л. Емдеу барысында екінші тәулікте апатия, сандрақ, эйфория, терісі және көзге көрінетін шырышының сарғыштануы байқалды. Қандай дәрігерлік тактика ЕҢ тиімді?

    Жуктілікті дереу узу, жуйке жуйесінін бузылистарын ескере

  • 39

    Жүкті ес-түссіз күйде перзентханаға жеткізілді. Туыстарының айтуы бойынша, ол тұмаумен ауырған, бас ауруына шағымданған, аяқтарында ісінулер пайда болған. Таңертең құрысулар болды. Науқастың жағдайы ауыр, ес-түссіз. АҚҚ 180/100 мм с.б.б., 190/100 мм с.б.б., жүктілік мерзімі 31-32 апта. Нәресте басымен жатыр. Нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты, минутына 150 соққы. Зәр мөлшері катетормен 10 мл, лайлы. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    Жуктілігі 31-32 апта. Эклампсия, кома

  • 40

    Алғаш жүкті әйел, жүктілік мерзімі 36 апта, монохориалды диамниотикалық егіз диагнозымен перинаталды орталыққа түсті. Нәрестелердің орналасуы: 1- жамбаспен жатыр, 2 көлденең жатыр. Шағымдары жоқ. АҚҚ-140/90 мм с.б.б., тәуліктік протеинурия 3,3 г/л, балтырында ісінулер. Нәрестелердің жүрек соғуы ритмді. УДЗ -де нәрестелердің болжам салмағы - 2600,0 и 2800,0, допплерометрияда екі нәрестеде 1А дәрежілі ана- плацента-нәрестелік қан айналым бұзылысы. Кандай дәрігерлік тактика ЕҢ тиімді?

    37 аптада кесар тілігімен босандыру

  • 41

    24 жастағы әйел, некеде емес, жыныстық өмірмен өмір сүреді. Етеккірі 14 жастан бастап 3-4 күннен 28 күн сайын мөлшермен, ауырсыну сезімімен. Соңғы жыл бойы етеккірі 1,5-2 айға кідірумен тұрақсыз болған. Бірінші кезекте қандай тексеру әдісі орынды?

    кіші жамбас азаларынын УДЗ

  • 42

    43 жастағы әйел етеккір функциясының бұзылысына, жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданады. Болжамды диагноз: аномальды жатырдан қан кету. Дәрігердің ең мүмкін болатын тактикасы?

    жатырды және цервикальды каналды диагностикалык кыру

  • 43

    35 жастағы әйел жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданады. Соңғы жыл бойы етеккірі көп мөлшерде ұзақ болған. Қынаптық тексеруде: жатыр мойыны цилиндрлік формада, аңқасы жабық. Жатыр жүктіліктің 8-9 аптасына дейін ұлғайған, жылжымалы, ауырсынады, бұдыр. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездер терең. Кандай патология берілген клиникалық сипаттамаға анағұрлым сәйкес келеді?

    жатыр миомасы

  • 44

    Қайта жүкті әйел 37 жаста, жүктілігі 37 аптада СДА кезекті қаралуға келді. Шағымдары жоқ. Жүктілігі анемия аясында өтіп жатыр(Нв - 78г/л). Гематологқа қаралды, антианемиялық терапияны қабылдайды. Гравидограмма деректерін бағалау негізінде қандай дәрігерлік тактика ЕҢ неғұрлым орынды?

    ұрыктын есуі кажетті каркыннан артта калды, допплерометриямен урыкты УДЗ тагайындау

  • 45

    36 жастағы жүкті әйел 35-36 апта жүктілік мерзімімен стационарға әлсіздікке, іштің ауыруы, аз мөлшерде канды бөліндіге шағымданды. Объективті: жағдайы орташа. Тері және шырышты қабаттары бозғылт. АҚ 90/50 мм. сын.бағ.. Пульс 100 уд/мин. Аяқтарында ісінулер, зәрдегі белок 1,5 г/л. Жатыр жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғайған, кернеулі, ұрықтың бөліктері пальпацияланбайды, ұрықтың жүрек соғуы естілмейді. Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

    Ауыр преэклампсия. Калыпты орналаскан плацентанын мерзімінен бурын сылынуы. Нарестенін антенатальды елімі. Геморрагиялык шок і ст.

  • 46

    Алғашқы жүкті 36 аптадағы іштің күрт ауырсынуы және бір реттік құсуға шағымданды. Жүктілік 28 аптадан бастап қан қысымының 140/90, 150/100 мм. сын.бағ. дейін жоғарылауымен және несептегі ақуыздың 0,099 г/л-ге дейін көтерілуімен өтті. Допплерометрия бойынша 18 дәрежесінің бұзылуы. Ұсынылған ауруханадағы емнен бас тартты. Өздігінен емделген. Қарап тексергенде терісі бозарған, пульсі минутына 98 соққы, ырғақты, АҚҚ 160/100 мм с.б. іштің алдыңғы қабырғасындағы және аяқтардағы айқын ісінулер. Жатыр кернеулі, алдыңғы қабырғада ауырсынады, сол себепті нәрестенің позициясы мен түрі анықталмайды. Нәрестенің позициясы ұзынша, ұрық басы жамбас кіреберісінен жоғары орналасқан. Ұрықтың жүрек соғуы тұйықталған, минутына 160 соққы, ырғақты. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

    Ауыр преэклампсия. КОПМББ. Нарестенін кауіпті жадайы.

  • 47

    Қабылдау бөлімшесіне жүкті әйел түсті, жүктілік мерзімі 37 апта. Леополь-Левицкийдің 2-ші әрекетін орындау кезінде оң жағынан нәрестенің ірі, тығыз бөлігі пальпацияланады. Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

    нарестенім келденен орналасуы, 2 ПОЗИЦИЯ

  • 48

    24 жастағы әйел, некеде емес, жыныстық өмірмен өмір сүреді. Етеккірі 14 жастан бастап 3-4 күннен 28 күн сайын мөлшермен, ауырсыну сезімімен. Соңғы жыл бойы етеккір 1,5-2 айға кідірумен тұрақсыз болған. Бірінші кезекте қандай тексеру әдісі орынды?

    кіші жамбас азаларыны, УДЗ

  • 49

    19 жастағы әйел, некеде емес, жыныстық өмірмен өмір сүреді. Етеккірі 14 жастан бастап 3-4 күннен 28 күн сайын мөлшермен, ауырсыну сезімімен. Жүктілікті жоспарлайды. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ: 4 см дейін өлшемде сол жақ аналық бездің фолликулярлы кистасы. Қандай тактика анағұрлым мүмкін?

    2ай бойы бакылау

  • 50

    Перинаталдық орталыққа мерзімі 37 апта жүкті әйел түсті. Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, жүрек айну, құсуға шағымданды. Тері қабаттары мен көрінетін шырышты қабықшалардың шағын иктериялылығы обьективті байқалады. АҚ-150/100 ртст, айқын ісінулер. Нәресте ұзынша орналасқан, басы кіші жамбасы кіре берісте орналасқан. Нәрестенің жүрек соғуы анық, 140 ДБ мин. тексеру басталды: НВ-80г/л анемия; 100х109/л тромбоциттер; ЛДГ-650 МЕ/л; АЛТ 70 МЕ/л; АСТ 65MЕ/л. Қандай диагноз ең ықтимал

    HELLP синдромы

  • 51

    Жүктілік мерзімі 25 аптадағы әйелде қағанақ суы кетті. Бірінші кезекте ұрықтың РДС алдын алу үшін кандай препарат енгізілуі мүмкін?

    Дексаметазон

  • 52

    Пациентте плацентаның толық жатуы, кесір тілігін жасау қажет, осы жағдайда күтілетін қандай асқыну Дамуы анағұрлым тән:

    қан кету

  • 53

    Перинаталдық орталыққа жүктілігінің мерзімі 34 апта 3 күндік жүкті әйел түсті. Шағымдары:оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, жүрек айнуы, құсу, бас ауруы. Обьективті: АҚ-150/100 мм ртст, айқын ісінулер. Нәресте ұзынша орналасқан, баспен жатыр. Нәрестенің жүрегі тұйықталған, 140 соққы мин. Тексеру басталды: анемия, НВ-80г/л; 90х109/л тромбоциттер; ЛДГ-700 МЕ/л; АЛТ 80 МЕ/л; АСТ 65 МЕ/л. Қандай дәрігерлік тактика ЕҢ ТИІМДІ?

    кесар тілігі операциясы аркылы шұғыл босандыру

  • 54

    Жүкті әйелдің соңғы етеккірі 2020 жылдың наурыздың 12 жұлдызында болды. 2020 жылдың 15 мамырында гинекологқа қабылдауға келді. Болжамды босанудың ЕҢ ЫҚТИМАЛ күні

    2020 жылдын 19 желтоксанында

  • 55

    20 жастағы жүкті әйел тәулігіне 15 рет құсу шағымымен түсті. Жүктілік мерзімі-9-10 апта. Соңғы 2 аптада ол 5 кг салмақтан айырылды. АҚҚ 90/60 мм с.б. РЅ 82 соққы мин. зәрде ацетон (3 плюс). Ең ықтимал тактика қандай?

    Жукті айелдердін кусуын кешенді емдеу

  • 56

    38 апта мерзімінде жүкті әйелде, босану кезінде эклампсия ұстамасы болды. АҚ 170/110 мм с.б., ұрықтың болжамды массасы 3000,0 гр. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, минутына 140 соққы. Қынаптық тексеру кезінде: ұрықтың басы жамбас түбінде. Дәрігердің ең ықтимал тактикасы қандай?

    Магний сульфатын енгізу. Вакуум-экстракция жургизу

  • 57

    35 жастағы тамақтануы жоғары жүкті әйел жүктіліктің 30 аптасында әлсіздік, шөлдеу, терінің қышуы, мол зәр шығару туралы шағымдармен патология бөліміне түсті. Жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес 30 аптаға ұлғайған, ұрықтың орналасуы тігінен, басымен келген. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты. Қандағы қант 7,2 ммоль/л, зәрде 5,0 ммоль/л. Ең ықтимал диагноз қандай?

    Гестационды кант диабеті

  • 58

    Әйел, жүктілік мерзімі 18 апта, гинеколог Дәрігеріне 2 апта ішінде дене салмағының тез өсуіне шағымданып келді. Объективті: іштің шеңбері 93 см, жатыр түбінің биіктігі-20 см. Аяқтарында ісінулер жоқ. АҚ, РЅ қалыпты. Қандай, ЕҢ ЫҚТИМАЛ зерттеу әдісі қажет:

    ультрадыбыстык зерттеу

  • 59

    34 жастағы әйел, 32-33 апта жүктілігі бар. Бас айналу, шаршағыштық, әлсіздік, ентігу, жүрек соғуы сияқты шағымдары бар. Саз, бор жейді. 18 жастан созылмалы гастриті бар. Объективті: аз тамақтанатын әйел, терісі құрғақ. Тырнақтары жұқа, сынғыш. Пульс минутына 76 соққы. АҚ-90/60 мм. с.б. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты 136 соққы минутына. Жалпы қан анализінде: эритроциттер- 2,5х10/л; НВ-82 г / л; түсті көрсеткіш- 0,7; лейкоциттер- 4,8х10 /л; СОЭ-5 мм/сағ. Аталған препараттардың, ЕҢ ЫҚТИМАЛ, қай тобын тағайындау ең тиімді?

    темір препараттары

  • 60

    Гинекологиялық бөлімшеге: іштің төменгі жағында ауырсынуға, жыныс жолдарынан іріңді- қанды бөліністерге, температураның 38°С дейін көтерілуіне шағымданып науқас әйел түсті. Шағымдар етеккір циклының 8 күнінде, ЖІТ енгізген соң 4 күннен кейін пайда болған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, цервикальды каналдан ЖІТ жіпшелері, іріңді-қанды бөлінулер. РѴ: жатыр ұлғайған, бүйірінен күрт ауырсынады, қозғалысы шектелген. Жатыр қосалқылары анықталмайды, күмбездер терең, ауырсынусыз. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

    параметрит

  • 61

    Әйел, жүктілік мерзімі 18 апта, гинеколог Дәрігеріне 2 апта ішінде дене салмағының тез өсуіне шағымданып келді. Объективті: іштің шеңбері 93 см, жатыр түбінің биіктігі-20 см. Аяқтарында ісінулер жоқ. АҚ, РЅ қалыпты. Қандай, ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз?

    Жуктілік 18 апта. Көпсулык.

  • 62

    Мерзіміне жеткен босанушыда тексеру кезінде толғақтар 5 минут сайын 25 секундқа дейін. Қынаптық тексеруде жатыр мойны жұмсарған, жатыр мойнының ашылуы 2см, қағанақ қабы бүтін, нәрестенің басы жамбас кіре берісіне бекінген. ЕҢ ЫҚТИМАЛ сәйкес келетін диагноз?

    босанудын бірінші кезені, латентті фаза

  • 63

    Жүкті әйел әйелдер консультациясына мерзімі 5- 6 апталық жүктілікпен есепке тұрды. Жүктіліктің 10- шы аптасында ұрықтың жағдайын бақылау мақсатында алғашқы УДЗ скринингі жүргізілді. Қорытынды: Даун синдромына күдік. Әйел кеңесі дәрігерінің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай?

    медициналық-генетикалық зертханаға толық тексеруге жіберу

  • 64

    Босанудан кейін 3 тәулікте 33 жастағы босанған әйел ішінің төменгі бөлігінде ауру сезіміне, қалтырауға, әлсіздікке, дене қызуының 39,0°С дейін көтерілгеніне шағымданып келді. Босану кезінде ұрық жолдасының тығыз жабысуына байланысты қолмен ажырату әдісі қолданылған. Анамнезінде 2 медициналық аборт. Ең ықтимал болжамды диагноз?

    Метроэндометрит

  • 65

    Әйелдер кеңесіне жүктіліктің 35-36 апта мерзіміндегі, бірінші жүктілікпен әйел ұрық қозғалысының төмендегеніне шағымданып келді. Ұрықтың жүрек соғысы тұйықталған, ритмді, минутына 136 рет. Берілген жағдайда қай зерттеу әдісін қолдану керек?

    ұрык кардиотокографиясы

  • 66

    26 жастағы алғаш босанушы әйелдің босанудан кейінгі кезеңнің 5- тәулігінде дене температурасы 39°С, қалтырау, қолтық асты лимфа бездерінің үлкеюіне және ауырсыну сезіміне шағымданады. Сүт бездерін қарап тексергенде: оң сүт безінің жоғарғы сыртқы квадрантында гиперемия. Терінің өзгерген аймағында тығыз, қозғаласы аз жұмсару аймағымен инфильтрат анықталады Ең ықтимал тактика?

    Хирургиялык ем

  • 67

    2 апталық қыздың туғаннан бастап сүт бездерінің ұлғаюы және жыныс жолдарынан мезгіл-мезгіл қан кетулері байқалады. Жүктілік пен босануы барысы асқынусыз. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

    жана Tyғaн нәресте гормональдык кризі

  • 68

    Жаңа туған баланың тыныс алу белгілері жоқ, цианозды, тітіркендіргішке жауап бермейді, пульсі 90 рет минутына, қолы мен аяғы салбырап тұр. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжама диагноз:

    Ауыр дарежелі асфиксия

  • 69

    14 күндік қыз бала. Кіндік айналасын қарап тексергенде кіндік жарасының шеттеріндегі ісіну мен қызаруы, айналасындағы тері тамырларының инъекциясы байқалды. Жараны ашу және кіндік тамырларын уқалағанда кілегей тәрізді ірің бөлінді. Жүктіліктің 37 аптасындағы босану, туу кезіндегі баланың дене салмағы 2900,0. Кіндік жарасының баяу жазылуы байқалды. ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды таңдаңыз:

    нді омфалит. Кіндік флебиті

  • 70

    Бала туылғаннан кейін 4 сағ соң ауызы мен мұрнынан көп мөлшердегі сілекей бөліндісі байқалды. Сілекейді сорып алғаннан кейін де ол қайта жинала берді. Баланы ары қарай бақылау барысында тыныс бұзылысының айқын белгілері пайда болды: ентігу, акроцианоз, мазасыздану. Аталған клиникалық жағдайды төменде берілгендердің қайсысы ЕҢ ЫҚТИМАЛ айқындайды?

    өнеш атрезиясы

  • 71

    Нәресте кесар тілігі отасы жолымен шығарып алынды. Анасы 10 жыл көлемінде ревматизммен ауырады, мезгілімен аспиринді ішке қабылдап тұрады. Ұл бала асфиксиясыз, 3100 дене салмағымен шығарылды. Бірінші тәуліктің соңында кою түсті, жаялықта шие түстес дақ қалдыратын үлкен дәрет пайда болды. Клиникалық тексеру барысында ішкі ағзалар тарапынан бұзылыстар анықталмады. Жалпы қан анализінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің аздап төмендеуі, қабыну белгілері байқалмайды. Апта сынамасы теріс. ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагнозды таңдаңыз:

    жаңа туған нәрестелердің геморраг ауруы

  • 72

    Операциядан кейінгі 5-ші тәулікте дене температурасы Т-38,6°С жоғарылауы байқалды. Тәулік ішінде жағдайы ауырлады. Пальпация кезінде іштің төменгі бөлігі тырысып тұр, желденген, өткір ауырсыну бар, іштің тітіркену симптомы оң. Қынаптық тексергенде: жатыр жүктіліктің 18 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауыру сезімді. Бөлінділер көп және іріңді. Қандай диагноз Ең ықтимал?

    перитонит

  • 73

    Әйел 20 жаста, босанғаннан кейінгі кезең 4 тәулік, екі сүт бездерінің тартып ауырсынуына шағымданды. Қарап тексергенде: интоксикация белгілері жоқ, пальпация кезінде сүт бездерінің ауырсынуы анықталады; гиперемия, инфильтрат, флюктуация жоқ. Қандай диагноз ең ықтимал?

    Лактостаз

  • 74

    33 жастағы босанған әйел босанудан кейінгі 4 тәулікте іштің төменгі бөліміндегі ауру сезімге, әлсіздікке, дене қызбасының 39,0С көтерілуіне шағымданып келді. Босану кезінде бала жолдасының жартылай тығыз бекуіне байланысты бала жолдасын қолмен ажырату және бөлу жүргізілді. Анамнезінде 2 медициналық түсік бар. Кандай диагноз Ең ықтимал?

    Босанганнан кейінгі эндометрит

  • 75

    Босанушы әйелде босанғаннан кейін 3 тәулікте дене қызуының 37,8°С жоғарылауы, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну сезімі, босану жолдарынан жағымсыз иісті қанды бөлінді байқалған. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. АҚ 110/70 мм.сб.бб., пульс 98 рет мин., тері қабаты құрғақ, сүт бездері ерекшеліксіз. Жатыр түбі 1 к/с кіндіктен төмен, жатыр жұмсақ, ауыру сезімсіз. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы Ең ықтимал?

    Босанганнан кейінгі кезең эндометрит

  • 76

    Босанушы әйелде босанғаннан кейін 3 тәулікте дене қызуының 37,8°С жоғарылауы, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну сезімі, босану жолдарынан жағымсыз иісті қанды бөлінді байқалған. Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. АҚ 110/70 мм.сын.бағ., пульс 98 рет мин., тері қабаты құрғақтау, сүт бездері ерекшеліксіз. Жатыр түбі 2 к/с кіндіктен төмен, жатыр жұмсақ, ауыру сезімсіз. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін Ең негізделгені?

    Кіші жамбас агзаларынык УДЗ

  • 77

    Босанушы Л., 30жаста, кесар тілігінен кейінгі 5 тәулік. Отадан кейінгі жара аймағындағы ауырсыну сезіміне, дене қызуының 38,5 жоғарылауына шағымданды. Status localis: тігіс аймағында ісіну және гиперемия, жарадан аз мөлшерде жағымсыз иісті сары-сұр түсті бөлінді байқалады. Отадан кейінгі жараға қандай ЕҢ қолайлы манипуляция жүргізу керек ?

    Тігістін 1-2 алу, жара ревизиясы, антисептикпен санация

  • 78

    Босанушы әйелде босанғаннан кейін 4 күні дене қызуының 40°С жоғарылағандығы байқалды. Шағымдары: жалпы әлсіздік, қалтырау, мазасыздық, жүрек қағысының жиілеуі. Жалпы жағдайы ауыр. АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ, пульс 125 рет мин, тері жабындылары құрғақ, беті қызыл, сүт бездері қалыпты. Қарап тексергенде іші кепкен, ауырады, үлкен дәретке бармаған.Тәуліктік диурез 450 мл. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал ?

    Босанганнан кейінгі кезең септикалык шок

  • 79

    7 тәулікте, 23 жасар босанушы, дене қызуының 39°С көтерілуі, сол жақ сүт безінде өткір ауырсыну сезіміне, әлсіздік, терлеуге шағымданды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Сол жақ сүт безі гиперемияланған, тығыздалған, ауырсыну сезімді, бездің бір бөлігінде флюктуация байқалады. ЖҚА: лейкоциттер - 18х109/л, НЬ - 100 г/л, нейтрофильдердің солға ығысуы, ЭТЖ -55 мм/с. Төменде көрсетілген лабораторлық зерттеу әдістерінің қайсысы диагнозды нақтылауда ЕҢ ықтимал ?

    Жалпы кан анализі, сутті бак.егу

  • 80

    Босанған әйелде жедел кесір тілігінен кейін 2 тәулікте келесі шағымдар пайда болған: ішінің алдымен төменгі жағы, кейін барлық аумағының ауырсынуы, жүрек айну, құсу, ішінің желденуі және үлкен дәреттің тоқтауы. Терісі боз, сұр түсті, бет әлпеті ұшты және қайғылы, тілі және еріндері құрғақ. Дене температурасы 38,5°С, пульс 120 рет минутына. Іші желденген, сипағанда ауырсынады, алдыңғы іш қабырғасынаң қатаюы байқалады, Щеткина-Блюмберг симптомы он. Ішек перистальтикасы әлсіз. Лейкоциттер 18,5х109/л, ЭТЖ - 55 мм сағатына. ЕҢ ықтимал диагноз?

    Босанганнан кейінгі перитонит

  • 81

    28 жастағы әйел контрацепция тәсілін таңдау үшін қабылдауға келген. Босанғаннан кейін 4 апта өткен, менструация жоқ, баласын емізеді. Берілген контрацепция әдістерінің қайсысы әйелге Ең қолайлы?

    Лактациондык аменорея

  • 82

    37жастағы әйел біртекті сұр түсті көп мөлшерлі, жағымсыз «балық» иісімен бөлінділердің пайда болғанына, қынаптағы қышу, күйдіру сезіміне шағымданып келді. Неғұрлым сәйкес келетін диагноз?

    Бактериальды вагиноз

  • 83

    Қайта босанушы 29 жаста. Босанудан кейінгі 10 тәулік. Босануда қағанақ суының уақытынан бұрын кетуі, сусыз кезең -14 сағат. Босанудан кейін 8 тәулікте дене температурасының 38,6С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, сол балтырында жедел ауру сезімі болған. Босанудан кейінгі 10 тәулікте сол балтырының ісінуі, сол балтырының айналмалы өлшемі оң балтырынан 4 см-ге көп болуы, аяқтарының мұздауы, құмырсқа жүрген сезімі пайда болды. Жатыр түбі қасаға артында. Жыныс жолдарынан бөлінді шырышты, иіссіз. Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ сәйкес келеді?

    Босанудан кейінгі кезен, 10 таулік.Сол балтырдын терен веналарынын тромбофлебиті

  • 84

    Науқас П., 27 жаста, жедел жәрдем клиникасына жеткізілді. Әйел өзін жүкті сезінген, әйелдер кеңес орнына жүкітілікті тоқтату ниетімен келген, бірақ тексеру кезінде жүктілік нақталмаған. Науқастың есі анық, бірақ реакциясы төмендеген, сұрақтарға әлсіз жауап береді. Тері жамылғысы бозғылт, маңдайда суық тер. Пульс 130 рет мин., әлсіз, жиі, санау қиындаған. АҚ 70/50 мм.с. Іші біргелкі кепкен, перистальтикасы жоқ. Іш қабырғасының пальпациясы кезінде іш бұлшықеттерінің орташа айқын білінетін қатаюы байқалады және қатаю сипау кезінде күшейеді, сырқа қан кету жоқ. Нв 55 г /л, эритроциттер 3,5х109/л, лейкоциттер 5,6х109/л /л. Ең ықтимал диагноз қандай?

    жатырдан тыс жуктілік, тутік жарылуы, 3 дережелі геморрагиялык шок

  • 85

    Алғаш босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде. Басы жамбас түбінде (тазовое дно). <<Перинатальды технологияға» сәйкес босануды жүргізу тактикасы кандай?

    арбір кушенуден кейін журек сотуын тындау

  • 86

    Алғаш босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде. Басы жамбас түбінде (тазовое дно). Нәрестенің дистресс синдромын диагностикалау үшін босану кезінде қолданады:

    кардиотокография

  • 87

    24 жастағы әйел: жыныс мүшелер маңында ашу, қышу сезіміне және жағымсыз иісі бар бөліністарге шағымданады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны мен қынаптың шырышты қабығы гиперемирленген, сарғыш түсті, жағымсыз иісі бар, көпіршікті бөлінділер. Қынаптық зерттеуде: жатыр және қосалқылар қалыпты. Қынаптың тазалық дәрежесі - ІІІ. Аталған диагноздардың қайсысы Ең ықтимал?

    трихомонадты колпит

  • 88

    24 жастағы әйел көп мөлшерлі, жасыл түсті, көбікті бөліністерге, қынаптағы қышыну және күйдіру сезіміне шағымданады. Неғұрлым сәйкес келетін диагноз?

    Трихомонадалык кольпит

  • 89

    19 жастағы әйел көп мөлшерлі, ірімшік тәрізді бөліністерге, қынап аймағындағы қышыну сезіміне шағымданып келді. Неғұрлым сәйкес келетін диагноз?

    Кандидозды кольпит

  • 90

    33 жастағы әйелде физикалық жүктемеден кейін кенеттен ішінің төменгі бөлігінде тік ішекке иррадиацияланатын өткір ауырсуну пайда болды. Объективті:ауырлығы орташа, тері жабындылары бозғылт, АҚ 90/60 мм.сын.бағ., пульс 100 рет минутына. Қынаптық тексеруде.жатыры ұлғаймаған, оң жатыр қосалқы аймағында ауырсынатын, өлшемі 6,0х7,0см түзіліс анықталды, артқы күмбезі ауырсынады. Сипатталған жағдай қандай патологияға тән?

    аналык без кистасынын жарылуы

  • 91

    Пациент жыныс жолдарынан бөлінуістерге шағымданып келген. Тексеру кезінде: қынап бөліністер PH 4,5-тен астам, қынаптың шырыштысының гиперемиясы, аминді тест оң, қынаптық бөліндіні микроскопиялық зерттеу кезінде "кілтті жасушалар" анықталған. Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал

    бактериялык вагиноз

  • 92

    Науқас 25 жаста, гинекологиялық стационарға іштің төменгі бөлігінде физикалық күштемеден кейін кенеттен пайда болған ауыру сезіміне байланысты түскен. Құсу, лоқсу, ауыздың құрғауын алға тартады. Қынап арқылы қарағанда: жатыры тығыз, ауыру сезімінсіз, қалыпты мөлшерде. Сол жақтан қосалқылар анықталмайды, оң жақтан дөңгелек пішінді, консисенциясы эластикалық, қозғалысы шектелген, пальпация кезінде кенеттен ауыру сезімді, мөлшері 7см х 8см х 6 см құрылым анықталады. Пульс 120 рет/мин. Қан анализінде лейкоциттер 12,3. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал болып табылады?

    он жак аналык без кистасы аякшасынын буралуы

  • 93

    38 жастағы әйел дене температурасының жоғарылауына, қалтырау, іштің бүкіл аймағында ауырсыну сезіміне шағымданады. Объективті: дене температурасы 39,0°С, пульс 110 рет минутына, АҚ 110/70 мм.сын.бағ., тілі құрғақ, іші кепкен, іштің бүкіл аймағында Щеткин-Блюмберг симптомы оң. РѴ: жатыр мойнының ығысуы кезінде кенет ауырсыну, жатыр және жатыр қосалқыларын анықтау ауырсыну есебінен мүмкін емес, қынаптың артқы күмбезі тегістелген, ауырсынумен. Берілген клиникаға НЕҒҰРЛЫМ тән диагноз?

    жайылан перитонит

  • 94

    30 жастағы әйел гинекологиялық бөлімшеге ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезіміне, жыныс жолдарынан қанды-іріңді бөліністерге, дене температурасы 38 °С дейін жоғарылағанына шағымданады. Менструальды циклдің 8ші күні ауырған, ЖІС (жатыр ішілік спираль) 3 күн бұрын енгізгеннен кейін. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, цервикальды өзекте спираль жіпшелері, қанды-іріңді бөліністер. PѴ: жатыр кішкене ұлғайған, кенет ауырсынумен, қозғалысы шектелген. Жатыр қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең, ауырсынумен. Дәрігердің тактикасы:

    антибактериальды терапия жане ЖІС алыптастау

  • 95

    26 жастағы әйел кезекті менструацияның кідіруіне шағымданады. Анамнезінде медициналық аборт. Ішперденің тітіркену симптомы оң. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цианозды, сырткы ернеу жабық, жатыры жұмсақ консистенциялы, қалыптыдан ұлғайған. Сол жақ жатыр қосалқылары пальпацияланбайды, оң жақта <<қамыр>>> тәрізді түзіліс анықталады. Бөлінділер: қанды, жағылмалы (мажущие). Кандай патологиялық жағдаймен дифференциальды диагностика жүргізу қажет?

    жедел аппендицит

  • 96

    24 жастағы әйел оң жақ іштің күрт ауырсынуына шағымданып келді. Лапаротомия кезінде жатыр түтігінің қалыңдауы және қабырғасында дефект анықталды. Гистологиядан жатыр түтігінен децидуалды жауап анықталды, қан ұйындысынан Хорион бүрлері Бұл жағдайда қандай патологиялық процесс ЕҢ ықтимал?

    тутіктік жуктілік

  • 97

    Науқас А., 24 жаста, 2 аптаға етеккір кешіккен кейін іштің төменгі жағының ауырсынуына және жолдарынан канды бөліністерге шағымданып түсті. Ақ 100/60 мм рт ст, пульс 90 рет/мин. Айнамен қарағанда: жатыр мойны шырыштрының цианозы, қара түсті қанды бөлініс. РѴ: жатыр сәл үлкейген, қозғалмалы, жатыр қосалқылардың оң жағында ауру сезімді, қамыр консистенциялы түзіліс анықталады. Артқы күмбез тегіс, ауырсынумен. Ең ықтимал диагноз қандай?ш

    жатырдан тыс жуктілік

  • 98

    35 жастағы науқаста келесі симптомдар бар: іштің төменгі жағы қатты ауыруы, ауру сезімі тік ішекке беріледі, жүрек айнуы, жалпы әлсіздік, дене қызуының 40 ге дейін көтерілуі, қалтырау, жыныс жолдарынан шырышты-іріңді бөлінулер болуы. Ауру етеккір циклдің 10 күні басталған. 1 ай бұрын ЖҚТ енгізілген. АҚ 120/80 мм.сын.ст. Пульс 90 рет/мин. ЕЖ Тіл құрғақ, ақ қабатпен қапталған. Іш кепкен, пальпация кезінде төменгі бөліктерінде күрт ауырады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Айнамен қарағанда: бөлінінді шырышты. ЖҚТ жіпшесі көрінеді. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны цилиндрлік, сыртқы ернеу жабық. Жатыр және қосалқыларды сипап қарау ауырсынуға байланысты мүмкін емес. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

    ЖКТ аясында жедел ірінді эндометрит, пельвиоперитонит

  • 99

    33 жастағы жүкті әйел, мерзіміне жеткен жүктілікте босану әрекетіне дейін мерзімінен бұрын амнион қапшығының жыртылуы байқалды. Қандай асқыну тудыру ықтималдылығы жоғары?

    инфекционды аскыну

  • 100

    38 жастағы әйелде босану болды. Окситоцин инъекциясынан кейін 30 минут ішінде плацентаның бөліну белгілері болмаған жағдайдағы дәрігер тактикасы:

    плацентаны колмен беліп алу

  • 1-100

    1-100

    БИБА · 100問 · 1年前

    1-100

    1-100

    100問 • 1年前
    БИБА

    451-500

    451-500

    БИБА · 50問 · 1年前

    451-500

    451-500

    50問 • 1年前
    БИБА

    воп басаша сұрақтар

    воп басаша сұрақтар

    БИБА · 17問 · 1年前

    воп басаша сұрақтар

    воп басаша сұрақтар

    17問 • 1年前