問題一覧
1
ННbO2 мен KHbO2 қоспасы қалай аталады?
оксигемоглобиндік буфер
2
ННb мен KHb қоспасы қалай аталады?
гемоглобиндік буфер
3
Салыстырмалы сыну көрсеткішін өлшеуге негізделген физико-химиялық анализ әдісі қалай аталады?
рефрактометрия
4
Бояулы ерітінді арқылы өтетін белгілі бір толқын ұзындығының жарығының қарқындылығын өлшеуге негізделген физико-химиялық анализ әдісі қалай аталады?
колориметрия
5
Неліктен NaOH жұмыс ерітіндісін стандарттау қажет?
NaOH жұмыс ерітіндісі сақтау кезінде тұрақсыз
6
Массалық үлесі 5%-ға тең салмағы 500 г ерітіндіні дайындау үшін қажет глюкозаның мөлшерін есептеңіз:
25 г
7
Ацидиметрия әдісімен не анықталады:
негіздер
8
Алкалиметрия әдісімен не анықталады:
қышқылдар
9
0,2 Н НСІ ерітіндісін дайындау үшін 100 мл 0,8 Н НСІ ерітіндісіне неше су қосу қажет?
300 мл
10
Микроскоптың оптикалық бөлігін көрсетіңіз:
окуляр, объектив
11
Лаборант анализ жүргізу кезінде депротеинизация мақсатында пробиркаға 0,1 мл қансарысуы мен 2 мл трихлорлы сірке қышқылын (ТХС) құйды. Қан сарысуының ақуыздарын тұнбаға түсіру үшін жүргізілетін келесі кезеңді атаңыз:
центрифугалау
12
Лаборантқа микробиологиялық лабораторияда жағындыны «иммерсиялық объективті» пайдаланып, микроскопиялау қажет. «Иммерсиялық объектив» - бұл неше есеге ұлғайту:
90
13
Лаборантқа 10 мл 10 % азот қышқылын өлшеп алу керек. Осы реагентті өлшеп алу үшін лабораториялық ыдысты таңдаңыз:
Мора пипеткасы
14
Лаборантқа плазманы 1:10 қатынаста сұйылту керек. Ол үшін тұрақты көлемді автоматтық бір каналды дозатормен 0,5 мл плазма құю керек. 0,5 мл-ді мкл-ге аударыңыз:
500 мкл
15
Бактериологиялық лабораторияның лаборантына 100 мл изотоникалық ерітіндіні есептеп дайындау керек. Неше грамм NаСІ өлшеп алу керек?
0,9 г
16
КДЛ лаборантына келесі тапсырма берілді: лабораториялық ыдысты залалсыздандыру алдындағы өңдеуді жүргізу үшін 10 мл 0,5% жуу ерітіндісін дайындау. Қолданылатын Н202 мөлшерін көрсетіңіз:
170 мл
17
Микробиологиялық лабораторияда анаэробтық жағдайда инкубация үшін қолданылатын лабораториялық құрал:
анаэростат
18
35 жастағы науқас әйел, күндізгі уақытта 10-12 -ге дейін, түңгі мезгілде - 6-8 ге дейін тұңшығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға түсті. Тыныс шығарудың шыңды жылдамдығы 45%, тәуліктік вариабельділігі 35%. Болжам диагноз:
Ауыр дәрежелі бронх демікпесі
19
25 жастағы науқас иық аумағындағы қаны ағып тұрған жарақатқа шағымданып келді. Сіздің алғашқы медициналық көмегіңіз:
Қанды тоқтату, ауырсынуды басу, жараны өңдеу, имобилизацияны жасау.
20
Күйікгің I дәрежесінің белгісі:
терісі ісінеді, қызарады
21
Cay бала жақсы жүре алады, бір неше сөз айта алады, фотосуретте таныс ересек адамды тани алады, ересектердің қарапайым талаптарын орындай алады. Өз бетінше шыны-аяқтан ішеді. Баланың психомоторлық дамуы қандай жасқа сай келеді?
12 ай
22
Жаңғаққа аллергиясы бар балада демікпе дамыды. Құрамында жаңғағы бар тағам жегенде балада қандай асқыну дамуы мүмкін?
анафилактикалық шок және тыныс жеткіліксіздігі
23
Перзентханаға, алғаш босанатын әйел, мерзімі жеткен жүктілікпен, басының ауырғандығына шағым айтып түсті. Толғағы әр 4-5 минуг сайын 30-35 секундқа созылады, қағанақ қабы бүтін. Қан қысымы -190/100-200/120 мм с.б. Жамбас өлшемдерін алу кезінде жүкті әйелде тырысу ұстамасы басталды, алғашқыда тырысу бетте басталып, кейіннен қолдарына тарады
Эклампсия
24
Нәрестені айдау кезінде қадағалайды:
нәресте басының жылжуын, жүрек соғуын, әйелдің жалпы жағдайын, қан қысымын, тамыр соғуын, босану әрекетін
25
ЖИТС дегеніміз
Асқынған иммунды тапшылығы мен оппортунистикалық инфекциялардың бір қатарымен АИВ-инфекцияның соңғы кезеңі
26
Патология бөлімшесіндегі преэклампсия бойынша емделудегі жүкті әйел маңдай, желке аймағындағы ауруларға шағымданды, көз көруі нашарлады, ол тез арада қозғалыс тынышсыздыққа әкеліп соқты, дененің барлық бұлшықеттеріне таралған бет және мойын бұлшықеттерінің ұсақ бүлкілдеу тартылуы. Эклампсия ұстамасынан кейін не істеу керек?
магнезиалдық терапияны бастау
27
b типтес гемофильді жұқпаға қарсы екпе енгізіледі:
жоспарлы түрде 2,3,4 ай және 1,5 жастағы балаларға
28
«Пульсттік қысым» мәнін анықтаңыз
систолалық және диастолалық қысымдарының айырмашылығы
29
АИТВ күдіктенгенде тексерілетін адамнан зертханалық диагностикаға қандай биологиялық материал алады:
қанды
30
Көктамырдан қан алу кезінде бұрауды ұзақ уақытқа қою қандай өзгерістерге алып келуі мүмкін:
зерттеу нәтижелерінің өзгеруіне
31
Пульмонологиялық бөлімшеге анамнезінде бірнеше жыл бойы ӨСОА ауыратын науқас түсті. Зертханалық көрстекіштерін талдауда эритроциттер мөлшерінің жоғарлағанын байқадыңыз. Төменде көрсетілгендердің қайсысы эритроцит санының жоғарлауына себеп болды?
созылмалы гипоксия
32
Асцит тән:
бауыр циррозына
33
Науқасқа қан құю тағайындалды. Қан құюды жүргізу алдында қандай биологиялық сұйықтықтардың арасында сынаманы қою керек?
реципиент плазмасы және донордың қаны араларында
34
Биологиялық материалды тасымалдаған уақытта лаборанттың басы айналып кетті, құлағанда бас жарақатын алды. Жеңіл бас-ми жарақаттың симптомдарын көрсетіңіз?
бас ауруы, жүрек айну, тамыр соғуының жиілеуі
35
Жарақаттанушы шахтада үзілген троспен оң жақ қасының тұсынан ашық жарақат алды. Жарақаттан қан оқтын-оқтын атқылайды. Сіздің алғашқы іс-әрекетініз:
жарақатқа басқыш таңғыш салу
36
Жаңа туылған нәрестенің гемолитикалық ауру кезіндегі өмірінің бірінші тәуліктерінде қан ауыстыру себептері?
Ана мен баланың қан тобы немесе резус факторының сәйкес келмеуі
37
3 айлық нәрестеде инфекциялық гастроэентерит анықталды. Қарау барысында летаргиялы, шырышты қабаттары құрғақ. Осы жағдайда қандай қосымша көрсетекіш сусызданудың орташа дәрежесін көрсетеді?
еңбегінің ішке кіруі
38
6 айлық бала емшек емеді. Балаға сүт ботқасы түріндегі алғашқы тамақтану енгізілді. Балаға екінші тамақтану ретінде қандай азық-түлікті енгізу керек?
көкөніс ботқасы
39
Науқас әйел іштің төменгі жағындағы кенеттен бүріп ауыруға, есінен танған күйге шағымданады, АҚ 90/60 мм с.б., Тамыр соғу - минутына 100 соққы, терісі бозарыңқы, Щеткин-Блюмберг симптомы жағымды, төрт аптаға етеккірдің кідіруі, PV: кенеттен ауырғандықтан жатыр және қосалқы өсінділер анықталмай жатыр, артқы күмбезі ауырып түр. Нені болжауға болады?
түтіктің жыртылу типі бойынша тоқтаған жатырдан тыс жүктілік
40
Партограмма дегеніміз не:
толғақты графикалық бейнелеу
41
Жүкті әйел бас ауруға, көз алдындағы болатын жылтылдауға, эпигастр аумағындағы ауруларға шағымданады. Тамыр соғу минутына 80 соққы, АҚ 170/100 мм с.б., ісіктер жоқ. Жатырдың көлемі мерзімі жеткен жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, минутына 140 соққы, іштегі нәрестенің жүрек соғуы бәсеңдетілген, ырғақты. Берілген белгілер қандай патологияға тән?
ауыр дәрежедегі преэклампсия
42
Әйелдер кеңес үйіне 19 жастағы әйел сыртқы жыныс мүшелері маңында ашығандық, ауырғандық, қышығандық, жүргенде зәр шығарғанда күшейетіндігіне, аздап бөліндіге шағымданып келді. Қарағанда: сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі, гиперемиясы, майда жаралар анықталған. Жағындыны бактериоскопиялық тексеруде стрептококктар, ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар, лейкоциттер анықталған. Болжама диагноз:
вульвовагинит
43
Қолданылған инелер мен шприцтердің қалдықтарын дұрыс жою әдісін көрсетіңіз:
қолданылған инелер мен шприцтерді қолданғаннан кейін дереу қауіпсіз утилизация контейнеріне қалпағын кигізбестен салу
44
Клиникалық эпидемиология мақсаты болып табылады:
тиімді клиникалық зерттеу әдістерін әзірлеу және қолдану
45
Эпидемиологиялық анамнез қандай мәліметті анықтауға көмектеседі:
аурудың басталу күнін
46
56 жастағы науқас клиникаға ауру басталғаннан кейін 4 күнінде түсті негізгі шағымдары қатты жайлы бас ауру және ұйықтай алмайды ауырғаннан 1 күннен дене қызуы жоғары деңгейде 39,5 беті қызарған дене шел тамырларының инекциясы терісі құрғақ ұстағанда бөрітпелер жоқ тілін шығарғанда тістері кедергі болады Говорова симптомы іші жұмсақ терісі таза тексергенде бөрітпелер шаққан жоқ эпид анамнез жинағанда бөрітпе сүзекпен ауырғаны анықталды алдын – ала диагноз:
Брилл-Цинссер ауруы
47
Эпидемиялық процесс қандай жүйелі бөліктерден іске асырылады?
жұқпа көзі-тасымалдау механизмы-сезгіш ағза
48
Ішек сүзекпен ауыратын науқасқа өршу кезеңінде байқалады:
сүзек статусы
49
Аурухана ішілік жұқтыруы болатын жағдай
терапия бөлімшесіне «холецистит» диагнозымен 10-шы күні жатқызылған науқаста дизентерия анықталды
50
Науқаста келесідей клиникалық көріністер байқалды: көрудің, сөйлеудің нашарлауы, ауызда және жұтқаншақта қурғау, жутқыншақтың, көмейдің салдануы, асқазан мен ішек булшықеттерінің парезі, тамыр соғысы жиілеген, субферилді дене қызуы. Тамақтан уланудын түрін анықтаңыз:
токсикоинфекциялар
51
Бөртпе сүзек ауруында сырқаттанушылықтың сипаты:
кездейсоқ сырқаттанушылық
52
Қалалық аурухананың жұқпалы бөлімшесіне қатты бас ауруы, қүсу, гипертермия, 39°С шағымдармен науқас түсті. Алдын ала диагноз менингококк инфекциясы, менингококк менингиті. Менингиттің диагностикасы кезінде менингиалдық белгілер анықталды, олардың бірі болып табылады:
желке бұлшықеттерінің сіреспесі
53
АКДС вакцинасы енгізіледі:
бұлшықет ішіне
54
Науқас Н 28 жаста жедел қалтырау бас ауру ,бас айналу аз уақытқа ес жоғалту пайда болды кешке температурасы 39 градусқа көтеріліп жүрек айнуымен 1 рет құсу болды аурудың 2 күні сұйық жасыл түсті паталогиялық қоспаларсыз нәжіс пайда болды іші желденген пальпацияланған эпигастрия және кіндік айналасында ауырсыну белгілері болды диагнозын анықтау үшін қолданылатын зерттеу әдісі :
нәжісті бактериялогиялық себу
55
Науқас H. 28 жаста, жедел ауырды: қалтырау, бас ауруы, бас айналуы, аз уақытқа есін жоғалту пайда болады. Кешке температурасы 39°С көтеріліп, жүрек айнуымен бір рет құсу болды. Аурудың екінші күні сұйық жасыл түсті, патологиялық қоспаларсыз нәжіс пайда болды. Іші желденген, пальпацияланғанда эпигастри және кіндік айналасында ауырсыну белгілері болды. Диагнозын анықтау үшін қолданылатын зерттеу әдісі:
нәжісті бактериологиялық себу
56
Жоспарлы түрде сіреспеге қарсы құрылысшылар екпелерді алуға тиіс. Қандай препаратты ұсынуға болады:
АДС-М – анатоксинді
57
Топырақтың ішінде спора түзетін микроағзалар ұзақ уақыт сақтай алады. Қандай ауруда топырақ негізгі фактор ретінде болады?
сіреспеде
58
Жара ішіне микроағзалардың түсуін алдын алатын іс-шаралар кешені қалай аталады?
асептика