暗記メーカー
ログイン
нок 94
  • Guni🤍

  • 問題数 46 • 3/5/2024

    記憶度

    完璧

    6

    覚えた

    18

    うろ覚え

    0

    苦手

    0

    未解答

    0

    アカウント登録して、解答結果を保存しよう

    問題一覧

  • 1

    Сіздің ауруханаңыздың қызмет көрсету аймағында пойыздың рельстен шығуы анықталды, көп адам зардап шекті. Қабылдау бөліміне бір уақытта бірнеше адам түсті. Бірінші кезекте кімге назар аудару қажет?

    кеуде клеткасы жараланған, жарақаттан ауа шығып жатқан 36 жастағы науқас

  • 2

    Қабылдау бөлімінде өздігінен келген пациентке алғашқы көмек көрсетілді, бірақ пациент ауруханаға жатудан бастартты. Мұндай жағдайда мейіргер не істеуі қажет?

    жіберіп арнайы журналға тіркеу

  • 3

    Пациентке ирригоскопия тағайындалған. Мейіргер пациентті зерттеуге 3 күн дайындады, зерттеу алдында кешкісін 2 рет тазалау клизмасын жасады. Таңертең зерттеуге 2 сағат бұрын жасау қажет болған тазалау клизмасынан пациент кешкісін сағат 20.00-дан соң тамақ ішпегенін айтып, клизмадан бас тартты. Мейіргер бүл жағдайда не істеу керек?

    түсіндіріп, жасауға келісімін алу

  • 4

    Ac қорыту мүшелерінің мүмкін болатын ауруларын диагностикалау мақсатында адамның нәжісін (микроскопиялық, макроскопиялық, химиялық) зертханалық зерттеу әдісін көрсетіңіз:

    копрологияға нәжіс

  • 5

    Қабылдау бөліміне науқас ес түссіз түсті, қарау кезінде терісі салқындаған, науқас бозарған, анамнезінде I типті қант диабеті. Терең шулы сирек тыныспен сипатталатын тыныстүрін көрсетіңіз:

    Куссмауль

  • 6

    Қызбаның екінші кезеңіндегі науқасты күту кезінде мейіргер қандай шаралар қолдану керек?

    ыстық шай беру

  • 7

    Жүкті әйелдің іш айналымы сантиметрлік лентамен өлшенеді:

    горизонтальды қалыпта, кіндік деңгейінде

  • 8

    32 жастағы жүкті әйел аймақтық дәрігерге көрінуге келді. Жүктілік мерзімі 24-25 апта. Тексеру барысында артериальды Қ/Қ -140/100 мм. сын. бағ. көрсетті. Аяғында ісігі жоқ. Сіздің диагнозыңыз?

    гестациялық гипертензия

  • 9

    Бала былдыры, өз есіміне қарау, дауысты дыбыстар, бөлек сөздерді түсіну. Баланың қай дамуы жайлы ойлауға болады?

    нервті-психикалық

  • 10

    Асфиксиямен жаңа туылған нәрестеге жедел көмек көрсету барысында медбикенің алғашқы әрекетін көрсетіңіз:

    жоғарғы тыныс алу жолдарын шырыштан тазартудан

  • 11

    1.жастағы cay баланың тыныс қозғалысы жиілігінің дурыс көрсеткішін атаңыз?

    минутына 25

  • 12

    Қызылша кезінде бөртпелер бірінші қай жерде орналасады:

    денесінде

  • 13

    Ересек адамға жүрек-өкпе реанимациясын жасау үшін адреналиннің бір реттік дозасы:

    1,0 мл ертіндісі 1:1000

  • 14

    37 жастағы әйелдің аяғының зақымданған жерінен қан кетіп тұр. Қан қошқыл-шие түсті, өздігінен тоқтау белгі жоқ, бірқалыпты ағып тур.Қан кетудің қай түріне күдіктенуге болады?

    веналық

  • 15

    Қай мақсатта науқасқа дренажды қалып беріледі?

    қақырық шығуын жеңілдету

  • 16

    32жастағы науқасқа асқазанды зондтау тағайындалды. Зондтау барысында науқас жөтеліп түншыға бастады.Науқастың осы күйінің мүмкін болатын себебін атаңыз?

    зондтың тыныс жолына түсіп кетуі

  • 17

    ЕПУ дезинфекцияның қай тәсілі кеңінен қолданылады?

    химиялық

  • 18

    Отбасын жоспарлау бойынша әйелдер кеңесінің тиімді жүмысының негізгі көрсеткіші болып табылады:

    Түсік саны фертильды жастағы 1000 әйелдің санына қатынасы

  • 19

    Бөлімшеге менингококкты менингитке күдіктенген науқас түсуде. Төменде көрсетілгендердің қайсысын бірінші кезекте жасау керек?

    ауалы қорғау шараларын жасау (оқшаулау, бетперделік тәртіп)

  • 20

    Нәресгеде өмірінің 8 -ші күні табиғи қатпарларында қабыну белгісі жоқ мономорфты дақты бөртпелер шықты. Сіздің болжамыңыз:

    Тершеңдік (потница)

  • 21

    Жарақаттық шок алған науқасқа шуғыл жәрдем көрсетудегі тиімді жансыздандыру?

    азот закисімен наркоз

  • 22

    25% магний сульфаты ерітіндісінің 5 мл бұлшықетішілік енгізгеннен Зкүннен кейін науқасты инъекция орнында сыздап ауырсыну мазалайды. Медбике қарау кезінде инъекция орны гиперемияланған, пальпацияда тығыздану және жергілікті температураның жоғарлауы анықталды. Науқаста дамыған асқынуды көрсетіңіз:

    абсцесс

  • 23

    Өкпеден қан кетуде госпитализацияға дейінгі кезеңде гемостатикалық мақсатта қолданатын тәуелді медбикелік көмекті көрсетіңіз:

    12,5% дицинон ерітіндісін тамырішілік енгізу

  • 24

    Тромбофлебиттің алдын алу үшін тамырішілік инъекция жүргізуде медбике мына ережеге сүйену керек:

    венепункция орындарын ауыстыру

  • 25

    Дәрілік препаратты тамырішілік енгізу кезінде науқаста мазасыздық, беттері жамылғыларының бозаруы, қүсу, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну пайда болды. Жүйенің винттік қысқышын жабу:

    тәуелсіз медбикелік кірісу

  • 26

    Пациент 45 жаста. Стационарда кардиология бөлімшесінде ем алуда. Шағымдары: 3 күн бойы үлкен дәреттің шықпауына. Дәрігер қарауынан кейін клизма қою тағайындалды. Медбикенің тактикасы пациенттің төсектегі қалпы:

    қырынан

  • 27

    Қимыл - қозғалыссыз қалған науқастың басты мәселесі

    ойылудың пайда болуы

  • 28

    6% сутегі асқын тотығы ерітіндісінде бөлме температурасында қурал-жабдықтарды химиялық залалсыздандыру уақыты:

    6 сағат

  • 29

    Қысылған жарық (грыж кезіндегі мейіргердіңтактикасы:

    жедел госпитализация

  • 30

    Медициналық қурал-жабдықтарды залалсыздандыру үшін қурғақ ауалы шкафта қандай температуралық ережені сақтау қажет?

    1800С

  • 31

    Эзофагогастродуоденоскопия арқылы асқазан-ішек жолының қай бөлігі тексеріледі?

    өңеш, асқазан, 12 елі ішек

  • 32

    Қан қую кезінде науқастың жағдайы күрт нашарлап, белінде және төс сүйегі артында ауырсыну пайда болды. Осы жағдайдың себебі?

    гемотрансфузиялық шок

  • 33

    Ересек адамға жүрекке тікелей емес массаж жасағанда төс сүйектің омыртқаға қарсы қозғалысының тереңдігі?

    3,0 - 4,9 см

  • 34

    60 жастағы науқаста құлақ қалқандарының, мурнының үлкейіп, аяқ-киім өлшемі 40-тан 45 -ке өскені байқалды. Осы науқаста қай гормонның деңгейі өскен?

    соматотропты

  • 35

    Асқазан -ішек жолдарынан созылмалы қан кетуіне күдік туған науқасқа нәжістегі жасырын қанды анықтау мақсатында зертханалық зерттеу тағайындалды. Зерттеу нәтижесі дурыс болу үшін төмендегі шаралардың қайсысын жүргізу керек?

    3 күн бойы ет және балық жеуді тоқтату

  • 36

    Науқасқа ішке қабылдауға антибиотиктер тағайындалған. Медбике антибиотиктің концентрациясын бірқалыпты устау үшін не жасау қажет?

    препаратты қабылдауда дұрыс уақыт ара-қашықтығын сақтау

  • 37

    Манту сынамасының нәтижесі бағаланады:

    72 сағаттан соң

  • 38

    67 жастағы науқасқа қуық асты безінің аденомасына жасалған отадан кейін қуығына түрақты катетер қойылған. Төмендегілердің қайсысы зәр шығару жолдарында инфекция дамуының алдын алуға көмектеседі?

    катетерді фурациллиннің 1:5000 ертіндісімен күніне 2 реттен кем емес жуып отыру

  • 39

    Бұрын ауырмаған пациентке емдеу-профилактикалық мекемесінде жуққан жүқпаны (індетті) қалай атайды?

    нозокомиалды

  • 40

    Балалар бақшасында күл (скарлатин ауруы тарады. Осы ауруға тән үш белгіні атаңдар?

    баспа, «таңқурай тіл», усақ нүкте тәріздес бөртпе

  • 41

    Эпидемиялық паротитте қарым-қатынаста болған балаларға карантин уақыты:

    21 күн

  • 42

    Өкпе туберкулезымен ауыратын аурулардың қалта түкіргішін зарарсыздандыру үшін төмендегі ерітінділердің қайсысы тиімді

    5% хлорамин ерітіндісі

  • 43

    Cay адам қолының терісінде болатын резидентті микрофлора түрін ата?

    Propionibacterium acnes

  • 44

    I типті қант диабетімен ауыратын 22 жастағы науқас инсулиннің 1,0 мл. ерітіндісін күніне 3 реттамақ алдында қолданады. Науқас инсулинді бір рет қолданғанда қандай бірлік өлшемін пайдаланады?

    40 ЕД

  • 45

    Қабылдау бөліміне 65 жастағы пациент ессіз күйде жеткізілді. Туыстарының сөзінен қант диабетінің 2 түрімен ауыратыны, соңғы үш күнде жағдайының күрт төмендеп кеткені анықталды. Қандағы глюкоза деңгейі 45 ммоль/л, натрий 180 ммоль/л, кетондық денелер жоқ.Пациент қандай күйде деп айтуға болады?

    гиперосмолярлы кетотикалық емес кома

  • 46

    59 жастағы пациент төс артында батып ауыру сезіміне шағымданды,анамнезінде ЖИА. Ауру сезімін басу үшін төмендегі дәрілердің қайсысын қолдану қажет?

    нитроглицерин