暗記メーカー

お問い合わせ
ログイン
201-300

問題数 100 • 4/1/2024

解答を開始する

問題一覧

  • 1

    201. 1,5 жастағы бала. Салмақ аз қосуы мазалайды. Бронх-өкпелік аурулармен ауырмайды. Қарағанда: терісімен кілегей қабаттарының цианозы, тахикардия, тахипноэ, «дауылпаз таяқшалары», жүрек шекаралары кенеймеген, жүрегінде систолалық шу естіледі. Дене қызуы қалыпты. Өкпеде сырылдар жоқ. Ең ықтимал диагноз?

    ТБЖА, көк түрі

  • 2

    202. 8 айлық балада туғаннан тері және кілегей қабаттарының цианозы, физикалық дамуда қалыс қалу, төстің сол жақ қырында, максимальды II-III қабырғааралықта естілетін қарқындылығы орташа систолалық шу көрініс береді, екі рет ентігу-цианозды ұстамалар байқалған. Қай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді:

    ЭхоКг

  • 3

    203. Гемодинамиканың бұзылуынсыз жүретін ТБЖА көрсетіңіз:

    қарынша аралық перденің мүкістігі

  • 4

    204. Систолаға артериовенозды лақтыру қандай ауруда анықталады:

    ТБЖА.ЖАПМ

  • 5

    205. Жаңа туған нәресте 3 аптада, салмақ қоспайды. Өмірдің алғашқы аптасынан бастап ентігу, тері, кілегей қабаттар цианозы, жүректің шекаралары көлденен кеңейген, III-IV қабырға аралықта дөрекі систолалық шу естіледі. Жөтел, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар. АҚҚ қалыпты. Ісіктер жоқ. Кеуде қуысының рентгенограммасында жүректің көлеңкесі "овоидты". Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз:

    ТБЖА. Магистральды тамырлар транспозициясы

  • 6

    206. Бала 7 айлық, физикалық дамудан артта қалады, бозарған, тахикардия, тахипноэ, жүректің шекаралары солға қарай кеңейген, жүрек тондары дыбысты, төстің сол жақ қырынан дөрекі систолалық шу (max.р III-IV қ/а). Жөтел, өкпеде сырыл жоқ. Осы патологияда пайда болатын гемодинамикалық бұзылысты анықтаңыз:

    артерио-веноздық лақтыру

  • 7

    207. Бала 1,2 жаста. Дене салмағының нашар қосуы алаңдатады. Жиі бронх-өкпелік аурулармен ауырады. Тексеру кезінде терінің, кілегей қабаттардың бозаруы, тахикардия, тахипноэ, жүрек шекаралары кеңеймеген, сол жақта II қабырға аралықта систолалық қарқынды емес шу естіледі. Температура қалыпты сандарда. Өкпеде сырыл жоқ. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы. Ең ықтимал алдын-ала диагноз:

    ТБЖА. ЖАПМ

  • 8

    208. 9 айлық балада жалпыланған цианоз, 1,5 айында байқалған, физикалық дамудың артта қалуы, II-III қабырға аралықта максималды тыңдаумен төстің сол жақ қырында орташа қарқынды систолалық шу, екі рет ентігу-көгеру ұстамалар пайда болған. Осы патологияға тән қан көрінісін анықтаңыз:

    полицитемия, полиглобулинемия

  • 9

    209. 1 жас 4 айлық балада өмірдің алғашқы айларынан бастап терінің, кілегей қабаттарының цианозы, "дабыл таяқшалары", физикалық дамудың артта қалуы, тахипноэ, тахикардия, жүрек шекаралары кеңеймеген, төстің сол жақ қырынан II-III қабырға аралықта максималды тыңдаумен орташа қарқынды систолалық шу естіледі. Осы патологияға тән кеуде қуысының рентгенограммасында жүрек көлеңкесінің пішінін таңдаңыз:

    ағаш кебіс

  • 10

    210. Бала 1 жаста. Бозарған. Жүректің шекаралары солға және жоғарыға қарай кеңейген. II-III қабырға аралықта төстің сол жақ қырынан систолалық-диастолалық шу, жүрек ұшына, мойын тамырларында өткізіледі. Ең ықтимал диагноз:

    ТБЖА, ашық артериялық өзек

  • 11

    211. Балаға 6 ай. Баланы тыныш кезінде қарағанда: температура 36,60 С, гипотрофия, ТЖ -42 1 минутына, ЖСЖ-128 1 минутына. Жүректің шекаралары солға қарай кеңейген, жүрек дыбыстары ырғақты, төстің сол жақ қырынан III-IV қабырға аралықта дөрекі систолалық шу естіледі. Өкпеде сырылдар жоқ. Қандай ауру болуы мүмкін:

    ТБЖА. ҚАПМ

  • 12

    212. Бала 1,5 жаста. Салмақтан артта қалған. Туа біткен жүрек ақауы бозғылт түрімен кардиологтың есебінде. Соңғы айда ентігу, тахикардия, перифериялық ісіктер байқалады. Асқынуларға байланысты диеталық терапияда не қамтамасыз етілуі керек:

    сұйықтықты шектеу

  • 13

    213. Қандай ТБЖА-да суық (салқын) аяқтар байқалады?

    аорта коарктациясы

  • 14

    214. «Дабыл таяқшалары», «сағат әйнегі» белгілері қандай ТБЖА анықталады?

    Фалло тетрадасы

  • 15

    215. Өкпе гипертензиясының клиникалық симптомын таңдаңыз:

    Өкпе артериясынан II тонның акценті

  • 16

    216. Туа болған гипотрофияның ІІ дәрежесіндегі салмақ-бой көрсеткіш деңгейін таңдаңыз(%)

    50-55

  • 17

    217. Гипостатура анықтамасын таңдаңыз:

    бойымен салмағының бірдей қалыс қалуы

  • 18

    218. Гипотрофияның II-III дәрежесіндегі диетотерапияның бірінші этапын таңдаңыз:

    Тамақтық жүктемені азайту (разгрузка)

  • 19

    219. Тек мешелдің ІІІ дәрежесіне ғана тән симптомды таңдаңыз:

    О-тәрізді аяқтар

  • 20

    220. Мешелдің алдын алуда Д витаминінің тәуліктік мөлшерін таңдаңыз (МЕ):

    400-500

  • 21

    221. Гипотрофияның І дәрежесінде Чулицкий индексінің көрсеткішін таңдаңыз:

    10-20

  • 22

    222. Гипотрофияның ІІІ дәрежесінде болатын қан көрсеткіштерін таңдаңыз:

    анемия

  • 23

    223. Гипотрофияның ІІ дәрежесінде психомоторлы даму сипатын таңдаңыз:

    шамалы қалыс қалған

  • 24

    224. Д витамин жетіспеушілік мешел дамуының ерте көріністеріне не жатады

    вегетативті бұзылыстар

  • 25

    225. Мешелдің клиникалық симптомдарына жатады:

    еңбектің кеш жабылуы

  • 26

    226. Қандай препаратпен емдеген кезінде Сулкович бойынша несепті зерттеуді жүргізетінін таңдаңыз:

    Д витамині

  • 27

    227. 8 айлық бала. Анасының айтуы бойынша бала мазасыз, жылауық, ұйқысы бұзылған. Салмақ қоспайды. Тері асты шел майы ішінде, кеудесінде жоқ, аяқ-қолдары күрт төмендеген, бетінде ғана сақталған. Чулицкая семіздік индексі 5 см тең. Тіннің тургоры төмендеген. Нәжісі тұрақсыз. Ең ықтимал диагноз?

    ІI дәрежелі гипотрофия

  • 28

    228. 3айлық бала. Мазазыздыққа, қөздырғыштыққа, қорқыныштыққа шағымданады. Тәбеті төмендеген. Қарағанда жоғарлаған тершендік, тұрақты қызыл дермографизм, шуйдеде шашының түсуі. Сүйек деформацияся жоқ. Ең ықтимал диагноз?

    I дәрежелі рахит, бастапқы кезені

  • 29

    229. Катя, 6 айлық. Қарағанда маңдай төмпешіктері, қабырға таспиықтары, бұлшықет гипотониясы, кіндік жарығы. Салмағы мен бой ұзындығы жасына сай. ТЖ минутына 38 рет. ЖСЖ 1 минутта 120 рет. Ішкі мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Аурудың этиологиясы бойынша қандай ауру орын алады:

    жетіспеушілік

  • 30

    230. 10 айлық ер бала. Тісінің болмауы, үлкен еңбегінің өлшемі 2,5х2,5 см мазалайды. Қарағанда қайық тәрізді кеуде клеткасы, бұлшықет гипотониясы, Гаррисон сайы түріндегі тартылу. Салмағы 10 кг. Бойы 74 см. Өкпесінде сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, 5 нүктеде систолалық шу естіледі. Қандай ауру орын алады:

    рахит

  • 31

    231. 9 айлық бала. Тері асты шел майы дененің барлық аймақтарында төмендеген, әсіресе іште. Чулицкая семіздік индексі 10 см. Шел май қыртысы болбыр. Баланың бойы қалыптыдан қалыс қалмаған. Нерв-психикалық жағдайы жасына сай, бірақ бала тітіркендіргіш, мазасыз. Лоқсуға бейімдік. Баланың осы жағдайында салмақ жетіспеушіліктің қанша пайызы (%):

    11-20

  • 32

    232. Бала 2,2 жаста. Дене дамуы жасына сай. Шүйдесі жалпақ ұлкен енбегі жабық. Кеуде клеткасы «үшкірленген» түрде, қабырға «таспиығы». Қанда кальцийдің мөлшері 2,6 ммоль/л, фосфор 1,2 ммоль/л. Осы өзгерістер мешел ауруының қай кезеңіне тән?

    қалдық көріністері

  • 33

    233. 10 айлық бала. Тексерген кезінде: іште, денесі мен аяқ-қолдарында тері асты шел майы жоқ, бетінде де күрт азайған. Дене салмағының жетіспеушілігі 33%. Диеталық ем тағайындалды. Науқастың тамаққа төзімділігін анықтау мерзімі (күн саны) қандай?

    10-14

  • 34

    234. 9 айлық бала. Тері асты шел майы барлық денесінде жұқарған, әсіресе ішінде. Чулицкая толықтық индексі 10-15 см. Шел май қабаты болбыр. Баланың бойы қалыпты. Нерв-психикалық дамуы жасына сай, бірақ бала тітіркенгіш, мазасыз. Лоқсуға бейім. Тамақтың тәуліктік көлемін қандай салмаққа есептеу керек?

    тиісті

  • 35

    235. 8 айлық балада мазасыздық, қозғыштық, әлсіздік байқалады. Терісі сұр реңкі бозғылт түсті, құрғақ, қыртыстарға тез жиналады. Тері асты шел май қабаты іш аймағында жойылған, аяқ-қолдарында қатты жұқарған. Дене салмақ жетіспеушілігі 24%. Бұл жағдайды емдеуде ең маңызды болып табылады:

    диетотерапия

  • 36

    236. 3 айлық бала. Анасында гипогалактия. Қараған кезде бала әлсіз, жылауық. Терісі бозғылт. Тері асты шел май қабаты бетінде сақталған. Санның ішкі бетінде болбыр ұзына бойғы қыртыстар байқалады. Аталған қадамдардың қайсысы диагнозды қою үшін маңызды?

    дене салмақ жетіспеушілігін анықтау

  • 37

    237. 6 айлық бала, туғандағы салмағы 3кг, қазіргі салмағы 5 кг. Бой ұзындығы бойынша 4 см қалыс қалады. Мазасыз, тәбеті төмен, тері асты шел май қабаты тек бетінде сақталған, Чулицкая индексі - 5, аяқтарындағы қыртыстар ұзына бойғы, нерв-психикалық дамуы қалыс қалады, жүрек тондары тұйықталған. Баланың бұл жағдайында диетотерапияны қандай принциппен құру керек?

    үш фазалы тамақтану

  • 38

    238. 3 айлық балада мазасыздық, қорқақтық, қозғыштық, гиперестезия, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы байқалады. Қарағанда күшейген қызыл дермографизм, жоғары тершеңдік (ащы иісті жабысқақ тер), шүйде аймағында шашының түсіп қалуы көрініс береді. Сүйек жүйесі патологиясыз. Бұл жағдайда бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу қажет?

    сілтілі фосфатаза белсенділігін анықтау

  • 39

    239. 10 айлық ер бала. Тісінің болмауы, үлкен еңбегінің өлшемі 2,5х2,5 см мазалайды. Қарағанда қайық тәрізді кеуде клеткасы, бұлшықет гипотониясы, Гаррисон сайы түріндегі тартылу. Салмағы 10 кг, бойы 74 см. Өкпесінде сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, 5 нүктеде систолалық шу естіледі. Қай препаратты тағайындау қажет?

    Д витамині

  • 40

    240. Ерте жастағы балада салмақ жетіспеушілігі, терінің диффузды депигментациясы, бұлшықеттің солып қалуы, ісіктер байқалады. Бүйрек патологиясы анықталған жоқ. Гипотрофияның бір варианты болжанды. Бұл жағдайдың себебі не?

    рационда өмірге маңызды аминқышқылдарының жетіспеушілігі

  • 41

    241. 1 жастағы баланы қарау кезінде дәрігер аяқтарының О-тәрізді қисаюын байқады. Сүйек жүйесінің патологиялық өзгерістерін ескере отырып, мешел ауруы диагнозы болжанды. Төмендегілердің қайсысы жасына сай қалыпты болып саналады?

    8 тіс

  • 42

    242. Балаға 9 ай. Өмірдің 2 айынан бастап салмақ жеткіліксіз болды. Ол 7 см өсуден артта қалады. Тексеру кезінде апатиялық, аяқ-қолдары салқын, тері асты шел май қабаты жоқ, отырмайды, енбектемейді, терісі құрғақ, кілегей қабаттары ашық қызыл, тахипноэ, гипотония, жүрек дыбыстарының тұйықталуы, сирек зәр шығарады. Ең ықтимал алдын-ала диагноз?

    III дәрежелі гипотрофия

  • 43

    243. Әлеуметтік қолайсыз отбасынан шыққан 5 айлық бала сүтпен қоректенеді. Тексеру кезінде краниотабес, жалпақ шүйде, кеуде қуысының деформациясы, бұлшықет гипотониясы, Гаррисон сайы байқалады. Салмағы, бойы нормаға сәйкес келеді. Ішкі мүшелер бойынша ауытқуларсыз. Қандай ауру орын алады:

    II дәрежелі рахит, қөзу кезеңі

  • 44

    244. Жедел постстрептококкты гломерулонефритке тән лабораторлық симптомды таңдаңыз:

    протеинурия

  • 45

    245. Жедел гломерулонефриттің этиологиясы немен байланысты екенін таңдаңыз:

    А тобының ß-гемолитикалық стрептококк

  • 46

    246. Жедел гломерулонефрит диагностикасында маңызды зерттеуді таңдаңыз:

    ЖЗА

  • 47

    247. Гломерулонефрит кезінде бүйректің қай қызметі бірінші зақымдалатынын таңдаңыз:

    фильтрациялық

  • 48

    248. Жоғары протеинурия тән бүйрек ауруын таңдаңыз:

    липоидты нефроз

  • 49

    249. «Жаңа піскен» (қанықпаған) эритроциттер анықталатын ауруды таңдаңыз:

    цистит

  • 50

    250. Нефротикалық синдромының негізгі клинакалық белгісі:

    ісіктер

  • 51

    251. Жедел гломерулонефриттің нефротикалық синдромында зәрмен шығатын белок мөлшері (г/л):

    2,5 жоғары

  • 52

    252. Гломерулонефритте қалдық азот және мочевина деңгейінің өзгеруі не сипаттайтынын таңдаңыз:

    бүйрек қызметінің жағдайын

  • 53

    253. 5 жастағы қыз бала. Бір реттік құсуға, бетінде, аяқтарында орналасқан ісіктерге, зәрдің «ет жуындысы» түсті болуына шағымданады. 2 апта бұрын баспамен ауырғаннан кейін жедел ауыра бастаған, тәуліктік диурез 300-400мл. Болжам диагнозыңыз:

    гломерулонефрит

  • 54

    254. Ер бала 9 жаста. Ісіктерге, әлсіздікке, тәбеттің болмауына шағымданып түсті. ЖРВИ-мен жиі ауырады, анасында созылмалы тонзиллит, дерматит. Қарағанда: айқын перифериялық және қуыстық ісіктер. АҚҚ- 150/80 мм. сын.бағ. 10 күннен аса сақталады, ЖЗА: айқын селективті емес протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Ең ықтимал алғашқы диагноз?

    ЖГН, нефротикалық синдромы гематурия және гипертониямен

  • 55

    255. 7 жастағы қыз бала әлсіздікке, жүрек айнуына, бастың ауырсынуына, бет пен аяқтарындағы ісіктерге, зәр түсінің өзгеруіне шағымданады. Қарағанда: терісі бозғылт, беті ісінкі. Жүрек тондары тұйықталған, АҚ 140/90 мм сын.бағ. ЖЗА: «ет жуынды» түстес, меншікті салмақ: 1008, белок: 0,9 г/л, эритроциттер: барлық к/а, лейк. 1- 2 к/а. Бұл жағдайда қандай диагноз ең ықтимал?

    жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром

  • 56

    256. Балада стрептодермия мен ауырғаннан кейін ісіктер, гипертензия пайда болды. Процесс қай жерде орналасқан:

    шумақшаларда

  • 57

    257. Ауруханада бала нефротикалық синдроммен 8 апта бойы преднизолон қабылдап жатыр. Зәрінде протеинурия сақталады. Емнің нәтіжесін қалай бағалайсыз?

    гормонға резистенттілік

  • 58

    258. 6 жастағы ер бала. Ісіктерге шағымданады. Анамнезінде: 2 жыл бұрын стрептодермиядан кейін асцит, протеинурия байқалған. Кейін бірнеше рет жағдайы нашарлап ауруханаға түскен. Объективті беті, балтыры ісінкі, іші кеңейген. Зәр анализінде протеинурия 4 г/л дейін, қанда жалпы белок 48 г/л. Болжам диагноз:

    созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі

  • 59

    259. Мектеп жасындағы бала "ет жуынды" түсті зәрге шағымданады. АҚ 140/90 сын.бағ., зәрде белок 0,99 г/л, эритроциттер барлық к/а, цилиндрурия. Бұл аурудың басым патогенетикалық механизмі қандай:

    иммунокомплексті реакция

  • 60

    260. 5 жастағы балада несепте микрогематурия, 0,099 г/л дейінгі белок, цилиндрурия табылған. Қарау кезінде ісіктер, артериялық гипертензия жоқ. Тұқым қуалаушылық аурулар, есту және көру қабілетінің өзгеруі анықталған жоқ. Қандай диагноз қою керек?

    жедел гломерулонефрит, жекеленген несеп синдром

  • 61

    261. Мектеп жасындағы балада бас ауруы, жүрек айнуы, қайталанған құсу, көз алдынын "тұмандануы", бет бұлшықеттерінің тоникалық жиырылуы, "кою шай" сияқты зәрдің қараңғылануы пайда болды. Бұл клиникалық көріністі тудыратын жағдай қандай:

    бүйрек эклампсиясы

  • 62

    262. Ауруханада бала созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі диагнозбен. 3 апта жақсы әсері бар преднизолонмен терапия алды. Препараттың дозасын төмендету әрекеті кезінде қайтадан протеинурияның пайда болуы және өсуі байқалды. Емдеудің әсерін қалай бағалауға болады?

    гормонға тәуелділік

  • 63

    263. Бүйректің қандай ауруында макрогематурия байқалады:

    постстрептококты гломерулонефрит

  • 64

    264. Остеопороз қандай ауруда дамитынын таңдаңыз:

    ревматоидты артритте

  • 65

    265. Қанда антинуклеарлы факторды қандай аурулар тобында анықтайтынын таңдаңыз:

    аутоиммунды

  • 66

    266. Қанда лейкопения, тромбоцитопения, анемия қандай ауруда анықталатынын таңдаңыз:

    жүйелі қызыл ноқта

  • 67

    267. Ревматоидты артриттің олигоартикулярлы вариантында жиі зақымдалатын буынды таңдаңыз:

    тізе

  • 68

    268. Аяқ-қолдың проксимальды бұлшық еттерінің, дененің бұлшық еттерінің симметриялы әлсіздігі байқалатын ауруды таңдаңыз:

    дерматомиозит

  • 69

    269. Вислер-Фанкони субсепсисіне тән лабораторлы көрсеткішті таңдаңыз:

    солға ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз

  • 70

    270. 12 жастағы ер бала. Дене температурасының жоғарлауы, омыртқа жотасының мойын бөлігінде, қол мен аяқтардың симметриялы буындарының қозғалғыштығының шектелуі, ісінуі және ауырсынуы мазалайды. Шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы, буындардың тұрақты деформациясы, гепатоспленомегалия көрініс береді. Бір жыл бойы ауырады. Этиология бойынша қандай ауру орын алады:

    жүйелі

  • 71

    271. Камила 12 жаста. Балада бірнеше ай бойы көкшіл (багровые) параорбитальды ісіктер, бұлшықет әлсіздігі, қызба, шашалумен жүретін дисфагия пайда болды. ЭТЖ-40 мм/сағ. Ең ықтимал алғашқы диагнозыңыз:

    дерматомиозит

  • 72

    272. 12 жастағы қыз бала бірнеше ай бойы ауырады. Қызба, денесінде бөртпелер, іш құысымен перикардта экссудат, зәрінде протеинурия, гематурия анықталды. Қан анализінде ЭТЖ жоғарлаған, анемия, лейкопения. Сіздің болжам диагнозыңыз:

    ЖҚН

  • 73

    273. 12 жастағы бала. Қоздырғыштық, артралгиялар, тұрақсыз жүріс, баспалдақпен көтерілуі қиындалғаны мазалайды. Балтыр және білек бұлшық еттерінің пальпациясында қамыр тәріздес тығыздығы анықталады. Қанда: креатифосфокиназа, ЭТЖ жоғарлаған. Болжам диагнозыңыз:

    дерматомиозит

  • 74

    274. 12 жастағы ер бала. Дене температурасының жоғарлауы, омыртқа жотасының мойын бөлігінде, қол мен аяқтардың симметриялы буындарының қозғалғыштығының шектелуі, ісінуі және ауырсынуы мазалайды. Шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы, буындардың тұрақты деформациясы, гепатоспленомегалия көрініс береді. Бір жыл бойы ауырады. Қандай диагноз болу мүмкін?

    ювенильды ревматоидты артрит

  • 75

    275. Қырымда демалғаннан кейін 12 жастағы қыз балада бетінде эритема пайда болды, антибиотиктерге жауап бермейтін температура, буындарында ауырсыну, жоғары ЭТЖ және протеинурия мен гематурия түріндегі несеп синдромы. Қандай зерттеу диагнозды дәл анықтауға мүмкіндік береді?

    ДНҚ –ға антиденелер

  • 76

    276. Бала 2,5 жаста. 8 ай бойы сол жақ тізе буынының ісінуі, қозғалыс кезінде шектелуі және ауырсынуы байқалады. Температура кезекпен субфебрильді болады. Ішкі мүшелер бойынша патологиясыз. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдаған, көрінетін әсері болғамаған. Қандай ем ұтымды?

    метотрексат

  • 77

    277. Жүйелі қызыл ноқта қандай аурулар тобына жатады?

    аутоиммундық аурулар

  • 78

    278. Жүйелі қызыл ноқтаға қандай симптом тән?

    серозиттер

  • 79

    279. Дерматомиозитке қандай клиникалық симптом тән?

    бұлшықет кальцинозы

  • 80

    280. Ювенильды ревматоидты артритке қандай лабораториялық көрсеткіш тән:

    синовиальды сұйықтықта ревматоидты фактор

  • 81

    281. Таңертеңгі буындар құрысуы қандай ауруда байқалады:

    ювенильды ревматоидты артритте

  • 82

    282. Бала 11 жаста, ірі буындардың ұзаққа созылған артриті байқалады, жаңа буындар процеске қатысады. Ювенильды созылмалы артрит болжам диагноз. Диагноз қою үшін қандай диагностикалық критерий қажет екенін таңдаңыз:

    ұзақтығы 3 ай және одан көп артрит

  • 83

    283. Бала 3 жаста. 2 апта бойы ұзаққа созылған фебрильді температура, артралгия, полиадения, гепатомегалия, температура биіктігінде макулярлы бөртпелердің мезгіл-мезгіл пайда болуы байқалады. Стернальды пункция патологияны анықтаған жоқ. Сіздің диагнозыңыз?

    Вислер-Фанкони субсепсисі

  • 84

    284. Бала 14 жаста. 2 жыл ауырады. Артралгия, гелиотропты қабақтар, жиі құлау, баланың тұрақсыздығы, отыру орнынан тік күйге ауысу кезіндегі қиындықтар байқалады. Қанда ЭТЖ жоғарлаған. Осы ауруды патогенетикалық емдеуге арналған препараттар тобын таңдаңыз:

    глюкокортикоидтар

  • 85

    285. Бала 2,5 жаста. Дұрыс емес жоғары температурамен, артралгиямен, бөртпемен түсті. Миоперикардит анықталды. Қанда жоғары белсенділік. ЮРА жүйелі түрі қойылды. Бұл жағдайда қандай терапия тиімді болатынын таңдаңыз:

    глюкокортикоидтармен пульс терапия

  • 86

    286. Целиакияда диетадан қандай өнімдерді алып тастау керек екенін таңдаңыз:

    бидай ұнынан жасалған өнімдер

  • 87

    287. 1,5 жасар ер балада ЖІИ ауруынан кейін: сұйық, қоймалжың, қышқылды, көпіршікті нәжіс, метеоризм, іштің шаншуы пайда болды. Төмендегі болжам диагноздарының қайсысы дұрыс?

    екіншілік лактазды жеткіліксіздігі

  • 88

    288. Бала 2 жаста. Ұзақ уақыт диареяға шағымданады. Ащы ішектің биопсиясында лимфангиэктазиялар, интерстициальды ісік, лимфа тамырларында май тамшылары мен макрофагтар анықталды. Осы белгілер тән:

    экссудативті энтеропатияға

  • 89

    289. 8 айлық балада дене салмағының жеткіліксіз қосуы, қозғыштық байқалады. Табиғи тамақтанады, екі ай бойы сұлы және манный ботқасын жейді. Қарағанда: тыныс, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан патология анықталған жоқ. Псевдоасцит, нәжісі көп мөлшерде, майлы, жылтыр. Копрограммада стеаторея. Тердегі натрийдің, хлордың мөлшері қалыптыдан аспайды. Болжам диагноз қандай?

    целиакия

  • 90

    290. 3 жасар қыз бала. Ауруханаға салмақ аз қосу, іш кебуі, кезекті құсу шағымдарымен түсті. Анамнезінде: осы шағымдар 6 айлығынан бастап, 1,5 жасынан ішінің үлкеюі, жиі көп мөлшердегі нәжіс, құсу. Нәжіс анализінде – стеаторея. Диагноз нақты қою үшін қандай зерттеу қажет?

    12-елі ішектің кілегей қабатының гистологиялық зерттеу

  • 91

    291. 7 айлық балаға қосымша тамаққа ботқа берілгеннен кейін нәжісі көп мөлшерде, иісі сасық пайда болды. Шаршағыштық және салмағының төмендеуі мазалайды. Қарағанда – бала жүдеу болып келеді, іші қампиған. Лактозаға қарағанда гликемияның өсуі– 3,5 ммоль/л. Іш өтудің себебін ата:

    глютенді қабылдай алмаушылық

  • 92

    292. 1 айлық бала табиғи тамақтанады. Тәбеті қалыпты. Емгеннен кейін ұйыған сүтпен 2-3мл көлемінде локсуы байқалады. Нәжісі 8-10 рет тәуілігіне, сүлы, жасыл, кілегей аралас, қорытылмаған, көпіршікті. Тексергенде нәжісте көмірсулар 0,9% Симптомдарды жою үшін науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз:

    лактозсыз сүт қоспаға көшіру

  • 93

    293. Бала 2 аптада, емшек сүтімен тамақтанады. Салмаққа 100гр. қосты. Температура, интоксикация жоқ. Мазасыз. Тексеру кезінде іші кепкен. Нәжіс көпіршікті, қышқыл, сары-жасыл. Ең ықтимал диагноз қандай:

    лактаза жетіспеушілік

  • 94

    294. Бала 1 жаста 8 ай. Температура қалыпты шектерде. Салмақ пен бойы бойынша құрдастарынан артта қалады. Тексеру кезінде гиповитаминоз, анемия, тіндердің тургорының төмендеуі, жүрек тонының тынықталуы, іші үлкейген, нәжіс көп мөлшерде, сасық иісті. Патологиялық белгілер дәнді дақылдарды енгізгеннен кейін пайда болды. Бұл аурудың негізі неде:

    сіңірудің бұзылуы

  • 95

    295. Псевдоасцит қай ауруда кездеседі?

    целиакия

  • 96

    296. Балаға 2 апта, туғаннан бастап емшек сүтімен көректенеді. Салмақты аз қосуы, іш кебуі, көпіршікті, қышқыл, сары-жасыл нәжіс анықталады. Температура жоқ, өз еркімен емеді. Сіздің терапияңыз:

    ауыстырушы

  • 97

    297. Лактаза жеткіліксіздігін көрсететін нәжістің рН көрсеткішін таңдаңыз.

    5,5 төмен