暗記メーカー
ログイン
241-320
  • Дулат Абдыхан

  • 問題数 80 • 4/23/2024

    記憶度

    完璧

    12

    覚えた

    28

    うろ覚え

    0

    苦手

    0

    未解答

    0

    アカウント登録して、解答結果を保存しよう

    問題一覧

  • 1

    Ұл бала 11 жаста, ауруханаға буындарындағы ұшпалы ауру сезіміне, азырақ физикалық жүктемеден кейін ентігу, жүрек тұсының жаншып ауруына шағымданып келді. 2 апта бұрын іріңді ангинамен ауырды. Объективті: жіліншік-табан табан буынының ісінунен бала пассивті. Жүректің салыстырмалы тұйығының шекарасы солға ұлғайған, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу. Жіліншік-табан буыны ісінген, ұстап тексергенде ару сезімі бар. Кеудесінде ашық-қызыл бөртпелер, пальпацияда ауырмайды.ЭТЖ – 28 мм/сағ, лейкоциттер – 11 х109 /л, фибриноген – 6,4 г/л, АСЛ-О 1:750 бір. Балада қандай теріге тән белгілері пайда болды?

    Жүзік тәрізді эритемалар

  • 2

    Қыз бала 8 жаста, физикалық жүктемеден кейінгі тізе буындарының тізе буындарының ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анасының айтуы бойынша ангина және ЖРВИ -мен жиі ауырады. Бала таңертең төсегінен тұрмайды, түскі уақытқа дейін төсекте қалғысы келеді. Қарап тексергенде: саусақ буындарында ісінумен дефигурациялар көрінеді, қимыл қозғалысы шектелген, саусақ қысу симптомы оң. Оң жақ тізе буыны ісінген. ЖҚА: – эритроциттер - 3,5 млн, Нв - 122 г/л, лейк – 10 мың, Лф - 35%, эозинофилдер-1%, моноциттер -2%, тромбоциттер – 360 мың, ЭТЖ – 30 мм/сағ, СРБ - оң. РФ - теріс. АНА - оң. Қандай диагноз болуы мүмкін?

    Ювенильді идиопатиялық артрит

  • 3

    Қыз бала 14 жаста, шағымдары жүрек тұсының шаншып ауруы, тізе буындарының ісінуі, дене қызуының 38,5 С жоғарылауы. Анамнезінен: бала кезінен ангинамен жиі ауырған. 7 жасында шынтақ және оң тізе буындары ісінді, тремор және фебрильді қызба аясында аяқ-қолдардың еріксіз қозғалысы пайда болған. Бұл жағдайының нашарлауы 2 апта аясында кезекті ангинамен ауырған соң пайда болды. Объективті: тізе буындарының артриті. Аускультацияда: 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу. ЖСЖ 110 рет минутына, пульс 110 рет минутына, ритм дұрыс. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы қыз балада дамуы мүмкін?

    кайталамалы ревматикалык кызба

  • 4

    Қыз бала 13 жаста, жүрек аймағындағы жайсыздыққа және ауру сезіміне, қолдарының дірілдеуі, дене қызуының 39,0 С көтерілуі. Әкесінің айтуынаша бір ай алдын іріңді ангинамен ауырды,. Кейіннен анасы қызының жазуының өзгергенін байқаған, бет бұлшық еттері дірілдеуі және саусақтарының треморы. Объективті: жүректің салыстырмалы тұйығының шекарасы солға 1,0 см-ге ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, систолалық шу жүрек ұшында есітіледі. ЖҚА: ЭТЖ-45 мм/сағ, лейкоциттер- 11 мың, фибриноген – 8,0 г/л, антистрептолизин «О» 1:850 бірлік. ЭКГ-ритм ырғақты, ЖСЖ-100 рет минутына, артриовентрикулярлы блокада 1 дәрежесі. Қандай диагноз болуы мүмкін?

    Жедел ревматикалық қызба, кардит, кіші хорея, НК І

  • 5

    8 жастағы баланы стационарға ауыр жағдайда жеткізді, анасының айтуы бойынша бала тізе, шынтақ және иық буындарының ауыруына шағымданады, одан кейін бөртпелер, 39,8 градусқа дейін қызба пайда болды. Анамнезінен: жедел ауырды, 2 апта алдын артралгия пайда болды, мойын аймағындағы лимфа түйіндері ұлғайды, кешеден бері бөртпелер мен қызба пайда болды. Қарап тексергенде: "бүлдірген тәрізді" тіл (сурет), конъюктиваның гиперемиясы, ерінің құрғауы және гиперемиясы, кеуде де және аяғында полиморфты бөртпелер, мойын артқы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Табанында ісіну. Объективті: жүрек шекарасы үлкейген, тондар тұйықталған, ұшында систолалық шу. ЖҚА: Hb – 115 г/л, лейкоциттер – 12 х109/л, тромбоциттер – 410х109 /л, ЭТЖ – 42 мм/сағ. СРБ – 32 мг/мл, АНА – теріс, АСЛ-О – 100 МЕ/л. ЭКГ: ишемия белгілері. Қандай диагноз болуы мүмкін?

    кавасаки ауруы

  • 6

    Ұл бала 10 жаста 1 жылдан бері ауырады. Бойына қосқан жоқ, 5 кг арықтады, жиі ақсаңдайды, табанында, тізесінде ауру сезіміне және көру нашарлағанын айтады. Объективті: тізе буындарының екі жағынан да дефигурациясы, бұлшық еттерінің атрофиясы. Зерттеу нәтижелері: НЬ -121 г/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ - 23 мм/сағ. РФ – 10 МЕ/л, СРБ – 5 мг/л, НLА В27 оң. Қандай емдеу әдісі бірінші кезекте оптимальды болып табылады?

    СЕҚҚП

  • 7

    13 жасар қызда мұрын бітелуі байқалады, жиі түшкіреді. Осы шағымдар жазда пайда болады: шілде мен тамызда, кей кезде конъюнктивит қосылады. Базалық патогенетикалық терапияда қандай препарат тиімді?

    бетаметазон интраназальды

  • 8

    8 жасар қызда тері жабындыларының, сірлі қабаттардың бозаруы, әлсіздік, бас айналуы, тәбетінің төмендеуі байқалады, өткір иістер ұнайды, шикі қамырды жегенді ұнатады. Терісі құрғақ, езулері «желінген», глоссит. Жүрек тондары айқын, жүрек ұшында қысқа систолалық шуыл. Тексеру нәтижелері: сарысулық темір - 9,5 мкмоль/л, ферритин 25 нг/мл, эритроциттер 2,3х1012/л, гемоглобин 80 г/л, ТК 0,7; ретикулоциттер 4%. Қандай терапия қажет?

    Пероральды полимальтоздың темір (III) гидроксиды

  • 9

    16 жастағы қыз бала жасөспірімдердің артериалды гипертензиясы диагнозымен 2 жыл көлемінде үздіксіз 10 мг/тәулігіне дозасымен эналаприл қабылдайды. Эффекты жақсы. Бірақ соңғы 2 ай көлемінде ұстамалы құрғақ жөтел пайда болды. Терапияға коррекция жасаңыз.

    эналаприлды лозартанга алмастыру

  • 10

    8 айлық ер балада демікпе, ұзақ уақытты, көбінесе ұйықтап жатқанда болатын жөтел, әлсіздік, жиі суық тиіп аурулар бар. Бала сабырлы (спокойный), аз қозғалады, күйлі (повышенной упитанности). Терісі бозарған, мәрмәрлі суретпен. Температурасы 36,0 С. Тыныс жиілігі 45 рет 1 минутта. Перкуторлы - өкпе үстінде өкпелік дыбыс, аускультативті - везикулярлы тыныс. Қан анализінде: ЭТЖ 5 мм/сағ., лейкоциттер 5,2*109/л, лимфоциттер 83%, эозинофилдер 4%. Кеуде торы ағзаларының рентгенограммасы (суретті қараңыз). Аталған диагноздардың қайысысы болуы мүмкін?

    Тимомегалия

  • 11

    7 жастағы балада температура 39,5 С, қатты жөтел бар. Тыныс жиілігі 30 рет минутына, әлсіз, кеуде торының рентгенологиялық зерттеуі жасалды (суретті қараңыз). Аталған диагноздардың қайыссысы дұрыс?

    Сол жақтық крупоздық пневмония

  • 12

    Балаға 10 ай. Дефицитті анемия диагнозымен педиатр бақылауында тұрады, темір препараттарын қабылдайды. 3 айынан бастап мөлшері 1000 ХБ (МЕ)/тәулігіне болатын Д дәруменін қабылдайды. Баланың ем-дәмінде (диета) ботқалар, картоп пюресі басым, анасы еттен жасалған пюре беруге тырысады, бірақ одан бала бас тартады. Қарау барысында - маңдайлық және төбелік бұдырлар, «айқын» қабырғалар, білегінде «білезікшелер». Зерттеу кезінде - гемоглобин 107 г/л, ТК 0,75; 25(ОН) Д дәрумені - 25 нг/мл; Фосфор -1,0 ммоль/л, кальций – 2,2 ммоль/л. Несеп талдамасында – лейкоциттер 4-5 көру алаңында, фосфаттар +++. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?

    Д дәрумені жеткіліксіз мешел (рахит), өршу кезеңі

  • 13

    16-28 апталарында жүктіліктің үзілу қауіпі болған. 2-ші жүктіліктен туған ер бала. Гестационды диабеті бар анаға 32-34 апталарда кесарь тілігі жасалған. Апгар шкаласы бойынша 5 балл. Объективті: цианоз, ыңырсыған дем шығару, кеуде торының ішке қарай ойысуы, тахипноэ, мұрын қанаттарының желпілдеуі, оттегі сатурациясының төмен деңгейі, өкпедегі тыныстың әлсіреуі, ауызынан көпіршікті бөліндінің шығуы. Сіздің жасауыңыз керек негізгі іс-шаралар?

    ҚЖА (ОАК), кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы, қанның бактериологиялық зерттеуі

  • 14

    5 күндік ер бала. 22-24 апталарында жүктіліктің үзілу қауіпі болған. I жүктіліктен, 36-шы аптада туған. Туған кездегі салмағы 2100 гр, бойы 45 см. Апгар шкаласы бойынша 5-6 балл. Демікпе, бұлшықет гипотониясы, әлсіздік, үлкен еңбегінің ісінуі, температурасының тұрақсыздығы, жай кездегі мұрын-ерін үшбұрышының цианозы бар, емшектен бас тартады. Терісі және көзге көрінетін сілемейлері бозғылт-сұр түсті. Екі жақтан да төменгі бөлімдерде тыныс алуы әлсіреген. Жүрек тондары тұйықталған. тахикардия. Кіндіктен іріңді бөлінділер бар.

    Сепсис, септикопиемия

  • 15

    4 жастағы бала ауыр жағдайда. Жиі құрғақ жөтел, сырылдаған тыныс алу, әлсіз, температурасы 39,3°С, тыныс жиілігі 38 рет 1 минутта, мұрын қанаттарының тырысуы, кеуде торының оң жағының төменгі бөлімінде қабырғааралықтардың тартылуы. Қатты тыныс алу фонында екі жақтан да құрғақ сырылдар, ал кеуде торының оң жағында әлсіз тыныс алу фонында - ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. ҚЖА (ОАК): ЭТЖ - 33 мм/сағ., лимфоциттер 38%, лейкоциттер 19,7*109/л, таяқша/яд 9%, сег/яд 42%. Осы аурудың диагностикалау үшін ең ықтимал әдісі қандай?

    Кеуде торы ағзаларының рентгенографиясы

  • 16

    5 жасар ер балада 3 айлық кезеңінен бастап жиі болатын бронхиттер мен Ps.aeruginosa бөлінуі бар рецидивирлеуші пневмониялар байқалады. Соңғы 6 ай бойы дәстүрлі емге рефракторлы бронхиальды демікпе пайда болған. Тұрақты жөтел, 2 деңгейлі ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік, «қуыршақ» беті, кеңейген, кеуде торы бөшкетәрізді деформирленген, үлкен, іші кепкен. Өкпенің барлық беткейінде ұсақ және орта көпіршікті сырылдар естіледі. Копрограмма: нәжісі майлы, жылтыраған, көп мөлшерде нейтральды майы бар. Аталған диагностикалық іс-шаралардың қайыссысы диагнозды нақтылау үшін қажет?

    3 рет тер сұйықтығындағы хлоридтерді анықтау

  • 17

    11 айлық қыз бала. 6-8 апта көлемінде дәнді ботқа (злаковая каша) түрінде қосымша тамақ берген соң тәбетінің төмендеуі, метеоризм, көп мөлшердегі болатын сасық иісті сұйық нәжіс, ішті пальпациялаған кезде болатын ауырсыну, іш көлемінің үлкеюі, бұлшықет гипотониясы, әлсіздік, немқұрайлылық, остеоидты гиперплазия белгілері пайда болды. Салмағы 7800, туған кездегі салмағы 3500. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?

    Целиакия

  • 18

    15 жасар ер бала қыжылға, тамақтанған соң ауа кекіруге, кей кезде болатын дисфагия мен одинофагияға, тамақтанған соң төс артындағы ауырсыну сезіміне шағымданды. ФЭГДСте: өңештің төменгі үштен бір бөлігінде гиперемия, сілемейдің босаңсып-жұмсаруы, бірлі-жарым эрозиялар, анықталды, кардиясы үңірейіп тұр. Асқазан мен он екі елі ішектің сілемейлі қабаты қызғылт. Аталғандардың қайыссысы терапияның 1-ші кезеңінде (терапия 1 линии) қажет?

    Омепразол, фамотидин

  • 19

    12 жастағы бала сопор жағдайында балалар ауруханасының қабылдау бөліміне таңғы сағат 6 да түсті. Соңғы уақытта анасы баласының әлсіздігін, арықтауын, кей кездегі жүрек айнуы мен іштегі ауырсыну сезімдерін, көп су ішетінін және әжетханаға жиі баратынын байқаған. Қан талдамаларында - гемоглобин 125 г/л, лейкоциттер 7,9 *109, ЭТЖ 12 мм/сағ., жалпы ақуыз 65 г/л, глюкоза 12,5 ммоль/л, калий 3,5 ммоль/л, несепнәр (мочевина) 6,9 ммоль/л. НЖА (ОАМ) – салыстырмалы тығыздығы 1030, ақуыз – теріс, глюкоза 2,9, кетондық денелер +++, эритроциттер 2-3 көру алаңында, лейкоциты 4-5 көру алаңында. Аталған диагноздардың қайыссысы болуы мүмкін?

    1 типті қант диабеті, аутоиммунды, 3 дәрежелі кетоацидоз

  • 20

    Балға 5 ай. 2 ай бұрын басқа елден көшіп келген. Салмағы 4050, бойы 52 см болып 42-ші аптада туылған. Босану үйінде меконий кеш кеткен. Анасы баланың тәбетінің төмендігіне, жұтынудың қиындауына, метеоризмге, іш қатуларына шағымданады. Қарау кезінде дене салмағы 5600 г, бойы 60 см, тері жабындыларының құрғақтығы, бозғылттығы және түлеуі, алақан мен табандарының суық болуы, беті мен қабақтарының ісінуі, шаштарының сынғыш, құрғақ, өңсіздігі байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

    Туа пайда болған гипотиреоз

  • 21

    13 жасар қыз балада бас ауыруы, іш ауыруы, тізе және сирақ-табан буындары ауыруы пайда болған; жөтел, бетінде «көбелек» тәрізді бөртпелер пайда болған. Объективті: АҚ 135/90 мм.с.б.б., өкпеде ылғалды, таралған сырылдар, бауыры +2-2,5 см-ге қабырға доғасының астынан шығып тұрады. Лабораторлы: гемоглобин 88 г/л, эритроциттер – 3,9*1012 г/л, тромбоциттер 90*109, ЭТЖ - 58 мм/сағ.; несеп анализіндегі ақуыздар 1,2 г/л. Аталған зерттеу әдістерінің қайыссысы диагнозды нақытлау үшін қажет?

    Антинуклеарлы антиденелерді анықтау, қосспиральды ДНКға антиденелерді анықтау

  • 22

    2 жастағы баланы 2 күн бойы терінің сарғаюы мен шаршау алаңдатады. Бір апта бұрын суық тигеннен кейін мұрын су ағуы болды. Жаңа туған нәрестелік сарғаю бойынша бес күндік курсты аяқтады. Өмірлік көрсеткіштер қалыпты. Объективті - терінің және конъюнктива сарғаюы. Көкбауыр қабырға доғасынан 3 см төменде пальпацияланады. Hb - 98 г/л, эритроцитте гемоглобиннің орташа концентрациясы (MCHC) 38% құрайды. Кумб тесті теріс. Жағындыда: (суретті қараңыз). Қандай асқыну ықтималдығы жоғары?

    Холецистит

  • 23

    6 күндік нәрестенің анасы бір күн ішінде оның терісі мен көзіндегі сарғаю жөнінде жүгінді. Анасы ұлын күніне 7 рет тамақтандыратынын хабарлайды. Кеше ұлында 2 сулы жаялық және екі нәжіс болған. 38 апталық жүктілік кезінде туылған және 3500 г салмағы болған; қазіргі салмағы - 3000 г. дене қызуы -37С, пульс - 180/мин, АҚ - 75/45 мм с.б.б., склера сарғыштануы, кең таралған сарғаю, құрғақ шырышты қабықтар. Қанда - жалпы билирубин 153,8 мкмоль/л, тікелей емес билирубин - 11,96 мкмоль/л, АСТ - 15 б/л. Төмендегілердің қайсысы осы науқасты жүргізудің келесі кезеңіне сәйкес келеді?

    Емізу жиілігінің арттыру

  • 24

    9 жасар бала соңғы 10 күн ішінде жұтыну кезінде кезінде аузында ауырсынуға және күдіру сезіміне шағымданады. Соңғы 3 аптада әлсіздік пайда болды. Әкесінде 30 жаста өт тастарына байланысты холецистэктомия жасалған. Объективті - дене қызуы 37,7 ° С, пульсі 105/мин, АҚҚ - 110/65 мм с.б.б., ЖСЖ - 28/мин. Шырышты қабаттардың ісінуі, склераның орташа сарғаюы, ісінген қызыл тіл. Қанда - Hb - 98 г/л, MCV 102 мкм3, ретикулоциттер 0,4%; орталық қуысы жоқ эритроциттер. Науқастың шағымының алдын алу мүмкін еді?

    Фолий қышқылын тағайындау

  • 25

    14 жасар қыз бірнеше айлар бойы қайталанатын мұрыннан қан кетулерге шағымданады. Эпизодтар кенеттен пайда болады, егер еңкейсе және басын алға еңкейтсе бірнеше минуттан соң тоқтайды. Етеккір тұрақты, көп мөлшерде, аралығы 27күн. Соңғы етекікр оралымы 3 апта бұрын болды. Қанда – Hb 110 г/л, гематокрит 34%, лейкоциттер 7000/мм3, тромбоциттер 180 000/мм3, протромбинді уақыт13 сек, жартылай тромбопластинді уақыт 45 сек, қан кету уақыты 10 мин. Қай диагноз анағұрлым болуы мүмкін?

    Виллебранд ауруы

  • 26

    4 күндік жаңа туылған нәресте, тек омырау емеді, туылғанда салмағы 4000г. Анасы нәресте көзінің және терісінің сарғаюы бойынша жүгінді. Зәрі және нәжісі қалыпты. Жүктілік кезінде анасында гестациялық қант диабеті болды. Нәресте ағасында нәрестелік кезеңде сарғаю болған. Өмірлік көрсеткішлер норма шегінде. Бауыр оң жақ қабырға жиегінен 1 см төмен пальпацияланады. Қанда - Hb 170 г/л, ретикулоциттер 0.5%, жалпы билирубин 212 мг/л, тура билирубин 20мг/л, жанама билирубин 191 мг/л, Кумбс тесті - теріс. Ауруды басқаруда не анағұрлым орында болып табылады?

    Жарықпен ем

  • 27

    4 жасар қызда 8 күн бұрын басталған сарғаю күшеюде. Бұрын осындай эпизодтар болған. Әкесі жасөспірім кезеңінде спленэктомия өткерген. Қарауда жеңіл спленэктомия. Қанда: гемоглобин 101 г/л, MCHC 41% Hb/жас., MCV 81 мкм3, тромбоциттер – 250 000/мм3, RDW 16%, ретикулоциттер 11%, ЭТЖ 10 мм/сағ.Қан жағындысында – сфероциттер. Науқастың жағдайын растау үшін қай тест анағұрлым спецификалық болып табылдаы?

    Эозин-5-малеимида байланыстыру тесті

  • 28

    9 жасар бала футбол матчы кезінде басқа ойыншымен соқтығысқаннан кейін пайда болған оң тізедегі ауырсынуға шағымданады. Бірнеше ай бұрын ол тіс жұлғаннан кейін қатты қан кеткен. Қарап тексергенде, оң жақ тізе буынының ауырсынуы және ісінуі. Аяқтардағы әртүрлі сауығу сатыларындағы көгерулер. Көрсеткіштер - тромбоциттер - 235,000 / мм3, АЧТВ (тромбопластиннің жартылай қосылу уақыты) 78 сек, протромбин уақыты - 14 сек, қан кету уақыты 4 мин. Қан плазмасында қандай концентрация төмендеген?

    Тромбин

  • 29

    16 жастағы бала дәрігерге 3 апта бойы сұйық нәжісі салдарынан келді. Нәжіс тәулігіне 2-3 рет, кейде қан аралас. Іштің спазмдық ауруы, шаршау, 2 кг салмақ жоғалту мезгіл-мезгіл алаңдатады. Объективті - дене қызуы - 37,1°С, пульсі - 82/мин, АҚҚ - 106/68 мм с.б.б., пальпация кезінде іштің төменгі бөлігінің ауруырсынуы. Нәжіс қ/ж-на теріс. Қанда - Hb - 118 г/л, лейкоциттер 12 400/мм3, ЭТЖ 14 мм/сағ. Колоноскопияда - қабынған, борпылдақ шырышты, эндоскоппен жанасқанда қан кету. Қандай тактика орынды?

    5-АСҚ тағайындау

  • 30

    Бұрын сау болған 4 жасар бала ата-атанысымен алдыңғы апта бойы жалғасқан қызбаға, буындардағы жайылған ауырсынуға және іштегі бөртпелерге байланысты дәрігерге жеткізліді. Ол отбасымен бірге 2 жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Балабақшаға барады. Оның екпелері туралы мәліметтер жоқ. Дене температурасы 38,5С, пульс 125соқ/мин., АҚ100/60мм сын.б.б., қарауда - денеде полиморфты бөртпелер, конъюктивит. Тілі жылтыр және қызыл, еріндері жарылған, қолдары және аяқтары қызыл және ісінген, оң жақтық алдыңғы мойындық лимфаденопатия. Ауруды басқаруда қандай келесі қадам ұсынылған?

    Эхокардиография

  • 31

    Ерғали, 9 жаста, төс артының ауырсынуы, аузында қышқыл дәмінің болуы, қыжыл, тәбетінің нашарлауы шағымдарымен түскен. Өзін 1 жылдан бері ауру санайды, өйткені сол кезде жоғарыда аталған симптомдар пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықты. Дене тұрқы арық. Терісі бозарған, таза. Ісінулер жоқ. Тынысы везикулалық. Жүрек тондары дыбыссыз, ырғақты. Іші жұмсақ, эпигастралды аймақты, Кера нүктесін пальпациялағанда ауырсынады. Тілін лас-сұрғылт түсті қабық жапқан. Үлкен дәреті тұрақсыз. Сіздің диагноз?

    ГЭРА

  • 32

    Сергей, 1,5 жаста, қабылдауда ішінің қампаюына, құрылдауған, ішектің жиі шаншуына, тәулігіне 7-8 ретке дейін болатын сулы, көпіршікті, қышқыл иісті үлкен дәретке, тәбетінің нашарлауы мен динамикада дене салмағының артқанына шағымданады. 11 айында жедел ішек инфекциясымен ауырған. Ферменттер мен биопрепараттар қабылдаған. Әкесі сүтті қабылдай алмайды. Объективті: нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық. Нәрестенің салмағы 8,5 кг, бойы 69 см. Тіндер серпімділігі, терінің эластикалығы нашарлаған. Терісі бозарған. Іші қампайған, пальпация кезінде жуан ішек жолымен құрылдау байқалады. Бауыр жиегі +1,5см, жиектері дөңгеленген, эластикалық. Болжамды диагноз?

    Лактазалық жеткіліксіздік

  • 33

    Алина, 15 жаста, ревматоидты артритке байланысты жүйелі түрде стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СеҚҚП) қабылдайды. Анамнезінде СеҚҚП-индукциялық эрозиялық гастрит. Эрозиялық гастрит дамуы мүмкіндігін болдырмау үшін қандай топтағы препараттарды анағұрлым жиі тағайындайды?

    Протонды помпа ингибиторлары

  • 34

    Федор, 13 жаста, табиғаты хеликобактер ойық-жаралық ауру диагнозы анықталған. Эрадикациялық ем өткізілген. Жылдам уреазалық тест арқылы геликобактер эрадикациясының бақылау тиімділігі қашан өткізілуі тиіс?

    Антибиотиктерді қабылдауды тоқтатқан соң 4 аптадан кейін

  • 35

    4 жастағы ұл бала тырысуға, әлсіздікке шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша тырысулар 9 айынан басталған. Невропатологта емделген,тырысуға қарсы препараттар қабылдайды. Бойы 93 см, салмағы 11 кг. Тері жабындылары таза, құрғақ. Шаштың, тырнақтың сынғыштығы байқалады. Тістердің шығуының кеш басталуы. Бір апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қандай зерттеу ЕҢ мақсатқа сай?

    Кальций

  • 36

    10 айлық қыз стационарда зерттеуде жатыр. Дәретінің тұрақсыздығы (іш қатулар сұйық нәжіспен кезектеседі), жөтел мен ентігуге шағымдананды. Анамнезінде екі рет этиологиясы анық емес ішек инфекциясы, обструктивті бронхит. Ем нәтижесіз. Қыз дене салмағын аз қосады. Төмен тамқтанған. Жөтел мен физикалық жүктемеде жалпы цианоз. Қолтықасты және мойын арты лимфа түйіндері ұлғайған. Тынысы қиындаған, тыныс алу актіне қосалқы бұлшықеттер қатысады. Жауырын аралықта перкуторлық дыбыстың қысқаруы, қалған аймақтарада әлсіз қораптық реңді дыбыс. Аускультативті: көптеген әртүрлі колибрлі ұсақкөпіршікті ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, жиілеген. Бауыры ұлғайған. Ішінің пальпациясында ішек бойымен тығыздалу аймақтары. Дәреті тығыз баған күйінде, жағымсыз иісті, клизмадан кейін ғана болады. Өкпе рентгенограммасында өкпе суретінің деформациясы мен күшеюі. Теріндегі хлоридтер 100ммоль/л. Нәжісіндегі эластаза-1 120мкг/г. Диагноз қойыңыз.

    Муковисцидоз, аралас формасы

  • 37

    7 жасар ұл бала. Физикалық дамуда қалысады. Іріңді-шырышты қақырықтың бөлінуімен жөтелге, физикалық жүктемедегі ентігуге шағымданады. Анамнезінде: оң жақ жоғарғы үлесінде локализацияланатын пневмония (1 жасында, 1,5 жасында, 3 жасында, 5 жаста). Ылғалды жөтел мен өкпедегі сырылдармен жиі ЖРВИ. ОБъективті: температура 37,5С градус. Кеуде торы алдыңғы-артқы өлшемінде кеңейген. Перкуторлы қораптық реңмен перкуторлы дыбыс. Өкпеде оң жақтан локалді ылғалды сырылдар. ТАЖ минутына 20, SaO2 94%. Кеуде торы рентгенограммасында өкпе суретінің ұяшық тәрізді деформациясы. Диагноз құрастырыңыз:

    Бронхоэктаз ауруы

  • 38

    Дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарылаған, аз өнімді жөтел мен ентігуі, әлсіздігі бар 6 айлық бала дәрігер қабылдауында. Жалпы жайлылық фонында жедел ауырып қалды. Анасының сөзінен емуден бас тартады. Тері жабыны бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышының аздаған цианозы. Тынысы қиындаған, сырылдаған. ТАЖ минутына 65. Тыныс алу актіне қосалқы бұлшықеттер қатысады, қабырға аралықтарының ойысқан. Өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс, екі жақтан жауырын асты аймақта ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. ЖЖЖ минутына 150. Дүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Алдын ала диагноз қойыңыз.

    Ауруханадан тыс пневмония

  • 39

    Аймақтық дәрігер 6 жастағы баланың шақыруында. Баланы ентігу, қиындаған ысқырықты тыныс мазалайды. Анамнезінде 3 жасқа дейін жиі обструктивті бронхиттер. Қарауда жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Ентігу экспираторлы сипатта, дистантты сырылдар. Тыныс алу актінде қосымша бұлшықеттер қатысуда. Өкпе үстінде екі жақта да құрғақ ысқырықты сырылдар, ТЖ минутына 48 рет. Жүрек үндері ырғақты, ЖЖЖ 112рет/мин. Балаға шұғыл көмек көрсетіңіз:

    қысқа әсерлі β2-агонистермен ингаляция

  • 40

    Аймақтық дәрігерге 2 айлық баланың анасы балада тыныстың 10 секундқа дейін кідірулеріне шағымданып келді. Мерзімі жетілмей 1800г салмақпен туылды. Қарау кезінде жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғылары таза. Өкпеде тынысы пуэрильді, ТЖ 36 рет минутына. Жүрек үндері ырғақты, ЖЖЖ 132рет/мин. Іші жұмсақ. Нәжісі мен диурез қалыпты. Баладағы тыныс бұзылысының себебін дифференцирлеңіз:

    физиологиялық апноэ

  • 41

    Б. деген ұл балада, 10 жаста, қаңтардың 10 ауруы дене температурасының 40С жоғарлауымен, басының аурысынуымен, тәбетінің төмендеуімен, бір реттік құсумен, бұлшықет ауырсынуымен жедел басталды. Бір күннен кейін мұрынның бітелуі сияқты катаральды белгілері пайда болды. Ауыз-жұтқыншақта жұтқыншақтық артқы қабырғасы мен бадамшалардың гиперемиясы. Тері жамылғылары боз, бөртпеден таза. Басқа мүшелері бойынша патолгиясыз. Нәжісі мен диурез қалыпты. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

    тұмау

  • 42

    Балада ЖРВИ-дың 5 күні: дене температурасы 39°С, басының ауырсынуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, ылғалды жөтел, ентігу. Объективті қарау, кеуде клеткасының рентгенографиясы және қақырықты себу пневмококктың бета-лактамазаөндіруші штаммдарымен шақырылған пневмонияны дәлелдеді. Осы клиникалық жағдайдағы этиотропты ем:

    клавулан қышқылымен амоксициллин

  • 43

    Бала 1 жаста. Туған кездегі салмағы 3000 гр, бойы 50 см. Бір ай ішінде болған жедел ішек инфекциясының екі эпизодынан кейін балада мазасыздық, ұйқысының нашарлауы байқалады. Дене салмағы 8300. ДСИ (ИМТ) - 17,8. Психомоторлық жетілуі жасына сәйкес. Чулицкая бойынша күйлілік индексы (индекс упитанности Чулицкой) - 15, кіндік аймағындағы теріасты-шел май қабаты 0,9 см-ге жетеді. Қан талдамасында - жалпы ақуыз 55 г/л, альбумин - 48%, гемоглобин 105 г/л, ТК 0,76; Копрограмма: лейкоциты 2-3 көру алаңында, крахмал +, нейтральды май +, бұлшықет талшықтары +. Осы баланың еміне не керек?

    Жасына және жеткізілуі керек дене салмағына (долженствующий вес) байланысты энтеральды тамақтандыру, ферменттер, темір препараттары

  • 44

    3 жасар бала ата-анасымен емханада жаңа тіркелген науқас ретінде келді. Тексеру кезінде: өсуі-үшінші ппроцентильде, ал салмағы - бірінші. Сұхбат кезінде ата-анасы баланың мұрын қуысы инфекциялары мен пневмониядан бірнеше рет емделгенін айтты. Олар сондай-ақ, оның үлкен дәреті, әдетте, сұйық, майлы және шырышты деп айтты. Тексеру кезінде бала жиі жөтеледі. Басқа ауытқулар байқалған жоқ. Осы пациенттің диагнозын анықтау үшін төмендегі зерттеулердің қайсысы ең тиімді?

    Тер хлоридінің тесті

  • 45

    15 жасар қыз алғаш рет қалалық емханаға демікпе және 6-7 жасынан бері кез келген физикалық жүктемеден кейін болатын шаршағыштыққа шағымданып келді. Жиі ЖРВИ. Жасы өскен сайын демікпе мен шаршағыштық сезімі үдей түскен. Соңғы уақытта жүрек жұмысындағы кідіріс сезімін байқайтын болды. Физикалық жетілуі жағынан қалып келе жатыр. Перкуссия кезінде жүрек шекаралары қалыпты жағадайда. Аускультация кезінде төстің сол жағынан екінші-үшінші қабырғааралықта жұмсақ мезосистолалық шуыл естіледі. Осы науқасқа диагноз қою кезінде аталған диагностикалау әдістерінің қайыссысы негізі болып табылады?

    ЭхоКГ

  • 46

    Ер бала 13 жаста. Ешқандай шағымдары жоқ. Спортпен айналсады - жүзу. Анасы баласын тексеруге шешім қабылдады, себебі баланың 35 жастағы әкесінде жедел коронарлық синдром пайда болды. Баланың ҚЖА (ОАК), қанның биохимиялық талдамалары, НЖА (ОАМ) - патологиясыз. Төменде баланың ЭКГ-сы көрсетілген (суретті қараңыз). Сіздің қорытындыңыз қандай?

    Сол қарыншалық экстрасистолия

  • 47

    Ауруының 4-ші күні 7 айлық балада жедел респираторлық вирустық инфекция фонында күшейген, дене қызуы қайтадан 37,80С дейін көтерілген, экспираторлық ентігу, ауыз қуысында сырылдар пайда болған. Аускультацияда – дем шығару ұзарған, екі жақта әртүрлі ылғалды сырылдар бар. Бұл науқаста рентгенограммада қандай өзгерістер ең ықтимал?

    Тамырлардағы өкпе үлгісін нығайту, мөлдірлікті арттыру

  • 48

    "13 жастағы жасөспірімде іштің төменгі бөлігінде өткір ауырсыну, жиі зәр шығару кезінде ауырсыну пайда болды. Денесін қатты салқындатып алғаннан кейін жіті қабыну дамыды. Объективтік тексеру кезінде анықталды: тері қалыпты түсте, ісіну жоқ. Тыныс везикулярлы. Жүрек үні айқын, РЅ минутына 78 соққы. Іш жұмсақ, төмеңгі бөлігі ауырсынады. АҚ 110/75 мм рт.ст. ҚЖА: лейкоциттер-10,9 10/л, СОЭ 16 мм/сағ. НЖА: лейкоциттер 20-25 к/а, эритроциттер - 6-8 к/а., шырыш++ , бактериялар+++. Қандай диагнозды болжауға болады? "

    Жіті цистит

  • 49

    Науқас 15 жаста, АҚ 200/120 мм.с.б. Аяқтың ұйюына шағымданады. Объективті қарау барысында: кеуде қуысы жақсы жетілген, жанбасы тар және аяқтары арық. Кеуде қуысының рентгенография кезінде қабырғаларында оюлар анықталған. Болжамды диагноз:

    Аорта коарктациясы.

  • 50

    2018 жылғы 13 маусымдағы №361 «Халыққа арналған профилактикалық егулерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының бұйрығымен 2 жасқа дейінгі балаларға дифтерияға қарсы егу қандай схема бойынша егіледі?:

    4 апта аралықпен әдеттегі дифтериялық анатоксин бар АКДС 3 егу, ревакцинация (R1) 14 айдан кейін жүргізіледі.

  • 51

    Дәрігердің қабылдауына 14 күндік баласымен анасы келді. Шағымдары тәулігіне 7-8 ретке дейін жиі, қорытылмаған, түйіршіктер мен жасыл түсті нәжіс. Нәжістің бұл сипаты тіпті өмірдің 3-4 күнінен бастап перзентханада да байқалған. Жаңа туған нәрестеде ЖІИ-ға күдіктену болады ма?

    Жоқ,дені сау, транзитарлы дисбактериоз

  • 52

    15 күндік бала тамақтанғаннан кейін бірден және біраз уақыттан кейін жиі сүтті құсады. Белсенді түрде емеді,нәжіс консистенциясы қалыпты, патологиялық қоспаларсыз, диурез жеткілікті. Анамнезінен: Апгар 6-7 балл. Өмірдің алғашқы күндерінен бастап құсу байқалады. Алдын ала диагноз қойыңыз:

    Пилороспазм

  • 53

    6 жасар балаға жедел қан құю жүргізілді. Мектепке барар алдында қызылша, қызамық, паротитке қарсы ревакциназия жүргізілуі қажет. Осы вакцинаны қанша уақыттан кейін жүргізуге болады.

    3 ай

  • 54

    Қабылдауда 8 айлық бала болды. Анамнез бойынша: бірінші жүктілік, мерзімінде туылған, салмағы 3400. 1,5 айдан бері қосымша тамақтанады. Қосымша тағамдар уақытынан тыс берілген. Анасының айтуы бойынша, ол басын 2,5 айдан бастап ұстайды, 7 айдан бастап отырады, тұрмайды. Нәжісі тұрақсыз. Қарап тексергенде: әлсіздік, тершеңдік. Тері қабаты бозғылт. Жалпы бұлшықет гипотениясы байқалған. Басы төртбұрышты пішінді, маңдай түкпірлері шығып тұрады. Үлкен қалдары 2,0 х 2,5 см, жиектері серпімді. Тістері жоқ. Кеуде бүйірлері қысылған, апертурасы айналыңқы. Іші «бақа тәрізді» жұмсақ. Бауыр қабырға астынан 3 см шығып тұрады. Осы балада биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

    Са төмендеуі, Р төмендеуі, сілтілі фосфатазысың жоғары болуы

  • 55

    12 жасар қыз бала қабылдауға соңғы 10 күндегі эпигастрийдегі және пилородуоденальды аймақтағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Өткізілген ЭГДС: өңештің шырышты қабаты қызғылт түсті, кардия жабық. Асқазандағы бұлтты шырыш; асқазанның антральді бөлігінің шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, қабырғаларында жалпақ дөңес байқалған. Шырышты қабаты ісінген, гиперемияланған, алдыңғы қабырғасында 0,6 см тыртық, артқы қабырғасында гиперемияланған 1,0х0,8 см дөңгелек ойық жара бар, түбі фибринмен жабылған. HP инфекциясына биопсия сынағы: оң (++). Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын тағайындар едіңіз?

    Кесте 1, ППИ + амоксициллин + кларитромицин, 10 күн

  • 56

    Бала 12 жаста. ЖТД дәрігерінің профилактикалық тексеруінде протеинурия және лейкоцитурия, эритроцитурия анықталды. АҚ 130/90 мм с.б./Ст дейін. Қарап тексергенде – беті мен терісінің бозаруы, қабақтың пастоздылығы. Қанда: жалпы белок 62 г/л, мочевина 7,84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. OAM тағдырында. салмағы 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді құймалар 10 п/з дейін. Клиникалық диагноз қойыңыз.

    Созылмалы гломерулонефрит, гематурия түрі

  • 57

    12 жасар бала, эрадикациялық терапия фонында созылмалы Helicobacter pylori этиологиясының гастродуоденитінде тәулігіне 4 ретке дейін диарея түріндегі нәжістің бұзылуы анықталды. Копрограммада лейкоциттер 2-3-ке дейін көру, шырыш ++, йодофильді флора +++. Осы ішек дисфункциясын емдеуде қандай дәрілік топ біріншілік препарат болуы керек?

    пробиотик

  • 58

    Қыз 13 жаста. Созылмалы гастритпен 2 жылдай ЖТД есепте тұрады. Тамақ ішкеннен кейін эпигастрийде түтіккен ауырсыну және ауырлық, кекіру, жүрек айну, ауыздағы жағымсыз дәммен мазалайды. Кейде тілдің күйіп қалуы, аяқ-қолдарда «жорғалау» сезімі. Терінің бозаруы, субиктериялық склера, «лакпен» тіл анықталады. Метеоризм, диарея. ҚЖА-дағы қанның қандай сипаттамасы осы ауруға тән?

    гиперхромды, макроцитарлық анемия

  • 59

    9 жасар балада есту қабілетінің төмендеуі, зәрінде гематурия (анасының атасы 45 жасында СБЖ-дан қайтыс болған). Ықтимал диагноз және тексеру тактикасы қандай?

    Альпорт синдромы, бүйрек биопсиясы

  • 60

    ""Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығына сәйкес 12 айлық баланы алдын-ала тексеру кезінде ҚҚП, полимиелитке қарсы, Превенар вакциналары алынған баланың үй жағдайында қаралу уақыты:"

    Вакцинациядан кейін 5-6 және 10-11күн

  • 61

    Бала 1 жас 6 ай, скарлатинадан кейін жедел гломерулонефритпен ауырған. Осыған дейін күнтізбе бойынша екпелерді уақытында алған. Болашақ вакциналардың жоспарын жасаңыз.

    6 айдан кейін RVАбКДС+Хиб +ИПВ

  • 62

    АИТВ жұқтырған ананың 1 жасар баласы профилактикалық емделуде. ОПВ және КПК ревакцинациясына бару. Отбасылық дәрігердің осы баланы вакцинациялауға қатысты тактикасы: Жалпы қабылданған күнтізбеге сәйкес вакцинация жасаңыз

    Тұрақты медициналық құжат рәсімдеу. ОПВ, КПК бас тарту +

  • 63

    Бала 41 аптада туылған, салмағы 4300, бойы 56 см, беті мен денесінің ісінуі байқалады. Шілде 4 х 4 см, сагитальді тігіс 0,5 см ашық. Адинамия, ұйқышылдық, апноэ ұстамалары, стридорлы тыныс күшейген, тез суу, айқын сарғаю байқалады. Төмендегілердің қайсысы диагноздың бірінші сатысы болып табылады?

    Қандағы Т3 және Т4 анықтау

  • 64

    10 айлық, салмағы - 10 кг балаға үйге дәрігер шақыртылды. Шағымдары дене қызуының 39,1°С-қа дейін көтерілуіне, аяқ-қолдың еріксіз жиырылуы және бірнеше секундқа естен тануы пайда болды. Жағдайы орташа ауырлықта. Бала дамуы біршама артта қалған. Тәбеті төмендеген, бірақ жақсы ішеді. Тері жабындылары ылғалды, ыстық, беті орташа қызарған. Мұрыннан тыныс алу қиын, шырышты бөліністер байқалады. Жұтқыншақ және жұтқыншақтың артқы қабырғасы ісінген, гиперемияланған. Өкпесінде қатаң тыныс, сырылдар жоқ, тыныс алу жиілігі 36 рет 1 мин. Жүрек тондары ритмді, пульс 132 рет 1 мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжіс пен зәр шығару бұзылмаған. Менингеальды немесе ошақты белгілер жоқ. Алғашқы көмек жинағында сізде 0,5% диазепам ерітіндісінің ампуласы 2 мл / 10 мг және парацетамол 100 мл, 5 мл / 120 мг суспензиясы бар. Балаға шұғыл көмек көрсетіңіз.

    диазепам 0,05 мл/кг (0,3 мг/кг) в дозе 0,5 мл + 10-15мг/кг парацетамол – 100мг-4,2 мл

  • 65

    2 жасар бала, мерзімінен кейін 40 аптада, салмағы 4000 г, 2-ші кезеңі ұзақ, асфиксиямен туылған. Қабылдауда 3 метр қашықтықта сыбырлап айтылған құмыра жарманың дыбысына немесе сіздің атыңызға реакция жоқ (бала арқасымен тұрады). Сөйлеу: 30 сөзден аз сөйлейді, үш сөзден тұратын тіркестерді қолданбайды, «Шкафты ашып, қуыршақты ал» тапсырмасын жасамайды. Дәрігер баланы алдымен қайда жіберуі керек (2 жауап):

    невропатологтың кеңесі және аудиологтың тексеруі;

  • 66

    4 жасар бала 2 жасынан бастап мектепке дейінгі мекемеге барады. Жасына қарай өсіп, дамиды. Жедел респираторлық вирустық инфекциялармен сирек ауырады, 10 айлығында жедел қарапайым бронхитпен ауырған, жеңіл дәрежелі темір тапшылықты анемиямен ауырады. Бұл баланы қандай денсаулық тобына жатқызуға болады?

    Денсаулық тобы –IІ

  • 67

    11 жасар қыз жалпы тәжірибелік дәрігерге барады. Дәрігерге барардан бір ай бұрын тамағы ауырған. Жақында шаршай бастады, оқуы нашарлады, ашуланшақтық, көз жасы ағу, мимикалық бұлшықеттердің жиырылуы, жүріс тұрақсыздығы пайда болды, жазуы өзгерді. Объективті: жүрек шекарасының кеңеюі, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу; бұлшықет тонусы мен сіңір рефлекстерінің төмендеуі, координациялық сынақтардың бұзылуы. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

    Жедел ревматикалық қызба, кардит, хорея

  • 68

    Бала 3 жаста. Анасының шағымдары нашар тәбет, әлсіздік,көп жылауы, балалармен қарым-қатынас кезіндегі негативизм. Сауалнама барысында оның көмір, шикі тартылған ет, газет қағазын жеуге құмар екені белгілі болды. Объективті: алақаны бозғылт. Тері жабындылары құрғақ, ауыз бұрыштарында жарықтар, тіндердің тургоры және бұлшықет тонусы біршама төмендеген. Тыныс алу қиын. 30 мин. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында 5 нүктеде систолалық шу. Энурезбен ауырады. ЖҚА – эритроциттер 4,1х1012/л, НВ 112 г/л, ТК 0,7. Қандай сараптама тағайындау керек?

    Сарысудағы темір деңгейі

  • 69

    6 айлық бала ұйқышылдыққа, тәбетінің төмендеуіне, тамақ ішуден бас тартуға, дене қызуының 39,8 С дейін көтерілуіне шағымданады. Анамнезінен: 3 күннен бері ауырады. Объективті: тыныс алуы қиындаған, тыныс алу жиілігі 1 минутта 68. Кеуде қуысының тартылуы байқалады. ИВБДВ бағдарламасы бойынша дәрігердің дұрыс тактикасы:

    Б/е антибиотик , шұғыл госпитализация

  • 70

    11 жасар бала үй жанындағы аулада конькимен сырғанап бара жатып, құлап, тізе буындарының, екі қолының алақан аймағындағы терісін қатты тырнап алған. Ластанған жараларын ата-анасы ағынды сумен жуып, баланы травматология бөліміне жеткізді. 2 жастан бастап бронх демікпесіне байланысты вакцинациядан бас тартқан. Дәрігер қандай шешім қабылдауы керек?

    Сіреспе анатоксинін енгізіңіз

  • 71

    Сәби, 4 айлық. Анасы шағымданбайды. Т-36,7. Салмағы: 6100 кг, Бойы: 63 см, ДМИ: 16. Бас шеңбері 41 см. Кеуде шеңбері-38 см. Терісі: таза, реңі әдеттегі. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймағын. Ауыз қуысының шырышты қабаты: таза, қызғылт. аран тыныштық күйде. Коньюктивалары - таза. Үлкен еңбек 05.х05 см., шеттері эластикалы. Өкпесінде тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 26. ЖСЖ - минутына 126. Іші жұмсақ, ауырсыну сезімі жоқ. Бауыры үлкеймеген. Зәр шығару бос, ауырсынусыз. Үлкен дәреті сары түсті, патологиялық қоспасыз. Сәби қай денсаулық тобына жатады?

    1 топқа

  • 72

    Бала 2 жаста, жіті түрде ауырған. Шағымдары: өзін нашар сезіну, бас ауруы, мұрын арқылы тыныс алу қиындау, құрғақ жөтел, тағамнан бас тарту, әлсіздік. Ауру басталғаннан алғашқы 2 күнде дене теппературасы 38,5-39,0 С дейін жоғарлап, парацетамол қабылдағаннан кейін температура төмендеген. Баланың жағдайы орташа дәрежелі. Өкпенің перкуссиясы кезінде оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады. Тынысы қатты, перкуссия кезінде қысқарған дыбыс аймағында - әлсіз, соның салдарынан ұсақ көпіршікті ылғалды сылдырлар естіледі. Кеуде қуысының төменгі бөлігін ішке тарту байқалмайды. кеуде қуысының R-граммасында өкпе суретінің нығаюуы, оң жақта дұрыс емес пішінді ұсақ ошақты көлеңкелер байқалады. Ең болжамды диагнозды атаңыз.

    жіті ошақты пневмония

  • 73

    Бала 3 жаста, жіті түрде ауырған. Шағымдары: дене температурасы - 37,5 С дейін жоғарлаған, жиі құрғақ жөтел, әлсіздік. Қарау барысында дауыс дірілі өзгеріссіз, ТЖ - минутына 32. Перкуссия кезінде - өкпелік дыбыс, өкпенің аускультациясы кезінде: тыныс алуы қатты, құрғақ жаылған сылдырлар. Қан сараптамасы - ерекшеліктерсіз. кеуде қуысының R-граммасында өкпе суретінің нығаюы. Ең болжамды диагнозды атаңыз?

    жіті қарапайым бронхит

  • 74

    Қыз бала, 7 айлық. Туулу кезіндегі массасы 3140 г, бойы 51 см. Анамнезден: 4 айға дейін емізулі болған, тағам рационында - айран 4 айдан бастап, алма шырыны аптасына 1-2 рет, 6,5 айдан бастап езілген көкөніс қосылған, алайды оны ынтасыз жейді, күнделікті емес. Қарау барысында бала әлсіз, тері жабындылары боз және құрғақ, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу анықталған. Салмағы - 8 кг, бойы - 70 см. Қан сараптамасында Нв- 84 г/л, эр. - 3,5х1012/л, ЦП - 0,6, анизоцитоз, пойкилоцитоз айқындалған, ЭТЖ - 10 мм/сағ. Сидеропениялық синдромға жататын көрсеткішті атаңыз:

    құрғақ тері жабындылары

  • 75

    Сәби, 4 айлық. Екпеге шақырылған. Анасы шағымданбайды. Т - 36,7. Салмағы: 6100 кг. Бойы: 63 см. ДМИ: 16. Бас шеңбері 41 см. Кеуде қарау - 38 см. Терісі: таза, реңі әдеттегі. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысының шырышты қабаттары - таза, қызғылт. аран тыныштық күйде. Коньюктивалары - таза. Үлкен еңбек 05.х05 см., шеттері эластикалық. Өкпеде тынысы пуэрильді, сылдарлар жоқ. тыныс алу жиілігі минутына 26. ЖСЖ - минутына 126. Жүрек ырғағы дұрыс, ырғақты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры ұлғаймаған. Несепшығаруы бос, ауырсынусыз. Үлкен дәреті сары түсті, патологиялық қоспасыз. Ұлттық күнтізбелік профилактикалық екпелерге сәйкес аталған балаға қандай екпе жасау қажет?

    АбКДС + Хиб + ВГВ + ИПВ +ПНВ

  • 76

    Бала П, 12 жаста, жіті ауырған. Дене температурасының 2 күн бойы 38,5-39,0 С дейін жоғарлап, парацетамол қабылдағаннан кейін температурасы түскен. Орташа әлсіздікке, бас ауруына, мұрын арқылы тыныстың тарылуына, құрғақ жөтелге шағымданған. Объективті түрде: шырышты бөлінділердің көп болуының салдарынан мұрын арқылы тынысы тарылған. Жақасты, артқы мойындық лимфатүйңндері пальпацияланады, өлшемдері 0,5х1,0, бірең-сараң, эластикалық, ауырмайды. Өкпеде - тыныс алу қатты, жайылған, симметриялық, тұрақты емес құрғақ және орташакөпіршікті ылғалды сырылдар байқалады. Жөтелгеннен кейін сырылдар тек оң жақ төменгі бөлімде ғана сақталады. ТАЖ минутына 26. Перкуторлы: қорапшалы реңді дыбыс, оң жақ төменгі бөлімде тұйықталу байқалады. Қан анализінде: Нb 115г/л, Эр 3,2х1012/л, Лейк 8,4 х109/л, п/я 2%, с 21%, эозинофилдер 7%, лимф 63%, моноциттер 6%, базофилдер 1%, ЭТЖ 14 мм/сағ. Кеуде қуысында ағзаларының Р-графиясында орташа жоғары пневматизациялар, оң жоғары жақта көптеу, оң төменгі жақта біркелкі емес қараю анықталған. Жіктелуге байланысты болжамды диагнозды анықтаңыз?

    Жіті ауруханадан тыс оң жақтық төменгі бөліктік пневмания, орташа ауырлық дәрежесі, асқынбаған, ДН 0

  • 77

    Ұл бала, 12 жаста, жіті ауырған. Дене температурасының 2 күн бойы 38,5-39,0 С дейін жоғарлап, парацетамол қабылдағаннан кейін температурасы түскен. Орташа әлсіздікке, бас ауруына, мұрын арқылы тыныстың тарылуына, құрғақ жөтелге шағымданған. Объективті түрде: шырышты бөлінділердің көп болуының салдарынан мұрын арқылы тынысы тарылған. Жақасты, артқы мойындық лимфатүйңндері пальпацияланады, өлшемдері 0,5х1,0, бірең-сараң, бірең-сараң, эластикалық, ауырмайды. Өкпеде - тыныс алу қатты, жайылған, симметриялық, тұрақты емес құрғақ және орташакөпіршікті ылғалды сырылдар байқалады. Жөтелгеннен кейін сырылдар тек оң жақ төменгі бөлімде ғана сақталады. ТАЖ/ЧДД минутына 26. Перкуторлы: қорапшалы реңді дыбыс, оң жақ төменгі бөлімде тұйықталу байқалады. Аталғандардың ішінде диагнозды анықтауға мүмкіндік береді?

    Кеуде қуысы ағзаларының рентгенологиялық зерттеу

  • 78

    Бала, 5 жаста. Дене температурасының 38,0 С дейін жоғарлауына, жұтыну кезінде ауырсыну сезіміне, әлсіздікке, өзін нашар сезіну, терідегі бөртпеге шағымданады. Жіті ауырған. Ауру анамнезінен: 3 күн ауырып жатыр, бөртпе 2 күннен бастап бетке, қолға, аяққа, мойынға шыққан. Қарау барысында: температура 37,5 С. аран - ауызжұтқыншақ шырышты қабатының айқын гиперемиясы. Беті ісінген, ұрт аймағында ұсақнүктелі бөртпесі, мұрынерін ұшбұрышы бозарғаны байқалады. Алақанда терісінің ұсақ қабыршақты түлеуі байқалады. Анасының айтуынша бөртпеасты болған жоқ. Аталған науқасты емдеудегі негізгі дәрілік заттарды атаңыз:

    амоксиклав

  • 79

    Қыз бала, 7 айлық. Туулу кезіндегі массасы 3140 г, бойы 51 см. Анамнезден: жүктілік кезінде анасы 32 аптадан бастап анемия бойынша емдеу курсын өткен, темір препараттарын тұрақты қабылдамаған. Қыз бала 4 айға дейін емізулі болған, тағам рационында - айран 4 айдан бастап, алма шырыны аптасына 1-2 рет, 6,5 айдан бастап езілген көкөніс қосылған, алайды оны ынтасыз жейді, күнделікті емес. Қарау барысында тері жабындылары боз және құрғақ, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу анықталған. Салмағы - 8 кг, бойы - 69 см. Қан сараптамасында Нв- 84 г/л, эр. - 3,5х1012/л ЦП - 0,6, анизоцитоз, пойкилоцитоз айқындалған, ЭТЖ - 10 мм/сағ. ОЖСС 75 мкмоль/л, темір сарысулық 11,0 мкмоль/л. Болжамды диагнозды атаңыз?

    орташа дәрежелі темір тапшылықты анемия

  • 80

    Қыз бала, 10 жаста. Шағымдары: оң жақ қабырғаастының батып ауыру, таңғы уақытта ауызға ащы дәмнің келуі, соңғы 2 аптада тұрақсыз үлкен дәрет. Анамнезден: газдалған сусындарды және бургерлерді жиі қолданады. Аз қозғалысты өмір салтын жүргізеді. Қарау барысында: оң жақ қабырғаасты пальпациясы кезінде ауырады, Кера, Ортнер, Мерфи симптомдары оң. Аталған негізгі диагностикалық зерттеулердің қайсысын амбулаторлық кезеңде жүргізу қажет?

    құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ