暗記メーカー
ログイン
ГОС 2024
  • Aiym Aitmukasheva

  • 問題数 100 • 5/12/2024

    記憶度

    完璧

    15

    覚えた

    35

    うろ覚え

    0

    苦手

    0

    未解答

    0

    アカウント登録して、解答結果を保存しよう

    問題一覧

  • 1

    Нейро-хирургиялық бөлімшеде науқастың жазылмай жатқан жарасынан ұзақ уақыт бойы Pseudomonas aeruginoza бөлінеді. Басқа палатада «газа операциядан» шыққан науқастар бар, олардың екеуінен жарасынан сондай Pseudomonas aeruginoza табылды. Осы бөлімшеде тіркелген бактерия штамы қандай қасиеттерге ие?

    Антибиотиктер және дезинфектанттарға төзімді

  • 2

    Медициналық мекемелер уақыт өте келе жаңа қызметтерді пайдалануға әкелетін пиардың қандай түрін тез реакцияға және қолайлы қарым-қатынас жасауға пайданылады?

    Интербелсені пиар

  • 3

    5 жасар балаға «қызылша» диагнозы қойылды. Баланы ауруханаға жатқызбады. Жанұясы екі бөлмелі пәтерде тұрады. Ата-анасы жас кезінде қызылшамен ауырған. Бала бала бақшаға барады, тобында 25 бала бар, барлығы қызылшаға қарсы егілген.Эпидемиологиялық ошақтың шекарасын анықтаңыз.

    бала тұратын үй ғимараты қабаты аралықта

  • 4

    Зерттеушілер тобы сарысудағы гомоцистеин деңгейі және миокард инфаркті даму қаупі байланысын зерттеді . Нәтижелері екі факторлар арасында байланыс бар екенін көрсетті . Салыстырмалы қауin ( Risk ratio , RR ) 1,08 ге тең , ал р мәні 0,01 . Берілген зерттеуге қатысты қай ұстаным анағұрлым дұрыс

    фактор мен нәтиже арасындағы байланыстың жоқ болу мүмкіндігі 1%

  • 5

    Бір топ адамдарда артериялық қысымның орташа мәні анықталды, сынақтық іс-шарадан кейін артериялық қысымның орташа мәні қайта бағаланды. Іс-шараның маңыздылығын анықтау үшін қолданылатын критерийге келесі жатады:

    жұптасқан t-тест

  • 6

    Сатып алушылар белгілі бір уақыт аралығында қатаң белгіленген бағамен сатып ала алатын және қалайтын тауардың бағасы мен саны арасындағы байланыс қалай аталады?"

    сұраныс

  • 7

    Төмендегі жүйелердің қайсысы қоршаған ортаның өзгеруін және адамдардың денсаулығын бақылау болып табылады?

    әлеуметтік-эпидемиологиялық мониторинг

  • 8

    Аталған процестердің қайсысы эпизоотиялық болып табылады?

    жануарлар арасында аурулардың пайда болуы мен таралу процесі

  • 9

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған және аумақты санитариялық қорғау жөніндегі іс - шараларды жүргізуді талап ететін материалдар . Бұл медициналық қалдықтар қай класқа жатады:

    "В" класының медициналық қалдыктары

  • 10

    Мектеп оқушысында дифтерия тіркелді, 10сынып оқушысы. Госпитализацияланды. Жанұясы көп пәтерлі үйде тұрады. Баланык анасы-супермаркетте дүкенші, әкесі автобус жүргізушісі. Эпидемиялық ошақтың шекарасын анықтаңыз:

    бала тұратын пәтер

  • 11

    Асхананы тексеру барысында етті жібіту әдістерінін тыйым салынған түрі анықталды.Қоғамдық тамақтану орындарында дефростацияның қандай түрлеріне тыйым салынған?

    етті салқын суда жібіту

  • 12

    Колледжде білім алушыға «Менингококктық инфекция» диагнозы қойылды. Отбасы құрамы: ата анасы, әкесі, 5жасар інісі, бала бақшаға барды. Эпид/қ ошақтың шекарасын анықтаңыз:

    Студенттің тұратын пәтері

  • 13

    Жасөспірім, 19 жаста, тәулігіне 70 гр ақуыз, 80 гр май, 350 гр көмірсу пайдаланады. Рационының тәуліктік энергетикалық құнын санау қажет. Төменде көрсетілген энергоқажеттіліктің қайсысы осы жасөспірімге ықтимал

    2400

  • 14

    Егер 7кг бидайда 5 тірі бізтұмсыққа дейін анықталса, бидай ластануының дәрежесін анықтаңыз:

    Бірінші

  • 15

    Медициналық тексеру кезінде мектеп оқушыларында қажудың жоғарылауы,жиі суық ,тию ,туралы шағымдар бар ,ісінген,босатылған қызыл иек,қан кету үрдісі анықталады.Төмендегі дәрумендердің қайсысы жеткіліксіз болса,бұл симптом балаларда пайда болады

    С дәрумені

  • 16

    Спортшыларға құрастырылған рационды қарау барысында майлар үлесінің ұлғайғаны анықталды. Қай спорт түрінде осы рационды қолдану рұқсат етіледі

    Шектеулі салқындықпен байланысты (жүзу және т.б)

  • 17

    Қағаз нұсқасының түпнұсқалары қандай электрондық құжаттарда болуы керек?

    сақтау мерзімі 75 жыл электрондық құжаттар

  • 18

    Ұлттық нейрохирургия орталығы Альцгеймер ауруы бар науастардың когнитивті қабілеттеріне А дәрі дәрмектің және б дәрі дәрмектің әсерін зертеуіне бастама жасады . Зерттеушілер екі топқа ( а препаратын қабылдаушылар және Б препаратын қабылдаушылар ) есте сақтауды зерттеу тестін тағайындады . Содан екі топтың орташа нәтижелерін салыстырды . Төменде келтірген қай статистикалық критерий осы зерттеуде қолдануда анағұрлым сәйкес ?

    стюденттің Т критерийі

  • 19

    Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес балалардың стационарда ем алу уақытында емізулі баланың анасы балаға күтім жасау үшін тегін тамақпен қамтамасыз етіледі,атап айтқанда:

    бір жасқа дейінгі баласымен болса

  • 20

    Жекеменшік медициналық орталықтың басшысы артериялық гипертензия диагнозы қойылған науқастардың өз орталығына медициналық көмекке жүгінуге ынтасын зерттеуге мүдделі.

    Фокус-топтар және тереңдетілген сұхбаттар

  • 21

    Телемедицинаның ең дұрыс сипаттамасы осы тұжырымдардың қайсысы?

    медициналық ақпаратпен алмасу үшін компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану

  • 22

    Аудандық аурухананың перзентханасында Кесар тілігімен босанған бірнеше әйелде жарадан алынған материалды бактериологиялық зерттеу қорытындысында Staphylococcus aureus анынқталған. Не себептен операциядан кейін барлық босанған әйелдердің тілген жара орнынан Staphylococcus aureus түрі табылған?

    асептика, антисептиканың тәртіптерін сақтамауы

  • 23

    Науқаста ангулярлы стоматит, хейлоз жоне себореялык дерматит анықталды. Сұхбаттасу барысында, сүт және сүт өнімдерін, жұмыртқа қабылдамайтын белгілі болды.Қандай дәруменнің жетіспеушілігі осындай көріністерге әкелуі мүмкін?

    рибофлавин

  • 24

    Адам ағзасына жұмыс ортасының шу деңгейінің қолайсыз әсерін нормалау арқылы төмендетуге бағытталған профилактикалық іс шаралар

    санитарлық-гигиеналық

  • 25

    Жүкті әйел 28 жаста .Дәрігерге әлсіздік, тез шаршағыштық, аяқ- қолдарының жиі жансыздануына шағымданып келді. Дәрігердің қарауынан және зерханалық зерттеулердің қорытындыс бойынша “теміржеткіліксіз анемия” диагнозды қойылды. Гемоглобин деңгейін қалпына келтіру ушін рационға қандайтағамдарды қосу ықтимал ?

    ет тағамдары

  • 26

    Хирургиялық бөлімшеде операциядан кейін жаңа түскен науқастарда АІИ қоздырғышымен инфицирленуі тіркелген. Ауруханаішілік инфекциясының өсу себептерін атаңыз

    санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылысы

  • 27

    5 жасар балаға “қызылшаға” диагнозы қойылды. Баланы ауруханаға жатқызбады. Жанұясы екі бөлмелі пәтерде тұрады. Ата-анасы жас кезінде қызылшамен ауырған. Бала бала бақшаға барады, тобында 25 бала бар, барлығы қызылшаға қарсы егілген. Науқаспен қатынаста болғандарға қандай іс-шаралар жүргізіледі?

    қатынаста болғандарды инкубациялық кезеңде бақылау

  • 28

    38 жастағы әйел, 3 күннен бері ауру сезінеді: 39,2С қызбамен қалтырау, басының қатты ауруы, әлсіздік. 5 күн бұрын етті бөлшектеу кезінде қолын тіліп алған, іріңдік пайда болып, ол қазір қабықтанды, жарасында ауру сезімі жоқ. Қолының саусақтары ісінген. Дәрігер күйдіргіге күманданды. Айналадағы адамдарға қауіп төндіретін инфекциялық ауруды анықтағанда дәрігердің одан әрі қолданатын әрекеті?

    Емхананың бас дәрігерін шақырту

  • 29

    Зерттеушілер 10 күндік физикалық жаттығулар курсының тиімділігін анықтау үшін 100 әйелден таңдама алды. Курстың басында және аяғында әр қатысушының дене салмағының индексі (ДСИ, кг/м2) есепке алынды. Зерттеушілер әр түрлі этникалық топтар арасында айырмашылық бар ма деген сұрақ қойды. Қатысушылар арасында қазақ, орыс, кәріс, және татар ұлт өкілдері болды. ДСИ таралуы қалыпты болды. Үлгінің 4 тобы арасында ДСИ айырмашылығының мәнділігін анықтау үшін келесі статистикалық критерийлердің қайсысы анағұрлым дұрыс келеді?

    Дисперсионды талдау (ANOVA)

  • 30

    Төменде көрсетілген эпидемияға қарсы шаралардың қайсысы шигеллез кезіндегі ең жоғары эпидемиологиялық тиімділікпен сипатталады?

    инфекция көзін оқшаулау және берілу механизмін бұзу

  • 31

    Зерттеушілер тобы зерттеу барысындағы қателіктер әсерінен ацетаминофен суық тию ауруларын жақсы емдейді деген қате қорытындыға келді. Зерттеушілер тобы төменде келтірілген қандай қателікті жіберді?

    Бірінші тектік қателік

  • 32

    Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2022 жылдың 25 ақпанындағы № ҚР ДСМ 18 бұйрығына сәйкес қандай категория үшін мемлекет МӘМС (ОСМС) жарнамасын ТӨЛЕМЕЙДІ:

    Мемлекеттік мекен-жайлық әлеуметтік көмекті алатын жұмыс істейтіндерге, жұмыс істейтін жүкті әйелдерге, қандастарға

  • 33

    Науқаста қандағы глюкоза деңгейі өлшенді . Содан науқастың глюкоза деңгейінен погуляцияның глюкозасының орташа деңгейін алып тасталынды . Кейін алынған нәтижені стандартты ауытқуға бөлді . Егер популяция глюкозасының орташа деңгейі қалыпты таралуға сәйкес деп болжанса , қандай ман алынады ?

    Z-бағалау

  • 34

    Эпидемияға қарсы қандай іс-шара эпидемиялық процестің үшінші буынына бағытталған?

    Иммунопрофилактика

  • 35

    Қазақстан Республикасында пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу, пациенттерді жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу, емдеуге жатқызудан бас тарту туралы мәліметтер негізінде бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық деректер базасын қалыптастыруға арналған "электрондық денсаулық сақтау" жүйесі:

    "Емдеуге жатқызу бюросы" жүйесі

  • 36

    Төмендегі басқару функцияларының қайсысы ұйымның даму мақсаттарын және оларға жету жолдарын анықтау үшін қажет?

    Жоспарлау

  • 37

    Жобаны қарау барысында санитарлық дәрігер қоршау құрылымдарының синитарлық талаптарға сәйкестігін тексерді. Қоршау құрылымдарына қойылатын негізгі талап қандай?

    жылу өткізгіштіктің төмендігі

  • 38

    Интернатта балалар арасында сальмонеллез жұқпасы тіркелді. Сальмонеллез ошағы тіркелгенде қандай алдын алу шаралары жүргізіледі?

    дезинфекция

  • 39

    Стратегиялық жоспарлау процесінің қай кезеңі SWOT талдауының құрамдас бөлігі болып табылады?

    Компанияның миссиясын анықтау

  • 40

    10 бақылаудың орта мәні 20-ға тең, егер біз әрбір бақылауға 10 мәнін қосатын болсақ онда жаңа орта мән неге болады?

    30

  • 41

    Жоспарлар мен процестерді әзірлеуде күтпеген жағдайлар туындаған кезде қандай жоспарлау принципі жетекшілік етеді?

    икемділік

  • 42

    Ол айқын антиоксиданттық қасиеттерге ие, антиденелердің тузілуін ынталандырады, эритроциттердің түзілуіне қатысады, жыныстык белсенділікті сақтауға және ұзартуға ықпал етеді,иммундық жүйеге қорғаны әсері бар. Төмендегі микроэлементтердін кайсысы осы сипаттамаға сәйкес келеді?

    селен

  • 43

    Зерттеушілер аналары жүктілік кезінде «А препаратын» қабылдаған нәрестелердің бас шеңбері ұзындығын (см) өлшеді. Кейіннен аналары осы препаратты қабылдамаған нәрестелердің бас шеңбері ұзындықтарымен салыстырды. Шеңбер ұзындығын 3 санатқа бөлді: 33 см төмен, 33-38см және 38см-ден жоғары. Анасының «А препаратын» қабылдау және нәрестенің бас шеңбері арасындағы ұзындығы байланысты зерттеу үшін анағұрлым сәйкес статистикалық критерийді анықтаңыз?

    Хи-квадрат критерийі

  • 44

    Бұл микроэлементтер гемоглобин мен миоглобиннің,каталаза ферментінің және т.б құрамына кіреді,соның арқасында ол гемопоэзге ,тіндердің тыныс алуына қатысады және басқа да қызметтерді орындайды. Төмендегі микроэлементтердің қайсысы осы сипаттамаға сәйкес келеді?

    темір

  • 45

    Организмнің энергетикалық шығыны тәулік тағамның энергетикалық құндылығынана төмен болуымен сипатталады.Төменде көрсетілген энергетикалық байланыстың түрін атаңыз.

    Оң

  • 46

    Мектепте дифтерия окиғасы тіркелді, ауырған 10 сынып оқушысы, госпитализацияланды. Жанұясы көп пәтерлі үйде тұрады. Баланың анасы - супермаркетте дүкенші, әкесі- автобус жүргізушісі. Науқаспен қатынаста болғандарға қандай іс шаралар жүргізіледі?

    Барлық қатынаста болғандардан жұтқыншақ пен мұрыннан бактериологиялық зерттеуге материал алынады

  • 47

    PR-дың қандай түрі уақыт өте келе медициналық қызметтерді пайдалануға әкелетін қолайлы көзқарас пен медициналық ұйыммен өзара әрекеттесудің терең деңгейін дамытуға мүмкіндік береді?

    интерактивті PR

  • 48

    Емхананың госпитальді эпидемиологы тіркелген контингенттер арасында гриптің маусымдық өршуін болжамдайды. Жұқпалы ауруларды эпидемиолог қандай деңгейде зерттейді:

    популяциялық

  • 49

    Жабдықтарды монтаждауға немесе бөлшектеуге, қызмет көрсетуге және жөндеуге байланысты еңбек операцияларын орындау кезінде жұмысшылар атқаратын ережелер мен қалыптарға байланысты жұмыс аймақтарының минимальды мөлшері қабылданады. 90° дейін бүгіле тұрып жұмыстарды орындау кезінде жұмыс аймағының ауданын атаңыз?

    1,2

  • 50

    34 жастағы науқас адам, үш апта іші ауыратына,бүкіл денесі қышитынына шағымданады.Анемнезінде науқас жиі балық аулауға барады ,гельминтологиялық зерттеуде дифиллоботриоз гельминтінің жұмыртқалары анықталды. Дифиллоботриоз гельминтоздың қандай тобына жатады

    биогельминтоз

  • 51

    Денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің пайда болуының алғышарттары қандай?

    медициналық көмектің сапасына қойылатын талаптарды арттыру

  • 52

    Сізге қабылдауыңызға ата-анасы жаңа туған нәрестесін профилактикалық тексеруден өткізуге әкелді. Діни көзқарастар бойынша ата-аналары перзентханада екпеден бас тартқан. Өмірінің алғашқы күнінде жаңа туған нәрестеге қандай екпелер алу керек еді?

    БЦЖ,ВГВ

  • 53

    Өндіріс барысында жұмыс аймағының ауасында кездесетін жұмысшылардың ағзасына жағымсыз әсер ететін майда қатты заттардың жиынтығы

    өндірістік шаң

  • 54

    Өнеркәсіптік кәсіпорындарының зертханалары үшін құралдар сатып алынды.Электрлік аспиратор қандай мақсатта қолданылады?

    ауа сынамаларын алу үшін

  • 55

    А қаласында кәсіпкер кондитерлік фабрика құрылысының жобасын сараптамаға тапсырды. Санитарлық талаптарға сәйкес 5 класты кәсіпорындар. Санитарлық қорғау аймағының ені қандай болу керек?

    -50м

  • 56

    Дүкен сатушысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау маманынан тексеруге құқық беретін заңнамалық құжаттар туралы сұрады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау маманының келесі әрекеттерінің қайсысы ең дұрыс?

    тексеруге құқық беретін заңнамалық құжаттарды көрсету және тексерудің мақсатын түсіндіру

  • 57

    А қаласында кәсіпкер кондитерлік фабрика құрылысының жобасын сараптамаға тапсырды. Санитарлық талаптарға сәйкес 5 класты кәсіпорындар. Санитарлық қорғау аймағының анықтаңыз керек?

    50м

  • 58

    Төмендегілердің қайсысы медициналық ұйымның негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін анықтауға жатады?

    тактикалық жоспарлау+

  • 59

    Зерттеушілер тобы сарысудағы гомоцистеин деңгейі және фолий қышқылын қабылдау деңгейімен байланысын зерттеді . Нәтижелері екі факторлар арасында байланыс бар екенін көрсетті және корреляция коэффиценті 0,8 ге тең , ал р мәні 0,01 , Берілген мәндердің қайсысы алынған нәтижелерді детерминация коэффиценті болып табылады ?

    0,64

  • 60

    40 жастағы ер адамда, жұмыссыз адамды қарау кезінде қабылдау бөлімінде бас биттері мен сіркелер табылды. Төменде көрсетілген эпидемияға қарсы шаралардың қайсысын бірінші кезекте жүргізген дұрыс?

    басты карбофос эмульсиясымен өңдеу және киімді камералық дезинфекцияға жіберу

  • 61

    Зерттеу “қант диабеті” диагнозымен ауруханаға жатқызылған 400 науқасқа жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде науқастар қанындағы холестерин деңгейінің қалыпты таралғаны, орташа көрсеткіші 230 мг/дл. және стандартты ауытқуы 10мг/дл. тең екені анықталды. Берілген зерттеуде қандағы холестерин деңгейі _> 250мг/дл. Қанша науқастар болуы мүмкін?

    10

  • 62

    Пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу, пациенттерді жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу, Қазақстан Республикасында емдеуге жатқызудан бас тарту мәліметтер негізінде бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық дерекқорды қалыптастыруға арналған «электрондық денсаулық сақтау» жүйесі қалай аталады?

    Госпитализациялау бюросы жүйесі

  • 63

    Төменде берілген қандай технологиялардың өндірісінде түзілу әдісіне байланысты дезинтеграция аэрозольдері пайда болады.

    ұсақтауда,бұрғылауда

  • 64

    Жеке ерікті медициналық сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру бағдарламасын кім таңдайды?

    Сақтанушы

  • 65

    Санитариялық қағидаларды бекіту туралы ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 тамыздағы № 96 бұйрығына сәйкес токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар қандай медициналық қалдықтар класына жатады?

    Г

  • 66

    Нарықтың сыйымдылығын анықтау үшін маркетингтік зерттеулердің қай бағыты қажет?

    тұтынушыларды зерттеу

  • 67

    Шоғырланған ауа ағынымен қамтамасыз етілетін жергілікті сору желдету жүйесіндегі құрылғы?

    ауа душы

  • 68

    Ауа ағынының шоғырлануын қамтамасыз ететін жергілікті сору желдету жүйесіндегі құрылғы. Осы сипаттамаға қандай құрылғы сәйкес келеді?

    ауа душы

  • 69

    Аталған мақсаттардың қайсысы маркетинг мақсатына ең қолайлы?

    барынша жоғары тұтынуға қол жеткізу

  • 70

    Әйел, 33 жаста, тәулігіне 60 гр ақуыз, 80 гр май, 300 гр көмірсу қабылдайды. Рационының тәуліктік энергетикалық құнын санау қажет. Төменде көрсетілген энергоқажеттіліктің қайсысы осы әйелге ықтимал

    2160 ккал

  • 71

    Интернатта балалар арасында ішек ауруы тіркелді. Тағам арқылы берілетін ішек инфекциясының минимальді инкубациялық кезеңі қандай?

    1 сағатқа дейін

  • 72

    Аудандық аурухананың перзентханасында Кесар тілігімен босанған бірнеше әйелде жарадан алынған материалды бактериологиялық зерттеу қорытындысында Staphylococcus aureus анынқталған. Не себептен операциядан кейін барлық босанған әйелдердің тілген жара орнынан Staphylococcus aureus түрі табылған?

    асептика, антисептиканың тәртіптерін сақтамауы

  • 73

    Санитарлық дәрігер санитарлық қорғау аймағының жобасына сараптама жүргізді.Кәсіпорынның санитарлық қорғау аймағы неге байланысты орнатылады

    кәсіпорын санатына

  • 74

    Ауа ластануының демікпе дамуындағы рөлін зерттеу мақсатында демікпе(астма) диагнозы қойылған 100 бала және демікпесіз 200 бала алынды. Оларға үй жағдайлары жайлы сұрақтар сериясы қойылды. Кейін балалардың жауаптары негізінде 0-ден 10-ға дейін ауа ластану индексін анықтады. Ауа ластану индексінің орта мәні 4,3-ке тең(95% сенім аралығы 3,1-5,5). Осы зерттеуде демікпесі бар балалар санын арттырса кестедегі қай өзгерістер анағұрлым пайда болды(сур. қараңыз)?

    B

  • 75

    30 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, соңғы 3 айда күніне 2-3 рет сұйық нәжіске, салмақ жоғалтуға, тамақтану кезінде аузында жану сезіміне шағымданады. Эпиданамнез: инъекциялық есірткі қабылдады. Науқаста әлеуметтік маңызы бар және басқаларға қауіп төндіретін ауру қандай?

    АИТВ-инфекция

  • 76

    Антиоксидантты әсерімен қоса, тері қабаты мен қантамырлар негізін құрайтын, дәнекер тін ақуыздарының-коллаген мен эластин синтезіне қатысады. Төменде көрсетілген дәрумендердің қайсысы осы сипаттамаға тән?

    аскорбин қышқылы

  • 77

    Стоматологиялық емхана келушілерге жеңілдік карталарын береді. Тіс дәрігеріне әрбір алтыншы рет барған сайын осы картаға ие болған науқас келесі баруынан 15% жеңілдік алады. Науқасты тартудағы басты мақсат не?

    сатылған қызметтердің көлемін ұлғайту

  • 78

    Жобаны қарау барысында санитарлық дәрігер жылыту қондырғыларының қоршау құрылымдарының санитарлық талаптарға сәйкестігін тексерді. Қоршау құрылымдарына қойылатын негізгі талап қандай?

    Төмен жылу өткізгіштігі

  • 79

    Бактериофагты сақтау үшін келесі сақтау нұсқаларының қайсысы оңтайлы?

    тоңазытқышта

  • 80

    Аталған ақпараттық ресурстардың қайсысында ҚР Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық құжаттар бар?

    adilet.zan.kz

  • 81

    Жабдықтарды монтаждауға немесе бөлшектеуге, қызмет көрсетуге және жөндеуге байланысты еңбек операцияларын орындау кезінде жұмысшылар атқаратын ережелер мен қалыптарға байланысты жұмыс аймағының ең аз мөлшері қабылданады. 90С дейін бүгіле тұрып жұмыстарды орындау кезінде жұмыс аймағының ауданын атаңыз?

    -1,2

  • 82

    Канцерогенді әсері бар химиялық заттармен айналысатын өндірістерде химиялық заттардың жұмыс аймағындағы нормативтен аспауын қатаң бақылау қажет. Адам үшін дәлелденген канцерогенділігі бар І топқа қандай заттар жатады?

    бензол, асбест, кушән

  • 83

    Жоспарлар мен процестерді әзірлеу кезінде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда жоспарлаудың қандай принципі жетекші болып табылады?

    икемділік

  • 84

    Күрделі спектрлік құрылымның кездейсоқ тербеліс жиілігі 1-16Гц аралығында орналасқан табиғаты жасанды инфрадыбыс

    акустикалық әсер

  • 85

    Фолий қышқылын тұрақты қабылдау Альцгеймер ауруының даму қаупіне әсерін бағалау бойынша онжылдық проспективті зерттеу жүргізілді . Зерттеушілер хабарлады : а - 0,05 мәні деңгейінде қабылдамағандармен салыстырғанда фолий қышқылын қабылдағандарда салыстырмалы қауin ( Relative risk , RR ) 0,77-ге тең ( 95 % сенімділік аралығы 0,59- 0,98 ) . Берілген зерттеу нәтижелеріне төменде келтірілген қай мәндері анағұрлым сәйкес ?

    0,03

  • 86

    Эпидемиялық процестің аталған байланыстарының қайсысы бірінші болып табылады?

    инфекция көзі

  • 87

    24 жасар әйел ауруханадан шыққаннан кейін тұрғын орны бойынша терапевтке қаралды. Науқас қант диабетінің | типімен ауырады және инсулин қабылдайды, диабеттік кетоацидоз және соған ілескен респираторлы инфекцияның дамуы нәтижесінде ауруханаға түскен. Дәрігер соңғы талдаулардың нәтижелері бойынша глюкоза деңгейі 126 - 134 мг/дл. аралығында екеніне, алайда ауруханаға жатқан алғашқы күндердегі 2 талдауда глюкоза деңгейі 350мг/дл. және 380мг/дл. болғанына көңіл аударды. Алғашқы 2 нәтиже орта тенденцияның көнсетілген қай көрсеткіштеріне анағұрлым үлкен әсер етеді?

    орта

  • 88

    Ең танымал стерин,бұл жануарлар майларының бөлігі,сүтқоректілерде ол бірқатар маңызды биологиялық белсенді заттардың:гормондардың,кейбір дәрумендердің өт қышқылдарының бастапқы зат ретінде қызмет етеді. Жоғарыда айтылғандардың қайсысы ең ықтимал жауап болып табылады?

    холестерин

  • 89

    Аталған аурулардың қайсысы эндемиялық жұқпалы ауруларға жатады?

    белгілі бір аумақта тұрақты болатын аурулар

  • 90

    Бөлмелер мен жабдықтардың түстік безендірілуі ең аз шағылысу коэффииентін ескере отырып орындалады. Қажетті шағылысу коэффициенті қандай?

    0,4

  • 91

    Стресске қарсы мАкроэлементтер нерв жүйесінің және оның жоғарғы бөлімдерінің (әсіресе В6 дәруменімен үйлескенде) жүйке кернеуіне ,депрессияға,неврозға қалыпты әсер етеді. Кейбір биохимиялық процестерде ол кальций антогонисті ретінде әрекет етеді,сондықтан диетада оңтайлы қатынасты сақтау маңызды. Төмендегі мАкроэлементтердің қайсысы осы сипаттамаға сәйкес келеді?

    магний

  • 92

    Басқаларға қауіп төндіретін жұқпалы ауруды анықтауда дәрігердің алғашқы тактикасы қандай?

    Шұғыл хабарламаны жіберу

  • 93

    Нейро-хирургиялық бөлімшеде науқастың жазылмай жатқан жарасынан ұзақ уақыт бойы Pseudomonas aeruginoza бөлінеді. Басқа палатада «таза операциядан» шыққан науқастар бар, олардың екеуінен жарасынан сондай Pseudomonas aeruginoza табылды. Осы аталған қоздырғышты қандай штаммдарға жатқызуға болады?

    госпитальды штамм

  • 94

    Қазақстан Республикасы халқының өлім-жітім құрылымындағы ең үлкен үлес салмағын үлес салмағын құрайтын аурулар тобы?

    қан-айналымы мүшелерінің аурулары,қатерлі ісіктер,жарақаттар

  • 95

    Екі сандық жұп айнымалылар арасындағы сызықтық байланыстың бағытын түсіндіру кезінде оң корреляция анықталды, бұл жағдайда:

    екі айнымалы да өседі

  • 96

    Қант диабеті бар науқастарда қандағы холестерин деңгейін зерттеу нәтижелері: көрсеткіштің таралуы қалыпты, орта мәні- 230 мг/дл, стандартты ауытқуы- 10мг/дл. Аталған аралықтардың қайсысы осы зерттеу нәтижелерінің 95% қамтиды?

    210 және 250 мг/дл

  • 97

    Өткізілген диагностикалық және емдеу шараларының денсаулық сақтау стандарттарына және клиникалық хаттамаларға сәйкестігіне егжей-тегжейлі ретроспективті және (немесе) ағымдағы талдау:

    Клиникалық аудит

  • 98

    Асхананы тексеру кезінде барлық бөлмелер тексерілді,сонымен қатар технологиялық үрдістің ағынын сақтау тексерілді. Қандай өндіріс цехы басқа бөлмелерден толықтай оқшауланған болуы керек?

    көкеніс дайындау цехы

  • 99

    Медициналық тексеру барысында жұмыскерде қолдың бұлшық күшінін төмендеу және “қолғап түрлі” сезімталдығын бұзылуы және оң “суық сынағы” анықталды.Осы белгілерді тудыратын факторды анықтаңыз.

    Діріл

  • 100

    Мектеп оқушысында дифтерия тіркелді, 10сынып оқушысы. Жұқпалы ауруханаға жатқызылды. Жанұясы көппәтерлі үйде тұрады. Баланығ анасы-супермаркетте дүкенші әкесі автобус жүргізушісі. Инфекция көзіне жүргізілетін іс шараларды табыңыз:

    Науқас баланы жұқпалы ауруханаға жатқызу