暗記メーカー
ログイン
064-95
  • Venera Zh

  • 問題数 32 • 4/17/2024

    記憶度

    完璧

    4

    覚えた

    13

    うろ覚え

    0

    苦手

    0

    未解答

    0

    アカウント登録して、解答結果を保存しよう

    問題一覧

  • 1

    64. 1,5 жастағы бала жедел пневмония I дәрежелі тыныс жетіспеушілік диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Көніл-күйе қанағаттанарлық, дене температурасы 37,80 С. I дәрежелі тыныс жетіспеушілік диагностикалау үшін әрі қарай тексеру және зерттеу кезінде не негіз болды?

    мазасыздану кезінде ентігу

  • 2

    65. 4 жастағы балада туылғаннан бастап анасы жөтелді, кейінгі жылдары іріңді тұтқыр қақырықты, тұрақсыз, көп мөлшерде сасық нәжісін байқайды. Тексеру кезінде не күтесіз?

    «дабыл таяқшалары», «сағат әйнектері»

  • 3

    66. Операциядан кейін 4 жастағы баланың тәбеті нашар, бор жейді, белсенді емес. Зерттеу қан сарысуындағы темірдің төмендеуін, гемоглобиннің төмендігін анықтады. Темір препараттарын тағайындаумен бірге қандай препарат ұсынылады?

    С витамині

  • 4

    67. Бала 3 жаста, емшек емеді. Ет, көкөністерді нашар жейді. Тері бозарған, аяқтарында бірен саран көгерулер. Мойын лимфа түйіндері бұршақ мөлшері әр жағынан 2-3 құрайды. Жүрегінде жүрек ұшында систолалық шу. Жүрек соғу жиілігі 105 1 мин. Бауыр + 1,5 см. ЖҚА НВ 80 г/ л, эрит. 3, 5х1012/л, тромбоциттер 180х109/л. Дагноз қою үшін қандай зерттеу қажет?

    сарысудағы темір

  • 5

    68. науқас 7 жаста. Балық жегеннен кейін ұстама тәрізді мазалайтын жөтел, киын дем шығаруы пайда болды. Анамнезінде: жиі суық тию, 2 жасқа дейін тамақ аллергиясы болды. Өкпеде шашыраңқы құрғақ ысқырықты сырылдар, тахикардия. Бұл жағдайдың дамуына қандай механизм негіз болады:

    бронхтардың спазмы

  • 6

    69. 5 жастағы балада 3 жыл ішінде вентолинмен тоқтатылған тұншығудың қайталанған эпизодтары бар. Қабылдау кезінде дем шығару қиын, ТЖ – 56 дейін, 1 минутында, өкпеде ысқырықты сырылдар, тынысы екі жағынан да әлсіреген. Қан анализінде не болуы мүмкін?

    эозинофилия

  • 7

    70. Аллергиялық ауруларға тұқым қуалайтын бейімділігі бар бала шулы тыныс алу, тахипноэ, қосымша бұлшықеттердің тартылуы, өкпеде шашыраңқы ысқырықты сырылдармен ауруханаға түсті. Кеуде рентгенограммасында не күтесіз:

    өкпенің мөлдірлігін арттыру

  • 8

    71. 5 жастағы балаға жануарлармен қонтакта болғаннан кейін бірнеше рет ентігу ұстамадары негізінде бронх демікпесі диагноз қойылған. Осы аурумен ауыратын балада ұстамалардың қандай тэквиваленті тағы болуы мүмкін:

    тұрақты спастикалық жөтел

  • 9

    72. 5 жастағы бала тыныс алудың қиындауымен ауруханаға түсті. Анамнезде ұстамалар жыл бойы байқалады, вентолинмен тоқтатылады. Тексеру кезінде дем шығару қиындаған, тахипноэ, тахикардия, кеуде қуысы бөшке тәрізді, екі жағында құрғақ ызылдаған және ысқырықты сырылдар, перкуторлы қорап тәрізді дыбыс. Сізге дәл диагноз қоюға не мүмкіндік береді?

    қандағы жалпы иммуноглобулин Е деңгейін анықтау

  • 10

    73. Мектеп жасындағы бала ауруханаға тұншығу ұстамасымен жиі түседі. Әкесінде бронх демікпесі бар. Ата-аналар қандай аллергендер ұстамаларды тудыратының білгісі келеді. Себеп-маңызды аллергендерге нақты диагноз қоюға көмектесетін зерттеуді таңдаңыз:

    тері скарификациялық сынамалары

  • 11

    74. Балада 7 жастан бастап шулы қиындаған тыныс эпизодтары байқалады, вентолинмен ингаляция жасау арқылы жойылады. Базистік ем ретінде қаңдай препарат тағайындау қажет?

    лейкотриен рецепторларының антагонисті

  • 12

    75. Бронх демікпесінде ұстама алды кезеңінің клиникасына жатады:

    мінез-құлқыңын өзгерісі -қозу немесе тежелу

  • 13

    76. Катя 1 жыл 10 ай. Туғаннан бастап ТБЖА диагнозы қойылған, жиі пневмония, бронхитпен ауырады. Салмағы 8 кг, терісі бозғылт, жүрек ұшы соққысы солға ығысқан, жүрек шекараларының солға кеңейген, төстің сол жақ қырынан дөрекі систолалық шу, тахикардия,жүктеме кезінде ентігу, кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе сүретінің күшеюі, ЭКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Қандай деректер осы балада кіші қан айналымының шеңберін байытуды көрсетеді?

    жиі бронх-өкпелік аурулар

  • 14

    77. Бала 1 жаста, физикалық дамудан артта қалады, дабыл таяқшалары, сағат әйнектері, жайылған цианоз, тахикардия, тахипноэ, жүрек шекаралары кеңеймеген, жүрек тондары айқын, төстің сол жақ қырынан орташа қарқынды систолалық шу (р.max II-III м/р). Жөтел, өкпеде сырыл жоқ. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы. Кеуде рентгенограммасында не күтесіз?

    "етік" түріндегі жүрек пішіні

  • 15

    78. Жүректің қандай ақауында кіші қан айналым шеңберінде қанның азаюы байқалады?

    Фалло тетрадасы

  • 16

    79. Жайылған цианозбен қандай ТБЖА жүреді?

    магистральды тамырлар транспозициясы

  • 17

    80. Қандай ТБЖА-да жүрек жеткіліксіздігі тез дамиды:

    магистральды тамырлар транспозициясы

  • 18

    81. Бала 4 ай. Краниотабес байқалады,үлкен енбегі 2,5х2 см жиектері жұмсақ. Бұлшықет гипотониясы. Тістері жоқ. Қанда кальций 1,8 ммоль/л, фосфор 0,8 ммоль/л. Рахит диагнозы қойылған. Процестің осы ағымында сүйек жүйесіндегі қандай өзгерістерді күтуге болады?

    кифосколиоз

  • 19

    82. Өмірдің бірінші жылындағы балада кеш тістер шығуы, кеуде, бас сүйегінің деформациясы, сколиоз, бұлшықет гипотониясы, нейровегетативті бұзылулар байқалады. Ішкі мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл патологияда организмде қандай өзгерістер болады?

    Д витаминінің жетіспеушілігі

  • 20

    83. 6 жастағы бала ауруханаға ісіктерге, сирек зәр шығаруына шағымданып түсті. Түскен кездегі жағдайы ауыр, кең таралған ісіктер байқалады, АҚ 100/60 мм сын.бағ., бауыр + 2,5 см, диурез 150-200мл/тәул. ЖЗА-белок 3.3 г/л, эрит. - 2-3 к/а, цилиндрурия. ЖҚА-де ЭТЖ жоғарлаған. Бұл ауруда биохимиялық қан анализінде не күтесіз:

    гипопротеинемия

  • 21

    84. Бала5 жаста. Баспамен ауырды. Перифериялық ісіктермен, макрогематуриямен, тұрақсыз артериялық гипертензиямен ауруханаға түсті. Қандағы жалпы белок 60 г/л. Бұл ауруды патогенетикалық емдеу үшін қандай препарат қажет?

    гепарин

  • 22

    85. Бала 9 жаста, ісіну, әлсіздік, тәбеттің болмауы туралы шағымданған. Жиі фарингитпен ауырады. Объективті: айқын перифериялық және қуыстық ісіктер. АД-150 / 80мм. рт. ЖЗА- де: жоғары протеинурия, макрогематурия, цилиндурия. Бұл ауру үшін симптоматикалық терапия ретінде қандай препаратты қолдануға болады?

    диуретиктер

  • 23

    86. Липоидты нефроз клиникасына не тән:

    қуыстық ісіктер

  • 24

    87. Жедел гломерулонефриттің нефритикалық синдромына не тән екенін таңдаңыз?

    макрогематурия

  • 25

    88. Жедел гломерулонефриттің патогенетикалық терапиясы препараттарына жатады:

    глюкокортикоидтар

  • 26

    89. Асқар, 4 жаста. 3 жыл бойы ауырады, оның барысында 3 ірі буынның артриті сақталады, олардың деформациясы, тізе буынында жазылуынын шектелуі байқалады. Полидактилия анықталды,ішкі мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Дәл диагноз қою үшін қажет зерттеуді таңдаңыз:

    буын рентгенографиясы

  • 27

    90. Бала 4 жаста. 3 апта ішінде 390 С температураға шағымданған, антибиотикотерапияға жауап бермейді. Тексеру кезінде буындар өзгермеген, теріде аздаған дақталған бөртпе, полимикроадения, жүректің сол жақ шекарасы кеңейген, тондар тұйықталған, бауыр +3 см. Стернальды пункция патологияны анықтаған жоқ. LЕ жасушалары теріс. Сіз көретін қан көрсеткішті анықтаңыз:

    солға ығысқан нейтрофильды лейкоцитоз

  • 28

    91. 13 жастағы қыз бала, жағдайы ауыр, жоғары ұзаққа сақталған температура, теріде дискоидты өзгерістер, ауыз қуысында жаралар, 2 буын артриті, перикардит, зәрде протеинурия және гематурия байқалады. Осы ауру үшін ең тиімді препараттар тобын таңдаңыз:

    глюкокортикоидтар

  • 29

    92. Бала 3 аптада, туғаннан бастап емшек сүтімен тамақтандырылады. Ата анасы салмақтың нашар қосуына, мазасыздыққа, іштін кебуіне, жиі нәжіске байланысты жүгінді. Температура жоқ, жақсы емеді. Нәжіс көпіршікті, қышқыл, сары-жасыл. Лабораториялық деректерде не күтесіз:

    нәжісте май қышқылдары

  • 30

    93. Қыз бала 1жас 4 айда, гастроэнтерологиялық бөлімшесі гипотрофиямен, көп мөлшерлі нәжіспен, псевдоасцитпен түсті. Симптомдар ауыр ішек инфекциясынан кейін пайда болды. Тексеру кезінде аш ішектің шырышты қабығының атрофиясы анықталды. Қандай ауру болуы мүмкін:

    екіншілік лактаза жетіспеушілік

  • 31

    94. Бала 1,5 жаста. Салмағы 8 кг. ұзақ диареяға шағымдар. Бетінде, аяқ-қолдарында ісіктер пайда болуы байқалды, іші үлкейген. Аш ішек биопсиясында лимфангиэктазия анықталды. Лабораториялық деректерде нені күтесіз:

    нәжісте сарысулық белок

  • 32

    95. 8 айлық балада дене салмағының нашар қосуы, нәжістің бұзылуы байқалады. Аралас тамақтанады, ботқа, жеміс, ет пюресі, жұмыртқаның сарысын қабыддайды. Тексеру кезінде іші жұмсақ, сәл үлкейген. Нәжісі күніне 4 рет көп мөлшерде, сасық иісті, майлы жылтырмен. Ауруды ескере отырып, баланың диетасынан не алып тастау керек?

    сұлы ботқасы