問題一覧
1
Балаларға берілетін D дәруменінің профилактикалық мөлшеріне берілген көрсеткіштердің қайсысы жатады (ME)?
500
2
Берілгендердің қайсысы балалардағы лейкоз кезінде байқалады?
Гиперпластық және геморрагиялық синдром
3
Берілгендердің қайсысы іштің теріасты-майлы қабатының жұқаруын сипаттайды?
Гипотрофия 2 дәреже
4
Бала 8 жаста. Жөтел кезіндегі ауру сезіміне, оң жақ кеудесінің ауырсынауына, дене температурасының жоғарылауына, тәбеттің нашарлануына шағымданады. Жөтелген кезде ауырсыну күшейе түседі. Анамнезінен: 2 күннен бері ауырады. Объективті: жағдайы ауыр, бозарып кеткен, мұрын-ерін үшбұрышында айқын цианоз. Тыныс жиілігі минутына 60, пульс минутына 160. Жүрек тондары дыбыссыз. Осы науқастағы басым мәселеге берілгендердің қайсысы жатады?
Жөтелген кезде кеуденің ауырсынуы
5
Бала 5 жаста. Дене температурасының жоғарылауына , әлсіздікке, тәбеттің нашарлануы, беті мен аяқ қолының ісінуіне шағымданады. Анамнезінен: 2 жылдан бері ауырады, жағдайының соңғы өршуі бір апта бұрын болған, ЖРВИ-мен ауырғанымен байланыстырады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде, бала енжар, қыңыр. Температура 38.0 С. Терісі таза, бозарған, беті мен аяқ қолы айқын ісінген. ЖЖЖ минутына 116 рет, тыныс жиілігі минутына 24 рет, АҚ 105/70 мм сынап бағаны. Кіші дәретке сирек барады, аз мөлшермен. Пастернацкий симптомы екі жақтан да оң. ЗЖТ: ақуыз -3,3 зр-2-3 көру өрісінде, лей-2-3 көру өрісінде, цил 5-6 көру өрісінде, тығыздығы 1012. Осы науқаста берілген синдромдардың қайсысы анықталады?
Нефротикалық синдром
6
Бала 9 айлық. Дене теемпературасының жоғарылауына, әлсіздікке, жиі жөтелуге, тәбеттің нашарлануына шағымданады. 3 күннен бері ауырады. Анамнезінен: сәби 1-ші жетілген жүктіліктен туылған. 1 жасқа дейін ана сүтін емген, әрі қарай жасанды тамақтандыру. Анасында сиыр сүтіне аллергия бар. 3 айынан бастап баздану байқалады. Ентікпе пайда болған. Объективті:жағдайы ауы. Терісі бозарған, мұрын-ерін үшбұрышында айқын цианоз. Тыныс жиілігі минутына 48, тынысы қашықтан естіледі. Ұрттың тетрісінде ашық гиперемия, қабыршықтану, табиғи қатпарлар терісінде ылғалдық. Өкпесінде қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, екі жағынан да құрғақ шашыраңқы және ылғалды орташа калибрлі сырылдар естіледі. ЖЖЖ минутына 160 соғу, тондары дыбыссыз. Баланың диагнозын анықтау үшін берілген тексерулердің қайсысын өткізу қажет?
Кеуде қуысының рентгенографиясы
7
Бала 2,5 айлық. Құсуға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: 2-ші жүктіліктен, II жартысында гестоз болған. Туылғандығы салмағы 3600г. 3,5 аптадан бастап жиі лоқсиды, әрбір тамақтандырудан кейін «фонтанды» құсуға дейін жетеді. Объективті: тері жабындары бозарған, құрғақтау мәрмәрлік суреттермен. Теріасты май қабаты іші мен аяқ-қолдарында жұқарған, тіндер тургоры нашарлаған, бұлшықеттік гипотония. Ішкі ағзаларында патология жоқ. Тексерген кезде баланы салмағы 4000гр. Берілгендердің қайсысы баланың осы жағдайының нашарлауына себеп бола алады?
Құсу
8
Бала 9 айлық .Клиникаға теміртапшылықты анемия, орташа-ауыр түрі диагнозымен түсті. Тері жабындарының бозаруына, тәбеттің нашарлауына, ұйқысының бұзылысына шағымданады. Сәби 2 айлық кезінен бастап жасанды тамақтандыруға көшкен. Көкөністер езбесін 5 айында қосқан, алайда оны сүйсініп жемейді, сондықтан анда-санда береді. Шырындарды (жүзім және сәбіз) да эпизодты ішеді. Ет сорпасын, тауық фаршын, ірімшікті күнделікті жейді. Қандай іс-шараны мейіргерлік күтіп-қарау және бақылау жоспарына енгізуге болады?
Тамақ рационына темірге бай өнімдерді қосу
9
54 жасар науқас дерматологқа башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Болжамды диагноз:
Табан эпидермофитиясы
10
12 жасар балада үй жағдайында консервіленген тағамды қабылдағаннан кейін тамақты жұту кезінде шашалу, көзіне заттардың қос көрінуі (диплопия), жиі сұйық нәжіс, бұлшық ет әлсіздігі байқалды. Қандай ауру дамыды?
Ботулизм
11
Бұлшық етке инъекция жасауда инъекция орны дұрыс таңдап алынбаса, дәрілік заттың тітіркендіру әсері болған жағдайда қандай асқыну пайда болуы мүмкін:
Жүйке бағанасының зақымдануы
12
Босану үйіне жүктілік мерзімі 32-33 апталық жүкті әйел жедел жәрдем машинасымен жеткізілген. Шағымдары: басы ауырады, құлағында шу естіледі, көз алдында жалтылдау симптомы, әйелді палатаға ауыстыруға шешім қабылдаған кезде құрысу басталды. Дәрігерге дейінгі қандай көмекті көрсету қажет?
Тілін тістеп алуды болдырмау
13
Ер адам, 23 жаста жарты сағат бұрын оң аяқтың табан сирақ буынын сыртқа қарай қайырып алғанын анықтады. Объективті: айқын ісіну , буынының ауырсынуы, вальгустық деформация. Табан-сирақ буынының қатты ауырсынуының салдарынан қозғалысы мүмкін емес. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқасқа көмек жүргізу тактикасы ?
Ауырсынуды басу, Иммобилизация, транспартировка
14
Нәрестеге 28 күн. Жүктілік пен босану қалыпты өткен. Туылған кездегі салмағы 3000гр, бойы 50 см. Апгар шкаласы бойынша 9-10 балл. Төске алғашқы тәулікте салынған. Перзентханадан 2 тәулікте шыққан. Кіндік қалдығы 3 тәулікте түскен. Баланы емізеді. Қарау кезінде мазасыздыққа, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Дене салмағының қосылуы айына 500 гр. Терізі таза, тынысы пуэрильді, жүрек тондары айқын. Бауыр қабырға доғасы тұсында зәр шығару тәулігіне 3 рет. Нәжісі 2 күнде 1 рет. Баланы жүргізу әрекетін көрсетіңіз:
Тамақтандыруды бақылау
15
Әйел адам 58 жаста. 1 сағат ішінде жағдайы нашарлаған,сол жақ аяқ-қолдарында әлсіздікті сезінген, сөйлеуі нашарлаған. Анамнезінде : ЖИА, АГ Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. АҚ 160/100 мм с.б. Неврологиялық статус: сол жақтық гемипарез, қолда басымырақ. Моторлы афазия. Болжамды диагноз қойылды: ЖМҚБ Ишемиялық инсульт. Стационарға транспартировка қандай қалыпта жүргізіледі?
Басын 30 градусқа көтеріп арқада жатқан күйде
16
Ер адам 56 жаста, 3 сағаттан жоғары төс артының күйдіріп ауырсынуына, ауа жеткіліксіздігіне шағымданды. Объективті : жағдайы орташа ауырлықта, қашықтықтан қырылдаған сырылдар естіледі. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Өкпесінің төменгі бөлімдерінде әр түрлі калибрлі ылғалы сырылдар естіледі. ТАЖ-28 минутына. Жүрек тондщары тұйық, ритмі дұрыс. АҚ – 100 минутына. Науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған?
Өкпенің ісінуі
17
Ер адам, 35 жаста. Шағымдары: төс қуысындағы ауырсыну және дискомфорт сезімі, жөтелу кезінде үдейтін ауырсыну, әр дем алу кезінде ентікпенің күшеюі, айқын әлсіздік, бас айналуы. Травма 30 мин бұрын болған. Зардап шегуші көлікте рөль мен орындық арасында қысылып қалған. Объективті: жағдайы ауыр, есі айқын, қозу күйінд, мәжбүрлә күйде сол жақ қырымен жарақатын қолмен қатты басуда. Тері жабындылары бозарған,ылғалды,диффузды цианоз. ТАЖ- 26 мин, ЖСЖ- 120 мин. АҚ 100/60 мм с.б. Локальді: кеуде қуысының сол жағында бұғана ортаңғы сызығы бойымен 6-7 қабырға аралықта, қансыраған жарақат бар, өлшемі 3х4см, демді алғанда және дем шығарғанда жарақаттан ауа шығады, жарақатқа жақын орналасқан аймақтарды пальпациялау кезінде – крепитация симптомы оң. Осы пациентке көмек көрсетуде бірінші кезекте орындалатын іс шара:
Окклюзивті таңғыш салу
18
16 жастағы қыз бала тұншығу ұстамасында, дем шығарудың қиындауына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінен: ерте балалық шақтан бастап цитрустық тағамдарға аллергиясы бар. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Тері жабындылары бозғылт. Пульс -90 соққы/мин, АҚ -120/80 мм с.б. ТАЖ- минутына 22. Өкпеде ұзартылған дем шығару кезінде қатұыл тыныс, көп мөлшерде тыныс диффузды құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Сіздің болжамыңыз:
Бронх демікпесі
19
Әйел, 67 жаста, ДЕ-ке тіркелген: дәрігердің қабылдауында «бронх демікпесі» кенеттен тыныс алуы қиындап, ауа жетіспейтін сезім пайда болды. Кеудедегі өте жағымсыз сезім, қысу сияқты. Науқасқа қандай алғашқы көмек көрсету керек?
Қалта ингаляторын қолдану
20
АИТВ инфекциясының таралуында ең жиі кездесетін берілу жолы:
Жыныстық
21
Аурулардың біріншілік алдын алу кезінде:
Тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыру және аурудың қауіп факторларының алдын алу
22
Науқас қабылдау бөлімшесіне көр реттік құсуға және сұйық үлкен дәретке, айқын әлсіздікке, аяқ-қолдағы құрысуларға, ауызының құрғауына шағымданып қаралған. 4 күннен бері ауырады. Науқас Үндістанда іссапарда болған және суды ашық су көздерінен пайдаланған. Болжамды диагноз: тырысқақ. Инфекция ошағында эпидемияға қарсы қандай іс-шара өткізу қажет?
Қатынаста болғандарды анықтау және оқшаулау
23
Науқас Н. 66 жаста, анамнезінде аяқтың терең венасының тромбофлебиті, кенеттен ентікпе дамыды, қан аралас жөтел, жүректің қатты соғысы, анық әлсіздік пайда болды. Бұл белгілердің дамуының себебі болып табылады:
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
24
Науқас 24 жаста, мейіргер, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөртпелерге шағыммен келдІ. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:
Шынайы экзема
25
Науқастың төсек жаймасын және іш киімін қанша рет ауыстыру қажет?
7 күнде бір рет және ластануына қарай
26
Науқас Б. 48 жаста, гастроэнтерологиялық бөлімшеде «Асқазанның ойық-жарасы, өршу фазасы» диагнозымен ауруханалық емделуде. Эпигастралды аймақтағы күшті ауырсынуға шағымданады, тамақтан соң 30-60 минуттан кейін пайда болады, ауамен кекіреді, кейде тамақпен, іші қатқан, іші қампайған, «кофе қоюы» түсінде бір рет құсу болған. Науқасты қандай тексеруге дайындау қажет?
Нәжісте жасырын қанның болуына талдау жасау
27
Науқас (жүктіліктің 33 аптасы)ұйқы кезінде кенеттен қынаптан көп мөлшерде сұйық бөлініс болды. Толғақ пен қан кету белгілері жоқ. Перзентханаға түскен әйелге мейіргер ең алдымен не жасау керек?
Мейіргерлік үрдістің кезеңдерін жүргізу және кезекші дәрігерді щақыру
28
Науқас 79 жаста, кардиологиялық бөлімшеге ЖИА, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен асқынуы жолымен ауруханалық емделуге түсті. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкеюіне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштықтағы болмашы ентікпеге шағымданады. Ентікпесі көлденең жатқанда үдей түседі, сол себепті нашар ұйықтайды. Ең бірінші жасалатын іс-шаралардың қайсысы басым мәселе бойынша мейіргерлік күтіп-қорғау жоспарына кіреді?
Науқасқа ыңғайлы отыру қалпын жасау
29
Науқас М. 73 жаста, соңғы айда ішінің ұлғайғанына, аяқтарында ісінудің және ентігудің пайда болуына шағымданады. Осы науқастың іш аймағын тексеруді шешіңіз. Іштегі патологиялық сұйықтықты анықтау үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын таңдайсыз?
Іштің перкуссиясы
30
Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Мишық ісігі
31
Науқас 19 жаста, диагнозы: «Жедел фолликулалық баспа», көктамыр ішіне бензилпенициллиннің 1000000 ЕД мөлшер тағайындалған. 1 мл-де 1000000 ЕД антибиотикті сұйылту үшін қанша мл ерітінді қажет:
10 мл
32
Науқасты тексеру барысында жүрек қағу жиілігі минутына 96 болса, тамыр соғысының жиілігі 86 болды. Бұл жағдайға анықтама беріңіз:
Пульс диссоциясы
33
Науқас 42 жаста, нефрология бөлімшесінде негізгі ауруы: «Созылмалы пиелонефрит, өршуі» жөнімен Мегасеф (цефуроксим) препараттарымен этиотропты ем қабылдайды, 750 мг мөлшерде тәулегіне 3 рет.кл. Осы антибиотикті сұйылту үшін 0,5% новокаин, ерітіндісін алмастыруға болатын ерітіндіні таңдаңыз:
Ампуладағы инъекция үшін су
34
Науқасқа көктамырға инъекция жасау кезінде мейіргер асептика ережесін бұзды, яғни бір реттік медициналық қолғаптар киген жоқ. Нәтижесінде мейіргердің қолына науқастың инесінен қан тамшысы тамып кетті. Мейіргер қандай әрекет жасауы тиіс?
Қолды ағынды сумен шаю
35
Науқас 46 жаста, онкология бөлімшесіне эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсынуға шағымданады, ауырсынуды басатын препараттар ауырсынуды тоқтатпайды, тәбеті нашарлаған, жүрегі айну, құсу, дене температурасы субфебрильді шамаға дейін жоғарылаған, соңғы айда 6 кг-ға жүдеген. Тексеру кезінде жалпы жағдайы ауыр, температура 38,1°С, тері жабындары бозарған, топырақ түстес. Науқастың қатты жүдегені назар аудартады. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында күрт ауырсыну және құрсақ қабырғасының алдыңғы бұлшықеттерінің кернеулігі. Төменде берілгендердің қайсысы мейіргерлік іс-шараның басым мәселесі болып табылады:
Ауруханаға түскеннен бастап шыққанға дейінгі сәтте ауырсыну
36
Науқас 50 жаста, эндокринология бөлімшесінде «Қантты диабет ІІ типті, инсулинге тәуелді» диагнозымен ауруханалық емделуде жатыр. Мейірбикелік тексеру кезінде аузының құрғауына, шөлдеуге, тері жабындарының қышуына, кіші дәретке ауырмай жиі баруға, орташа жалпы әлсіздікке шағымданады. Ақыл-есі анық, науқастың қалпы белсенді, өзін қоршаған кеңістікте дұрыс бағдарлай алады. Мейірбикемен сөйлесу кезінде жақсы қатынаста, шаршау мен нашар ұйқыға шағымданады. Әнгімелесу кезінде науқас тарапынан емнен тиімділік болуына сенімсіздік пен өзінің болашағына қауіппен қарау түріндегі үрейлі жағдай жағдай байқалады. Мейіргерлк іс-шараның ұзақ мерзімдік мақсатын таңдаңыз:
Инсулин мөлшерін түзету есебінен шөлдеуді, полиурияны, терінің қышынуын тоқтату
37
Науқас 29 жаста, гемотология бөлімшесіне «Теміртапшылықты анемия, ауыр ауырлықты дәреже» диагнозымен түсті. Мейірбикелік тексеру кезінде көрнекті жалпы әлсіздікке, жылдам шаршағыштыққа, құлағындағы шуға, көз алдының жарқырауына, болмашы физикалық күш түскенде болатын ентікпеге, тахикардияға, тәбетінің болмауына және бор, әк жегісі келетін дәмінің өзгеруіне шағымданады. Мейірбикемен сөйлесу кезінде науқас ашуланшақ, енжар, ауық-ауық не сөйлеп жатқанын ұмытып қалады. Өмір анамнезі мәліметтері бойынша анықталды: менархе 12 жаста, етеккірі жүйелі, көп келеді, ұзақтығы 7-10 күн, етеккір циклі 28 күн. Мейірбикелік іс-шараның қысқамерзімдік мақсатын таңдаңыз:
1 апта бойына тәбетін күшейту
38
Науқас 40 жаста, гинекологиялық бөлімшеде созылмалы бейспецификалық сальпингит диагнозымен ауруханалық емделуде. Вульва қынап аймағының қышуына, ақ етеккірінің бөлінуіне шағымданады. Мазасыз, жүйкесі тозған, ұйқысының бұзылғанын айтады. Объективті: жыныс ағзаларын тексерген кезде- кіші жыныс еріндерінің, қынап сілемейлі гиперемиясы, ірімшік тәрізді блінулер. Сыртқы жыныс ағзалары аймағында қасу іздері бар. Науқастың басым болатын мәселесін анықтаңыз:
Жыныс ағзалары аймағындағы қышыну мен ақ етеккір
39
Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректиің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен түсті. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезінде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Төсектегі қалпы мәжбүр-ортопноэ. Тері жабындары көкшілденген. Аяқ басы мен балтыры ісінген, Қ 140/60 мм сынап бағаны, ішінің көлемі үлкейген. Төменде берілген ем-шаралардың қайсысын науқасқа үйрету қажет?
Су балансын анықтау ережесімен
40
ОЖЖ зақымдану семиотикасына берілген симптомдардың қайсысы жатпайды?
Сарғайю
41
Берілгендердің қайсысы гипергликемиялық команың анағұрлым мүмкін болатын себебіне жатады?
Инсулиннің жеткіліксіз мөлшері
42
Бүкіл денеге таралған жайылмалы ісіну қалай аталады?
Анасарка
43
Баланың жоғары кернеулі электр тоқпен зақымдалуы кезінде ер болжамжы жүрек қызметінің тоқтау түрі:
Жүрек қарыншаларының фибрилляциясы
44
Берілген көрсеткіштердің қайсысы ашқарында глюкозаның қалыпты деңгейіне жатады?
3,3-5,5 ммоль/л
45
Бір сыныпта оқитын 7 оқушының арасынан бір жасөспірімге жедел А гепатиті диагнозы қойылды. Онымен қатынаста болған басқа жасөспірімдерге тағайындау қажет:
Иммуноглобулинді
46
Берілгендердің қайсысы егде және қарт жастағы науқастарда болатын миокард инфактісі ағымының ерекшелігіне жатады?
Атиптік түрі
47
Вирусты В гепатитіне қарсы бірінші вакцинаны төменде берілген қандай мерпзімде жасайды?
Өмірінің алғашқы 24 сағатында
48
Балада теміртапшылықты анемия кезінде мейірбике берілгендердің қайсысын ұсынады?
Ет
49
Берілген гормондардың қайсысы лактацияны күшейтеді?
Пролактин
50
Берілген симптомдардың қайсысы балалардағы жедел пневмонияның мүмкін болатын белгісіне жатады?
Ентікпе, перкуторлық дыбыстың қысқаруы
51
Берілген асқынулардың қайсысы лимфалық-гипопластикалық диатезбен ауыратын балалардың кенеттен болатын өлімін туындатуы мүмкін?
Бүйрес үсті безі безі жеткіліксіздігі
52
Берілгендердің қайсысы гемофилия дамуының себебіне жатады?
Қанның ұю жүйесі факторларының жеткіліксіздігі
53
Берілгендердің қайсысы ревматизм қоздырғышына жатады?
В-гемолитикалық стрептококк
54
Химиялық зерттеу жүргізіп жатқан кезде, мұғалім қауіпсіздік ткхникасын бұзған. Соның салдарынан көздің шырышты қабатына бром тиген. Шұғыл көмекті көрсетіңіз:
Сумен жақсылап шаю және ауырсынуды басу
55
Босану үйінің қабылдау бөлімшесіне алмасулық картасы жоқ жүкті әйел түсті. Оны қандай б?
АИТВ вирусына экспресс-тест жасау, ИФА анализдерін жасау
56
Балаларда жүрек аймағында ауырсынудың пайда болуының мүмкін болатын механизміне берілгендердің қайсысы жатады?
Нейрогенді факторлар
57
Халыққа ауруханалық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым:
Қалалық көпбейінді аурухана
58
Берілген жағдайлардың қайсысын ауруханаішілік жұқтыру ретінде құрастыруға болады?
Ауруханаға түскеніне 10 күн болған холециститпен ауыратын науқасты бактериологиялық зерттеу кезінде анықталған сальмонеллез
59
Балалар бақшасының мейірбикесі балаларды күнделікті тексеруде 2 жастағықыздың аузындағы сілемейлі қабықшадан бірнеше жеңіл жарылатын көпіршіктер мен эрозияларды тапқан, сарғыш-сұр түспен жабылған, ашық-қызғылт жиекпен өоршалған. Баладан сілекей ағу күшейген, ерні ісінген. Жақасты лимфа түйіндері үлкейген эәне ауырсынады. Бала тамақ ішуден бас тартады, қыңырланады, балалармен ойнамайды, дене температурасы 37,3ºС. Мейірбике балада герпестік стоматиттің болуын болжамдады. Ең бірінші жасалатын іс-шаралардың қайсысын мейірбике өткізу қажет?
Ата-анасы келгенше оқшаулау керек
60
Зимницкий бойынша зәр жинау 77 жастағы Н есімді, амбулаторлық науқас үшін күрделі тапсырма. Егде жаспен атеросклероздың болуы салдарынан науқас мейіргер айтқан барлық тағайындауларды есте сақтай алмайды және орындай алмайды. Функционалды сынаманы өткізу үшін зәр жинауды Бақылауды қызына тапсырды,алдын ала қызына осының бәрін үйретті. Төменде берілгендердің қайсысы Зимницкий бойынща зәр жинау ережесіне жатады:
Қуықты босату уақыты 9:00,12.00,15.00,18.00,21:00,24: 00,03:00,06:00
61
Зардап шеккен ұзақ уақыт бойы суықта қалған екі қолдың саусвқтары қатты ауырсынуына шағымданды.Тексеру кезінде екі қолдың терісі цианозды, ісіну және мөлдір экссудатпен көпіршіктер көрінеді. Ауырсынуды басудағы мейіргердің тәуелді араласуы:
Промедол егу
62
Мерездің біріншілік белгісі :
Қатты шанкр
63
Магний сульфатын гипотензивті әсер көрсету мақсатында енгізу қажет :
Көк тамырға
64
Мониторинг болмаған жағдайда анафилактикалық шок болған науқасқа шұғыл көмек көрсету кезінде пульсті қандай аралықта өлшеу керек :
Әр 2-5 минут сайын
65
Мамандандырылған паллативті көмек қызметіне жатады:
Стационарлы хоспистар
66
Мұрыннан қан кеткен науқасқа көмек көрсету кезінде мейіргердің қолына науқастың қаны тамды.
Ағынды сумен жуу
67
Менингит диагностикасындағы маңызды:
Жұлын сұйықтығын зерттеу
68
Жағдайы ауыр науқастың шашын жууға қарсы көрсетілімге не жатады:
Бастағы жарақат
69
Жүкті әйел 20 жаста, геникологиялық бөлімшеге «жүктіліктің 8 аптасы ,ерте гистоз, орташа дәрежедегі құсу» диагнозымен түсті. Әлсіздікк,е басының айналуына, тәбетінің болмауына шағымданады. 3 кг жүдеген.Обьективті : тері жабындылары таза,бозарған, құрғақ, АҚ 100/80 мм.с.б. Пульс минутына 100 рет . Дене температурасы 37.7 градус.Мейіргер күтіп –қарау жоспарында басымдығы бойынша орын- орнына қойып таңдау жасауда, келесі іс – шаралардың қайсысы күтіп баптаудың ең басымына жатады?
Толығымен тыныштық жағдай және жүкт әйелдің көп ұйықтауы
70
Жұқпалы аурулардың көзі болғанда патогенді микроорганизмдерді және олардың тасымалдағыштарын жою бойынша іс- шара қандай дизинфекцияға жатады?
Профилактикалық
71
Жаңа туған нәрестеде сепсис дамуына күдіктенген кезде мейіргер жасайтын берілген әрекеттердің қайсысы анағұрлым оңтайлы болар еді?
Дәрігерді шақыру, маманданған ауруханаға ауыстыруға дайындау
72
Жүрек жарақатынан кейінгі көп қан жоғалтқан науқасқа айналымдағы қан көлемін толықтыру үшін ауруханаға дейінгі көмек:
Максимальді мүмкін жылдамдықпен коллоидты ерітінділермен инфузия
73
Жол апаты кезінде жүргізуші рульге төсімен қатты соғылды. Ыңырсиды,тыныс алуы беткей,жиі. Ауру сезімі тыныштықта сақталады, дем алғанда жөтелгенде ,қозғалғанда күшейеді.V-VI қабырғаны пальпациялау кезнде крепитация анықталды . Болжамды диагноз:
Қабырғалардың сынуыү
74
Жабысқақ күйлер неврозында кездеседі:
Обсессияұ
75
Жедел жүрек жеткіліксіздігі кезінде берілген дәрі- дәрмектердің қайсысын қолданады:?
Жүрек гликозидтері
76
Жаңа босанған әйел 30 жаста , шұғыл босанудан кейін тірі сәбимен туу залында жатыр. Жыныс жолдарынан бүтін ұрық жолдасы өз бетінше шыққаннан соң бірнеше минуттан кейін ауқымды қан кету басталды, мөлшері 300мл, тоқтаған жоқ.қан кету кезінде мейіргердің бірінші тактикасы:
2 шеткері веналарын катетеризациялау
77
Жаңа туған нәрестедегі іріңді-септикалық аурудың жайылымды түріне берілгендердің қайсысы жатады?
Омфалит
78
Жүрек ақауын анықтайтын нағұрлым маңызды әдіске берілген зерттеулердің қайсысы жатады?
Кеуде қуысын ағзаларына УДЗ
79
Жаңа туған нәрестелерде 4-6 күндері сүт безінің ісінуі мен үлкеюін төменде берілгендердің қайсысы сипаттайды?
Физиологиялық жағдай
80
Жаңа туған нәрестедегі асфексияның нақты белгісіне берілгендердің қайсысы жатады?
Тыныстың болмауы
81
Жаңа туған нәрестелердегі гемолитикалық ауру кезінде берілгендердің қайсысы организмге токсикалық әсер етеді?
Билирубин
82
Гемотрансфузиядан кейін пациенттің белінің ауруы, бас ауруы айналуы жалпы әлсіздік пайда болды. Бұл ненің көрсеткіші?
Қан құюдан кейінгі реакция
83
Гемофилия А кезінде қан кетуді тоқтатудың анағұрлым тиімді әдісіне берілгендердің қайсысы жатады?
Қан құю
84
Гипотрофияның І дәрежесі кезінде салмақ тапшылығына берілген көрсеткштердің қайсысы жатады?
5-10%
85
Созылмалы панкриатитте орынбасушы дәрілерге барлығы жатады мынадан басқасы:
Пепсин
86
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер қолданғанда паллативті науқастарда болатын ең ықтимал жанама әсерлер?
Эпителиалды пролиферацияның төмендеуі , асқорту жолының шырышты қабатының зақымдалуы
87
Сәби 3,5 айлық ,әлсіздікке тәбетінің нашарлауына , улкен дәретінің тұрақсыздығына шағымданады.Анамнезінен бір айдан бері ауырады .Бір ай бұрын баланы жасанды тамақтандыруға ауыстырған, себебі анасының сүті жоғалып кеткен, сиыр сүтімен тамақтандырады. Сәби 2-ші жүктіліктен ,туылғандағы салмағы 3000гр. Жасына сай дамыған .Обьективті тері жабындары бозарған құрғақтау, «мәрмәр» суреттер бар. Тері асты май қабаты іші мен аяқ қолдарында жұқарған тіндер тургоры нашарлаған , бұлшықеттік гтпотония. Ішкі ағзаларында патология жоқ.Тексерген кезде баланың салмағы 4000гр..Берілген диагноздардың қайсысы болуы ықтимал ?
Гипостатура
88
Сальмонеллез анықталған науқасты соматикалық бөлімшесінен инфекциялық бөлімшеге ауыстырғаннан кейін қандай шаралар орындау қажет :
Қорытынды дезинфекция жүргізу
89
Стерильді үстел ,үстелдің айналасындағы қабырғалар медициналық стоматологиялық үстелдер қандай ерітіндімен өңделеді:
1% хлорамин ерітіндісі
90
Сәби 1 айлық .Сәбидің мазасыздығына ұқысының нашарлауына шағымданады.Ана сүтін емеді,алайда емізу жүйесіз түрде. Емізуден кейін сәби мазасызданады. Үлкен дәреті тәулігіне 1 рет ботқа тәрізді қоспаларсыз.Тері бозарған ,тіндер тугоры әлсіреген.Бақылау үшін салмағын өлшегенде емізу кезінде сәби 60-80 мл сүт еметіні анықталған. Емшекте емгеннен кейін сүт қалмайды. Сәби гипотрофия бойынша дистрофия 1 дәрежелі диагнозы қойылады.Оны жағдайда мейіргерлік күтім қараудың қысқаақыттық мақсатын таңдаңыз:
Аптаның соңына сәбидің тамақтануын қалыпқа келтіру
91
Аллергиялық диатезі бар балаларда біріншілікті профилактика болмаған кезде берілгендердің қайсысы дамиды?
Атопиялық бронх демікпесі
92
Аураханаға 30 жстағы науқас теміртапшылықты анемия диагнозымен түсті.Науқасқа темір препараттары тағайындалған. Мейіргер науқсқа темір препаратынішу ережелерін үйретуі қажет. Төменде берілгендердің қайсысы темір препараттарын ішу ерекшелігіне жатады?
Таблетканы шайнамай тұтасымен жұту керек
93
Аталған аурулардың қайсысында науқастың ең басым проблемасы стрептококк инфекциясынан кейін 1-3 аптадан соң қабақтың ісінуі , қан қысымының жоғарлауы , олигурия, гематурия, протеинурия белгілері дамыған?
Жедел гломерулонефритке
94
Артериялық гипертензиямен ауыратын науқасқа емшара кабинетінде көктамырішілік жіберуді жасалу кезінде шприцте ауаның болуы анықталған. Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін:
Ауалық эмболия
95
Аралық тамақтандыру кезінде еміп тауысқан сүттің мөлшерін анықтау үшін төменде берілгендердің қайсысын жасау керек?;
Бақылау үшін тамақтандыру
96
Альцгеймер ауруымен ауыратын науқастарға берілетін қандай болу керек?:
Ұсақ бөліктерге кесілген
97
Емдік мекемеден тыс орында көмекей стенозы қаупі төнгенде мейіргер берілген әрекеттердің қайсысын жасайды?
Шұғыл түрде ауруханаға жатқызу
98
Егер ем-шара жүргізу кезінде науқас жүрек айнуын ,бас ауруын ,бас айналуын сезінсе мейіргер қандай әрекеттерді жсауы керек?:
Ем-шараны тоқтату
99
Емілген сүттің мөлшерін анықтау үшін төмендегілердің қайсысын өткізеді?
Бақылау үшін салмағын өлшеу