暗記メーカー
ログイン
481-561
  • Ualikhan Tenal

  • 問題数 88 • 5/10/2024

    記憶度

    完璧

    13

    覚えた

    32

    うろ覚え

    0

    苦手

    0

    未解答

    0

    アカウント登録して、解答結果を保存しよう

    問題一覧

  • 1

    Әйел адам, 62 жаста, шағымдары жоқ. Қарау барысында оң жақ емшек ұшы ішке қарай тартылған, сүт безі үлкен, пальпация кезінде түйінді түзілістер жоқ. Диагнозды анықтау үшін негізгі зерттеу әдісін атаңыз:

    Маммография

  • 2

    Ер адам 49 жаста, профилактикалық қарау кезінде шағымдары жоқ. Флюорография кезінде сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде доңғалақ шар тәрізді көлеңке анықталды, өкпелік суреттің нығаюы. Рентгенограммада - өлшемі 2,5 см болатын, шеткі контурлары анық, шар тәрізді түзіліс анықталды. Диагностикалық тұрғыдан науқасты жүргізудегі ең маңызды тактиканы атаңыз:

    Ісіктің трансторакальді пункциясы

  • 3

    Пациент 55 жаста, колоректальді ісікті ерте анықтау мақсатында скринингтен өтті. Жүргізілген гемокульт-тест нәтижесінде Т (тест) және С (бақылау) деңгейінде екі сызық анықталды. Науқасты жүргізудегі келесі іс-әрекет аталғандардың ішінен таңдаңыз:

    тотальді колоноскопия

  • 4

    Терінің пигментті түзілістерінің қай белгілері меланома жайлы күдіктенуге себеп болады:

    Пигментті түзілістердің беткейінде жара пайда болуы

  • 5

    Пациент 52 жаста, алғаш рет пайда болған төстің артында басып тұрғандай ауру сезіміне шағымданады. Күтпеген жерден есінен танып, тынысы сырылдап, үзілісті күйге өткен. Ұйқы артериясында пульс анықталмаған. Аталған жағдайда реанимациялық шараларды өткізудегі алғашқы қадам болып табылады:

    прекардиальді соққы беру

  • 6

    Науқаста клиникалық өлім туындағанын қандай клиникалық белгілер сипаттама береді?

    күре артериясында пульсы жоқ, тыныс алмайды, көз қарашығы орбитадан шығып кеткен

  • 7

    58 жастағы ер адамда эмоционалдық күйзелістің салдарынан тамақты жұтынуда төстің артында ауырсыну пайда болған, ауырсыну екі жауырын арасына таралады. Ауырсыну шаншиды, күшті емес (кеудесінің «түйсік (ком)» сезімі). Дәрігер гастроэзофагалдық рефлюкс немесе кардия ахалазиясы деп болжамдауда. ФЭГДС-қа дейін қандай тексеру өткізу қажет?"

    Электрокардиография

  • 8

    Ер адам 72 жаста. Адам төзгісіз тері қышынуы себепті қаралған. Тексеру кезінде - терісінің сарғаюы топырақ түстес, дене тұрқы арық, терісі құрғақ, қасыну іздері бар. УДЗ өт қапшығы шамасының айтарлықтай үлкеюі, өт іркілген, ұйқы безі басының өлшемі үлкейген. Мүмкін болатын патологияны анықтауда қандай зертеу әдісі анағұрлым сезімтал болады?

    ретроградты панкреатохолангиография

  • 9

    Әйел адам 56 жаста, ДСИ -38. Тексеру кезінде қан анализінде өзгерістер анықталды: гемоглобин 137 г/л, лейкоциттер 5,2 мың мл, тромбоциттер 327 мың мл, билирубин - 22 мкмоль/л, СФ 230 бірлік, холестерин 9 ммоль/л, АНА - 1:80 (қалыпты 1:20), АМА 1:80 (қалыпты 1 :20). IgG 25 г/л IgM - 12 г/л, IgA - 5 г/л. УДЗ - орташа гепатомегалия. Қандай зерттеу диагнозды анықтайды?

    бауыр биопсиясы

  • 10

    13 жасар қыз балада 2 ай көлемінде бас ауруы, іштегі, арқа, аяқ-қолдарындағы ауырысну сезімдеріне әр түрлі шағымдары байқалады. АҚ 125/80 мм.с.б.б. Сабақ уақытында бір рет және амбулаторлық қабылдау кезінде екі рет асинхронды тонико-клоникалық қимылдар, жамбас және басымен жан-жағына қимылдаулар байқалды. Осы кезде көздері тығыз жұмылған, ошақты неврологиялық симптом болған жоқ, бет терісінің түсті қалыпты, тілін тістеу болмады, құлаған кезде зақымданулар да болмады; есінің шатасуы мен амнезия болмады. Осы баланы қандай маманға жіберу керек?

    Психологқа

  • 11

    Гинекология бөлімшесінде жатқан пациенттің бастығы дәрігерден қоластындағы қызметкерінің денсаулығы туралы сұрады.Дәрігердің негізді әрекеті:

    пациенттің рұқсатынсыз айтпау

  • 12

    Жүкті әйел 32 жаста. Жүктілік 35-36 апта. 26 аптадан бастап тері қышуы мазасаын алған. Биохимия: АЛТ – 120 МЕ/л, АСТ – 118 МЕ/л, Билирубин – 12,5 мкмоль/л, тура – 8,5 мкмоль/л, СФ – 640 бірлік/л (қалыпты <240 бірлік/л), ГГТП – 35 бірлік/л (қалыпты<32 бірлік/л), креатинин – 67 мкмоль/л, альфафетопротеин – 132 бірлік/мл (қалыпты 0-10); ПТИ – 86%. Босануға қатысты қандай әрекет болу керек?

    УДХҚ + табиғи жолмен босану

  • 13

    35 жастағы әйел жағдайы ауыр: ортопное, дистантты ысқырықты сырылдар,сатурация - 65%. Преднизолон 120 мг, эуфиллин 2,4% - 10 мл енгізілді. АҚҚ 100/60 мм рт.ст., ЖСЖ - 150. Тахикардияны басу үшін науқасқа 10 мг бисопролол берілді. Жарты сағаттан соң - обструкция басылмады. Метилпреднилозон 500 мг, бір сағаттан соң 500 мг енгізілді. Бір сағаттан кейін-сырылдар азайды, жағдайы жақсарды, сатурация (оттегісіз) - 96%. Шұғыл көмек көрсету кезінде қате қандай болды?

    Бисопролол қолдануы +

  • 14

    65жастағы еркек қаюылдау бөлімінің интенсивті палатасына жол-көлік апатынан кейін ауыр жағдайда түсті. Ессіз, тынысы анықталмайды. Тері жамылғылары боз. Ұйқы артериясында пульсация анықталмайды. Реанимациялық шаралар басталды. Мониторда шоктық емес ырғақ (асистолия, жүректің пульссіз электрлі белсенділігі) анықталды. Осы науқасты қалай емдеу керек?

    жүрекке тікелей емес массаж

  • 15

    1 типті қант диабеті бар жасөспірім есінен танып қалды. Рефлекстерінің төмендеуі байқалады, АҚ 70/40 мм.с.б.б., олигоанурия, терісі мен сірлі қабаттарының құрғақтығы (тілі «үккіштей құрғақ» (язык «сухой как терка»), еріндері құрғақ, езулерінің желінуі), Куссмауль тынысы, аяқ-қолдарының суық және көкшіл тартуы байқалады. Лабораторлық көрсеткіштерде: глюкоза 33 ммоль/л, гиперкетонемия, кетонурия +++, рН 7,19. Аталғандардың қайыссысын бірінші кезекте тағайындау керек?

    NaCl 0,9% ерітіндісі венаішілік

  • 16

    2 жасар баланың температурасы 39ºС, 10 ретке дейін сұйық нәжісі бар, тәулігіне 4 ретке дейін құсады, несебі (кіші дәреті) жоқ. Екі күн бойы ауырады. Үйде жағдайында құсу болғаны үшін дәрі қабылдай алмаған. АҚ 60/35 мм.с.б.б., пульс 126 мин. Бала әлсіз, дыбысы мен жасы шықпай жылайды, тері тургоры кенеттен төмендеген, көзі үңірейген. Лабораторлы: гемоглобин 144 г/л, лейкоциттер 13,6*109/л, тромбоциттер 728*109/л, гематокрит 53%; калий 2,7 ммоль/л, натрий 149 ммоль/л, креатинин 234 мкмоль/л, несепнәр (мочевина) 14,7 ммоль/л. Несеп катетеры арқылы 5 мл несеп алынды. Аталғандардың қайыссысын бірінші кезекте тағайындау қажет?

    АҚК (ОЦК) толықтыру

  • 17

    Өкпе абцессімен күдікті науқасқа рентгенологиялық зерттеу тағайындалды. Қай рентгенологиялық көрініс сізге диагнозды негіздеуге көмектеседі?

    перифокальды инфильтрациямен, сұйықтық деңгейімен қуыс

  • 18

    Берілген рентгенологиялық сурет өңештің қай патологиясына тән:

    ісік

  • 19

    42 жастағы әйел дәрігерге ішінің төменгі жағының ауырлығына, етеккірінің көп мөлшерде келетініне шағымданып келді. Анамнезінде ілкі бедеулік. PV: жатыры жүктіліктің 9-10 аптасындағыдай үлкейген, контурлары тегіс емес, тығыз консистенциялы, жылжымалы, ауырсындырмайды. Қосалқылары көрінбейді, күмбез терең, бос. ҚЖТ Hb 98 г/л. Бірінші кезекте қосымша тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген дұрыс?

    кіші жамбасты УДЗ

  • 20

    32 жастағы ер адам дәрігерге омыртқа жотасының мойын бөліміндегі иыққа, білектің кәріжіліктік қырына, оң жақ қолының үлкен саусағына иррадиация беретін ауру сезіміне шағымданып келді. Қарау кезінде иықтың екі басты бұлшықетінің, тенардың әлсіздігі және гипотрофиясы, оң жақта бицепстік рефлекстің төмендеуі анықталды. Білектің кәріжіліктік қыры аймағында гипестезия. Диагностика қағидасы:

    омыртқа жотасының мойын бөлімінің МРТ зерттеуі

  • 21

    Науқастың рентген суретінде 7 кеуде омыртқасы деңгейінде «еріген қант» феномені анықталады, объективті науқасты Th6, Th7, Th8 омыртқа сегменттердегі күйдіруші ауру сезімі мазалайды. Анамнезінен: көп жыл бойы қант диабетімен ауырады. Алдын ала диагноз:

    туберкулезді сүйектік спондилит

  • 22

    42 жасар ер адам, анамнезінде сан сүйегінің жарақаты болған, сан сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіндегі жарадан бөлінетін іріңді бөліндіге шағымданады. Қандай рентгенологиялық әдіс жарадағы іріңді бөліндінің себебін анықтауда БАРЫНША ақпаратты болып табылады:

    Фистулография

  • 23

    Кеуде торы ағзаларының рентгенограммасында – ыдырау қуысы бар қосымша түзіліс себебінен, оң жақ өкпе түбірінің кеңеюі, өкпенің ортаңғы бөлігінің ателектазы анықталады. Баяндалған рентгенологиялық көрініс қандай патологияға БАРЫНША тән:

    Орталық қатерлі ісік

  • 24

    Бала 7 жаста. Соңғы жылда басы ауыратынына, жүрегі алатынына шағымданады. Бассүйекке бүйірлік проекцияда рентгенография жасалды. Рентгенограммада бассүйектің ми бөлігінің үлкейгені, бассүйек тігісінің кеңейгені, бассүйек күмбезінің біркелкі емес жұқаруы анықталды. "Саусақ тәрізді батық" симптомы байқалады. Сіз жасайтын қорытынды:

    бассүйекішілік гипертензия

  • 25

    Бала 6 жаста. Анасының айтуынша жөтелге, ыстықтау сезіміне, жалпы дімкәстікке шағымданады. 3 күннен бері ауырған. Тыныс жиілігі минутына 32. Аускультация кезінде солжақ төменгі бөлікте әлсіреген. иКеуде ағзаларына тіке проекцияда шолу рентгенографиясы және қосымша солжақ бүйірлік рентгенография жасалды. Рентгенограммада солжақ өкпе аймағында 9, 10 бөліктер деңгейінде гомогенді емес қараю анықталды, қарқындылығы орташа, контуры айқын емес (инфильтрация). Диафрагма әдеттегідей орналасқан.Сіздің қорытынды:

    солжақ өкпенің төменгі бөлігінің полисегменттік пневмониясы

  • 26

    Бала 5 жаста. Кеуде ағзаларына тік проекцияда шолу рентгенограмма жасағанда өкпе суретінің айқын күшейгені, өкпе түбірінің симметриялық кеңейгені анықталды. Жүрек көлеңкесі солжақ көлденеңде үлкейген, өкпе артериясының доғасы ісінген, оңжақта атрио-вазальдық бұрыш жоғарыға ығысқан, жүрек көлеңкесінің оңжақ бұрышы шамалы ісінген. Оңжақ қиғаш проекцияда оңжақ қарынша мен өкпе артериясының діңгегінің ісінгені, төменгі бөліктерде ретрокардиалық кеңістік тарылған. Екінші қиғаш жағдайда атрио-вазальдық бұрыш жоғарыға ығысқан, оңжақ бөліктердің контуры алға қарай ығысқан. Жүректің солжақ бөліктері үлкеймеген. Сіз қандай қорытынды жасайсыз:

    жүрекшеаралық қалқаның ақауы

  • 27

    4 жастағы бала. Микциялық цистографияда қуықты толтыру және босату фазасында контрастылы препараттың несепағардың төменгі бөліктеріне түскені анықталды. Қандай қорытынды жасайсыз:

    қуық-несепағар рефлюксі

  • 28

    Бала 13 жаста. Оңжақ ортан жіліктің төменгі үштен бір бөлігінің рентгенограммасында жіліншік сүйегінің проксималь бөлігін қамтыған екі проекцияда ортанжілік эпифизі мен дистальдық метафиз деңгейінде контуры анық, бірдей көлденең саңыдау сызығы байқалады. Эпифизге қатысты метафиздің ығысу белгілері анықталмады. Қандай қорытынды жасайсыз: "

    өсу аймағы

  • 29

    Жасөспірім 16 жаста. Омыртқаның бел-сегізкөз бөлімінің тік кескіндегі рентгенограммасында L5-S1 омыртқалардың доғаларының бітіспеуі анықталды. Сіздің қорытындыңыз:

    Spina bifida

  • 30

    Бауыр УДЗ-і кезінде – бауырдың оң бөлігінде контурлары анық, тегіс, құрылымы біркелкі, өлшемдері 2,0x1,5 см болатын, дисталды сигналдың күшеюін беретін анэхогенді түзіліс анықталады. Аталған УД-көрініс бауырдың қандай патологиясына БАРЫНША тән:

    киста

  • 31

    Әйел 56 жаста, дене салмағының индексі – 36, УДЗ тексергенде гепатоспленомегалия, қақпалық және көкбауыр көктамырларының кеңеюі, орташа асцит анықталған. Биохимия: глюкоза – 7,3 ммоль/л, альбумин - 28 г/л, АЛТ – 0,74 ммоль/л. АСТ – 0,45 ммоль/л. Билирубин – 15,25 мкмоль/л, тура – 5,95 мкмоль/л, тура емес – 9,3 мкмоль/л, ГГТП – 42 бірлік/л, СФ – 65,5 бірлік/л, амилаза – 90 бірлік/л., холестерин – 6,8 ммоль/л, ЛПНП – 3,8 ммоль/л, ЛПВП – 0,7 ммоль/л. Бауыр эластрографиясы көрсеткендей бауыр тіндерінің қалыңдығы - 11,8 кПа. УДЗ мен эластрография мәліметтерінің сәйкес келмеуінің себебі неде?

    бауырдың майлық ауруында эластография бауыр тіндерінің тығыздығын шынайы фиброз дәрежесінен төмен көрсетуі мүмкін

  • 32

    Туу кезінде балада кефалогематома мен субарахноидалды қан құйылу болды. Стационар мен амбулаторлық жағдайда ем қабылдады, жақсы эффектпен. Екпелерді кешіктіріп алған. Қазір 2 жаста. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. (Хиб+ПҚИВ (ИПВ) екпесінен кейін қозып, жылай беретін болды. Температурасы 39,5 С, тыныс жиілігі 42 рет мин., шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 см, Керниг симптомы оң. Басқа ошақты симптомдары жоқ. Диагностикада қандай әдіс бірінші кезекте жасалынуы керек?

    Люмбальды пункция

  • 33

    8 жастағы оқушы. Беттің, тілдің бұлшықеттерінен басталатын, гиперсаливациямен, сөйлеудің тоқтауымен, әдеттегі қимылдық белсенділіктің тоқтауымен, қоршаған ортамен қатынастың жоғалуымен қатар жүретін тоникалық-клоникалық сипаттағы тырысулармен ауырады, қолдарының автоматталған қимылдары байқалып, ары қарай жайылымды тоникалық-клоникалық тырысулар дамиды. Алғашқы көмек көрсету қағидасы:

    науқасты бір бүйірене жатқызу, жағасын ағыту, белін босату, басын бекіту

  • 34

    Ортаңғы нервтің зақымдалуымен асқынған иықтың төменгі үштен бірі сынығында сезімталдықтың бұзылуы қай облыста пайда болады?

    қолбасының 3 саусағында және 4-саусақтың ішкі бетінде

  • 35

    60 жастағы дисфагияға, 4 ай бұрын пайда болған айқын арықтауға, шағымданған науқаста кенеттен сұйықтық және тамақ ішу кезінде кеуде артында ауырсыну, жөтел, цианоз пайда болды. Сіздің диагнозыңыз:

    эзофаготрахеальды жыланкөзбен өңеш ісігі

  • 36

    60 жастағы ер адам 3 й ішінде қатты тамақтың өтуі кезінде қиындықтар, соңғы айды тек қана жатылай сұйық өтуі, 6 кг арықтағанын айтады. Өңешті рентгенологиялық зерттеуде ортаңғы үштігінде саңылауының тарылуы 6 см қашықтықтағы толу дефектімен. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

    биопсиямен эзофагоскопиясы

  • 37

    Науқасқа аналық без ісігіне байланысты овариэктомия жасалды. Гистологиялық зерттеуде метастаздық зақымдану деген қорытынды келді. Аналық безге жиі метастазданатын қай мүшенің ісігі?

    Асқазан ісігі

  • 38

    30 жастағы жас еркекте жауырынасты аймағында кавернозды гемангиома 4,0 см дейін, астында жатқан бұлшықеттерге кеткен. Емнің түрін анықтаңыз:

    хирургиялық еммен склерозирлеуші ем

  • 39

    Сүт безі ісігімен науқаста 3 жыл бойы комплекстік емнен кейін өкпенің екі жазықтағы шолулы рентгенограмасында оң өкпе алаңының тотальды қараюы, көкірекаралықтың қарама-қарсы жаққа ығысуымен. Емхана дәрігерінің қағидасы қандай?

    кеуде клеткасының компьютерлі томографиясы

  • 40

    66 жастағы науқаста бүйрек ісігі омыртқа жотасына және бас миына метастаздануымен IV саты, T4N1M1. Емдеу қағидасын таңдаңыз.

    паллиативті ем

  • 41

    30 жастағы науқас, жүктілік мерзімі 19 апта. Гинекологиялық тексергенде жатыр мойнағының шектелген аймағында ірі лейкоплакия анықталды. Цитологиялық – жасуша бөлігінің атипиясымен айқын дисплазия, «жалаңаш ядролар», ядросыз жасушалар кешені, қабыршақтар. Дәрігердің тәсілі:

    босанғанша бақылау, сосын тексеру

  • 42

    46 жастағы науқасқа қанды шығынды бөлінетініне байланысты етеккір аралық кезеңде жатыр қуысына диагностикалық қырнау жүргізілді. Гистологиялық – безді-кисталы гиперплазия атипиямен қоса. Қосанжарласқан аурулардан жатыр миомасы 16 апта. Емдеу тәсілі келесіні қамтиды: бақылау

    жатырды қосалқыларымен бірге экстирпациялау

  • 43

    13 жасар бала түнде ұйықтауға кедергі болатын, 2 ай бойы мазалайтын, сол жақ аяқтағы үдемелі ауырсынуға шағымданып жүгінді. Анасы оған ибупровен берген, бірақ ауырсыну басылмаған. Ауырсыну басталмас бұрын 1 апта ерте науқас доппен санына соққы алған, нәтижесінде бірнеше күндер бойы аяғы қызарған және ісінген. ЖҚТ - лейкоциттер &ndash; 21 000/мм3, ЭТЖ 68 мм/сағ. Рентгенде - сан сүйегінің ортаңғы үшінде көптеген литикалық зақымданулар. Қай диагноз анағұрлым болуы мүмкін?

    Юинг саркомасы

  • 44

    32 жастағы әйел дәрігерге жоспарлы тексеруден өту үшін келді. Жақсы көрінеді. Арқасында және қолында бірнеше жүз пигментті зақымданулар бар. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

    Дисплазиялық невус синдромы

  • 45

    53 жастағы әйел соңғы бірнеше аптада көз бұлыңғырлығына, бас ауруына, мұрынннан қан ағудығ бірнеше эпизодтарына шағымданып келді. Үнемі, әсіресе таңертең, қышу сезімі. Соңғы 6 айда - 8 кг салмақ жоғалту, шаршаудың жоғарылауы. Дене қызуы - 37,8 ° С, қан қысымы - 160/90 мм с.б., пульс 80 / мин, ТЖ 15 / мин. Бет, алақан, тырнақ төсектері, ауыз қуысының шырышты қабаты және конъюнктивалары қызарған. Спленомегалия. Талдауларда - Hb 190 г / л, гематокрит - 58%, тромбоциттер 450 000/мкл, эритропоэтин деңгейі қалыптыдан төмен. Шеткі қанның ластануында - эритроциттердің ізашар жасушалары. Науқастың жағдайы қандай?

    Полицитемия

  • 46

    Клиникаға 76 жастағы ер адам жатқызылды, қатты және сұйық тамақты жұтыну кезіндегі қиналудың күшеюіне, қорытылмаған асты құсуға шағымданады, құсу жеңілдік туындатады, сонымен қатар тұрақты түрде ауамен кекіреді, ықылық атады. Тексеру кезінде дене салмағының тапшылығы байқалады, терісі бозарған, даусы қарлыққан, сол жақтаға бұғана үсті және мойын лимфа түйіндері үлкейген. Бір жылдан бері ауырады. ЭФГДС: ригидті қабырғалармен өңештің ортаңғы үштен бірінде циркулярлық тарылу, тарылу аймағында – қанталаған тілінулер. Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ болады:

    өңештің обыры

  • 47

    52 жастағы ер адам ауруханаға сол көзінің ауырсуына және көруінің төмендеуіне және бас ауруына шағымданып түсті. Неврологиялық тексеру кезінде анықталды: сол жақ көздің көру қабілетінің төмендеуі, жұмсақ экзофтальм, сол жақ көздің сыртқа қарай жылжуының шектелуі. Оң жақ қол аяқтардағы сіңірлік рефлекстерінің жоғарылауы. Офтальмологтың қорытындысы: сол жақта орналасқан көру нервінің атрофиясы, оң жақта көз түбінде ісіну. Ісіктің ЕҢ ықтимал локализациясы қайда?

    сол жақ маңдай бөлігінің негізі

  • 48

    Әйел 45 жаста, жалпы әлсіздікке, еңбекке әрекетінің төмендеуіне, бас айналуына, арықтауға, субфебрильді температуға, дисфагияға, 2ай көлемінде 15 кг дейін арықтауына шағымданып келді. Дәрігерге алғаш қаралды. Соңғы 10жылда ештене мазаламаған. ЖҚА: анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз. ЖЗА: протеинурия, лейкоцитоз. ФГДС: Кардиальды тарылудың жанындағы көлемі 3,0*2,5см түзілім . Рентгеноскопия: Өңештің төменгі үштен бөлігінде асқазанның кардиальды тарылуының аймағында көлемі 3,0*2,0 см түзіліс анықталады. Контраст жиналмайды. Қандай болжама диагноз?

    Кардиоэзофагальды ісігі

  • 49

    Науқас 52 жаста, оң жақ сүт безінің жоғарғы сыртқы квадрантының диффузды тығыздалуына шағымданады. Өзін 3 жыл көлемінде ауру санайды. Пальпация кезінде анық шекарасыз тығыздалу, терімен байланыссыз, лимфотүйіндері өзгермеген. Маммография көрсеткіші бойынша сүт безі түзілісі анықталмайды. Болжамды диагноз:

    Диффузды мастопатия

  • 50

    Науқас 28 жаста, тітіркендіргештікке, көп шаршағыштыққа, азу, жүрек қағу, жүрек қызметінің бұзылуына шағымданып келді. Пальпацияда екі жақты бөлік пен мойындырық әсерінен қалқанша безі ұлғайған, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз. Көз симптомдары оң: экзофтальм, сирек кірпік қағу, конвергенция бұзылысы. Пульс 110 соққы,минутына. УДЗ – қалқанша безінің диффузды ұлғаюы, көлемі – 25 мл. Сіз диагноз қойдыңыз. Қандай әдіс ең ақпаратты болып табылады?

    Тиреоидты гормондар мен тиреотропты гормондар деңгейін зерттеу

  • 51

    Көптүйінді жемсау бойынша тиреодэктомия жасалған науқаста 2-ші тәулікте саусақ ұштарының парестезиясы, «құмырсқа жүргендей» сезімдер пайда болды. Кейін «акушер қолы» симптомы мен бұлшықеттердегі құрысулар симптомы диагностикаланды. Аталған асқынулардың қайыссысы операциядан кейінгі уақытта дамуы мүмкін?

    Гипопаратиреоз

  • 52

    Сипаттамасы: сүт безі тінінің инфильтрациясы, «қаз» терісіндеі лимфостаз, сүт безі ұлғаюы, қолтықасты лимфатүйіні ұлғаю. Сүт безінің қандай ісігіне тән?

    Ісікті – инфильтративті форма

  • 53

    20 жастағы науқаста сүт безінің жоғарғы-ішкі квадрантында 2*3 см ,тығыз, анық шекаралы,ауырсынусыз түзліс анықталады. Терілік симптомдар теріс. Емізіктен бөлінділер жоқ. Қолтықасты лимфатүйіндері ұлғаймаған, ісікті 1 ай бұрын анықтаған. Ең мүмкін болатын диагноз:

    Фиброаденома

  • 54

    37 жастағы еркек кеуде клеткасының оң жартысындағы ауырсынуға, ауырсынудың терең дем алуда күшеюіне, жалпы әлсіздікке, мол іріңді қақырыққа шағымданып түсті. Науқас бір мезеттік сасық, 300 мл іріңді қақырық бөлгеннен кейін жағдайының жақсарғанын байқады. Аускультативті оң кеуде клеткасында амфорлы тыныс. Төменде көрсетілген өзгерістердің қайсысы кеуде клеткасының шолу рентгенограммасында болуы мүмкін?

    сұйықтық деңгейі бар қуыс және перифокальды инфильтрация

  • 55

    Науқас ауруханаға эпигастральды аймақтағы ауырсыну, жүрек айн, құсу шағымдарымен жеткізілді. 6 ай ішінде 15 кг арықтады. Асқазанды рентгенологиялық зерттеуде оның алдыға жылжығаны анықталған. Болжамды диагноз:

    ұйқы безі денесінің ісігі

  • 56

    30 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, көңіл-күйінің тез ауысуына, қозғыштыққа, жылағыштыққа, шаршағыштыққа шағымданады. Мойынның алдыңғ бөлігіндегі ісіктік түзіліс мазалайды. Қарауда қалқанша безінің екі бөлігінің де 3сатыға дейін ұлғаюы, оң көздік симптомдар анықталды. Тахикардия 120рет/мин. Пальпацияда қалқанша безі эластикалық консистенциялы, екі бөлігі де диффузды ұлғайған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

    диффузды токсикалық жемсау

  • 57

    60 жастағы науқас қозғыштыққа, ыстыққа шыдамсыздыққа, арықтауға, жүрек қағысына, жоғары тершеңдікке шағымданады. Жүрек жиырылу ырғағының бұзылысы. Көздік белгілер жоқ. Қалқанша безінің пальпациясында айқын жиектерімен түзіліс анықталады, айналасындағы тіндермен жабыспаған, жұтынуда ығысады. Диагнозды нақтылау үшін арғы әрекетіңіз:

    пункциялық биопсиямен УДЗ

  • 58

    Науқасты бел бөлімінде өлшемі 4,5 см дейін, жұмсақ консистенциялы, қапшықтағы, қозғалмалы, ауырсынусыз, айналасындағы тіндермен байланыссыз, терісі өзгермеген теріасты түзілісі анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

    Липома

  • 59

    Жеке басының қауіпсіздігіне байланысты өмірінде болған ауыр жағдайдан құтылғаннан кейін, қыз болып жатқан жағдайларға адекватты емес жауап қайтарады, қозғалмайды, сұрақтарға жауап бермейді, айналадағыларға дезориентирленген, тыныс алуы қиын, тері қабаттарының гипергидрозы. 2 сағаттан кейін тергеушіге айғақ бере алды, бірақ зорлық істегелген уақыт кезеңдеріне біршама амнезиясы бар. Ең ықтимал бұзылыс қандай?

    стресске өткір реакция +

  • 60

    Бала аутизмге байланысты бақылауда. Көп сөйлемейді, айналасындағылардың сөздерінің мағынасын түсінбейді, қалжың түсінбейді, байланыс орнату бұзылған, айналасындағылардан шектелген. Баланың анасының айтуы бойынша баланың іші өтеді, жүрек айну және құсу ұстамалары жиі байқалады,, іш қатулар, остеопороз, физикалық дамуы артта қалуда. Дәрігер қандай ауру туралы ойлануы мүмкін?

    целиакия

  • 61

    Өмірінің бірінші жылынан бастап даму бұзылысының айқын белгілері анықталды-бала бір тектес іс-қимылдармен айналысады: сілкіленеді және қолдарын сермейді, бүгіліп алып секіреді, дөңгелек пішіндегі ойыншық пен заттарға ғана қызығушылық танытады. 2 жасынан бері сөйлеуге кейде ғана жауап береді, бірақ вербалды байланыс жоқ, өз талаптарын қимылмен көрсетеді. 3 жастан бастап ата-анасының жаңа іс-әрекеттер мен ережелерді оның өміріне енгізуіне белсенді түрде қарсыласады. Ата – анасының үйреншікті өмір салтын өзгертуге талпынысына белсенді қарсылық білдіріп, стереотипиялар жиілеп, наразылық дауысын шығарады-даусы табиғи емес жоғары.Ең ықтимал қандай бұзылыс?

    балалық аутизм

  • 62

    Қыз "дене мүсіні мінсіз болуы керек" деген ойға ие. Барлық күні қалжыратататын жаттығулармен айналысады, "тиімді" жаттығулары бар жаңа сайттар іздейді, әр сағат сайын өз өлшемдерін өлшейді, "аяқ-қолдың үйлесімсіздігіне"сенімді. Мектепте үздік оқыған және оқуда кездескен кез - келген сәтсіздікті уайымдайтын оқушы- қазір оқу бағдарламасына немқұрайлы қарайды, сабақтан кейін үйге тез қайтуға тырысады, ол өз бөлмесінде жаттығу залын жасап алған. Бірнеше айналарға өз дене мүсініне мұқият қарайды, дене мүсініне қарап, одан үлкен кемшіліктер табады да, айнадан өзін "семіз денелі" қылып көреді. Тамақ ішуден бас тартады. Салмағының төмендеп жатқанына сенімсіз. Ең ықтимал бұзылыс қандай?

    дисморфомания

  • 63

    16 жастағы жасөспірім кенеттен пайда болған үрей ұстамасына, тұншығу сезімімен жүректің жиі соғуына, тершеңдік пен терінің қызаруына, әсіресе бет-әлпеттің қызаруына шағымданады. Автобуста пайда болған ұстамалардың бірінен кейін, қоғамдық көліктермен жүруден аулақ болды. Кезекті ұстаманы күту және қорқыныш сезімі пайда болды-жалғыз қалудан қорқады, көп адам жиналатын орындардан қашады. Болып өткен бір ұстама кезінде өлім қорқынышын бастан кешіргендіктен дәрігерге келуіне себеп болды. Ең ықтимал бұзылыс қандай?

    паникалық бұзылыс

  • 64

    7 жастағы бала (2-сынып) жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқиды. Психологиялық-медико-педагогикалық комиссияға жіберілді, онда келесі дағдыларды көрсетеді: оқылған мәтінді дыбыстай алмайды, оқылған мәтінді түсінбейді, бірақ есту, көру, тірек-қимыл аппараты, неврологиялық бұзылыстары жоқ. Бұл қандай бұзылыс?

    дислексия

  • 65

    Мектеп мінездемесінен: баланың молекулярлық генетикаға жоғары дарындылығы байқалады, логикалық пайымдауға бейім, турашылдығымен , басқа адамдардың іс-әрекеттерін талқылау қабілетінің жоқтығымен ерекшеленеді, басқа адамдардың эмоцияларын түсінбейді. Сонымен қатар, бейәлеуметтік мінез – құлқы бар баламен жүретіні байқалған, ол оның сөздерін қайталап, оның эмоцияларын қайталаған және қоғамда қабылданбаған әлеуметтік қарым-қатынас ережелерін де қайталайды-қоқыс жәшіктерін тебеді, адамдардың артынан әдепсіз сөздер айтып айқайлайды.Ең ықтимал бұзыс қандай?

    Аспергер синдромы

  • 66

    Уақытша оқшаулау орталығында кеше жеткізілген жасөспірім оны босатуды талап ете бастады, агрессивті, темекі мен арақты " талап етеді, агрессия көрсетеді, торларды сындыруға тырысады. Көздерінің жылтырауы, ауыз қуысының құрғауы, тұрақты дермографизм, жүрек аймағындағы ауырсынуға және "жабырқауға"шағымданады. Қол саусақтарының аздап треморы. Сауалнамалық деректерде берілгені: қаңғыбас, әлеуметтік дезадаптация, 12 жастан бастап күшті спирттік ішімдіктерді пайдаланады. Ең ықтимал синдромды көрсетіңіз."

    асбстинентты

  • 67

    Тұрмыстық химия құралдарының буларымен дем алу кезінде, балалардың бірі кенеттен орнынан секіріп, қашып кетуге тырысты. Бет-әлпетінен қорқыныш сезімі, біреуден қашып, жанында отырған қызды ұрып жіберді. Дем алуын тоқтатқанда, қолынан "анжы" түсіп кетті,"есін жинады" - қорқып айналасындағыларға қарай берді. Жанындағы балалардан - "жақындама, қорқамын, енді олай істемеймін" деп сандырақтап сөйлегенін білді. Ол өгей әкесінің дауысын нық және анық естігенін есіне алды, ол оны ұрып тастайды деп қорқып, "қашып кеткісі келді". Бұл қандай бұзылыс?

    интоксикациялық делирий

  • 68

    14 жасар қыздың анамнезінен: 3 жылдан бері әйел киімін киюден,тіпті іш киімді киюден де бас тартқан. Оған ұлдар үшін арналған ойыншықтарды сатып алуды талап етті. Спорттық үйірмелерге қатысып, кик-боксингпен айналысты. Жыныстық жетілу кезеңінде кезекті етеккір кезінде депрессия" басынан өткізді. Балалар психиатрының кеңесіне сыныптың қызын зорлап сүйіп, оған махаббаттық сезімі бар екендігін айтқан. Сыртынан жігіт сияқты көрінеді – қысқа шаш, дене бұлшық еті ширақталған. "А" есімді еркек жынысты атта өзін атауды талап етеді..». Ең ықтимал бұзылыс?

    жыныстық аутоидентификацияның бұзылуы

  • 69

    Жас жігіт адамдар көп жиналатын жерлерде, көбінесе қоғамдық көлікте, көпшілік серуендеуде бейтаныс әйелдердің денесіне үйкелістен жыныстық қозады. Бұл жағдайда толық киініп тұрады, өйткені ол мата қабаттары арқылы да жеткілікті үйкеліс болып саналады ол үшін. Парафилияның қай нұсқасына бұл жағдай жатады?

    фроттаж

  • 70

    24 жастағы әйел шаршауға шағымданады. Соңғы 6 айда ол дәрігерлерге бірнеше рет барған. Қабылдау кезінде ол дәрігермен сырласады. Ол өте сәнді және жарқын киінеді. Мейірбике кеңсеге кіргенде, әйел жүйке тартып, сөйлесуді тоқтатады. Дәрігердің айтуынша, ол өзін дұрыс ұстамайды, науқас жылай бастайды және «оны ешкім түсінбейді, оны тек тыңдау керек» дейді. Содан кейін ол оған көмектесетін дәрігерді іздейтінін, бірақ сәттіліктен үміт үзбейтінін айтады. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

    Тұлғаның истериялық бұзылысы

  • 71

    48 жастағы ер адамды әйелінің өзі мазасыздық пен әбігерлікке байланысты әкелді. Әйелі оның соңғы 4 ай бойы ашуланшақ екенін айтты. Үнемі уақыт сұрайтындықтан және көп уақытын телефонмен, футбол матчтарына ставкамен өткізгендіктен ол жұмысынан айырылған. Ол барлық отбасылық мерекелерден аулақ болады, өйткені ол туыстарынан қарыз алған. Бұрын күніне 8-10 темекі шегетін, бірақ 1 ай бұрын тастаған. Демалыс күндері сыра ішеді. Тексергенде сәл дірілдейді, дәрігермен сөйлесуден бас тартады. Кеңістік пен уақытта бағдарланған. Неврологиялық тексеру қалыпты. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

    Ойынпаздық (игромания)

  • 72

    24 жастағы әйел дәрігерге 1 жыл бойы мазалаған эпизодтық тыныс жетіспеушілігі, кеуде тұсының қысылуы, бас айналу, қолдың тершеңдігі және өлім сезімі себеп қаралған. Симптомдар серуендеуге барғанда немесе кафеде кезек күтіп тұрған кезде пайда болады. Ол жоғарыда аталған белгілер пайда болған кезде жалғыз қалудан қорқатындықтан үйден шыға алмайды. Ол үйден тек досының сүйемелдеуімен шығады. Жаман әдеттер жоқ. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

    Агорафобия

  • 73

    75 жасар әйелдің туыстарын оның жағдайларға тәуелсіз көңіл-күйінің ақырын үдемелі өзгерістері мазалайды. Жылағыштықтан "қуанышқа" дейін кенет ауысулар байқалады. Көтеріңкі көңіл-күй кезінде өзінің заттарын тарқатады, күтушіге өзінің зейнетақысыан ақшасын береді. Осы мінез-құлқын туыстары түсінбейді, себебі үнемі салқын, күңірейген, сараң болатын. Төменде келтірілген қай бұзылыс анағұрлым болуы мүмкін?

    жігерсіздік

  • 74

    60 жастағы ер адамға қызы оның мінез-құлқындағы қиындықтарға шағымданады. Екі жыл ішінде қақтығыстар, реніштер болған, белсенділік төмендеген, бағыт-бағдары, уақыт бағдары бұзылды, өзінің аты мен мекен-жайын айта алмайды. Гигиена дағдыларын елемейді, дәрет кетуін байқамайды. Ол үнемі бақылау мен қамқорлықты қажет етеді. Қандай бұзылыс ЕҢ ықтимал?

    Альцгеймер ауруы

  • 75

    Науқасты сауда орталығынан жедел жәрдем тобы жеткізді. Дәрігердің нұсқауында «кенеттен мағынасыз, агрессивті, мақсатсыз әрекеттер жасай бастады, оның қолына түскен жарнамалық баннерлерді жойды» делінген. Бұл басқаларға қауіпті болды, орталық күзетшілерінің тыныштық пен тоқтау туралы өтініштеріне жауап бермеді. Өзгелердің сөздерін қайталай отырып, мағынасы жағынан байланыссыз жекелеген сөздер түрінде сөйледі. Мінез-құлқына өзіндік сын жоқ. Психиатр дәрігері тіркелген. Бұл қандай бұзылыс?

    кататониялық синдром

  • 76

    КЖА кейін бірнеше айлардан соң, баланы соққан көлік жүргізушісін үрей, қорқыныш, төмендеген көңіл-күй, қорқынышты түстер мазалайды. Балалар жиналатын орындардан аулақ болуға тырысады, бір рет "соққан қызды көргендей болды". Машиналар тормозы дыбыстарында қыздың айқайын ести алады. Осы уайымдарға сынмен қарайды. Төменде келтірілген бұзылыстардың қайсысы анағұрлым болуы мүмкін?

    жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс

  • 77

    Анамнезінде тырысу ұстамалары бар 7 жастағы бала бір "суретті" жиі "көреді" - " беті қорқынышты боялған және қатты дауысы бар адам толқын тәрізді қалқып шығады". Қандай симптом ең ықтимал?

    көру галлюцинациялары

  • 78

    3 жастағы баланы қарау кезінде, педиатр баланың сұрақтарға жауап бермейтінін, айналадағы болып жатқан заттарды баланың "елемеуі" әсері байқалды. Тексеруге қарсыласады, үнсіз дәрігер мен анасының қолынан жұлынып шығады, оның тікелей көзқарасын ұстау мүмкін емес. Үстелге жақындап, саусақтарымен бір жерді қайта-қайта соғады, бұрап, қолының саусақтарын бұрайды. Анасының айтуы бойынша оның үйдегі тәртібі де осындай. Дәрігер қандай бұзылысқа күдіктенуі мүмкін?

    аутистикалық синдром

  • 79

    40 жастағы науқас бұрын туберкулезден ауырып жазылған. Арқасынан жарақат алғаннан кейін қатал төсек режимінде жатыр, бірақ күйеуінің ұзақ жөтеліп шырышты аз мөлшерде қақырық бөлу мазалағаннан кейін әйелі дәрігерге айтып назар аударуды өтінді. Зерттеу тағайындаңыз:

    ТМБ ға микроскопия және GeneXpert

  • 80

    Қақырықты жөтелге және 3 күндей температурасы 38,5оС жоғарлауына шағымданған 35 жастағы науқаста оң өкпенің жоғарғы бөлігінде қабыну үрдісі рентгенде анықталды. Антибиотикотерапия жүргізілді. Қөңіл күйі біраз жақсарды, бырақ қан түкіру пайда болды. Бақылау рентгенограммада - теріс динамика. Ең біріншіден қандай лабораториялық зерттеу қажет:

    қақырықты ТМБ ға тексеру

  • 81

    Өкпе туберкулезінде жүрек-қантамыр жүйесінің қызметінің бұзылуы тубер- кулезді интоксикациямен және кіші қан айналымының гипертензиясымен байланысты. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ең орынды?

    эхокардиография

  • 82

    15 жасар жасөспірімде сол өкпенің жоғарғы бөлігіндегі инфильтративті туберкулезі, ыдырау сатысы, ТМБ (+) анықталған. Бала 6 жасында кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінен емделген және 1 жылдан кейін оңтайлы ем нәтижесімен тіркеуден шығарылды. Дәрігерге қаралған кездегі шағымдары – дене қызуының 37,50 дейін көтерілуі, жалпы ілсіздік, жөтеліңкіреу. Өкпеде физикальды өзгерістер анықталмады. Науқастың типін анықтаңыз:

    Рецидив

  • 83

    6 жастағы бала. Шағымдары: қатты түнгі тершеңдік, ашуланшылық, үйқысының бұзылуы. Емханада невропатологтың есебінде тұрады. Улану белгілері жоқ. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Туберкулезді қатынас жоққа шығарылды. 2 ТБ Манту сынамасы – алғаш рет оң, 12 мм. Диаскинтест – 10 мм. Рентгенде – өзгеріс анықталған жоқ. Ең қолайлы диагноз:

    Алғаш анықталған туберкулезді инфицирленген

  • 84

    Қыз бала 9 жаста, жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, 1,5 ай бойы жөтеліңкіреу шағымдарымен тексерілді. Гемограммада: эритроциттер 4,2х1012, НВ 120 г/л, лейкоциттер 8, 9 х109; т/я – 1, с/я - 64, лимфоциттер - 18; эозинофилдер – 5; моноциттер – 12, ЭТЖ 12 мм/сағ. Рентгенде оң жақ өкпенің жоғарғы аймағында гомогенсіз көлеңке кеңейген өкпе түбірімен қосылған. Туберкулезбен ауыратын адаммен қарым-қатынасы болғаны белгісіз. Диагнозды анықтау ұшін тексеру тағайындаңыз:

    2 ТБ Манту сынамасы, ТМБна микроскопиясы

  • 85

    Педиатрға 12 жастағы бала қаралуға келді. Жалпы селқостыққа, субфебрильді дені қызуына, тәбеттің нашарлауына шағымданады. Анамнезінде: жиі баспа (ангина) мазалайды, лор дәрігердің емін бірнеше рет қабылдаған, бірақ уақытша оң нәтижесімен. 2 ТБ Манту сынамасы – 12 мм. Диаскинтест – 15мм Рентгенде: өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, бағаналы бронхтың тарылуы анықталды. Диагноз қойыңыз:

    Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

  • 86

    5 жастағы ер бала ЖРВИ-мен аурыған соң 3 апта бойы шырышты қақырық пен жөтел сақталып тұр. Кешке жақын температурасы 37,3-37,7 С-қа дейін көтеріледі, түнде терлейді, тәбеті төмендеген, тез шаршайды, бозарған, периферилық лимфа түйіндері тығызэластикалы, 2-3 өлшемге үлкейген. Туберкулинды сынамалары: 4 жасқа дейін - теріс, 5 жаста - 10 мм, 6 жасында - 16 мм. Кеуде торының ұзына бойлық томографиясы мен рентгенографиясында (2 проекцияда) қандай да бір патология табылған жоқ. ҚЖА (ОАК): гемоглобин 105 г/л, лейкоциттер 10,2х109, лимфоциттер 20%, ЭТЖ 19 мм/сағ.

    Туберкулезды интоксикация

  • 87

    40 жасар ер адам соңғы 2 айда ақырын күшеюші белдегі ауырсынуға шағымданып дәрігерге жүгінді. Ауырсыну түнде болады және егер ол қалпын өзгертсе өзгермейді. Таңертен бір сағат бойы күні бойы жақсаратын белдегі қозғала алмаушылық. Соңғы 3 айда жіті подаграның 3 эпизоды болды. Ол бойынша аллопуринол қабылдайды. Өмірлік көрсеткіштері норма шегінде. Қарауда белдік бүгілудің төмендеуі және сегізкөз-мықын буындарында ауырсыну. Индометацин және жаттығулар программасы тағайындалды. 6 аптадан соң науқас жақсарудың жоқтығын хабарлайды. Келесі фармакотерапия алдында науқасты жүргізу үшін қай қадам анағұрлым орынды болып табылады?

    Манту тесті

  • 88

    Ер адам, 23 жаста, үш апта бойы ауырады: дене қызуы көтеріліп, қатты бас ауруы, бірнеше рет құсу, әлсіздік, көздегі екілік пайда болды. Анамнезінен бір жыл бұрын өкпе туберкулезіне байланысты емделгені анықталды. Объективті: дене қызуы - 37,8°С. науқас әлсіз, ұйқышыл, кейде уақыт пен кеңістікте бағдары жоғалады, аяғын ішіне бүгіп, бүйірінде жатыр, жоғарғы Брудзинский, Керниг симптомдары оң. Анизокория, бет асимметриясы, оң мұрын-тісті қатпарлығы, қылилығы, төмен қарай екілік. Ең ықтимал диагноз қандай?

    туберкулездік менингоэнцефалит