暗記メーカー
ログイン
574-604
  • Aida Kumar

  • 問題数 31 • 4/12/2024

    記憶度

    完璧

    4

    覚えた

    13

    うろ覚え

    0

    苦手

    0

    未解答

    0

    アカウント登録して、解答結果を保存しよう

    問題一覧

  • 1

    574. Дәрігерге 11 жастағы бала 5 ай бойы аш қарынға ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, қыжылдау, сирек жағдайда құсу, іш қату шағымдарымен келіп түсті. Қарау кезінде терісі бозғылт, ішті пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Грегерсон сынамасы оң мәнді. Балада не болуы мүмкін:

    асқазан ішек жолдарынан қан кету

  • 2

    575. 10 жастағы бала тамақтанғаннан кейін көп ұзамай эпигастрий аймағында ауырсынуға шағымданады. Кейде жүрек айнуы, жиі кекіру, үнемі іш қату туралы алаңдайды. Анамнезінде: 6 жасында сальмонеллезбен ауырған. Тексеру кезінде: эпигастрийде ауырсыну, тілдің жамылғысы. "Қой кұмалақ" нәжіс. Ең алдымен ас қорыту жүйесінің қандай ауруы туралы ойлауға болады?

    гастродуоденит

  • 3

    576. 11 жастағы қыз балада бірнеше ай бойы тамақ ішер алдында эпигастрийде ауырсыну, жүрек айнуы, қыжылдау, кекіру байқалады. Бауыры қабырға доғасының шетінде. Өт қабының зақымдану белгілері теріс. Қандай зерттеу осы аурудағы эндоскопиялық өзгерістердің сипатын анықтайды

    фиброгастродуоденоскопия

  • 4

    577. Артритті емдеуге байланысты 9 жастағы қыз бала бір ай бойы стероид емес қабынуға қарсы препараттарды алды. Эпигастрий аймағында , кіндік айналасында ауырсыну туралы шағымдар пайда болды, тәбеті төмендеді, эпигастрияның ауырсынуы байқалды. Іш қату. Уреаздың тыныстық тест теріс. Этиология бойынша қандай ауру:

    реактивті

  • 5

    578. Ер бала 9 жаста. Тамақтанар алдында әртүрлі қарқындылықтағы эпигастрий ауруы, кешкі ауырсыну туралы шағымданады. Тамақтан кейін ауырсыну азаяды, тәбет сақталған. Бір рет құсу, қыжылдау. Шағымдардың мезгіл-мезгіл пайда болуымен 3 жыл ауырады. Эмоционалды тұрақсыз. Пальпация кезінде эпигастрийде ауырсыну. Бауыр пальпацияланбайды. Өт қабы белгілері теріс. Сіздің диагнозыңыз:

    созылмалы гастродуоденит, ойық жара тәрізді түрі

  • 6

    579. 14 жастағы қыз бала тамақтанғаннан кейін іштің ауыруына, кекіруге, жүрек айнуына, эпигастрийде қыжылдау, бірнеше жыл бойы іш қатуға бейімділігіне шағымданады. Аурудың этиологиясын қандай зерттеу көрсетеді:

    хеликобактерге тексеру

  • 7

    580. H. руlori вируленттілігінің негізгі факторы қандай?

    уреаза

  • 8

    581. Антацидты препараттарға жатады:

    маалокс

  • 9

    582. H2 гистамин рецепторлары блокаторлар тобынан антисекреторлық препараттарға жатады?

    фамотидин

  • 10

    583. Протон помпасының блокаторлар тобынан антисекреторлық препараттарға жатады:

    омепразол

  • 11

    584. Бала 13 жаста. Бірнеше жылдар бойы іштің ауыруы байқалады, соңғы ай жиілеп кетті, Мойнинг ауырсыну ырғағы пайда болды. Тәбет сақталған. Қарау кезінде ваготонияның белгілері, пилородуоденальды аймақтағы ауырсыну. Сіздің диагнозыңыз.

    ойық жара ауруы

  • 12

    585. Бала 11 жаста. Бірнеше жылдар бойы іштің ауыруы байқалады, соңғы ай жиілеп кетті, Мойнинг ауырсыну ырғағы пайда болды. 2 сағат бұрын эпигастрийде өткір "қанжар" ауруы пайда болды. Тексеру кезінде алдыңғы іш қабырғасының кернеуі. Сіздің диагнозыңыз?

    ойық жара перфорациясы

  • 13

    586. Ұйқы безінің экзокринді бөлігінің зақымдануы қандай ауруда кездесетінін таңдаңыз:

    муковисцидоз

  • 14

    587. Муковисцидоз диагнозын келесі әдіспен нақтылауға болады:

    терде хлоридтер концентрациясын анықтау

  • 15

    588. Муковисцидоз диагнозын растайтын тексерісті таңдаңыз:

    ДНК анализі

  • 16

    589. 4 жастағы балада созылмалы бронхиттің өршу сатысында қандай сырылдар немесе қосымша шуларды естуге болатынын таңдаңыз:

    тұрақты жайылған ылғалды әртүрлі калибрлы

  • 17

    590. Пневмониямен ауыратын балада тыныс жетіспеушілік даму клиникалық көрінісін таңдаңыз:

    аралас ентігу

  • 18

    591. Созылмалы бронхит дамуының патогенетикалық механизмін таңдаңыз:

    псевдоаллергия

  • 19

    592. Муковисцидоз диагнозын нақтылау үшін келесі зерттеу әдісі ең ақпаратты болып табылады:

    тер сынама

  • 20

    593. 7 жасар ер бала. 3,5 айға созылған өнімді жөтелдің қайталамалы эпизодтары. Тексергенде: өкпесінде диффузды сырылдары бар. Созылмалы бронхит диагноз қойылды. Диагностиканың негізгі критериі не болып табылады:

    биопсия материалы – бронх кілегейінде қайтымлы өзгерістер

  • 21

    594. 4 жастағы балада туылғаннан бастап жөтел мазалайды, кейінгі жылдары іріңді жабысқақ қақырыкпен жөтел, тұрақсыз көп мөлшерде сасық иісті нәжіс пайда болды. Қай патология туралы ойлауға болады?

    муковисцидоз, аралас түрімуковисцидоз, аралас түрі

  • 22

    595. 1,5 жастағы ер бала, ауруханаға мазасыздыққа, екі реттік құсуға, сұйық нәжіске (күніне 3 рет), жөтелге шағынданып түсті. Дене температурасы 38,50С. Тері жамылғысы бозғылт-сұр, тері серпімділігі сақталған. Ентікпе, ТЖ минутына 68 ретке дейін, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен. Пульс 136 рет минутына. Рентгенограммада – оң жақтық төменгі бөліктік пневмония. Қан анализінде лейкоцитоз 19х109/л. Бұл жағдайда қандай синдром басты болып табылады?

    тыныс жетіспеушілігі

  • 23

    596. 10 айлық бала ошақты пневмония бойынша стационарда ем қабылдап жатыр. Жөтел, t 38,0С, қосымша бұлшықеттің қатысуынсыз, тыныш жағдайда болмайтын өзгермелі ентігу мазалайды. Цианозы периоральды, тұрақты емес. ЖСЖ:ТЖ= 3,5-2,5:1. Қандай синдром орын алады?

    тыныс жетіспеушілігі I дәрежесі

  • 24

    597. 14 жастағы ер бала, шағымдары: қақырықпен кетпейтін жөтел, 2 ай бойы мазалайды. Ауырғанына екінші жыл. Анамнезінде: отбасы жағдайы қолайсыз, бала 12 жастан бастап темекі шегеді, марихуану «қолданған». Объективті қарағанда: физикалық дамуда қалыс қалады, бозғылт. Өкпесінде қатқыл тыныс фонында шашыранды әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Перкуторлы дыбысы өзгермеген. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зертеулерді жүргізу қажет?

    биопсиямен бронхоскопия

  • 25

    598. 4 жастағы ер бала. Анамнезінде: қайталамалы ауыр өтетін бронх-өкпелік аурулар. Физикалық дамуы қалыс қалған. Нәжісі сұйық, сасық. Үлкен ағалары белгісіз этиологиялы пневмония мен ішек инфекциясынан ерте жасында өлген. Қандай зерттеу диагнозды анықтауға көмектеседі?

    терлік сынамасы

  • 26

    599. Балада туылған кезде меконеальды илеус анықталды. Кейіннен ішек өтімсіздігіне күдікпен ауруханаға бірнеше рет түсті. Тексеру кезінде гипотрофия, трофикалық бұзылулар, іш қату, майлы жылтырлығымен нәжіс. Қандай ауру орын алады?

    муковисцидоз, ішек түрі

  • 27

    600. Мектеп дейінгі жасындағы бала гипотрофия, іш қату, ішек түиілуіне күдікпен ауруханаға бірнеше рет қабылданған. Пилокорпин сынама терде хлор мен натрийдің жоғары мөлшерін анықтады. Басқа мүшелер жағынан ерекшеліксіз. Асқазан-ішек жолдарындағы бұзылуларды түзету үшін қандай препараттарды тағайындау тиімді:

    ферментативті препараттар

  • 28

    601. 6 жастағы балада ерте жастан бастап тұрақты іш қату, жабысқақ нәжіс. Салмақ қоспайды, іші үлкейген. Анамнезінде отбасында үлкен баласы туғаннан кейін ішек өтімсіздігінен қайтыс болған. Тексеру кезінде антиглиадинге қарсы антиденелер табылған жоқ. Туыстарында созылмалы бронхөкпелік аурулар бар. Бұл аурудың диеталық терапиясында не қарастырылған:

    тамақтың калориясын жоғарылату

  • 29

    602. Балада жиі ұзаққа созылатын бронхөкпелік аурулар, «дабыл таяқшалары», «сағат әйнектері», кеуде деформациясы, тұтқыр қақырық, синуситтер, іш қатулар. Төмендегі зерттеулердің қайсысы диагнозды дәл анықтайды?

    ДНҚ анализі

  • 30

    603. Бала 5 айлық. 4 күн бойы бронхиолитпен ауруханада жатыр. Тыныс жетіспеушілігіне байланысты жағдайы ауыр. Брадипноэ пайда болды, мезгіл-мезгіл Чейн-Стокс тынысы, санасы бұзылған. Бұл балада тыныс жетіспеушілігімен күресу үшін не тиімді болады:

    өкпені жасанды желдету

  • 31

    604. Қыз бала, 5 ай, ауруханада ошақты пневмониямен емделуде. Мазалайтын жөтел, to қалыпты, бронхообструкция белгілерсіз тыныш жағдайдағы ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшық еттердің қатысуы. Цианоз периоральды. ЖСЖ: ТЖ= 2,0:1. Бұл синдромда қандай ем көрсетілген?

    өттегі терапия