問題一覧
1
Ғылымның мақсаты:
адам өмірін жақсарту
2
Философияның қалыптасуын түсіндіруде К.Ясперс қолданған ұғым:
"осьтік уақыт"
3
М.Хайдеггердің фундаменталды онтологиясның мәні:
болмыс тек адам болмысы арқылы танылады
4
Ғылыми білімді ғылыми емес білімнен ажырату:
демаркация
5
Құбылыстар мен заттардың мәнін адам толық тани алмайды дейтін философиялық тұжырымдама:
Агностицизм
6
Ақиқат дегеніміз:
субъект білімінің объектіге сәйкестігі
7
Психоанализм теориясы бойынша адамның қоғам қоятын талаптарға сәйкес жасайтын іс-әрекеттері психиканың қай деңгейіне тән?
Super ego
8
"Адам - дүниедегі бар заттардың және жоқ заттардың өлшемі" тұжырымының авторы:
Протагор
9
"Тіл - болмыстың үйі" тұжырымының авторы:
М.Хайдеггер
10
Ғылымның, техниканың және технологияның, дамуы адамның болашағын жарқын етеді, ғылым тек пайдалы дейтін көзкарас:
сциентизм
11
Қазақ, философиясындағы басты ұғымдардың бірі:
көңіл
12
Адамды тірі қылып тұрған қуат:
жан
13
Жүйелі және тәртіпті болатын, фактке негізделетін ойлау түрі:
Логикалық ойлау
14
Сезімдік әсерді негіз ететін, көңіл-күйді өрнектейтін ойлау түрі:
Эмоциялық ойлау
15
Онтология терминін алғаш қолданған неміс философтарының бірі:
Р.Гоклениус
16
Философия тарихындағы бейболмыс ұғымына сай келетін ұғымды көрсетініз:
дао
17
Адамзат санасынан, танымынан тәуелсіз болатын объективті шындық:
материя
18
Кемшілікті емес, артықшылықты ойлау, жаманды емес, жақсыны ойлау:
Позитивті ойлау
19
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ілім:
логика
20
Негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас:
антропоцентризм
21
Объективтік дүниені ұғым, пікір, теория және т.б. формасында бейнелеудің белсенді процесі:
Ойлау
22
Адам танымының әмбебап әдістері мен тәсілдерін өңдеумен байланысты философияның қызметі:
методологиялық қызмет
23
Дамуды қарама-қайшылыктардың күресі мен бірлігі арқылы түсіндіретін философияның әдісі:
диалектика
24
Немістің әйгілі философы И.Кант ұсынған таным теориясындағы ұғымдар:
"өзіндік зат" және "біздің зат"
25
Шәкарім Құдайбердіұльның "үш анығының" бірі:
жанның ажалсыз екені
26
Г.В.Гегель субъективті рухқа нені жатқызды?
адамның жеке санасын
27
Қоршаған дүниені,субъект пен объект арасындағы байланысты, ақиқатты дұрыс әрі философия бөлімі.
гносеология
28
Психоанализ теориясы бойынша адамның бейсаналық деңгейде жасайтын іс-әрекетіне тән
Libido
29
Шындықтың іргелі табиғатын айқындайтын философияның бөлімі:
Метафизика
30
Болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім:
Философия
31
Ғылым дегеніміз:
бақыланатын құбылыстарды түсіндіру
32
Платон үшін шынайы болмыс
идея
33
Аристотель бойынша заттың қалай пайда болатынын білдіретін болмыстың төрт себебінің бірі:
қозғаушы себеп
34
Г.В.Гегель объективті рухқа нені жатқызды?
азаматтық сананы
35
Табиғи физикалық әлемге қатысты адам болмысының қыры:
дене
36
Г.В.Гегель абсолюттік рухқа нені жатқызды?
философияны
37
Буддизм философиясындағы ақиқаттың бірі:
өмір-қасірет
38
Таным туралы ой-толғамдармен байланысты философияның бөлімі:
гносеология
39
И. Канттың рационализмді сынауда қолданған ешкайсысын зерде жоққа шығара алмайтын қарама-қайшы тұжырымдар:
антиномия
40
Бір-бірімен тығыз байланысты объектілердің орналасу реттілігін білдіретін ұғым:
кеңістік
41
Аристотельдің айтуынша, әр заттың өзіне ғана тән, басқа ештеңеге тиесілі емес қасиеті
субстанция
42
Құбылыстардың үйлесімді түсіндірілу логикасы, бақылаулар, эксперименттер қорытындысы:
ғылыми теория
43
Әлемнің, ғарыштың шығу тегі жайындағы мифтер:
космогониялық мифтер
44
Сезімдік танымда бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту қалай аталады?
Елестету
45
Әл-Кинди, Әл-Фараби және Ибн-Сина сынды араб-мұсылман философтары дүние болмысының пайда болуын қалай түсіндірді?
эманациялану процесі арқылы
46
Ғылыми қауымдастықты біріктіретін ғылымдағы "парадигма" (матрица, негіз) тұжырымым қолданған постпозитизм өкілі:
Т. Кун
47
Асан Қайғының "қилы заман" концепциясындағы басты мәселе:
құндылықтардың ауысуы
48
Дүниеге көзқарастың тарихи бір түрі:
дін
49
Тәжірибеден кейінгі, зерделенген білім:
апостериори білім
50
Философияның дүниеге көзқарастың басқа тарихи түрлерінен ерекшелігі:
күмәндануда
51
Материяның тіршілік етуінің негізгі формаларының бірі:
уақыт
52
Субъектінің санасынан тәуелсіз шынайы өмір сүретін болмыс:
ноуменальды болмыс
53
Адамның ақыл-ойын, зердесін танымның өзегі, негізі ретінде санайтын гносеологиялық бағыт:
рационализм
54
Сенсуализмнің «Сезімде жок нәрсе акыл-ойда да болмайды»қағидасын қалыптастырған философ:
Д. Локк
55
Рационалды танымдағы бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы:
Пікір
56
Сезім мен түйсікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп санайтын гносеологиядағы бағыт:
Сенсуализм
57
Өмір тәжірибесіне, сана қабілетіне сай тосын ой:
Интуициялық ойлау
58
Болмыстың, тіршіліктің бастауы рухани бір мән, рухани бір күш дейтін философиядағы көзқарас:
Пантеизм
59
Даналық ұғымына жақын жауапты табыныз:
адам игілігіне айналған білім
60
Адамгершілік қағидалары туралы ілім философияның бөлімі:
Этика
61
Аристотель үшін шынайы болмыс:
Форма
62
Болмыс туралы ой-толғамдармен байланысты философияның бөлімі:
Онтология
63
Философия сөзін алғаш қолданған ежелгі грек философы:
Пифагор
64
Сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп білетін және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенетін гносеологиялық бағыт:
Эмпиризм
65
Философия тарихында эмпиризмнің бастаушысы саналатын философ:
Ф. Бэкон
66
Философияда болмыс мәселесін алғаш көтерген антикалық философ:
Парменид
67
Тәжірибеден бұрын болған және одан тәуелсіз білімді қалай атайды?
априорлы білім
68
Объект туралы толық, сарқылып біткен білім:
абсолютті ақиқат
69
Философияда объективті идеализмнің негізін салушы:
Платон
70
Психоанализ теориясының негізін салушы:
3. Фрейд
71
Парменидтің тұжырымының аяқтаңыз: «Егер сіз бір нәрсе туралы ойлай алсаңыз немесе бір нәрсе туралы айта алсаныз, ол - …….»
болуы керек
72
Дүниенің бір ғана субстанциясын мойындайтын көзкарас:
монизм
73
Философияның даму және оның заңдылықтары туралы ілімі:
диалектика
74
Объект туралы толық емес, бірақ кей қатынаста нақты білім:
салыстырмалы ақиқат
75
Объективті шындықты бейнелеудің адамға тән жоғарғы формасы:
сана
76
Философия қашан пайда болды:
Ортақ (ұжымдық) ойлаудан жеке ойлау бөліне бастағанда
77
Бақылаудан туған алғашқы жорамал идея:
ғылыми гипотеза
78
Болмыстың, тіршіліктің бастауы заттық субстанция дейтін философиядағы көзкарас:
материализм
79
Қорқыт философиясындағы басты мәселе:
ажалдан қашу
80
Постпозитивизмдегі кез келген ғылыми білім ақиқатты түсіндірудің соңы емес, ғылыми білім толықтырылып, жетілдіріліп отырады дейтін бағыт:
фаллибизм
81
Философияның ерекшеліктерінің бірі:
абстракциялы ойлау
82
Айнала қоршаған орта, бүкіл Әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы ойлар, пікірлер мен түсініктердің жиынтыны:
дүниеге көзкарас
83
Диалектиканың басты категориялары:
форма мен мазмұн
84
Ұғымдарды, мәтіндерді түсіндірумен байланысты философиялық әдіс:
герменевтика
85
Бүкіл болмысты биікке, жақсылыққа, табысқа жетелеуші, адам жанын жарқындыққа бөлеуші, адамның жанының, «жалыны» жанның жоғарғы сапасы:
рух
86
Қоғам мүшелерінің бір-бірімен мән-мағыналар алмасуының басты тетігі:
тіл
87
Аристотельдің Платонға қарсы ойы:
Идея табиғаттан бұрын өмір сүретін бастау емес,материалдық заттардың санадағы бейнесі
88
Конфуцийдің этикалық философиясының түйіні:
«Өзіңе тілемегенді басқаға тілеме»
89
Әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз күшін байланыстыра отырып ой тұжырымдау:
космоцентризм
90
Білім дегеніміз:
зерделенген дұрыс сенім
91
Аристотель бойынша заттың неден пайда болатынын білдіретін болмыстың төрт себебінің бірі:
материалдық себеп
92
Психоанализм теориясы бойынша адамның өзіндік сана деңгейінде жасайтын іс-әрекеттері психиканың қай деңгейіне тән?
Ego
93
Дүниеде өмір сүріп жатқанның барлығын қамтитын кең көлемді философиялық категория:
Болмыс
94
Джон Локктын "Tabula Rasa" концепциясын білдіретін жауапты тандаңыз:
білім – апостериорлы
95
Элейлік Зенонның апорияларының мәні:
ойлау үшін қозғалыстың жоқтығын дәлелдеу
96
Абайдың айтуы бойынша Алланың тануы не арқылы болуы керек?
Махаббат
97
Дидро Гельвиций,А.Құнанбайұлы,Ы.Алтынсарин сияқты философтардың көзқарастарындағы ортақ идея
білімді тарату арқылы өмірді жетілдіру идеясы
98
Гегель ілімі бойынша дүниежүзілік тарихтың негізгі қозғаушы күші
Абсолюттік Рух
99
Абай Құнанбайұлы "әрбір істің себебін іздеушілер" деп кімді атады
Философтарды ( хәкімдер)