問題一覧
1
26 жастағы жүкти əйел жүктіліктің 28-аптасында əйелдер консультациясының дəрігеріне əлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы аурулар, жарақаттар мен операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтары шамалы ісінген. Дене қызуы 36,5°С, пульс минутына 80 соққы, АҚ 140/90 мм с.б. Іштегі нəрестенің жүрек соғуы минутына 145-148, анық, ырғақты. Жатыры қозымсыз. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Қанның жалпы талдамасында гемоглобин 123 г/л. Несептің бір реттік порциясында белок іздері. Қандай тəсіл қолданған дурыс:
АҚ мен несептегі белокты қадағалап, амбулаториялық бақылау
2
Жүкті А., 29 жаста, УДЗ мəліметі бойынша - монохориальдық моноамниондық егіз, жүктілік бойынша консультация-диагностикалық бөлімшеге қаралады. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі No18 "Көп ұрықты жүктілік" диагностика жəне емдеу клиникалық хаттамасына сəйкес оған жүктіліктің қай мерзімінде жоспарлы кесарь тілігін жасау көрсетілген?
жүктіліктің 33-34 аптасында
3
24 жасар жүкті əйел жүктіліктің 30 апталық мерзімінде əйелдер консультациясының қабылдауына келгенде алғаш рет АҚ 150/90 мм с.б. Көтерілді. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Ісінбеген. Қандай тəсілді қолданған дұрыс:
артериялық қысымды қайта өлшеу
4
Жүктіліктің 32-аптасындағы əйел əйелдер консультациясының дəрігеріне эпигастри аймағының ауыратынына шағымданып келді. Жайылған ісінулер байқалады. АҚ – 160/90 мм с.б., 165/90 мм с.б., несептің бірреттік порциясындағы белок 3,6 г/л. Барынша негізделген тəсіл:
магнии сульфатының бастапқы мөлшерін салу
5
Қайтадан жүкті, босанатын мерзімі жеткен 30 жасар əйел əйелдер консультациясы дəрігерінің қабылдауында отырғанда кенеттен ішінің ауырғанына шағымданды жəне жыныстық жолдарынан 250,0 мл көлемінде қан кетті, қан кету əлі де жалғасуда. Сонымен қатар жалпы əлсіздік, ентігу пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚ 90/60 мм с. б., тамыр соғысы минутына - 96 рет. Жатыры гипертонуста, оңжақ түтік бұрышын ауырсынады. Іштегі нəрестенің жүрек соғысы естілмейді. Бұл жағдайда берілген нұсқалардың қайсысын бірінші кезекте орындау керек?
жедел жəрдем бригадасын шақыру
6
Жүкті А., 23 жаста, консультация-диагностика қызметіне жүктілікті медикаментпен үзу мақсатында келді. Гинекологиялық жəне соматикалық тұрғыдан дені сау. Етеккірі 42 күн кешіккен. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы No36 "Медициналық аборт" диагностика жəне емдеудің клиникалық хаттамасына сəйкес медикаментпен аборт жасағанға дейін қандай негізгі диагностикалық шара тағайындау керек?
қанның клиникалық талдамасы
7
2017 жылғы 27 желтоқсандағы No36 "Медициналық аборт" диагностика жəне емдеудің клиникалық хаттамасына сəйкес етеккір кешіккен соң қанша уақытқа дейін амбулатория- емханалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүктілікті медикаментпен жасанды түрде үзуге болады?
етеккір кешіккен соң 63 күнге дейін
8
Перзентханаға жүктілік мерзімі 37 апталық əйел қағанақ суының босанғанға дейін кетуіне байланысты түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ В 120/80 мм.с.б. Пульс минутына 78 соққы. Дене қызуы 36,5С. Жатыры қозбаған. Іштегі нəрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136. Жыныстық жолдарынан шамалы мөлшерде, иіссіз ашық түсті қағанақ суы тамшылауда. Қолданылатын акушерлік тəсілді атаңыз:
24 сағат қадағалау
9
Екінші рет аяғы ауыр М. 26 жаста, жүктілік мерзімі 38 апта жəне 4 күн. Іштегі нəресте басымен жатыр, болжалды салмағы 4000,0 гр. 2016 жылғы 9 маусымдағы No4 "Іштегі нəресте ірі болғанда босандыру (макросомия)" диагностика жəне емдеудің клиникалық хаттамасына сəйкес қандай жағдайда оған босану кезінде шұғыл кесарь тілігін жасау ұсынылады?
босану прогресі қанағаттанарлықсыз болғанда
10
Гинекология бөлімшесіне 26 жастағы əйел түсті, ішінің төменгі жағының қатты ауыратынына, дене қызуы 38,5С-қа дейін көтерілгеніне, жүрегі алып, құсатынына, жыныстық жолдарынан іріңді бөлінді шығатынына шағымданады. Анамнезінен: ілкі бедеулік, 10 күн бұрын гистероскопия жасалған. Тері жамылғысы бозғылт. АҚ 90/60 мм.с.б. Пульс минутына 90. Іші ісінген, төменгі жағы ауырады. Ішперденің тітіркену симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнағының сілемейі қызарған, сірнелі-ірің тəрізді шығынды. PV: жатыры кішкентай, ауыратындықтан қосалқыларын палльпациялау мүмкін емес, жатырдың оңжағында жəне солжағында жиегі анық емес, қозғалмайтын түзілім сезіледі, қамыр тəрізді консистенциялы. Күмбезі терең, ауырсындырады. Қан талдамасы: гемоглобин – 102 г/л, эритроциттер – 3,3×1012/л, лейкоциттер – 20,6×109/л. СОЭ 40 мм/с. УДЗ – жатыр артындағы кеңістікте сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінде сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінің қабырғасы қалыңдаған. Ықтимал диагноз:
жіті сальпингоофорит
11
Пациент 27 жаста, оңжақ үлкен сарпайдың жапсары аймағының ауыратынына жəне дене қызуының 39,0 С-қа көтерілгеніне, жүргенде ауырсынады. Объективті: үлкен сарпайдың оңжақ жапсары ісінген, ауырсынады, қызарған, пальпациялағанда жұмсарған аймақтар бар. Ықтимал диагноз:
бартолини безінің абсцесі
12
Пациент А., 27 жаста. 2 күннен бері ішінің оңжақ бөлігінің ауыратынына, əлсіздікке, басы айналатынына шағымданады. Ауырсыну тікішекке беріледі. 23 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскен, бір рет жүкті болған, бірақ түсік түсіп қалған. Соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын келген. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, температура 37,2 °С, пульс минутына 84 соққы, АҚ 110/70, 105/70 мм с. б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөліктері, əсіресе оңжағы ауырады. Іншекті бимануальды (қолмен) тексергенде: жатыры шамалы үлкейген, ығысуы бірден ауыртады. Жатырдың солжақ қосалқысы анықталмады. Жатырдың оңжағында контуры айқын емес, қамыр консистенциялы, ісік тəрізді түзілім пальпацияланады. Шығындылар аз, қара қоңыр түсті. УДЗ-да жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы көрінбейді, жатырдың оңжағында тығыз, эхогенді, сақина тəрізді формалы түзілім анықталды. 2013 жылғы 19 қыркүйектегі No18 "Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік" диагностика жəне емдеудің клиникалық хаттамасына сəйкес ультрадыбыспен зерттеу негізінде жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы жоқ болғанда, қан сарысуындағы адамның хориондық гонадотропинінің қандай мөлшері жатырдан тыс жүктілікті нақтылайды?
1000 МЕ/мл жоғары болса
13
29 жастағы пациент етеккірінің тұрақсыздығына, 9 айға дейін кешігетініне, 7 жылдан бері салдарлық бедеулікке шағымданады. Анамнезінде 1 рет босанған. Объективті: II дəрежелі семіздік, босанғаннан кейін басталған, нормостениялық тип, салдарлық жыныстық белгілері дұрыс дамыған. Миыны КТ жасалды: гипофиздің микроаденомасы. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеруді жүргізген дұрыс:
пролактин деңгейін анықтау
14
16 жастағы қыз етеккірінің келмеуіне байланысты келді. 15 жасынан бастап ай сайын ішінің төменгі жағы ауырады, бір апта бұрын ішінде ісікті анықтаған. Тексеріп қарағанда: бойы 160 см, салмағы 50 кг, салдарлық жыныстық белгілері жақсы дамыған. Ішін пальпациялағанда ісік тəрізді түзілім анықталады, жоғарғы шеті қасағадан 4 см жоғары. Сыртқы жыныстық ағзалары əйел типі бойынша дамыған, іншекке кіреберісте көгіс тартқан томпаю бар. Ректоабдоминальдық тексергенде кіші жамбас қуысында өлшемі жүктіліктің 16-17 аптасына сəйкес келетін түзілім анықталды, қосалқылары анықталмады. Қандай тəсілді қолданған дұрыс:
қыздық пердені кесу
15
29 жастағы пациент етеккірінің тұрақты түрде келмейтініне, əлсіздікке, терісінің құрғақтығына жəне шашының түсетініне шағымданады. Қозғалысы мен сөйлеуі баяу. Беті, əсіресе көзінің айналасы ісінген. Терісі сарғыш реңкті бозғылт, шынтақтары қабыршақтанған. Шашының түсі көмескі, құрғақ жəне сынғыш, қатты түседі. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру əдісін жүргізген дұрыс:
ТТГ деңгейін анықтау
16
34 жастағы əйел оңжақ емшегінде бұршақ дəні мөлшеріндей ісік тəрізді түзілімнің пайда болғанына шағымданады. Тексеріп қарағанда: солжақ емшегінде өзгеріс жоқ, оңжақ емшегінде жоғарғы сыртқы квадрантта дөңгелек формалы, тегіс, серпімді консистенциялы, жылжымалы, теріге жабыспаған, диаметрі 2 см-ге дейін, пальпациялағанда ауырсындырмайтын түзілім анықталды. Барынша негізделген емдеу тəсілі:
емшекті бөліктік резекциялау
17
Қайта аяғы ауыр 36 жастағы əйел, жүктілігіне 38 апта, ішінің төменгі жағының сұққылап ауыратынына, шаншитынына шағымданады. Анамнезінде 2 рет кесарь тілігі операциясы жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 76 соққы. АҚ 110/70 мм с.б. Жатыры қозымсыз. Іштегі нəрестенің жүрек қағысы анық, минутына 136 соққы. Пальпация кезінде жатырдағы болжалды тыртық аймағында ауырсыну күшейеді. Жатыр моойнағы Бишоп межесі бойынша 9 балл. Нəресте басымен келген. Мүйіс қолжетімсіз. Шығынды сілемейлі. Қандай диагноз болуы мүмкін:
жатырдың тыртық бойынша жыртылу қаупі
18
Босанудың I кезеңі. Басы кіші жамбасқа кірер жерде. Жатыр мойнағы 4 см ашылған. Ұрық көпіршігі бүтін. Солжақта ішкі аңқаның кеңістігінің үшінші бөлігін плаценталық тін алып жатыр. Аздап қан кетуде. Барынша ықтимал диагноз:
плацентаның жартылай алда жатуы
19
23 жастағы жүкті əйел жүктілік мерзімі 28 апта, дəрігерге кіші дəретке жиі шығатынына, дене қызуы 37,5°С-қа дейін көтерілетініне,оңжақ бел аймағында ауырсыну пайда болып, шап аймағына берілетініне шағымданып келді. Соматикалық дені сау. АҚ 110/65 мм с. б., пульс минутына 90 соққы. Шаншу симптомы оңжақта оң. Қанның жалпы талдамасы: аз мөлшерде лейкоцитоз, СОЭ жылдамдатылған. Несептің жалпы талдамасы – лейкоцитурия, бактерии++. Болжалды диагноз:
гестациялық пиелонефрит
20
Қайта аяғы ауыр 29 жастағы əйел жүктіліктің 37 аптасында патология бөлімшесіне ішінің төменгі жағының тартып ауыратынына шағымданып түсті. Анамнезінен соматикалық патология жоқ. Алдыңғы жүктілігінде салмағы 4500 г нəресте босанған. АҚ 110/70 мм с. б., пульс минутына 82 соққы. ДМИ - 35 кг/м2. Жатыры қозымсыз. Іштегі нəрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Іштегі нəрестенің болжалды салмағы 4200 г. Жыныстық жолдарынан патологиялық шығынды бөлінбейді. Жатыр мойнағы Бишоп межесі бойынша 7-8 балл. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша тексеру жүргізген дұрыс:
ашқарынға глюкозаны анықтау
21
6 жастағы қыз сыртқы жыныстық ағзалары аймағы қышитынына, кіші дəретке шыққан соң ашитынына шағымданады. Тексеріп қарағанда сарпайдың кіші жапсары кейбір тұстарында сұр немесе ақ жұқа пленкамен жабысқан. Ем жүргізілмесе бұл аурудан қандай асқыну туындауы мүмкін. Қандай тəсіл қолданған дұрыс:
жыныстық ағзалар гигиенасы
22
Босанушы 20 жаста, жүктіліктің 37-аптасында шала туылу белгілерімен ұл баланы дүниеге əкелді. Апгар межесі бойынша баға 7-8 балл. Тексерген кезде солжақ өкпенің бір бөлігінің гипоплазиясы анықталды. Тамақтандырудың қандай тəсілі барынша оңтайлы (дұрыс):
тек қана емізу
23
30 жастағы əйел, жүктілік 22 апта. Артериялық гипертензиядан зардап шегеді. Жүктілердегі АГ емдеу кезінде артериялық қысым деңгейінің қай көрсеткіштері оңтайлы диапазон болып табылады?
систолалық АҚ көрсеткіштері 130-140 мм сын.б.б. жəне диастолалық АҚ көрсеткіштері 80-90 мм сын.б.б.
24
39 жасар əйел 5 ай бойы мазалайтын ауырсынатын ауыр етеккірлерге шағымданып дəрігерге жүгінді. Бұрын етекккір қалыпты болған жəне 28 күндік аралықпен жүріп, 3 күн жалғасқан. Қазір 7-8 күн жалғасады, көп мөлшерде, ұйындылармен. Кіші жамбас қуысы ағзаларын зерттеуде - жатыр енжар, біртекті үлкейген,жүктіліктің 8 аптасына сəйкес. Жүктілікке зəр тесті теріс. Науқас жағдайының себебі не болуы мүмкін?
жатыр қабырғасында эндометриальды тін
25
Босанғаннан үш апта өткен соң, 28 жастағы əйел дəрігерге қаралу үшін барған. Анамнезде - босанғаннан 2 күн өткен соң оған «босанғаннан кейінгі эндометрит» диагнозы қойылды, оған ем ретінде 2 күн антибиотиктер т/і тағайындалған. Емшекпен емізу кезінде оның ауырсынуы мен ісінуі басталды, жиі емізу жəне жылы компрессті қолдану салдарынан симптомдар төмендеді. Медициналық тексеруде ешқандай ауытқулар жоқ. Науқас контрацепцияның сенімді əдісіне қызығушылық танытады. Науқасқа контрацепцияны қабылдау үшін не ұсыну керек?
тек прогестин бар ұрықтануға қарсы таблеткалар
26
26 жастағы жүкті əйел қынаптан қан кету жəне іштің төменгі жағының ауырсыуы салдарынан келді. Соңғы 4 аптада науқаста жүрек айну мен шаршау болды. Соңғы етеккір 9 апта бұрын болған. Өмірлік көрсеткіштер қалыпты. Жатыр жүктіліктің 9 аптасына сəйкес келеді. Жүктілік сынағы оң. β-АХГ деңгейі - 108 00 ХБ/л. Трансвагинальды ультрадыбыс ұрықтың анық емес, аморфты бөліктерін жəне көптеген кисталық кеңістігі бар үлкен плацента көрсетеді. Бұл жағдайдың ықтимал себебі неде?
Жартылай молярлы жүктілік (ішінара көпіршікті ену)
27
23 жасар əйелде босанудан соң 2 күннен кейін шүйдеде үдемелі пульсациялайтын ауырсыну пайда болды. Аурысыну мойын жəне иықтар аймағына тарайды. Жүрек айну жəне бір рет құсу эпизоды болды. Əйел қараңғы жəне тыныш бөлмеде болғанды қалайды. Жуынатын бөлмеге бару үшін тұрғанда симптомдар күшейеді, ал жатқанда шамалы жақсарады. Сəйкес жансыздандырумен эпидуральды анельгезияны өткерді. Неврологиялық зерттеу - патология анықталған жоқ. Ауруды басқаруда анағұрлым орынды келесі қадамды анықтаңыз:
Эпидуральды инъекция орнын(қанныңэпидуральдыинъекциясы)
28
Қабылдауға 15 жасар қыз анасымен келді. Қызды 2 күн ішінде іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея, тəбеттің жоғалуы туралы алаңдатады. Соңғы етеккір 3 апта бұрын болған. Дене қызуы - 37,6°C. Қарап тексергенде, төменгі оң квадрантта пальпация кезінде іштің ауырсынуы жəне кернеуі. Қанда - лейкоциттер - 12 600/мм3. Науқастың ықтимал себебі неде?
Жедел аппендицит
29
35 жастағы əйел дəрігерге соңғы 2 айда мазалай бастаған жыныстық қатынастан кейін қынаптан қан кетуіне байланысты келді. 13 жастан бастап менархе, тұрақты етеккір, 28 күндік цикл. Гинекологиялық тексеру - жатыр мойнының тұрақты емес зақымдануы. Жатыр мойны биопсиясының гистологиялық бағасы - жатыр мойны қатерлі ісігін растайды. Бұл қатерлі ісік ауруын қандай жасушалар тудыруы мүмкін?
Мүйізденбеген көп қабатты жалпақ эпителий
30
48 жастағы əйел жоспарлы қабылдауға келді. Анамнезінде 2 типті диабет, жүректің ишемиялық ауруы. Ол метформин, аспирин, аторвастатин, лосартан қабылдайды. ДСИ - 30 кг / м2. HbA1c - 8%. Ол артық салмақ алуға қорқатындықтан, инсулин енгізуге келіспейді. 2 типті натрий глюкоза тасымалдаушысының ингибиторы (SGLT2) диабет үшін тағайындалды. Бұл препараттың жанама əсерінің ең үлкен қаупі қандай?
Қынаптық кандидоз
31
36 жасар əйел, жүктіліктің 31 аптасында бір күн бойы жалғасқан ауырсынатын, ашық- қызыл түсті қан кету бойынша жүгінді. Науқас ешқандай жиырылуларды сезбеген. Анамнезінде - 2 жүктілік, ұрықжолдастың ауытқумен орналасуына байланысты кесарь тілігі арқылы босандыру. Ұрықтың жүрек соғуы баяулаусыз. УДЗ-да келесі нəтижелердің қайсысы анағұрлым болуы мүмкін?
Жатырдың мойын бөлімінен жоғары ұрықжолдас
32
Жүктілік мерзімі 35 апта 3 күн. Өзінің айтуынша 30 минут бұрын шарана айналасы суы аздап кеткен. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 110/70, пульс-78. Ұрықтың жүрек қағысы ырғақты, минутына 140 соғуға дейін. Жатыр тонусы қалыпты. Айнамен тексергенде артқы күмбезінде ашық түсті шарана айналасындағы су көрінеді. Мүмкін болатын диагноз қандай?
Шарана айналасы суының мерзімінен бұрын кету
33
Қайта босанушы 32 жаста, 20 апталық мерзімде есепке тұрған. Анамнезінен- екінші- жүктілік, 1-ші жүктілік өздігімен босану, асқынусыз. Созылмалы аурулары жоқ. Объективті: ДМИ- 32кг/м2. Тексеру барысында гликемия 6.2 ммоль/л. Айтуы бойынша қандағы қантты 1 жыл алдын тексерген. Бұл жағдайда бала үшін ең ықтимал болжам қандай?
үлкен ұрықтың жоғары қаупі
34
25 жастағы алғашқы жүкті əйел əлсіздік, бас ауруы, оң жақ бел аймағында ауырсыну, дене қызуының жоғарылауына шағымданды. Жүктілік мерзімі 12 апта.Объективті: жағдайы орташа ауырлықтағы, Т 38°С, пульс 92 рет / мин, АҚҚ 120/80 мм рт ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Оң жақта бел аймағында ұрғылау симптомынан ауырсыну анықталды. Зəр шығару ауру сезімсіз. ЖЗА: лейкоциттер көру алаңында 20-30, бактериялар +++. Қандай антибиотикті тағайындау тиімді болады?
Жартылай синтетикалық пенициллиндер
35
Қайтадан босанушы 30 жаста, 34 апта жүктілікте кезекті дəрігер қабылдауына келді. Шағымы жоқ. Анамнезінен есепке жүктіліктің 10 апталығында тұрды. Қосымша аурулары: созылмалы пиелонефрит. Қазіргі уақытқа дейін жүктілік асқынусыз өтті. Əйелдер кеңесінде бірінші рет екі реттік өлшеуде АҚҚ 150/95 мм.рт.ст болды. Артериялық гипертензияның ең ықтимал себебі қандай?
Преэклампсия
36
Қайтадан босанушы 32 жаста, 30 апталық жүктілікте жалпы əлсіздік, бас айналуы, тез шаршағыштыққа шағымданады. Обьективті: тері жамылғылары бозғылт, арықтау жəне тырнағының сынғыштығы байқалады. Пульс 86 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм.рт.ст. Жатыр өлшемдері жүктіліктің уақытына сəйкес келеді. Жүрек соғысы анық, ырғақты 140 рет минутына. Мүмкін болатын болжама диагноз қандай?
Темир тапшылықты гипохромды анемия
37
Қайта босанушы 26 жаста, шағымдары тыныс жеткіліксіздігі, əлсіздік, тері құрғақтығы, тұрақты бас түрде айналуы. Жүктілік уақыты 28 апта. Бұл жүктілік 2-ші, босанулар-1. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс 82 рет мин. Жатыр жүктілік уақытына сəйкес келеді, қозбаған. Ұрықтың жүрек соғуы 140 рет минутына, анық, ырғақты. Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ . ЖҚА: Эритроциттер – 2,8х1012/л; Гемоглобин - 90 г/л; Түстік көрсеткіш-0,6. Дəрігердің тактикасы қандай?
Темір сульфаты 100-120 мг / тəул 1,5 – 3 ай ауыз арқылы қабылдау
38
Науқас 32 жаста, шағымдары ішіндегі ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы 38,0 С, жалпы əлсіздік. Жыныс аймағынан бөліндінің болуы. Анамнезінен 5 күн алдын жатыр қуысын қыру арқылы түсік жасатқан. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульс 100 рет минутына, АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Гинекологиялық тексеріс кезінде: жатыр өлшемдері қалыпты, консистенциясы жұмсақ, жатыр қосалқылары екі жағынан да анықталмайды, қынап күмбездері терең. Қанда: лейкоцит- 15,2х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Болжама диагноз қандай?
эндометрит
39
29 жастағы науқас отбасын жоспарлау бөліміне келді. Анамнезден: жүктілік - 2, жедел босану -2, соңғы босану 3 ай бұрын.Бала тек қана емшек сүтімен қоректенеді. Бала туылғаннан кейін етеккірі болған жоқ. Кеңес бергеннен кейін медроксипрогестеронды инъекциялық контрацептив таңдады. Бірінші иньекцияны бірінші рет қашан жасау керек?
кез келген уақытта, егер жүктілік жоққа шығарылса
40
15 жасар қыз бала, гинекологқа беліндегі спастикалық жəне іштің төменгі жағындағы ауру сезімге шағымданып келді. Анамнезінде етеккірі əлі ешқашан болмаған. Объективті: Жыныс дамуы Ма3Ах3Р3Ме0. Сыртқы жыныс органдары дұрыс дамыған, түктену əйелге тиесілі, қыздық перде көкшіл дөңес ісінген жыныс жолында көрінеді. Ректоабдоминальды зерттеу кезінде:тығыз, серпімді консистенциясы 7,0 * 8,0 см көлемді, орташа ауырсынатын көлемді пальпацияланады. Қандай болжама диагноз?
Гимен атрезиясы
41
Балалар дəрігеріне 2 апталық қызын алып анасы төмендегідей шағымдармен келді: сүт бездері үлкейген жəне жыныс жолынан əлсін-əлсін мардымсыз қанды бөлінулер ағады. Анамнезі: туылған кездегі салмағы 2850 г, ата-анасының дені сау, тұқымқуалаушылық негізделмеген. Сіздің диагноз?
жаңа туған нəрестедегі гормондық криз
42
Науқас 29 жаста, отбасына жоспарлау кабинетінде, сенімді контрацепция əдісін қолданғысы келеді. Жүктілікті 3 жылдан бері жоспарлап жүр. Анамнезінен: етеккір функциясы бұзылған жоқ. Жүктілік -1, босану -1. Қосымша аурулар: аурамен мигрень. Зиянды əдеттер жоққа шығарады.Қандай контрацепция əдісі науқас үшін қолайлы?
жатырішілік контрацепция
43
Науқас 68 жаста, дəрігерге сол жақ сүт безіндегі өзі анықтаған құрылымға шағымданып келді. Анамнезінен: менопауза 18 жыл бұрын. Объективті: сүт бездері симметриялы, ісіну, қызару жоқ, емізікшелері патологиясыз . Сол жақ сүт безін пальпациялағанда жоғарғы сыртқы квадрантта сол жақ сүт безін пальпациялау кезінде ауыртпалықсыз диаметрдегі 1 см шамасымен бір тығыз түйін анықталды. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Дəрігердің ықтимал тактикасы қандай?
биопсия
44
Науқас 38 жаста шағымдары етеккірдің тұрақты келмеуі. Анамнезінен: Етеккірі 14 жастан, 5күннен, 28 күн аралығында, бірақ соңғы 1 жылда ретсіз, үзіліс 8 айға дейін болды. Жүктілік-2, босану-2. Объективті: нормостеникалық дене бітімі, ДМИ 30 кг/м2. Екіншілік жыныстық белгілері дұрыс дамыған. Гинекологиялық қарау: жатыр жəне жатыр қосалқылары патологиясыз. Гормондарды зерттеу: ФСГ, ЛГ,ТТГ қалыпты мөлшерде. Пролактин 100 нг/мл (қалыпты 6.0-27,0 нг/мл). Бұл жағдайда қандай қосымша зерттеу əдісі ең орынды?
гипофиздың күшейтілген контрастпен МРТ
45
42 жастағы науқас түнгі уақытта күшейе түсетін сыртқы жыныс мүшелерінің қатты қышуына шағымданады. Гинекологиялық тексеру кезінде вульваның жəне қынаптың шырышты қабатының ісінуі мен гиперемиясы, бөлінді ақ түсті. Қандай қоздырғыш болуы мүмкін?
Candida albicans
46
32 жастағы əйел шаршау, кеуде қуысының ауыруы, зəр шығару жиілігінің жоғарылауы жəне 2 апта ішінде мерзімді жүрек айнуының салдарынан дəрігерге барған. Соңғы етеккір циклі 7 апта бұрын болды. Анамнезінде Карбамазепинмен емделген эпилепсия бар. Қарау кезінде ешқандай патология анықталмады. Жүктілік сынағы оң. Туылмаған баланың асқыну қаупі қандай?
жүйке түтігінің ақауы (менингоцеле)
47
Отбасын жоспарлау кабинетіне жас əйел, бір ай бұрын жатыр қосалқыларының қабынуынантүсік тастау шағымымен келді. Спираль қоюды қалайды. Төменде көрсетілген қандай ауру кезінде жатырішілік контрацептиттерді қолдануға болмайды?
кіші жамбас ағзаларының жедел жəне созылмалы ауруларында.
48
27 жасар əйелдің жүктілігінің қауіптілігі кезінде, дюфастон тағайындалды. Дюфастонды екі апта пайдаланғаннан кейін, теріде қышынулар, трансаминаз көрсеткішінің жоғарылауы (АЛТ – 885 ед/л, АСТ – 447 ед/л) препаратты қабылдауды доғарғаннан кейін байқалды. Босанғаннан кейін қандай контрацепцияның қолдануға ұсыныс бересіз?
Контрацепция барьер
49
26 жасар əйел, жүктіліктің 27-28 аптасында. Бақылау барысында ісіну ,саусақтарының ұлғаюынн науқас сақинасын шешті. АҚ сол қолында 150/80, оң қолында 135/75. Жалпы несеп талдауында ақуыз 0,33 г/л, лейкоциттер 10 п/зр дейін, эритроциттер 2-3 п/зр. Осы тізімдердің қайсысы əйелде көрсетілген жағдайда дамыған?
Преэклампсия
50
29 жастағы əйелде 14-15 апта жүктілік. Бір апта бұрын ауырған- дене температурасы -37 С, ринорея байқалған, құрғақ жөтел. Екі күн бұрын жағдайы күрт төмендеген- демікпенің пайда болуы, жөтел күшейген, температура 38,5 С. Объективті төменгі сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде сырылдар терең дем алуда байқалады. Жалпы жағдайы төмен. Ауруханаға жатудан бас тартты. Қандай емдік қағида мақсатты түрде дұрыс ?
амоксициллин
51
Əйел 30 жаста, екінші жүктілігіне 9-10 апта. Лоқсу шағымдарымен, құсудың бір күн ішінде 10 рет жиілеуі соңғы екі аптада байқалады. Жүктілікті тіркеуге тұруға 6-7 апта бұрын қаралған, сол кезде дене салмағы -74 кг. Қазіргі дене салмағы- 68 кг.Объективті: жағдайы орта ауырлықта, терінің құрғауы, қарау кезінде екі рет құсқысы келуі байқалды. Қандай тактиканы қолдану тиімді?
Ауруханаға жатқызу
52
Əйел 32 жаста, жүктілік бойынша кеңес алуға қаралды. Жүктіліктің 28 аптасында терінің қышуына, соның салдарынан нашар ұйқысыздық, əлсіздік, жеңіл лоқсу шағымдарымен келді. Қанның биохимиялық талдауларының көрсеткіші: АЛТ-56Ед/л, АСТ-42ЕД/л, жалпы билирубин -12,4 ммоль/л, қышқылды фосфотаза - 480Ед/л. HBsAg маркерлі диагностикасы-теріс, a-HBcore LgG-теріс, HBeAg-еріс, a-HBe –еріс, ati-HCV IgМ-еріс, anti-CV IgG- ерісй. Сіз қандай диагноз қоясыз?
жүктілік холестазы
53
32 жасар əйелде бірінші жүктіліктің 26-27 аптасы. Кезекті тексеріс кезінде гликемия 6,2 ммоль/л. 2 жыл бұрын қандағы қанттың мөлшері – 5,2 ммоль/л. болған . Осы жағдайда балаға қандай диагноз қою мүмкіндігі жоғары
Үлкен ұрық болу қаупінің жоғары болуы
54
26 жастағы əйел 22-23 апта жүктілікпен, дəрігерге басының ауруымен, лоқсу, құсу, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, зəрдəі шығуының нашарлауы шағымдарымен келді. Объективті түрде қарағанда: төменгі аяқ-қолдардың пастоздылығы, АҚ 150/90мм.рт.ст , екі қолында да тыныс алу жиілігі 96 рет/мин. Осы науқасқа гипотензивті препаратты таңдаңыз
Метилдопа
55
Жалпы тəжірибелік дəрігерге 40 жастағы əйел адам қаралды, Д учетта тұрмайды. Қандай скринингке қандай аралықта шақыруды ұсынасыз?
маммографиялық скрининг 2 жылда 1 рет
56
44 жасар əйел адамда сол жақ сүт безінің жоғарғы сыртқы квадранты 2 см. диаметрлі ісігінің ауырсынуына шағымданды. Ісіктің мөлшері жəне ауру дəрежесі, сонымен қатар емшектен шыққан сұйықтықтың мөлшері бір айдың ішінде циклдік өзгеріске ұшыраған. Маммографтың қорытындысы жүргізілді: Фиброзды-кистозды мастопатия М2 . Дəрігердің кейінгі тактикасы қандай?
маммологтың қарамағында болуға жолдама
57
Бойжеткен қыз, 29 жаста. Қабылдауға осы жылы жоспарланған жүктілік бойынша келген. Қарау кезіндегі шағымдары: бастың үйде аймақтың ауруы, бас айналу. Ауру анамнезі: соңғы 3 жылда жүйелі түрде қайталанатын АҚ 150/90 мм.с.б. дейін көтерілу, Эналаприл 20 мг қабылдайды. Ауруын жұмыстағы психоэмоционалдық күйзеліспен байланыстырады. Тұқымқуушылық: əкесінде жас кезінен АГ. Жүктіліктер-0, босанулар-0, түсіктер -0. Объективті белгілер: науқас көпжоғары тамақтануда, бойы 165 см, салмағы 85 кг, ДМИ 31 кг/м2. Зиянды əрекеттерді жоққа шығарады. Қарау барысында: өкпе, жүрек аускультациясы - ерекшеліксіз, екі қолда да АҚ 160/95 мм.с.б., пульс минутына 78. Науқасты фертильді жастағы əйелдерді динамикалық бақылаудың қай тобына жатқызуға болады?
2А
58
Əйел 32 жаста. Қарау кезінде шағымдары жоқ. Қабылдауға жүктілікті жоспарлау бойынша келген. Жүктілік-1, босану - 1. Анамнезде: бронх демікпесі бойынша Д есепте тұр. Гинеколог қарағанда: жатыр мойны эрозиясы. Науқасты фертильді жастағы əйелдерді динамикалық бақылаудың қай тобына жатқызуға болады?
4А
59
Бойжеткен қыз, 25 жаста. Шағымдары: жыныс еріндері аймағында солқылдап ауыру, жүру кезінде қолайсыздық тудырады, дене температурасының 37 С дейін жоғарлау, қалтырау. Анамнезден: жыныс партнерын алмастырумен байланыстырады. Қарау барысында: оң жақ жыныс еріннің гиперемиясы мен ісінуі анықталған. Пальпация кезінде: оң жақ жыныс ерінде ұстағанда ыстық, өлшемі 3х5 см болып келген құрылым анықталған. Болжамды диагнозды атағыз:
бартолинді безінің абцессі
60
Науқас 21 жаста. Шағымдары: ашушаңдық, АҚ 90/70 мм с б. төмендеуі, бас айналу, жүрегі айну, іш кебу, салмақ қосу. Менструальді циклмен байланыстырады, себебі аталған шағымдар 1,5 апта бұрын пайда болып, кезекті менуструациямен жойылады. Гинекологиялық қарау кезінде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Аталғандардың ішінен қайсысы шағымдарды түсіндіреді?
Менструцияалды синдром
61
Бойжеткен қыз, 17 жаста. Шағымдары: дене температурасының 37 С дейін жоғарлауы,қалжырау, тəбеттің төмендеуі, дəмнің бұрмалануы, іштің төменгі бөлімдерінің сыздап ауруы. Анамнезден: Менархе 14 жастан, mensis 5 күннен 28 тəулік сайын, орташа көлемде, ауырсынумен қатар жүреді. Жыныстық өмірді 16 жастан бастаған. Қарау барысында: тіл беткейі ақ қақпен қапталған, алақандары ылғалды, тері жабындылары мен шырышты қабықшалары бозарған. Жүрек дыбыстары бəсең, АҚ - 80/60 мм.с.б. ЖЖЖ (ЧСС) - минутына 96 соғыс, пульстың толығуы нашар. Сүт бездері доңғалақ, ісінген, пальпация кезінде сезімтал. Іші кішкене ісінген, жұмсақ, төменгі оң жақты пальпациялау кезінде ауырсыну байқалады. айнамен қарағанда: қынап кіреберісінің, шырышты қабағының жəне жатыр мойнының цианозы. Бимануальды зерттеу кезінде: жатыр көлемі ұлғайған жəне жұмсарған. Жатыр қосалқылары аймағының оң жағында ісік тəрізді тығыз консистенциялы құрылым пальпацияланады, зерттеу барысында ауырсынады, қозғалмалы. Артқы күмбез тығыздалған, ауырсынады. Несепте βХГЧ анықтау əдісі - оң
жатырдан тыс жүктілік
62
Жүкті əйел, гестация мерзімі 12 апта. Шағымдары: бел аймағындағы ауру сезімі, жиіленген кіші дəрет, дене температурасының 39,0 с дейін жоғарлауы, əлсіздік. ЖҚА (ОАК):Лейк- 8,9х109/л, СОЭ 36 мм/сағ, мочевина 4,3 ммоль/л, креатинин 72,6 мкмоль/л, жалпы ақуыз 46 г/л. СКФ 92 мл/мин/1,73м2. ЖНА (ОАМ): удельный вес – 1009, ақуыз – 0,5, лейкоциттер – 20-25 көру аймағында, шырыш, жалпақ эпителий жасушалары, бактерии +++. Бүйректің УДЗ: тостақан-түбек жүйесінің тығыздалуы мен деформациясы. ЭХО: микронефролитиаз белгілері. Нечипоренко бойынша несеп сараптамасы: эритроциттер 1000 бірл/мл, лейкоциттер 3000 бірл/мл, цилиндрлер 30 бірл/мл. антибактериалды терапия өткізу үшін таңдау препараты болып табылады:
Пенициллиндер
63
Жүкті əйел, 25 жаста, гестация мерзімі 5-6 апта. Шағымдары: дəбеттің жоқтығы, жүрегі айну, тамақ тұтынуға байланыссыз тəулігіне 6 дан 10 ретке дейін құсу, 1,5 апта ішінде 1,5 кг салмақ тастау. Бірінші жүктілік. Жалпы жағдайы орташа дəрежелі. Дене температурасы 37 С. Пульс минутына 100 соққы, ырғақты, толығу мен кернеуі қанағаттандырылған. АҚ 100/60 мм с . б. Тəуліктік диурез 850 мл. ЖНА (ОАМ): күңгірт-қоңыр түсті, мөлшері 80 мл, Кетондық денелер ++. Құрсақ қуысы УДЗ: жатыр денесі anteflexio, өлшемдері 72х86х73 мм. Жатыр қуысында өлшемі СВД 9 мм болып келген бір ұрық жұмыртқасы көрінеді, бұл 5 аптаға сəйкес келеді. Сарыуыз қапшығы 3 мм СБ(+). Миометрия тонусы қалыпты. Жіктелуге байланысты болжамды диагнозды атаңыз:
Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті əйелдің құсу дəрежесі орташа
64
Жүкті əйел И., 27 жаста, жүктіліктің 33-34 аптасында. Шағымдары: аяғының табаны мен балдыр аймағының ісінуі. Бірінші жүктілік. Созылмалы пиелонефрит диагнозымен нефрологтың Д есебінде тұр. Салмақ қосу 14 кг құрады, соңғы аптады - 1,0 кг. Жалпы жағдайы қанағаттандырылған. Тері жабындыларымен көзге көрінетін шырышты қабықшалары реңі əдеттегідей. Пульс минутына 64 соққы, толығу мен кернеу қанағат жағдайда. АҚ 120/80 жəне 115/80 мм.с.б. Жатыр тонусы қалыпты жағдайда. Нəресте тігінен орналасқан, басымен жатырға қарай жатыр, кіші жамбас кіреберісі қозғалмалы. Нəресте тондары анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Аяқтары ісінген. Несеп сараптамасында: түсі ашық сары, мөлшері 150 мл, мөлдір, салмағы 1014., ақуыз - жоқ, глюкоза - жоқ, эпителий - 1-2, Лейкоциттер - бірлік, Эритроциттер - жоқ, Бактериялар - жоқ.
Жүктіліктің 33-34 аптасы. Ісіну жүктіліктің салдарынан.