問題一覧
1
Жатыр айналасындағы тіндердің қабынуы қалай аталады?
параметрит
2
Жатыр циклының секрециялық фазасына тән гормонды көрсетіңіз:
прогестерон
3
Леопольд тәсілі жүктіліктің қандай мерзімінен бастап тұрақты мәлімет береді?
36 аптасынан бастап
4
Акушерлік көмекті өңірлендіру принципі бойынша үшінші деңгейлі медициналық ұйымды анықта
облыстық перинатальды орталық
5
Перзентханаға қайта босанушы әйел түсті. Диагнозы: жүктілік 39 апта, босанудың бірінші кезеңі, жамбаспен келуі. Ұрықтың болжам салмағы 3200 гр, босануды консервативті жүргізу шешілді, бірінші кезең ерекшеліксіз өтті, екінші кезеңде ұрық жауырын ұштарына дейін туылдыда ары қарай жылжымады. Сіздің тактикаңыз?
классикалық қол жәрдемі
6
Жыныс жүйесінің бейспецификалық қабыну ауруларын қандай қоздырғыштар дамытады?
ішек таяқшасы
7
Нәрестенің бөксемен келуінде Цовьянов қол көмегін босандырудың қай сәтінде бастайды
бөксенің шығуында
8
Босанғаннан кейін жатырдың жиырлу қабілетінің әлсіз болуы қалай аталады?
субинволюция
9
40 апталық мерзімде әйел босанды. Сәби туылғаннан кейін акушер құрсақта екінші бала болуын анықтау үшін ішке пальпация жасады. Құрсақта екінші бала болмауына көзі анық жеткен акушерка қан кетудің алдын алу шарасын жүргізді. Акушер қандай дәрі-дәрмек қолданды?
2мл окситоцин, б/е
10
Көпұрықты жүктіліктің бір немесе екі жұмыртқалы ұрық екенін қалай анықтауға болады
бала жолдасын қарау арқылы
11
Жатырдың жақсы жиырылуына әсер ететін факторды анықта
барлығы
12
Төменде аталған көрсеткіштердің қайсысы Апгар межесіне кіреді?
тыныс алу, жүрек соғу, бұлшықет тонусы, рефлекстер, тері түсі
13
40 жасқа дейінгі дені сау әйел акушер-гинекологқа бару керек:
жылына 1 рет
14
Қайталап жүкті болған әйел құрсақтағы бала қимылын қашан сезеді?
18 аптада
15
Қалыпты жағдайда ұрықтану болады:
жатыр түтігінде
16
Пискачек белгісі, бұл:
жатыр денесінің ассиметриясы
17
Босанушыда мекония аралас ұрық маңы суы кеткеннен кейін, мерзімі жетілген нәресте туылды, нәрестенің жағдайы ауыр, пульс 80 рет, терісі боз, бала жыламайды. Акушердің әрекеті
реанимация шаралары үшін нәрестені неонатологке беру
18
Жатырдағы балада өткір гипоксияның клиникалық симптомы:
қағанақ суында меконидің болуы, толғақтан соң тахикардия, күшенуден соң брадикардия
19
Босанушы бойы 53 см, салмағы 3500гр, дені сау ұл баланы дүниеге алып келді. Сәби туылғанда: жүрек соғысының жиілігі минутына 120, терісі қызғылт, дем алуы ырғақты минутына 30, гипертонус. Жаңа туған сәбиге Апгар шкаласы бойынша қанша балл беруге болады:
8-9 балл
20
Жыныс мүшелерінің спецификалық ауруларын анықта
барлығы
21
Жамбастың сыртқы өлшемін анықтау үшін әйелге бір қырына жатып, үстінгі аяғын созып, ал астынғы аяғын тізе буынынан бүгіп жатуын өтінді. Акушер жамбастың кандай өлшемін анықтайды:
Conjugata externa
22
Жүктілігі бойынша әйел әйелдер кеңес орнына есепке алынуы керек:
12аптадан кейін
23
Перзентхананың қабылдау бөлімшесіне алмасу картасы жоқ жүкті әйел түсті. Оны қандай бөлімшеге жатқызу керек?
Фильтрге
24
Босанған әйел Р., 23 жаста, босанғаннан кейінгі 4-і тәулікте нәрестесімен бірге қалыпты жағдайда үйіне шығарылды, Баласын тек емшек сүтімен ғана тамақтандырады. Контрацепцияның қандай түрін ұсынуға болады?
Лактациялық аменорея әдісі;
25
Жүктілігі бойынша есепке алынған әйелдің қолына берілетін медициналық құжат қалай аталады?
алмастыру картасы №048
26
Леопольд Левитскийдің бірінші тәсілі арқылы анықталады
жатыр түбі биіктігі
27
Босанушыда 5 күннен кейін дене температурасының 38- 39оС дейін жоғарлауы анықталды. Шағымдары: бас ауруы, әлсіздік, жүрек соғуы. Объективті: пульс 110 рет, пальпация кезінде іші жұмсақ, сезімтал. Жағымсыз иісті лохиялар анықталды. Жалпы қан анализінде лейкоциттердің саны 15х10/л. Босанудан кейінгі асқынудың қандай түріне күмәнданасыз?
жедел эндометрит
28
Гипоксия деген не?
жатырдағы баланың тұншығуы
29
Босанудың болжам мерзімін анықтау үшін қажет болады
соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3ай артқа шегініп 7 күн қосу
30
Фертильді жастағы әйелдерде етеккір циклына байланысты жүретін, кезекті етеккірдің келуінен 3-10 күн бұрын пайда болып, етеккір басталғасын жойылатын патологиялық симптомдар жиынтығы қалай аталады?
етеккіралды синдром
31
Жатырдағы баланың қимылын бірінші рет жүкті болған әйел қашан сезеді?
жүктіліктің 20 аптасында
32
Сәби асфиксиямен туылса кіндігі қашан кесіледі?
кіндік тамыр соғуы тоқтаған бойда
33
Бартельс Созонов жіктемесі бойынша 2 ші кезең ауруларын атаңыз:
метрит
34
Босанушы әйелдің ішіндегі баланың болжамды салмағы 4200гр, босану кезінде нәрестенің басы шықты да, иықтары қысылып қалды және шықпай жатыр. Бірінші кезекті қолдануға болатын тәсіл:
эпизиотомия, босанушы 2 санын бүгу және кеудесіне қарай басу
35
Гонобленнорияны алдын алу үшін жүргізіледі:
1% тетрациклин жақпа майымен
36
Күнінен бұрын босану деген не?
жүктіліктің 22-37 апта аралығында үзілуі
37
Босанғаннан кейінгі патронаж кезінде әйелдің қандай жағдайы тексеріліп, бағаланады?
барлығы
38
Жүктіліктің қай кезеңі екенің анықтаңыз егер жатыр түбі кіндік пен қасаға арасында болса:
16 жұма
39
Мерзімінде босану деген не?
37-41 апта аралығында босану
40
Етеккір кезіңде эндометрийдің қай қабаты сыдырылатынын көрсет
функциональды
41
Жүктіліктің айқын белгісі қайсы?
барлығы
42
Жатырдың ісік алды ауруларына не жатады?
аденоматоз
43
Етеккір циклы бойынша жатырда десквамациядан кейін жүретін құбылыс қандай?
регенерация
44
Алғаш босанушыда жатыр мойнының ашылу жылдамдығы қандай?
2 см сағатына
45
Қауіпсіз ана бағдарламасы бойынша, босануда окситацинді енгізеді:
ұрық толық туылған бойда
46
Босануға әйел түскен кезде
аралық түктерін қыруы және тазалау клизмасын әйелдің қалауымен жасайды
47
Босанудан кейінгі лохия қашан қанды болып мінезделеді
босанудан кейін 2-3 күн
48
Босанғаннан кейінгі 4-ші күні жатыр түбі қай тұста анықталады?
кіндіктен 3 көлденең саусақ төмен
49
Босанғаннан кейінгі 5-ші күні жатыр түбі қай деңгейде анықталады?
Кіндік пен шат қырының қақ ортасында
50
26 жастағы әйел босанудың II кезеңінде, ұрықтың өткір гипоксия белгілері анықталды. Ұрықтың басы кіші жамбас қуысында. Сіздің тактикаңыз
вакуум экстракция жасау
51
Төменде берілген анатомиялық тар жамбас түрінің қайсысына сәйкес, егер жамбас өлшемі 23-26-28-18 болса?
жалпы біркелкі тарылған жамбас
52
26 апталық мерзіммен жүкті әйел амниотикалық сұйықтықтың төгілуіне шағымдануына байланысты не істеу қажет?
перзентханаға жеткізу
53
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша мерзімінен бұрын босану мерзімі-бұл:
22-37 апта
54
Жатыр мойны рагының алғашқы белгісі қандай?
алғашқыда су тәрізді, кейін ет жуындысы тәрізді шіріген иісі бар сұйықтың көп бөлінуі
55
Жүкті және босанатын әйелдердің патронажын амбулаторияда кім жасайды?
барлығы
56
Босанушыда толғақ әр 3мин сайын қайталанады, қағанақ суы ағып, жатыр мойны 6 см ге ашылды. Сіздің ойыңыз қандай диагноз болуы мүмкін:
бірінші кезеңнің активті фазасы
57
Босану үрдісінің бірінші кезеңін тездету үшін ұрық қабына жасалатын акушерлік ота қалай аталады?
амниотомия
58
Жүктілік кезінде әйелдер пренатальды скринингті төменде аталғандар бойынша өтеді:
3 ультрадыбыстық және 2 биохимиялық скрининг
59
Босанғаннан кейінгі бөлімшеде төсек орын жаймасын ауыстыру жиелігі қандай?
3 күнде бір рет және ластануына қарай
60
Операциямен босанған және босануы кезінде асқынулар болған әйелге патронажды кім жүргізеді?
дәрігер
61
Қалыпты жағдайда алғашқы етеккір қай жаста келеді?
12-14 жаста
62
Босанғаннан кейінгі 4-5-ші тәулікте лохия сипаты қандай?
ұйыма қанды сары су
63
Жатырдағы нәрестенің қалыпты жүрек соғуы қандай?
минутына 110-159 рет
64
Апгар шкаласымен нені бағалайды?
туылған бала жағдайын
65
Жатыр мойны рагын алдын алу үшін не істеу керек?
жасы 30 дан асқан әйелдерден 4 жылда 1 рет онкоцитологияға жағында алу
66
Әйел өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіп анықталғанда, жүкті әйелдерге жасалатын патронаж қалай аталады?
прогрессивті
67
Жатыр мойнын 10-30 есе үлкейтіп (арнайы құралмен) қарау қалай аталады?
кольпоскопия
68
Цовьянов I әдісі бұл:
нәрестенің мүшеаралық қатынасын сақтап қалу
69
Босанғаннан кейінгі кезеңде кездесетін іріңді септикалық асқынулардың түрі
эндометрит
70
6 сағат толғақ басталғаннан кейін 39 жастағы қайта босанушы әйел перзентханаға түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Ұрық тігінен орналасқан, басымен шығуда, жүрек соққысы анық, ырғақты. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны ашылуы 10 см. Ұрық қабы тұтас. Босанудың қандай кезеңі
босанудың ІІ кезеңі
71
Жүктілік диагностикасында күмәнсіз белгілерге жатқызады:Жүктілік диагностикасында күмәнсіз белгілерге жатқызады:
Гегар белгісі мен қынап цианозы
72
Спермицидтерді қашан, қалай қолданады?
қатынастан 10-15 минут бұрын, қынапқа салады
73
Қандай ауруларда Биопсияға тін алынады?
онкологияға күдік туғанда
74
Базальды температура қашан өлшенеді?
таңертең төсектен тұрмастан бұрын
75
Шала туылған балада РДС синдромын алдын алу үшін бетаметазонды қандай дозада, неше күн береді?
12 мг-нан, күніне 1 рет, 2 күн
76
Жатыр мойнының ашылуы босанудың нешінші кезеңі?
1
77
Бірінші деңгейлі акушерлік стационарға қайсысы жатады?
аудандық перзентхана
78
Босану кезінде окситоцинді қашан, қанша, қайда егеді?
баланың үстіңгі иығы шыққанда, 2 мл, б/е
79
Босанудан кейінгі кезеңде асқынулар болмаған жағдайда, дене шынықтыруды тағайындайды:
2 ші күні
80
Лактацияны құруға және сақтауға жауапты негізгі гармон болып табылады:
пролактин
81
Леопольд Левитскийдің 3 тәсілімен анықтайды
ұрықтың келе жатқан ірі бөлігін
82
Жатыр мойнының толық ашылуы деген не?
10 см-ге ашылуы
83
Босану кезінде босанушының бұт аралығының қатты керіліп томпаюы, көгеруі, ісінуі, кейін бозаруы пайда болды. Осы жерде әрекетіңізді көрсетіңіз:
эпизиотомия жүргізу
84
Етеккір циклының екінші кезеңінде аналық безден бөлінетін гормонды анықта?
прогестерон
85
Моруланың (ұрық жұмыртқасының) жатыр қабырғасына бекінуі қалай аталады?
имплантация
86
Әйелдер кеңесіне 25 жастағы жүкті әйел белі мен ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен келді. Жүктіліктің мерзімі 33-34 апта. Анамнезінде 2 құрсақ көтерген. Қалыпты босанумен аяқталған. Осы 3-ші жүктілігі. Диагноз:
мезгілінен ерте босану қаупі
87
Қалыптыда босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі декреттік демалыс қашан, неше күнге беріледі?
126 кунге бір уакытта, жүктіліктің 30 аптасында
88
Жүктілік кезінде универсалды (жоспарлы) патронаж қашан жасалады?
Жүктіліктің 12 аптасына дейін және 32 аптасында
89
Толғақ деген не?
жатырдың жиырылуы
90
Босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің ұзақтығы қандай?
24 сағат
91
Сары дене бөлетін гормон:
прогестерон
92
Әйелдер қауымы скринингі бойынша маммографияға жолдау қай жас аралығында, қандай жиелікте жүргізіледі?
40-70 жас аралығында, 2 жыл сайын
93
28 жастағы жүкті әйел кезекті қабылдауға келді. Жүктілік мерзімі 37 апта. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Іш айналымы 98 см, жатыр түбі биіктігі 34 см, оң бүйір жағында ұрықтың майда бөліктері анықталды. Сол бүйір жағында тегіс, жазық бөлігі анықталды. Жамбасқа кіреберісте тығыз, домалақ бөлік анықталады. Берілген орнығуда ұрықтың жүрек соғысы қай жерде жақсы естіледі?
кіндіктен төмен, сол жақта
94
Медицина қызметкерінің үй жағдайында профилактикалық және ақпараттық іс-шараларды жүргізуі қалай аталады?
патронаж
95
Жатырды жиыратын дәріні анықта?
окситоцин
96
Босанғаннан кейін жатыр мойны қашан толық жабылады?
2-3 апта аралығында
97
Ұрықтың көлденең жатуында босанудың бірінші кезеңінде жиі кездесетін асқыну:
ұрық маңы судың уақытынан бұрын кетуі
98
Жедел жәрдем көлігінде босанған әйелдің перзентхананың қабылдау бөлімінде ұрық жолдасы өздігінен ажырады және бөлшектері жеткіліксіз бөлінді. Көмек көрсету әрекетін көрсетіңіз:
жатыр қуысын қолмен тексеру
99
Босану кезінде кім серіктес болуы мүмкін:
жақын туыстары
100
Сегізкөз мүйісі мен қасаға буынының сыртқы төменгі бұрышы арасындағы өлшем қалай аталады:
шынайы коньюгата