問題一覧
1
«Бағаның болмауы … бағаның ең нашар түрі болып табылады, себебі бұл бағыт беретін әсер емес, керісінше бағыт бермейтін әсер…»-деген пікір білдірген ғалым?
Б.Г.Ананьев
2
«Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады» Қай принципке сай келеді?
Шынайылық, сенімділік және валидтілік
3
Қалыптастырушы бағалаудағы мұғалімнің рөлі
оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынады
4
Жаңа оқу бағдарламасының бір ерекшелігі
оқушылар қателік жіберуге қорықпайтын, өздігінен шешім қабылдау мәдениетін қолдайды
5
Жаңартылған оқу бағдарламасының маңызды қағидасы
спираль (шиыршық) тәрізді оқыту
6
Learning for mastery жақсы оқитын білім алушы мен нашар оқитын білім алушы нәтижелерінде 90% айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі неше факторды анықтайды?
Үш фактор
7
Сабақты жоспарлай отырып, оқу бағдарламасына және оқу жоспарына жүгіну неліктен маңызды?
бір-бірімен тығыз байланысты
8
Оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым
дескриптор
9
Оқушылардың сабаққа қатысуы, сабақтың тақырыптары, тоқсандық және жылдық бағалар нәтижелерін тіркейді
сынып журналы
10
Модерация ... өтеді
бірдей сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен
11
Баға – дегеніміз…
бағалау процесінің нәтижесі, бағалау әрекеті немесе қызметі, кері байланыстың сапалық ақпараты.
12
…-білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме
бағалау критерийі
13
Жаңартылған бағдарламаның міндеттері:
қажетті дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету
14
Нақты критерийлерге сүйене отырып оқушылардың жұмыстарына ауызша жəне жазбаша түрде түсіндірмелер беру үдерісі
кері байланыс
15
Оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау жəне түсіндіру үшін зерттеу жəне жоспарлау дағдыларын қолдануды талап ететін оқу əдісі
белсенді оқу
16
Оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым
оқу мақсаты
17
Пән бойынша оқыту мен бағалаудың практикасын көрсететін материалдарды жинақтау, тіркеу тәсілі?
Мұғалімнің портфолиосы
18
Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру:
тиімді жоспарлау және ресурстар
19
Қысқа мерзімді жоспар неден басталады?
сабақ мақсатын дұрыс құрудан
20
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Д.Брунердің қандай еңбегінде танымдық теорияға негізделіп қарастырылған?
«Білім беру үдерісі»
21
Оқылымға тән маңызды әрекеттерді атаңыз
қажетті деректерді түсіну, сұрыптап алу, түсініп оқу
22
Мәтінге тән белгілерді атаңыз
мазмұндық тұтастық, бүтін жүйе
23
Жоғары және орта кезеңді аяқтағанда өткізілетін рәсім
жиынтық бағалау
24
Жаңартылған оқу бағдарламасының бір ерекшелігі
оқушылар қателік жіберуге қорықпайтын, өздігінен шешім қабылдау мәдениетін қолдайды
25
Критериалды бағалау ұғымын кім енгізді?
Р.Глейзер
26
Оқу сауаттылығының компоненттерін ата
мәтін, жағдаят и аспект
27
Оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай
тапсырма
28
Сабақтың құрылымы неге байланысты?
сабақ типіне
29
Пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша жеткілікті білімін және түсінігін көрсетеді
орташа деңгей
30
Модерация дегеніміз не?
бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі.
31
«Тапсырма» сөзіне анықтама бер.
оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай
32
Оқушыға сырттан әсер ететін факторларға негізделген
сыртқы уәж
33
Оқушылардың ілгерілеуі мен жетістіктерін қалай көрсетуге болады?
бағалау критерийлері арқылы
34
Критериалды бағалаудың артықшылығы
Әділдігі
35
Бағалау функцияларына жатпайтын қатарды табыңыз:
коммуникациялық
36
Оқушылардың дамуына ықпалын тигізетін нақты кері байланыспен қамтамасыз ету бағалаудың қай түріне сәйкес келеді
қалыптастырушы бағалау
37
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың неше түрі қолданылады
екі
38
Идеяны тұжырымдауға қолдау көрсетеді, жоспарлаудың әртүрлі әдістерін модельдеп көрсетеді және бастапқы нұсқаны зерделейтін кезең
жазу алдында
39
Критериалды бағалау неше қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:
бес
40
Мұғалім нені үйретсе, оқушылар соны үйренеді. Қай қажеттілікке жатады?
білу
41
Сыни ойлауды дамыту құрылымы:
дәлелдеу мен салыстыру
42
Айтылым дегеніміз:
қарым-қатынас барысында өз ойын жарыққа шығару
43
Білімді игеруге бағытталған 6 қадам идеясын нақтылайтын иерархиялық жүйені көрсетіңіз.
Блум таксономиясы
44
Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үрдісінде нені айқындауға болады?
оқудың нұсқалары мен әдістерінің көптүрлілігі көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы
45
Тікелей оқыту қағидаттары мен оқытудың сындарлы тәсілін үйлестіріп, дағдыларды көрсету арқылы оқуға жетекшілік етеді
модельдеуші мұғалім
46
«Миға шабуыл» ұғымына дұрыс анықтама берініз
Қиын мәселені бірлесе шешу жолын іздеуге бағытталған ойлау процесін жандандыру
47
Оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым?
Дескриптор
48
Критериалды бағалау бөлінеді
Қалыптастырушы/жиынтық
49
Тоқсандық және жылдық бағалар нәтижелерін тіркейді
оқушы табелі
50
Топтық жұмыс құрудың негізгі қағидаты
бірлесе әрекет ету қағидаты
51
Бағалаудың қағидаттары
әр оқушының кемшілігін емес, мүмкіндіктерін анықтайды
52
Уəжді өсіретін факторды атаңыз
əр оқушыға жеке қолдау көрсетуі
53
Оқушылар жетістіктерін бағалаудың негізгі мақсаты
білім нәтижелерінің алдын-ала жоспарланғанымен сәйкестік дәрежесін анықтау
54
«Миға шабуыл» ұғымына дұрыс анықтама берініз.
қиын мәселені бірлесе шешу жолын іздеуге бағытталған ойлау процесін жандандыру
55
Бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі
модерация
56
Қазақстанда ең алғаш критериалды бағалау жүйесін ендіру тұжырымдамасын жүзеге асырушы қандай білім беру ұйымы
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ
57
Идеяларды жинақтап, жазуға дайындалу
ойды түртіп алу кезеңі
58
Оқушылар оқуды пәндерге қарай жіктейді, оқу тәжірибесі де пән мазмұнына қарай жіктелген. Бұл...
оқуға бағдарлау
59
Белсенді оқу бұл ...
оқушының белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі
60
Критериалды бағалаудың «үздіксіздік» қағидатына жататын қатарды табыңыз:
дер кезінде және пайдалы ақпараттар ұсыну мақсатында бағалау үнемі жүргізіледі
61
Тиімді тыңдалымның ерекшеліктері
басқа адамның не айтып отырғанына шынайы қызығушылық таныту
62
Пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді
төмен деңгей
63
Оқушылардың ілгерілеуі мен жетістіктерін қалай көрсетуге болады?
бағалау критерийлері
64
Мұғалім дайындайтын жеке сабақтың жоспары
қысқа мерзімді жоспар
65
Бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі
модерация
66
Жетістік критерийлері-
оқу мақсатына жеткені туралы мұғалімдер мен оқушылардың мойындайтын тұжырымы
67
Жаңартылған оқу бағдарламасында қарым-қатынас құрудың маңызы неде?
пән бойынша арнайы лексиканы пайдалану, төрт дағдыны пайдалану
68
Критериалды бағалаудың түрлері?
Қалыптастырушы және жиынтық
69
Сыртқы бағалау қай уақытта жүзеге асады?
Жиынтық бағалау
70
….-білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға,оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
қалыптастырушы бағалау
71
Жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты жəне бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастыратын білім беру бағдарламасы (Брунер)
спиральді
72
Қалыптастырушы бағалау принципі
бағалау белгіленбейді
73
Жұмыстың алдын ала белгіленген табыс критерийлеріне сәйкестігін тексереді, түзететін кезең
жазып болғаннан кейін
74
Дескриптор қай кезеңде қолданылады?
Күнделікті сабақ жоспарында
75
Жазылым дағдысы бойынша оқушылар...
әртүрлі стильдер мен жанрларда жаза біледі, жоспарлай біледі
76
білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі қалай аталады
оқу жетістігін бағалау
77
Жиынтық бағалау өз кезегінде қанша рәсімнен тұрады
үш
78
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мәнін анықтаныз
оқушылардың өз беттерінше ойлауларын қалыптырады
79
Қандай да бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір
кері байланыс
80
Оқушылардың үлгерімін алдын ала белгіленген талаптардың нақты жиынтығы көмегімен өлшенуі
критериалды бағалау
81
Айтылым және тыңдалым дағдылары бойынша оқушылар...
ақпаратты түсіну және жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді
82
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының мақсаты
жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделігінің өсу ретімен, мазмұнымен танысу
83
Тиімді тыңдау қадамдары
тек сөзді ғана тыңдамай, айтылғанның мазмұнын сезіну
84
Жиынтық бағалау балдары (бөлім,тоқсан), тоқсандық және жылдық бағалар нәтижесін тіркейді
электрондық журнал
85
Шиыршық тәрізді оқытуға құрылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі
86
Оқушының портфолиосы-
оқушылардың нақты бір кезеңдегі жеке оқу жетістіктерін белгілеу мен бағалау бойынша жинақтау, тіркеу тәсілі
87
Қысқа мерзімді жоспарлауда неге назар аударылады?
сабақ тиімділігіне
88
Модерацияны тиімді өткізу үшін жүргізілетін жағдайлар
ашық және айқын қарым-қатынас
89
Оқылым дағдысы бойынша оқушылар...
мәтіннің мазмұны мен лексикасын ұғады
90
Оқушылардың оқуға қызығушылығын жоғалтуға əкеліп соғатын жағдай
мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі
91
Ақпаратты талдап, талқылауда жəне өз нəтижелерімен таныстырарда бірлескен тұлғааралық өзара əрекеттесуді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал
диалогтік оқу
92
Үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі?
Қалыптастырушы бағалау
93
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет ұсынған ғалым ?
Роберт Юджин Глейзер (1963)
94
Жеке тұлғаның өзінен туындайтын, бастау алатын уәж
ішкі уәж
95
Тест спецификациясы дегеніміз не?
Жиынтық бағалаудың мазмұны мен форматын көрсететін құжат
96
Білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме?
Бағалау критерийі
97
Әр тоқсанның соңында және оқу жылының соңында оқушылардың үлгерімін бағалау
ішкі жиынтық бағалау
98
Бірлескен іс-әрекет нәтиже беретін орта
коллаборативті орта
99
Тиімді оқыту мен оқудың сипаттамалары
белсенді оқу